Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.1.12 . Буньявирустар

Буньявирустар- инфекцияның симптомсыз түрінен геморагиялық қызбалар, бүйрек зақымдануын, энцефалит қоздыруға дейін себепкер болатын РНҚ-геномды вирустар.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы : Bunyaviridae

Туыстастығы : Bunyavirus (Буньявера вирус )

Hantavirus (Ханта вирусы)

Nairovirus (Найроби вирусы, қырым қызбасының вирусы)

Phlebovirus (Рифт алқабының вирусы)

Taspovirus (томаттың таңбалы солу вирусы- адамдарға патогенді емес).

Бұл тұқымдастықтың (Bunyaviridae) масалармен берілетін алғашқы өкілі Орталық Африканың Буньявера (Уганда) жерінде табылған, сондықтан осындай топқа жататын вирустар – буньявирустар деп аталған (260-тан астам түрлері кездеседі)

Құрылымы. Буньявирустардың вириондары сфера пішінді, диаметрі-90-100 нм. Нуклеокапсид симметриясы спираль типтес. Нуклеокапсид сыртқы екі қабатты липидты суперкапсидпен жабылған. Оның бетінде беткейлік торша түрінде біріктірілген гемагглютинациялаушы белсенділігі бар ақуыздық құрылымдар (тікенекшелер- G1 және G2 гликопротеиндер) орналасқан. Сонымен буньявирустардың негізгі 3 ақуыздары болады: біреуі-нуклеокапсидпен (N), қалған екеуі- сыртқы қабатпен байланысқан гликопротеиндер (3-сурет).

Геномы- шеңбер тәріздес тұйықталған және инфекциондық қасиеті жоқ үш фрагменттен (L, M, S) тұратын минус РНҚ молекуласынан құрылған. РНҚ-ның фрагменттері ішкі ақуыз (N) және РНҚ-полимеразамен (транскриптазамен) байланысқан.

Антигендері. Вирустың нуклеопротеині-топтық спецификалық, ал сыртқы екі гликопротеині- типтікспецификалық антиген болып табылады. Гемагглютиналық қасиеті соңғы антигендерімен байланысты.

Репродукциялануы. Буньявирустардың репродукциялануы жасуша цитоплазмасында іске асырылады. Иесінің жасушасына вирус рецепторлық эндоцитоз жолымен енеді. РНҚ-ның әрбір фрагменттерімен вирустың РНҚ-транскриптазаның көмегімен иРНҚ-на транскриберленеді. Инфицирленген РНҚ-ның әрқайсысы тиісті полимеразаны, N-ақуызды және беткейлік G1 және G2 ақуыздарды кодтайды. