Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.2.6. Паповавирустар

Паповавирустар (папиллома, полиома және вакуольдейтін маймыл вирусы SV-40 – дейтін сөздердің бастапқы бір буынын алып қысқаша аталған) – сыртқы қабықшасы жоқ, ДНҚ-құрамды вирустар. Паповавирустар иесінің қандай жасушаларын зақымдауына байланысты литикалық, латентті және трансформирлеуші инфекциялар қоздырады.

Вирустар таксономиясы бойынша Халықаралық Конгресс (2002 ж.) паповавирустар тұқымдастығын екі тұқымдастыққа бөлуге (Polyomaviridae және Papillomaviridae) шешім қабылдаған.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы : Polyomaviridae

Туыстастығы: Polyomavirus (кең таралған вирустар, адамдарда көбінесе ауру қоздырмайды; патогенділері – ВК-вирус- бүйрек алмастырылған адамның несебінен миынан бөлініп алынған. Simian virus-SV-40 – маймылдар вирусы, адамдар үшін онкогенді емес.

Тұқымдастығы: Papillomaviridae

Туыстастығы: Papillomavirus (сүйел, жатыр мойнының карциномасын және дисплазиясын, қатерлі ісігін қоздырады).

Құрылымы. Polyomaviridae және Papillomaviridae тұқымдастықтарының өкілдері – мөлшері майда (диаметрі 45-50 нм), сыртқы қабаты жоқ (құрамында липидтері болмайтын) ДНҚ-құрамды вирустар. Геномы– ДНҚ-ң екі жіпшелі сақина-типтес (күшті ширатылған – скрученный) молекуласынан тұрады, құрамында гистондар бар. Капсиді – куб симметриялы.

Репродукциялануы және вириондарының құрастырылуы жасуша ядросында атқарылады. Вириондары жасуша бұзылғанда сыртқа шығады.

Резистенттілігі. Вирус 1 сағат 50 ͦС-та ысытқанда тіршілік ету қабілеттілігін сақтайды,эфирдің әсеріне сезімтал емес.

17.2.6.1. Папилломавирустар

Папилломавирустар кең таралған және эпителиятропты. Адамдарда эпителиялық қатерсіз ісіктер қоздыруға себепкер болатын папилломавирустардың 100-ден астам генотиптері белгілі (ДНҚ-гибридизация бойынша). Адамдардың папилломавирустары тері эпителиясын инфицирлейді және сол жерлерде өсіп-өніп көбейеді. Эпителияның пролиферациялануын индуцирлеу нәтижесінде қатерлі емес сүйелдер, эпителиялық, ауызқуыстық және конъюнктивалық папилломалар қоздырады. Олардың онкогендік қасиеттері де болуы ықтимал (жатыр мойнының папилломасы, дисплазия, қатерлі ісіктер).

Құрылымы. Папилломавирустардың вирионының сыртқы қабаты болмайды. Икосаэдр типтес капсиді (диаметрі 55 нм) 72 капсомерлер құрайтын 2 құрылымдық (капсидтік) ақуыздардан тұрады (10-сурет). Геномы – екіжіпшелі, сақиналы өте күшті ширатылған ДНҚ, 8 ертелік (ранние) және 2 кешеуілдік (поздние) немесе құрылымдық (капсидтік) гендері бар. Вирустың шамамен 120-дай генотиптерін ажыратады.

Репродукциялануы иесінің жасушасына байланысты. Жасуша дақылдарында өспейді. Латентті вирус плазмида түрінде жасушалардың базальдық қабатында орналасады, бірақ тері немесе шырышты қабаттардың дифференцирленетін эпителиялық жасушаларында репродукцияланады. Ол үдемелі түрде жасушаның беткейлік қабаттарында өсіп-өніп көбейеді. Адсорбцияланып, базальдық жасушаларға еніп, вирион жасуша ядросына жетіп «шешінгеннен» (депротеинизациялану) кейін ертелік гендер мен ақуыздардың трансляциясы және ДНҚ–ң алғашқы репликациялануы жүре бастайды. Содан кейін бұл үрдіс вируспен инфицирленген супрабазальды эпителиялық жасушаларда жалғасады. Эпителиялық жасушалардың дифференциациялану кезеңінің аяқталуына қарай оның ядросында вирустық компоненттер жинақталып вириондар құрылады. Жаңадан пайда болған вириондар ядро бұзылған кезде шығады. Трансформацияға ұшыраған жасушалардағы вирустық геном жасуша геномына интеграцияланады.

Эпидемиологиясы. Папилломавирустар тері беткейлері жарақаттанғанда, жыныстық қатынас кезінде және перинатальды жолмен беріледі. Әлемнің 9-13% тұрғындары осындай вируспен инфицирленген. Папилломавирусты инфекция – ең жиі кездесетін жыныстық инфекция. Өмір сүру кезеңінде еркектер мен әйелдердің 70%- да кездеседі.

Патогенезі, клиникалық көріністері: Бұл инфекциямен науқастанушылық 18-30 жастағылар арасында жиірек байқалады. Кесел көбінесе симптомсыз түрде өтеді. Клиникалық көріністері қоздырғышына, патологиялық процестің қандай жерде орналасуына және иесінің жауап беру реакциясының айқындығына байланысты болады. Папилломавирустар әйелдердің қынабында, жатырында, несепағарының сыртқы тесігінде гениталдық сүйелдер дамуын қоздырады. Еркектерде – жыныс мүшесінің басы мен бүрікбасының, ұмасының және артқы өтісінің (анусының) зақымдануы дамиды (17.3- кесте)

Кесте 17.3.

Адамдарда болатын папилломавирустық инфекциялар

қ/с

Зақымдану типі

Вирус типі

1.

Жатыр мойнының, сарпайдың (вульва), қынаптың, артқы өтістің (анус) қатерлі ісіктері.

Цервикальдық аденокарциномалар

6, 11, 16, 18 (40 шамалы генотиптер)

2.

Генитальдық кондилломалар

6, 10, 11

3.

Кеңірдек папилломатозы

6, 11, 12

4.

Кеңірдек карциномасы

30

5.

Табан папилломалары

16, 18

6.

Қарапайым сүйелдер

2

7.

Жасөспірімдердің жайпақ сүйелдері

3

8.

Сүйелді эпидермодисплазия

5, 8

Онкогенез (паповавирустардың) – жасушалардың қалыптан тыс пролиферациялануы. Жасушаның пролиферациясы реттеуші гендермен оны тежеу немесе стимульдеуші – гендермен жасушалардың бөлінуін белсендіру арқылы басқарылады.

Папилломавирустардың онкогенділігі геном құрылысының ерекшелігімен байланысты (сақиналы екіжіпшелі ДНҚ). Сүйелдер және басқа қатерсіз ісіктердің жасушаларында вирус геномы өздігінше реципирленетін плазмидалар түрінде тұрақты сақталады. Тек қана сирек жағдайларда (белгісіз факторлардың әсерінен) вирустық геном иесінің хромосомасына тіркелуі мүмкін. Бұл кезде вирустық геннің айналасы өзгереді және жасушалық гендердің экспрессиясын бақылау бұзылады. Жасушалық циклды реттейтін ақуыздардың шексіз синтезделуі ісіктік өсудің пайда болуына әкеледі.