
- •Іі бөлім. Жалпы микробиология
- •14.1 Коктар
- •14.1.1. Аэробты грам оң коктар
- •14.1.1.1. Мicrococcacеae тұқымдастығы
- •14.1.1.1.1Стафилококтар (Staphylocоccus туыстастығы)
- •Стафилококтардың медициналық маңызы бар негізгі дифференциациялық белгілері
- •Staphylocоccus aureus-тің вируленттік факторлары
- •14.1.1.2. Streptococcaceae тұқымдастығы
- •14.1.1.2.1. Стрептококтар
- •14.1.1.2.2. Энтерококтар (туыстастығы Enterococcus)
- •Энтерококтардың негізгі медициналық маңызы бар түрлерінің дифференциациялық белгілері
- •14.1.2 Аэробты грам теріс коктар
- •14.1.2.1 Нейссериялар
- •Нейссериялардың негізгі дифференциалды-диагностикалық қасиеттері
- •14.1.2.1.1. Менингококтар
- •Neisseria meningitidis-тің вируленттік факторлары
- •14.1.2.1.2. Гонококтар
- •Гонококтық инфекциялардың орналасуы және түрлері
- •14.1.3. Анаэробты коктар
- •14.1.3.1. Анаэробты грам оң коктар
- •14.1.3.2. Анаэробты грам теріс кокктар
- •14.1.3.2.1. Вейлонеллалар (Veillonella туыстастығы)
- •14.2. Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар
- •14.2.1. Энтеробактериялар (Enterobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.2.1.1. Эшерихиоздардың қоздырғыштары
- •Enterobacteriaceae тұқымдастығының Escherichia, Shigella, Salmonella туыстастықтарының биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.2 Клебсиеллалар (Klebsіella туыстастығы)
- •Клебсиелла туыстығына жататын бактериялардың биохимиялық қасиеттері
- •14.2.1.3. Шигеллалар
- •14.2.1.4. Салмонеллалар (Salmonella туыстастығы)
- •14.2.1.4.1. Салмонеллез (астан улану) қоздырғыштары
- •14.2.1.4.2. Ауруханаішілік салмонеллез
- •14.2.1.4.3. Протей (Proteus туыстастығы)
- •Proteus туыстастығының биохимиялық белсенділігі.
- •14.2.1.4.Оба қоздырғышы
- •14.2.1.5. Энтеропатогенді иерсиниялар
- •14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы
- •14.2.1.7. Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •14.2.2. Вибриондар (Vibrionaceae тұқымдастығы)
- •14.2.2.1.Тырысқақ қоздырғышы
- •14.2.2.2. Парагемолитикалық вибриондар (Vibrio туыстастығы)
- •14.2.2.3. Кампилобактериялар (Сampylobacter туыстастығы)
- •14.2.2.4. Хеликобактериялар (Helicobacter туыстастығы)
- •Helicobacter pylori-дің вирулентті факторлары
- •14.2.3. Pasteurellaceae тұқымдастығы
- •14.2.3.1. Гемофилді бактериялар
- •14.2.3.1.1. Haemophilus influenzae (Афанасьев-Пфайффер таяқшасы)
- •Haemophilus туыстастығына жататын бактериялардың өсу факторларына қажеттілігі бойынша сипаттамасы
- •14.2.3.2. Пастереллалар
- •14.3.Бордетеллалар
- •14.3.1.Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштары.
- •Бордетелла түрлерінің дифференциациясы
- •14.3.2. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары
- •Райт реакциясы үшін бруцеллездік антигенді сұйылту
- •14.3.3.Туляремия қоздырғышы
- •14.3.4. Легионеллез қоздырғышы
- •14.3.5. Псевдомонадалар (Pseudomonas туыстастығы)
- •14.3.6. Буркхольдериялар (Burkholderia туыстастығы)
- •14.4. Анаэробты бактериялар
- •14.4.1.Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес)
- •Бактериоидтардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.4.2.Күйдіргі бациллалары (Bacillus туыстастығы)
- •14.4.3. Спора түзетін Clostridium туыстастығына жататын бактериялар
- •14.4.3.1. Анаэробты инфекция қоздырғыштары
- •14.4.3.1.1. Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары. Газды гангрена.
- •Адамға патогенді клостридиялардың негізгі дифференциалдық белгілері
- •C.Perfringens тудыратын аурулар
- •14.4.3.1.2.Сіреспе клостридиясы (Clostridium tetani)
- •14.4.3.1.3. Ботулизм клостридиясы (Clostridium botulinum)
- •14.4.3.2 Лактобациллалар (Lactobacillus туыстастығы)
- •14.5.Листериялар (Listeria туыстастығы)
- •Listeria monocytogenes-тің вируленттік факторлары
- •14.6. Коринебактериялар (Corynebacterium)
- •14.6.1.Дифтерия қоздырғышы (Corynebacterium diphtheriae)
- •Адам патологиясында клиникалық маңызы бар коринебактериялар
- •C. Diphtheriae-ның биологиялық варианттарының дифференциалдық белгілері
- •14.6.2. Микобактериялар (Mycobacteriaceae тұқымдастығы)
- •14.6.2.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •14.6.2.2. Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •14.6.3.Актиномицеттер (Actynomyces туыстастығы)
- •Актиномицеттердің негізгі дифференциациялық белгілері
- •14.6.3.1. Нокардиялар (Nocardia туыстастығы)
- •Нокардиялардың негізгі дифференциалдық айырмашылықтары
- •14.6.3.1. Бифидобактериялар (Bifidobacterium туыстастығы).
- •Бифидиобактериялардың негізгі айырмашылық белгілері
- •14.6.3.2. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)
- •14.7. Риккетсиялар
- •14.7.1. Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •14.7.1.1. Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы
- •14.7.1.2. Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •14.7.1.3. Марселдік қызбаның қоздырғышы
- •14.7.1.4. Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •14.7.2. Ориенциялар (Цуцугамуши қоздырғышы)
- •14.7.3. Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •14.8. Спирохеталар және басқа ирекше, иілген бактериялар
- •14.8.1. Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •14.8.1.1. Мерез. Бозғылт трепонема (Treponema pallidum).
- •14.8.2. Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек
- •14.8.2.2. Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •14.8.3. Лептоспиралар. Лептоспироз
- •14.9 Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •Хламидиялық инфекцияларға зертханалық диагноз қою.
- •14.10. Микоплазмалар. Микоплазмоздар.
- •Медициналық маңызы бар Mycoplasma және Ureaplasma туыстастықтарының түрлері.
- •Адамға патогенді микоплазмалардың негізгі биохимиялық қасиеттері
- •Микоплазмалық инфекциялардың зертханалық диагностикасы
- •15 Тарау. Клиникалық микробиология
- •15.1. Клиникалық микробиология және оның медицина үшін маңызы.
- •15.1.1. Клиникалық микробиологияның аңықтамасы, мақсаты және іріңді қабыну аурулары қоздырғыштарының сипаттамасы.
- •15.1.2. Іріңді - қабыну ауруларына микробиологиылық диагноз қою.
- •15.1.2.1.Микробиологиылық диагноз қоюдын маңызы және жалпы принциптері.
- •Көрсетілген аурулардың қоздырғыштары.
- •Әртүрлі патологиялық материалдардан бөліп алатын микрофлора.
- •15.1.3. Патологиялық материалдарды микробиологиялық зерттеу әдістері.
- •Бактериурия дәрежесі
- •15.2 Дисбактериоз
- •Қалыпты микрофлораның пайдалы функциясы
- •15.2.1 Адам организмінің қалыпты микрофлорасы
- •Жуан ішек микрофлорасы.(жалпы микробтар саны 1011-1012)
- •Балалар аіж микрофлорасының ерекшеліктері
- •Кесте 15.9. Дені сау балалар нәжісінің микрофлорасы.
- •Тері микрофлорасы
- •Тыныс алу жолдары шырышты қабатының микрофлорасы
- •Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша дені сау ересектер мен балалар ішегіндегі микробиоценоз өкілдерінің саны
- •15.2.2. Адам организмінің дисбактериоздары, жэне оның даму дәрежелері.
