Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.2.4.4. Эпштейн-Барр вирусы (эбв). Ұшық вирусының 4-типі.

Ұшық вирустарының 4-типіне жататын ЭБВ-жұқпалы мононуклеаз, Беркитт лимфомасы, назофарингеальды карцинома, шашты лейкоплакия қоздыратын ДНҚ- құрамды вирус. Бұл вирусты 1964 жылы зерттеуші – вирусологтар М.А.Epstein (Англия) және У.М.Barr (Канада) Беркитт лимфомасымен ауырған пациенттердің биоптатынан бөліп алған.

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Herpesviridae

Тұқымдастасы: .[Gammaherpesvirinae]

Туыстастығы: Lymphocryptovirus

Морфологиясы, дақылдандыру және репродукциялануы- жалпы ұшық вирустарына тән қасиеттеріндей (12-сурет).

Антигендері. ЭБВ- нің құрамында бірнеше антигендер болады: вирустық, капсидтік антиген (Vca)- кешеуілді антиген; ядролық антиген (EBNA); ертелік (ранний) антиген (ЕА); мембраналық антиген (МА)- ертелік және кешеуілдік антигендер өнімінің кешені. ЭБР- ның екі штамы болатыны анықталған. Антигендердің және оларға қарсы антиденелердің пайда болу мерзімін білу ЭБВ- инфекциясының түрлерін (жедел, латентті, созылмалы) анықтауға мүмкіндік береді.

Эпидемиологиясы: Бұл вируспен инфицирлену барлық елдерде тіркелген. Вирусқа қарсы антиденелер 40 жастан асқан адамдардың 90%- да табылған. Аурудың жұқпалылығы шамалы. Инфекция көзі- ауру адам немесе вирус тасымалдаушылар. Вирус ауалы- тамшылы жолмен, жанасқанда сілекей арқылы, сирек жағдайда трансмиссивті жолмен немесе жыныстық қатынас арқылы беріледі.

Патогенезі, клиникалық көріністері. Жас кезде жұққанда бұл инфекция жеңіл, тіптен симптомсыз түрде өтеді. Жасөспірім кезде және жасы одан үлкендеу кезде біріншілік инфицирлену жұқпалы мононуклеоз ауруын қоздыруы мүмкін. Жұқпалы мононуклеоз кезінде ЭБВ ауыз және мұрын- жұтқыншақтың шырышты қабатына түседі, одан әрі қарай регионарлық лимфа түйіндеріне өтеді. Сол жерде көбейіп, гематогенді жолмен бүткіл организмге тарайды. Лимфа түйндерінде, бадамша бездерінде, көкбауырда ретикулярлық және лимфатикалық жасушалардың пролиферациясы нәтижесінде ірі мононуклеарлық түрлері, кейде ошақты некроз пайда болады. Бауырда лимфоидты жасушалық инфильтраттар пайда болуы ықтимал. Жұқпалы мононуклеоз кезінде жасырын кезеңі- 4 пен 60 күнге дейін, көбінесе 7-10 күндей. Бұл кесел біртіндеп дамиды: температурасы көтеріледі, тамағы ауырады, мұрнымен демалу қиындайды, регионарлық лимфа түйіндері үлкейеді, бадамша бездерінің беткейлерінде өңез пайда болады. Қанда лейкоцитоз байқалады. Қанда жетілген, мөлшері орташа және ірі, кең базофильді пртоплазмасы бар- атипті мононуклеарлар және кеңплазмалық лимфоциттер пайда болуы-аурудың ең бір сипатты белгісіне жатады. Олардың саны 10-15% құрайды. Қоздырғыш реактивті Т-жасушалардың (атипті лимфоциттердің) популяциясын өндіреді, және де В-жасушалардың поликлональдық белсенділігін, олардың плазмоциттерге дифференциялануын және гетерофильдық антиденелерің синтезделуін қоздырады. Табиғи киллердің белсенділігі-К-жасушалық механизмі күшейеді. Бұл кезде вирус геномы В- лимфоциттерде сақталады. Осыған орай латентті инфекция адамдардың көпшілігінде кездеседі.

Сонымен, ЭБВ симптомсыз, созылмалы немесе жіпті инфекция, және де лимфопролиферативті аурулар қоздырады. Иммундық тапшылығы бар пациенттерде ауру созылмалы белсенді инфекция түрінде өтеді. Нәтижесінде әртүрлі клиникалық көріністер туындайды: үдемелі лимфопролиферативті аурулар немесе ОЖЖ лимфомасы (бұл жұқпалы мононуклеаздың септикалық түрі, Беркитт лимфомасы); тілдің, ауыз қуысының сирек жағдайда жыныс ағзаларының шырышты қабаттарының лейкоплакиялары; назофарингеальды карцинома (қытайлық этникалық топтарға тән).

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін өмірбақилық (гуморальдық және жасушалық) иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі зерттелетін зат-науқастың қаны.Лимфоцитозды анықтау, атипті лимфоциттерді табу (моноциттер 60-70%, атипті лимфоциттер-30%).ДНҚ- гибридизациялау- трансформирленген жасушаларда вирустық ДНҚ-н анықтау.

Емдеуі- симпатоматикалық ем-шаралар қолдану.

Алдын алуы- медициналық жалпы сақтану шаралары. Спецификалық профилактикасы жасалмаған.