Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.1.12.1. Қырым- Конго геморрагиялық қызбасы (қкгқ).

ҚКГҚ қоздырғышының вазотроптылығына байланысты көбінесе қанталау үрдісі басым болатын дене қызбасымен сиппатталады.Бұл індет аса қаупті, жұкпалылығы өте жоғары, зоонозды табиғи-ошақты инфекция.

Алғашқы рет бұл індет 1944 жылы Қырымда шөп шабумен айналысқан тұрғандар арасында тіркелген. Бұл инфекцияның қоздырғышын 1945 жылы М.Чумаков бөліп алған.1956 жылы Африкада (Конго) қырым қызбасына ұқсас індет тіркелген, және де бөлініп алынған вирустың да өте жақындығы дәлелденеді. Сондықтан осындай ауруды Қырым-Конго қызбасы деп атау ұсынылды. Қазақстанның байырғы тұрғындары бұл ауруды «қанды безгек» немесе «қанды көкала» деп атайды.

Таксономиясы. Тұқымдастғы: Bunyavirida

. Туыстастығы: Nairovirus.

Эпидемиялогиясы. Қырым геморрагиялық қызбасы Қазақстанның және Ресейдің оңтүстік аймақтарында, Украинада (Қырым), Европаның оңтүстігінде, Азия, Африка елтерінде кездеседі. Қоздырғышының резервуары және тасымалдаушысы-жайылымды жерлерде тіршілік ететін Hyalomma және Dermacentor ж.б туыстастықтарға жататын кенелер. Олар вирусты өзінің ұрпағына трансовариальды жолмен немесе даму (метаморфоза) кезінде таратады, сондықтан бұл жағдай табиғи тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Вирустьардың тұрақты айналымда болуына қоздырғышының сүтқөректілер (қояндар, қойлар, сиырлар т.б) организмінде сақталуы себепкер болады. Адамдарға вирус негізінде трансмиссивті жолмен жұғады, және де жанасу, яғни шырышты қабаттар және зақымданған тері арқылы да берілуі мүмкін. Жанасу жолымен берілген жағдайда ауру көбінесе өте ауыр түрде өтеді. Ауруханаішілік жұғу медицина қызметкерлерінің арасында 3% жағдайда тіркелген. Бұл індетке-көктемгі-жаздық маусымдылық тән.

Патогенезі, клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі-3-5 күн нен 10-14 күнге дейін. Ауру жедел түрде басталады (дене температурасының көтерілуі, қалтырау).

Вирус макрофагальды/моноцитарлық жүйенің жасушаларына және эндотелиоциттерге еніп, көбейгеннен кейін генерализацияланған вирусемия дамиды, нәтижесінде жалпы улану синдромы пайда болады. Вирустың гематогенді жолмен таралуы капилляротоксикозға, жане де миокардтың, бүйректің, бүйрекүсті безінің некрозды зақымдануына әкеледі. Ауру-дене қызбасы, асқазан-ішек жолдарында ауқымды қан кетулері және ағзалық патологиялар белгілерімен көрініс береді. Өлім-жітім 30-40%-ға дейн болуы ықтимал.

Иммунитеті. Аурудан жазылып кеткеннен кейін ұзаққа созылатын тұрақты иммунитет дамиды.

Микробиологиялық диагноз қою. Қырым геморрагиялық қызбасы аса қауіпті инфекцияға жататындықтан зертханалық диагноз қою арнайы мекемелерде қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде бұлжытпай орындау арқылы атқарылады.

Емделуі. Симптоматикалық және антивирустық препраттар (реаферон, тибавирин) қолданылады. Аурудың алғашқы 3 күнінде гетерогенді (жылқылардың қан сарысуынан дайындалған) және гомологиялық (ауырып тұрғаннан кейінгі адамдардың қан сарысуларынан дайындалған) иммунды глобулиндер енгізеді. Спецификалық иммунды глобулиндер жедел профилактикалық мақсат үшін де пайдаланылады.

Алдын алуы. ҚГҚ-аса қауіпті инфекция болғандықтан міндетті түрде науқасты оқшаулау қажет және арнайы дайындалған медициналық мамандар қызмет етуі керек. Әрине, стерильдік, дезинфекциялық ережелердің қатал орындалуы алдын-алу шарттарының бірі.