- •Дисбиоздық микрофлораның зиянды жақтары
- •Кесте 15.14. Candida cаңырауқұлақтары - иммунды депрессия маркері
- •Балаларда болатын дисбактериоздың клиникалық көріністері және дәрежелері
- •15.3. Ауруханаішілік инфекциялардың манызы жэне анықтамасы
- •15.3.3.Ауруханалық ортаның сипаттамасы.
- •15.3.5. Инфекциялық бақылау бағдарламасының міндеттері.
- •16.1.Эволюциялық дамудағы рөлі, жіктелуі (класификациясы)
- •16.1.1. Вирустардың ашылуы
- •16.1.2. Вирусологияның даму кезеңдері
- •16.1.3. Вирустардың табиғаты
- •16.2. Вирусты инфекциялардың патогенезі
- •16.2.1. Вирустың таралу жолдары
- •16.2.2. Вирустық инфекциялардың түрлері
- •16.2.3. Жасушаларда трансформациялық процестер дамуындағы вирустардың рөлі
- •16.2.4. Вирустық инфекциялар патогенезінің ерекшеліктері
- •17 Тарау. Жеке вирусология
- •17.1.1. Пикорнавирустар
- •17.1.1.1. Сал (полиомиелит) вирусы
- •Полиомиелит вирусының типтері
- •17.1.1.2. Коксаки вирустары
- •17.1.1.3. Есно – вирустары
- •17.1.1.4. Гепатит а вирусы (агв-hav)
- •17.1.1.5. Риновирустар
- •17.1.1.6. Аусыл вирусы
- •17.1.2. Тогавирустар
- •17.1.2.1. Альфавирустар
- •17.1.2.2. Қызамық вирусы
- •17.1.3. Флавивирустар
- •17.1.3.1. Сары қызба вирусы
- •17.1.3.2. Кенелік энцефалит вирусы
- •17.1.3.3. Жапондық энцефалит вирусы (масалық энцефалит)
- •17.1.3.4. Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •17.1.3.5. С гепатит вирусы (hcv)
- •17.1.3.6. G – гепатит вирусы (hgv)
- •17.1.3.7. Е гепатит вирусы (неv)
- •17.1.3.8. Ttv-гепатит вирусы
- •17.1.4. Коронавирустар
- •17.1.5. Реовирустар
- •17.1.5.1. Реовирустар (ортореовирустар)
- •17.1.5.2. Ротавирустар
- •17.1.5.3. Орбивирустар
- •17.1.5.4. Колтивирустар
- •17.1.6. Ортомиксовирустар
- •17.1.7. Парамиксовирустар
- •17.1.7.1. Парагрипп вирустары
- •17.1.7.2. Мысқыл (эпидемиялық паротит) вирусы
- •17.1.7.3. Қызылша вирусы
- •17.1.7.4. Респираторлық – синцитиальдық вирус
- •17.1.8. Рабдовирустар
- •17.1.8.1. Везикулярлық стоматит вирусы
- •17.8.2. Құтыру вирусы
- •17.1.9. Ретровирустар
- •17.1.10. Ареновирустар
- •17.1.10.1. Лимфоцитарлық хориоменингит
- •17.1.10.2. Ласса геморагиялық қызбасы
- •17.1.10.3. Д гепатит вирусы (hdv )
- •17.1.11.Филовирустар
- •17.1.11.1. Марбург ауруы
- •17.1.11.2. Эбола қызбасы
- •17.1.12 . Буньявирустар
- •17.1.12.1. Қырым- Конго геморрагиялық қызбасы (қкгқ).
- •17.1.12.2. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба вирусы (бсгқ)
- •17.2.1. Парвовирустар
- •17.2.2. Аденовирустар
- •17.2.3. Поксвирустар
- •17.2.3.1. Нағыз немесе қорасан шешегінің вирусы
- •17.2.3.2. Шешектік вакцина вирусы (сиыр шешегінің вирусы)
- •17.2.3.3. Контагиялық моллюск вирусы
- •17..2.4. Ұшық вирустары –Герпесвирустар
- •17.2.4.1. Қарапайым ұшық вирустары (құв)
- •17.2.4.2. 3-Типтік ұшық вирусы
- •17.2.4.3. Бетта-герпесвирустар(5-типі). Цитомегаловирус (цмв).
