Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.2.3.2. Шешектік вакцина вирусы (сиыр шешегінің вирусы)

Вирустың шығу тегі осы кезге дейін белгісіз. Оны сиыр шешегі вирусының немесе нағыз шешек вирусының эволюциялық даму барысында немесе осы вирустың өзара гибридизациялану процесі нәтижесінде пайда болған деп қарастырылады. Шешек- вакциналық вирус адамдарда дене қызбасы көтерілуінен, жалпы уланумен және бөртпе пайда болуымен жалғасатын жедел жұқпалы ауру қоздыруы мүмкін, ОЖЖ-де зақымдануы ықтимал. Ауру сиырлардан адамдарға жанасу ( контакт ) жолымен жұғады. Көбінесе сауыншылар ауырады, адамнан адамға берілмейді.

Адамдардың нағыз шешек вирусының антигендік қасиетімен ұқсастығына байланысты вакциналық шешек вирусын көптеген жылдар бойы тірі вакцина ретінде пайдаланылды.Бұл вирусқа әр түрлі жануарлар сезімтал. Шешек вакцинасының вирусына экземалармен және нейродирмитпен зардаптанған адамдар өте сезімтал келеді.

17.2.3.3. Контагиялық моллюск вирусы

Маржан-қызыл түсті капсулаға айналатын, эритема тәріздес түйіншіктер түзілуінқоздырады. Қоздырғыш жанасу тәсілімен зақымданған тері және шырышты қабаттар ( соның ішінде жыныстық қатынас кезінде ) арқылы беріледі. Балаларды және ересектерді де зақымдайды. Ересектерде зақымдану гениталий аймағында орналасады, қызыл түйіршіктер пайда болады, олар іріңді папулаларға айналады.

17..2.4. Ұшық вирустары –Герпесвирустар

Ұшық вирустары- әртүрлі инфекциялар қоздыратын, Herpesviridae (грекше: Herpes–жайыла өсуші,жылжымалы) тұқымдастығына жататын, сыртқы қабақшасы бар ірі ДНҚ– құрамды вирустар .

Таксономиясы. Тұқымдастығы:Herpesviridae

Тұқымдасшасы: 1.[Alphaherpesvirinae]

Туыстастығы: Simplexvirus- адамның ұшық вирусы (1- типі)

Varisellovirus- адамның ұшық вирусы (3- типі)

Mardivirus- тауық ұшығының вирусы (2- типі)

Iltovirus - тауық ұшығының вирусы (1-типі) Тұқымдасшасы: 2.[Betaherpesvirinae]

Туыстастығы : Сytomegalovirus - адамның ұшық вирусы ( 5- типі)

Muromegalovirus - тышқандардың ұшық вирусы (1- типі)

Roseolovirus - адамның ұшық вирусы ( 6-7- типтері).

Тұқымдасшасы: 3.[Gammaherpesvirinae]

Туыстастығы: Lymphocryptovirus - адамның ұшық вирусы ( 4- типі)

Rћadinovirus – маймылдың (Saimiriine) ұшық вирусы(2- типі).

Альфагерпесвирустар– жылдам өседі және цитопатиялық әсері өте жоғары, адамдарға және көптеген жануарларға патогендік әсері етеді. Адамдар үшін Simplexvirus (ұшық вирусының 1, 2, 8-типтері) және Varisellovirus (ұшық вирусының 3-типі) туыстастықтарының өкілдері патогенді. Альфагерпесвирустар эпителиялық жасушаларда өсіп- өніп көбейеді. Нейрондарда латентті, персисстенцирлейтін инфекция қоздырады.

Бетагерпесвирустар – цитопатиялық әсері төмен, және де вирус жұғатын организм иелерінің шеңбері кең емес. Сілекей, бадамша бездердің, бүйректердің эпителиялық жасушаларында,лимфоциттерде вирус баяу өседі (латентті инфекция). Бетагерпесвирустар цитомегалолитикалық (ЦМВ) және лимфопролиферативтік әсер етеді. Сytomegalovirus және Roseolovirus туыстастықтарының өкілдері адамдар үшін патогенді.

Гаммагерпесвирустар – үшін патогенді әсер ететін иелерінің шеңбері шамалы. Лимфоидтық жасушаларда өсіп- өніп көбейеді, лимфопролеративті әсер етеді. Лимфоидты тіндерде, лимфоциттерде, ауыз қуысының жұтқыншақ және сілекей бездерінің эпителиялық жасушаларында (ЭБВ– ВЭБ) латентті инфекция қоздырады,

В– лимфоциттерді көбейтеді және олар персистенцирленеді. Адамдар үшін Lymphocryptovirus туыстастығы патогенді.

Биологиялық қасиеттері бойынша Herpesviri тұқымдастығы өкілдерінің классификациясы.

