Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.2.4.3. Бетта-герпесвирустар(5-типі). Цитомегаловирус (цмв).

Цитомегаловирус (грек.: cytos-жасуша, megas-үлкен) яғни ЦМВ-альфа-герпесвирустарға қарағанда оның ДНҚ-ң молекулалық салмағы үлкен, репродукциялану циклы ұзақтау және аламдардың фибриобластынан дайындалған жасуша дақылдарында ғана өсіп-өнеді. Алғашқы рет бұл вирусты 1956 жылы К.Смит бөліп алған.

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Herpesviridae

Тұқымдасшасы: [Betaherpesvirinae]

Туыстастығы: Cytomegalovirus

ЦМВ мононуклеарлы лимфоциттерде, сүйек кемігі жасушаларында т.б. латентті инфекция қоздырады. Бұл вирус әртүрлі қатерлі ісіктер қоздыруға себепкер бола алады. ЦМВ адамдарда әртүрлі ағзалар мен тіндерді зақымдаумен және неше түрлі көріністермен (өмірбақилық латентті инфекциядан өліммен аяқталатын жедел генерализацияланған түрлерімен) сипатталатын инфекция қоздырады.

Эпидемиологиясы. ЦМВ- ен инфицирлену барлық елдерде тіркелген (30 жастан асқан адамдардың 80%- да бұл вирусқа қарсы антиденелер табылады), бірақ клиникалық көрініс беруі салыстырмалы түрде сирек байқалады. Қоздырғыш тек қана адамдарға патогенді. Берілу механизмі- респираторлық, тұрмыстық- жанасу, жыныстық қатынас, ал кейде фекальды- оральды жолмен жұғады. Инфекция көзі- жедел немесе латентті түрімен ауырған адамдар. Вирус қан, сілекей, несеп, шәућетпен, емшек сүтімен, орган алмастырғанда трансплантантпен, плацента арқылы және нәрестеге туылу жолдарынан өткенде беріледі. Нәрестелердің 20%- дан астамы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жылы несебімен және сілекейімен ЦМВ бөліп шығару қабылеттілігі болады.

Патогенезі, клиникалық көріністері. ЦМВ-ң бездік тіндерге троптылығы бар, сол жерлерде персистенцияланып цитопатогендік әсер етеді. ЦМВ-ң ерекшелігіне оның алып жасушалар (диаметрі 20- 24мкм, құрамында «жапалақ көзі» сияқты қосындылар бар) түзу қабылеттілігі жатады. ЦМВ симптомсыз тасымалдаушылық туғызып немесе айқын клиникалық белгілері бар ауру қоздыра отырып, барлық ағзалар мен тіндерді зақымдай алады. ЦМВ-ң иммунды компонентті жасушаларды инфицирлеу және оларда персистенциялану қабылеттілігінің ерекше маңызы бар. Сонымен қатар ЦМВ-ң сілекей бездер мен бүйрек арнашаларының эпителиялық жасушаларына жақындылығы (сродство) бар, сондықтан оларда ядроішлік ірі қосындылар пайда болады. ЦМВ жаңа туылған нәрестелердің 1% -да перинатальдық инфекция қоздырады. Аурудың жедел түрлерінде ішкі ағзалар (бауыр, бүйрек, бас миы) және қан түзуші ағзалар (жүректің, тамырлардың эпителиясы) зақымданады. ЦМВ- инфекцияның жеделдеу түріне– интерстициалды атипті өкпе қабынуы тән.

Жүктілік, бірнеше рет қайталап қан құю, иммунитетінің әлсіреуі латентті персистенцияланған түрінің белсенділігін күшейтуі мүмкін. ЦМВ плацента арқылы өтіп ұрықта ақаулық туғызуға немесе өлі туылуына себепкер болады.

Жасырын кезеңі- белгісіз, өйткені инфекция көбінесе латентті түрде өтеді. Вирусемия кезінде ЦМВ-тың ДНҚ-н моноциттерде, лимфоциттерде, нейтрофилдерде табуға болады. Вирустың органимзмде жалпы жайылуында лейкоциттер маңызды рөл атқарады. Мононуклеарлық жасушаларға қарағанда ЦМВ- тың полинуклеарлық фагоциттерге тропизмділігі басымырақ болады.

Иммунитеті. Гуморальдық және жасушалық иммунитет қалыптасады, бірақ вирусбейтараптаушы антиденелер организмде вирус сақталуына кедергі жасай алмайды.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу заттары: қан, емшек сүті, несеп, сілекей, жұлын сұйықтығы, жатыр мойынының бөліндісі, секциялық материал. Зерттелетін заттардан таңбалы- жағынды дайындап, Романовский- Гимзе әдісімен бояп микроскопта қарап, құрамында жарық жолақпен қоршалған қою түсті қосынды денешіктері бар алып жасушаларды («жапалақ көзі») табу (7-сурет). Вирусты бөліп алу (индикациялау)- фибробласт және адам өкпесінің диплоидты жасушаларынан дайындалган дақылдарға жұқтыру. Идентификациялау- КБР, БР, ИФР. Серологиялық диагноз қою- КБР, БР, ИФР. Жедел диагноз қою- ИФР, ПТР (ДНҚ гибридизациялау).

Емдеуі. Симптоматикалық емдеу шаралары және арнайы препараттар қолданылады: ацикловир, иммундымодуляторлар (лавомизол, интерферон), ганцикловир, фоскарнет, интерферон индукторы.

Алдын алуы. Жалпы медициналық сақтану шараларымен қатар спецификалық профилактика, яғни вакцина егу қолданылады:

Аттенуацияланған тірі вакцина (моновакцина);

Дивакцина (қызамыққа қарсы вакцинамен бірге).