- •17.2.4.4. Эпштейн-Барр вирусы (эбв). Ұшық вирусының 4-типі.
- •17.2.5. Гепатит в вирусы (hbv)
- •17.2.6. Паповавирустар
- •17.2.6.1. Папилломавирустар
- •17.2.6.2. Полиомавирустар
- •Полиомавирустық геномның реттеуші учаскелері
- •17.2.7. Онкогенді вирустар
- •Адамдарда қатерлі ісіктер дамуын қоздыратын вирустар
- •17.2.7.1. Онкогенді днқ- геномды вирустар
- •17.2.7.2. Адамдардың онкогенді рнқ-геномды вирустары
- •17.2.8. Вирустық баяу инфекциялар (приондық аурулар)
- •Адамдар мен жануарлардың приондық аурулары
- •18 Тарау. Жиі кездесетін микоздардың сипаттамасы
- •18.1. Беткейлік микоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.Кератомикоздардың қоздырғыштары
- •18.1.1.2. Ақ пьедра қоздырғышы – Trichosporon beigelli.
- •18.1.1.3. Қара теміреткі (Exophiala wernekii) және қара пьедра (Piedraia hortae) қоздырғыштары.
- •18.1.2. Дерматомикоздардың қоздырғыштары.
- •Адамдарға патогенді дерматофиттер.
- •18.1.2.1. Микроспория қоздырғыштары.
- •18.1.2.2. Трихофития қоздырғыштары.
- •18.1.2.3. Эпидермофития қоздырғышы
- •18.2. Теріастылық (субкутанды) микоздардың қоздырғыштары.
- •18.2.1. Споротрихиоз қоздырғышы-Sporothrix schenckii
- •18.2.2. Хромобластомикоз қоздырғышы.
- •18.2.3. Мицетома қоздырғыштары
- •18.2.4. Феогифомикоз қоздырғышы
- •18.3.Терең жүйелік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.3.1. Гистаплазмоз қоздырғышы.
- •3.2. Криптококкоз қоздырғышы.
- •18.3.3. Кокцидиоидоз қоздырғышы
- •18. 3.4. Бластомикоз қоздырғышы
- •18.4. Оппортунистік микоздардың қоздырғыштары.
- •18.4.1. Кандидоз қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Candida туыстастығына жататын саңырауқұлақтардың микроморфологиялық ерекшеліктері
- •Candida саңырауқұлақтарын клиникалық-экологиялық таралау
- •18.4.2. Аспергиллез қоздырғыштары
- •Медициналық маңызы бар Aspergillus туыстастығының экологиялық және клиникалық ерекшеліктері
- •Aspergillus саңырауқұлақтары колонияларының сипаттамасы
- •18.4.3. Сирек кездесетін оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары
- •18.4.3.1. Пенициллиоз қоздырғыштары
- •18.4.3.2. Фузариоз қоздырғыштары
- •18.4.3.3. Зигомикоз (фигомикоз) қоздырғыштары
- •18.5. Микоздарға микробиологиялық диагноз қоюдың принциптері
- •18.5.1. Зерттеу үшін алынатын заттар
- •18.5.2. Зерттеу әдістері
- •18.5.2.1. Микроскопиялық әдіс
- •18.5.2.2. Дақылдық әдіс
- •18.5.2.3. Микоздарға диагноз қоюдың басқа әдістері
- •18.5.2.4. Микоздарды емдеу мен алдын алудың принциптері
- •Антимикотикалық дәрмектер
- •Саңырауқұлақтық инфекциялар қоздырғыштарының клиникалық-микологиялық классификациясы.
- •Қарапайымдылар (Protozoa)
- •19.1. Саркодылар (Sarcodina )
- •19.1.1. Амебиаз қоздырғышы.
- •19.2. Талшықтылар (Flagelleta).
- •19.2.1. Лейшманиоз қоздырғыштары.
- •19.2.2. Трипаносомоздардың қоздырғыштары
- •19.2.3. Трихомониаз қоздырғыштары.
- •19.3. Споралылар (Sporozoa)
- •19.3.1. Токсоплазмоз қоздырғышы
- •19.3.2. Безгек қоздырғыштары.