Альфа-герпесвирустар (ҚҰВ - 1,ҚҰВ - 2):

● кең спектрлі «иелері» болады;

● репродуктивті циклы қысқа, жасуша дақылдарында жылдам тарайды;

● жасушаларға жұққанда әсерлі бұзылыс туғызады;

● негізінде ганглияларда латентті түрде тірішілік қабілеттілігі бар.

Бета-герпесвирустар (ЦМВ, АҰВ- ВГП-6 және 7-типтері):

«иелерінің» спектрі шектеулі;

репродуктивті циклы ұзақ;

жасуша дақылдарында баяу таралады;

секреторлық бездерде, лимфоретикулярлық жасушаларда, бүйректерде жеңіл персистенцияланады.

Гамма-герпесвирустар (ЭБВ- ВЭБ, АҰВ- 8 типі):

лимфабластоидты жасушаларда реплицирленеді;

Т- және В- лимфоциттерге спецификалығы бар.

Адам ұшығы вирусының 6- және 7- типтері, (АҰВ- 6, АҰВ-7)– лимфотропты вирустар. АҰВ– 6- жедел экзантема, АҰВ- 7 созылмалы шаршауық синдромын қоздырады. Ұшық вирусының 8– типі (АҰВ- 8)– АИВ– инфекцияға шалдыққан серонегативті адамдарға Капоши саркомасын қоздырады.

Құрылымы. Вириондары сфера пішінді, диаметрі 120-200 нм (ЦМВ вирионының диаметрі 150- 300 нм) (4-сурет). Гликопротеинді тікенекшелері сыртқы қабақшамен (суперкапсидпен ) қоршалған. Тікенешелер ядролық мембрананың ішкі қабатынан қалыптасады, өйткені ұрпақтың (дочерние) популяцияның жетілуі вирус жұққан жасуша ядросының ішкі мембранасында атқарылады. Нуклеокапсид пен суперкапсидтің арасында жабынды қабат-тегумен (лат.tegumentum- жабу), яғни ішкі қабықша орналасқан. Капсиді куб– симметриялы, диаметрі 100-110 нм, 162 капсомерлерден тұрады. Геномы- екі жіпшелі сызықша ДНҚ, мөлшері және нуклеотидтер саны бойынша айырмашылығы бар қосақталған қысқа (18%) және ұзын (82%) фрагменттерден тұрады. Ұшық вирусының геномында шамамен 80 ген бар. Вирион құрамында 300- ден астам ақуыздар табылған. Одан басқа, инфицирленген жасушаларда 20- дай вирусспецификалық ақуыздар табылады, олар вирустық бөлшек құрамына кірмейді.

Антигендері. Сыртқы қабатының гликопротеиндері типтік– спецификалық антигендер болып табылады. БР, ИФР және КБР көмегімен олардың серотиптерінің ажыратады. Нуклеокапсидтің ақуыздары– топтық спецификалық антигендер, оларды дифузиялық (гельдегі) преципитация реакциалармен анықтайды.

Репродукциялануы. Ұшық вирустары сезімтал жасушаларға рецепторлык эндоцитоз жолымен енеді, осы процесс кезінде сыртқы қабатын жоғалтады. Босанған нуклеокапсид ядроға тасымалданады, сол жерде оның депротеинизациялануы іске асады. Вирустық ДНК-ң транскрипциясы жасушалык транскриптазалардың (жасушалық ДНК-тәуелді РНК-полимераза) қатысуымен атқарылады. Пайда болған иРНК цитоплазмаға енеді, сол жерде реттеуші белсенділігі бар ертелік (ранние) ақуыздың синтезделуі (трансляция) іске асады. Содан кейін вирустың геномдық репликациялануына қатысатын ертелік ақуыздар, ферменттер (ДНК-тәуелді ДНК-полимераза,тимидинкиназа) синтезделеді. Кешеуіліді ақуыздар құрылымдық ақуыз (капсид және гликопротеиндер) болып табылалы. Гликопротеиндер ядро қабатына шашыранды (дифузды) түрде конақтайды. Құрылымды ақуыздар ядроға тасымалданады, сол жерде нуклеокапсид пайда болады (капсид вирустык ДНҚ-мен толықтырылады). Нуклеокапсид сыртқы қабықшамен жамыла бастаған кезде ядролық мембраналардың модифицирленген учаскесі арқылы бүршіктену процессі барысында вирустың толық қалыптасуы аяқталады. Нуклеокапсиді Гольджи аппараты арқылы ауыса отырып, вириондар цитоплазмаға тасымалданады да жасушадан экзоцитоз жолымен немесе жасуша лизистенгенде сыртқа шығады.

Резистенттілігі. Вирус сыртқы орта факторларының әсеріне төзімді емес, термолабильді, бірақ бөлмелі температурада салыстырмалы түрде ұзағырақ (1 ай) сақталыныды. УКС және кун сәулесінің, майеріткіштердін, детергенттердің, дезинфектанттардың әсеріне сезімтал.