- •19.4. Кірпікшелілер (Ciliata).
- •19.4.1. Балантидиаз қоздырғышы
- •20.1. Ауыз қуысының микрофлорасы
- •20.1.1. Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы
- •Ауыз қуысының бактериялық микрофлорасы
- •20.1.1.1. Ауыз қуысындағы қалыпты микрофлораның қызметі
- •20.1.2. Ауыз қуысының микробтарын дақылдандыру ерекшеліктері және оның физиологиялық маңызы
- •20.1.3. Ауыз қуысындағы микрофлораның адам жасына байланысты ерекшеліктері
- •20.1.4 Ауыз қуысы - жұқпалы аурулар қоздырғыштарының кіру қақпасы
- •Ауыз қуысының антимикробты қорғаныстық факторлары
- •20.2. Стоматологиялық аурулардың микробиологиясы
- •20.2.1. Халитозис
- •20.2.2 Микробтар туғызатын аурулар
- •Тіс ауруларын қоздыратын негізгі микроорганизмдер
- •20.2.2.1 Микробтық тіс дақтарының пайда болуы
- •20.2.2.2. Кариес
- •20.2.2.3 Пульпит
- •20.2.3 Микробтармен қоздырылатын пародонт аурулары
- •20.2.3.1 Гингивит
- •20.2.3.2 Пародонтит
- •20.2.4 Микробтармен қоздырылатын ауыз қуысы шырышты қабығының аурулары
- •20.3. Одонтогендік инфекция
- •20.3.1 Периодонтит
- •20.3.2 Жақ периоститі
- •20.3.3 Жақ остеомиелиті
- •20.3.4 Тіс аймағында жұмсақ тіннің абсцесстері мен флегмоналары
- •20.4. Жұқпалы аурулар кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1 Бактериялық зақымдалуы
- •20.4.1.1. Стафилококтық және стрептококтық іріңдік зақымдалу
- •20. 4.1.2 Бет-жақ актиномикозы
- •20.4.1.3 Жаралы-шірік Венсан гингивостоматиті (фузоспирохетоз)
- •20.4.1.4 Гонококтық стоматит
- •20.4.1.5 Туберкулез кезіндегі ауыз қуысының зақымдалуы
- •20.4.1.6. Алапес кезіндегі зақымданулар.
- •20.4.1.7. Мерез кезіндегі зақымданулар
- •20.4.2 Ауыз қуысының вирустық зақымданулары
- •20.4.2.1. Герпесвирустық инфекциялар.
- •20.4.2.2. Коксаки а вирустық инфекция
- •20.4.2.3 Аив инфекциясы
- •20.4.2.4 Папилломавирустар
- •20.4.2.5 Приондық аурулар
- •20.4.3 Саңырауқұлақтық зақымдалу
- •20.5. Стоматологиялық емдік- профилактикалық мекемелердегі ауруханаішілік инфекциялар
- •20.5.1. Аурухана ішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
- •20.5.2. Ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясы
- •Стоматологиялық мекемелерде жұғу мүмкіндігі бар инфекциялық аурулар
- •20.5.3.Стоматологиялық ауруханаішілік инфекцияның жұғу жолдары және берілу факторлары
- •20.5.4. Стоматологиялық жәрдем көрсетілген кезде іріңдеу – септикалық инфекция жұқтыру қауіпін тудыратын факторлар
- •20.5.5. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуы
- •20.6. Клиникалық материалды микробиологиялық зерттеу
- •20.6.1 Ауыз қуысынан материалды зерттеуге алу, сақтау және зертханаға жеткізу
- •20.7. Стоматологияда микробтарға қарсы қолданылатын заттар мен факторлар
- •20.7.1 Дезинфекция және стерилизация
- •20.7.2. Антисептиктер
- •20.8. Тіс дәрігерінің биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы
- •20.9. Тіс емдеуде биологиялық дәрі - дәрмектерді қолдану
- •20.9.1.Биологиялық препараттарды стоматологияда қолдану
- •1.Бактериялық жасуша құрылымына жатады:
- •17.Қарапайым қоректік орталар:
- •18.Дифференциальды - диагностикалық орталар:
- •19.Бактериялардың дақылдық қасиеті-ол:
- •20.Штамм дегеніміз не?
- •21.Бөлініп алынған микроб дақылын идентификациялау келесі қасиеттерін анықтаумен атқарылады:
- •22.Сероварлар (анықтамасы, мысалы):
- •Тест сұрақтарына жауаптар
- •Қосымшалар
- •Кейбір аурулардың қазақша атауларының орысша баламасы
- •Қолданылған әдебиеттер
17.2.3. Поксвирустар
Поксвирустар – адамдарда көбінесе шешек (ағыл.: рох – шешек) қоздыратын, ДНҚ-геномды, мөлшері өте ірі вирустар.
Poxviridae тұқымдастығына 2 тұқымдастықшалар кіреді – омыртқалылар шешегінің вирустары және жәндіктер шешегінің вирустары. Адамдарда патологиялық процестер қоздыруда рөл атқаратындарға нағыз шешек, жұқпалы моллюска, вакциналық немесе сиыр шешегінің және маймыл шешегінің вирустары жатады.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы– Роxviridae
Тұқымдастықшасы :[Chordopoxvirinae]
Туыстастығы : Orthopoxvirus ( нағызшешек және вакциналық шешек вирустары)
Parapoxvirus (паравакцина вирусы)
Avipoxvirus ( тауық шешегінің вирусы)
Capripoxvirus (қойлар шешегінің вирусы)
Leporipoxvirus (миксома вирусы)
Suipoxvirus ( шошқа шешегінің вирусы)
Molluscipoxvirus (жұқпалы моллюска вирусы)
Vatapoxvirus ( яба-маймыл ісігінің вирусы)
17.2.3.1. Нағыз немесе қорасан шешегінің вирусы
Нағыз шешек (variola vera) немесе қорасан шешек – адам ағзасының жалпы улануымен, дене қызбасымен сипатталатын, теріде және шырышты қабаттарда іріңді-папулалы бөртпелер пайда болатын аса қауіпті, карантиндік антропонозды вирустық инфекция. Шешек ауруы ерте заманнан бері белгілі адамдардың жұқпалы індеті.
1892 жылы Г.Гварниери науқастың іріңді бөртпесінен алынған затты қояндардың көзіне жұқтырып, көздің мүйізді қабатының жасушаларында ядросының қасында қосындылар (Гвариери денешіктері) пайда болатынын анықтаған. 1906 жылы Э.Пашен ерекше бояу әдісін пайдаланып шешектік іріңді бөртпенің сұйықтығынан вирустық бөлшектер (Пашен денешіктері) тапты. Қазіргі кезде қолданылатын әдістердің көмегімен шешек вирустарының құрылымы жан-жақты зерттелген.
Құрылымы. Шешек қоздырғышы ең ірі вирустар (250-400 нм), пішіні – бұрыштары жұмырланған кірпіш тәріздес. Вирионының құрылысы – өте күрделі. Вирионның ортасында гантель тәріздес жүрекшесі орналасқан, ол ақуыздық капсидпен қоршалған. Жүрекшесі ДНҚ-нан және ішкі ақуыздан тұрады, өте нәзік мембранамен қоршалған. Жүрекшенің ортасына таман екі латеральды (бүйірлік) денешіктер тіркескен, олардың функциясы белгісіз. Вирионның сыртқы қабықшасының құрамында липидтер және өсінді тәрізді шығып тұратын түтікше пішінді ақуыздық құрылымдар бар.Геномы – екі жіпшелі сызықша ДНҚ. Вирион құрамында 30 ақуыздар болады, олардың 10-нан астамы нуклеин қышқылдарының синтезделуін күшейтетін ферменттер (ДНҚ-тәуелді РНК полимераза, ДНҚ–аза және т.б.)
Дақылдандыру. Поксвирустар жалпы вирустар сияқты нағыз паразиттер болғандықтан жасанды қоректік орталарда өсіп-өнбейді. Сондықтан оларды тауық эмбрионының хорионаллонтоисты қабықшасына (вирус өсіп көбейсе – ақ түйіндақтар пайда болады) және жасуша дақылдарына жұқтыру (Гварниери денешіктері анықталады) арқылы дақылдандырады.
Антигендері. Тұқымдастықтың бәріне ортақ нуклеопротеиндік антиген–NP вирионның жүрекшесімен байланысты. Сыртқы қабатының құрамында протективті антиген болып табылатын гликозирленген ақуыздар болады. Олар – вирустық гемагглютинин, және де термолабильді, термостабильді және ерітілгіш антигендер.
Репродукциялануы. Жасушалардың цитоплазмасында атқарылады. Вирус вирионы жасушаға фагоциттік вакуольдің көмегімен енеді. Вакуоль ішінде вирион сыртқы мембранасынан арылады. Содан кейін, вирус ферменттерінің көмегімен ертелік гендер транскрипцияланады. Ертелік ферменттерді («ақуызды шешіндіретін», жүрекше мембранасын жоятын және цитоплазмада вирустық ДНҚ-н босататын) және геномды реплицирлейтін вирустық ДНҚ-полимеразаны кодтайтын иРНҚ пайда болады. Содан кейінгі транскрипциялану нәтижесінде ДНҚ және вирус ақуыздары нәзік мембранамен қоршалған жүрекшеге жиналады. Пайда болған вириондар Гольджи аппаратының модифицирленген мембраналарымен қоршалады. Сыртқы мембрана жүрекшені, латеральдық (бүйірлік) денешіктерді және ферменттерді қоршайды. Вириондар плазматикалық мембрана арқылы бүршіктенеді де, жасуша лизистенгенде сыртқа шығады.
Басқа ДНҚ-құрамды вирустарға қарағанда поксвирустардың репродукциялануы өте ерекше, өйткені өсіп-өнудің толық циклы Гварниери қосындысы пайда болатын цитоплазмада өтеді. Нәтижесінде поксвирустар иРНҚ және де ДНҚ-ын синтездеуге қажетті ферменттерді өзі кодтауы керек, ал басқа ДНҚ-құрамды вирустар оларды иесінің жасушаларынан алады.
Резистенттілігі. Шешек вирустары құрғатуға, және төменгі температураның әсеріне төзімді, эфирдің әсеріне сезімтал емес. Ұзақ уақыт шешектік бөртпелердің қабықшаларында сақталады. Хлорамин ерітіндісімен өңдегенде бірнеше сағаттан кейін өледі, 60˚C температурада – 15 мин. кейін, 50˚C температура әсерінен – 30 мин. кейін жұқпалық белсендігін жояды.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – аурудың барлық кезеңдеріндегі науқас адамдар. Аурудың алғашқы 8-10 тәулігінде (бөртпе шыққаннан кейінгі) науқас өте қауіпті жұқтырушы болып табылады. Инфекция ауалы-тамшылы жолмен және тұрмыстық заттармен, науқастың киімдерімен жанасқанда жұғады. Бұрынғы кездерде көптеген елдерде шешек індеті пандемия қоздырып отырған, адмзат бұл инфекциядан көп зардап шеккен. 1967 жылы ДДҰ шешек ауруын жою туралы жоспар жасап, іс жүзінде шаралар жүргізудің нәтижесінде шешек ауруы жер шарында жойылды. Сондықтан, шешек ауруына қарсы міндетті түрде егу қазіргі кезде тоқтатылған.
Патогенезі және клиникалық көріністері. Вирус организмге жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты арқылы еніп, регионарлық лимфа түйіндерінде шоғырланады. Біріншілік репродукцияланудан кейін қанға түсіп, барлық ағзаларға тарайды және лимфоидты тіндердің жасушаларында шоғырланады, сол жерде вирустың екіншілік репродукциялануы жүреді. Вирус аурудың алғашқы күндерінде ғана қанмен бөлінеді. Қандағы вирус эпидермис жасушаларына енгеннен кейін теріде тиісті көріністер байқалады, яғни екіншілік вирусемия тері және шырышты қабаттарда әртүрлі зақымданулар қоздырады. Алғашында түйіншек (папула) пайда болады, кейіннен сулы бөртпеге (везикула), одан кейін іріңді бөртпеге (пустула) айналады, өйткені шешек вирусына дермотроптық қасиет тән.
Тиісті клиникалық көріністер (бас ауыруы, дене қызбасы, бұлшық еттерінің ауыруы, ОЖЖ зақымдануы) қанталау (геморрагия), ісіну және өлі еттену (некроз) байқалатын көптеген зақымдану ошақтарының қалыптасуымен және тіндердің өлі еттенуі нәтижесінде пайда болған пирогендік өнімдердің организмге сіңіп жайылуымен (резорбциялануымен) байланысты. Іріңді бөртпелердің орнында тері өлі еттенеді, яғни некроз дамиды да, ауырып тұрғаннан кейін сол жерлерде тыртық пайда болады. Зақымданған тері жасушаларында цитоплазматикалық арнайы қосындылар – Гварниери денешіктері пайда бола бастайды.
Жасырын кезеңінің ұзақтығы 5-15 тәулік,дегенмен жанасу жолымен жұққанда бұл кезең қысқалау болуы мүмкін.Шешек ауруының клиникасы төрт сатыдан тұрады:алғашқы белгілерінің пайда болу сатысы (2-4 тәулік), бөртпе шығу (4-5 тәулік), олардың іріңдеуі (7-10 тәулік) және айығу (20-30 тәулік) сатылары.
Аурудың көрініс беру сипатына қарай шешектің өте ауыр түрін (геморрагиялық немесе қарайған қосылысқан шешек-100% өліммен аяқталады),орташа (дискреттік шешек) және жеңіл дәрежедегі түрін (бөртпесіз шешек,вариолоид) ажыратады.Атап өту қажет,бөртпе даму кезеңі бірнеше сатыдан өтеді: макула (қызғыш бөртпелер)→папула→күлдіреу(везикула)→ пустула(іріңдіктер). Содан кейін қабыршақ пайда болады да,ол түскеннен кейін тыртық қалады. Алғашқы бөртпе пайда болу мен қабыршақ түсіп қалғанға дейінгі кезең шамамен үш аптаға созылады.
Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты өмірбақилық иммунитет қалыптасады, ол вирусбейтараптауы антиденелердің,интерферондардың пайда болуына, жасушалық иммунитет факторларының белсенділігінің артуына негізделген.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын заттар: визикула және пустула бөлінділері,мұрын-жұтқыншақ шайындысы, сілекей, қан, бөртпе қабықшалары, зақымданған ағзаларың тіндері. Диагноз қоюдың тиімді әдістері: а) электронды микроскопта зерттеу; б) жарықтық микроскопта зерттеу (жағынды –бояу –Пашен және Гварниери денешіктерін табу). Гварниери денешіктері ацидофильді оваль пішінді құрылымдар, ядро маңында орналасады және де ол шешек вирусының өсіп-өніп көбейетін орны («фабрикасы») болып табылады. Вирусты бөліп алу (индикациялау): а) тауық эмбрионына жұқтыру- хорион- аллантоисты қабықшасында түйін- дақтар пайда болады; б) жасуша дақылдарына жұқтыру-ЦПӘ, Гварниери денешіктерін табу. Идентификациялау: КБР, ГАТР. Серологиялық диагноз қою: КБР, ГАТР, ИФТ, БР. Жедел диагноз қою: ЭМ, ИФР.
Емдеуі: метисазон,интерферон,адамдардан дайындалған шешекке қарсы иммундыглобулин.
Алдын алуы: Аса қатерлі инфекциялар кезіндегідей шаралар қолданылуы қажет. Шешекке қарсы тірі вакцина қолданылып келді- ол шешекке қарсы тұрақты иммунитет қоздырады. Бұл вакцинаны тауық эмбриондарында дақылдандыру әдісімен дайындалатын. Дәстүрлі түрдегі вакциналардан ( тері бетіне енгізілетін) тиімділігі кем емес ауыз арқылы қабылдайтын, таблетка түрінде шығарылып келді.
Дүние жүзінде шешек ауруы біржола жойылуына байланысты ДДҰ-ның шешімімен 1980 жылдан бастап бұл індетке қарсы міндетті түрде егу тоқтатылды.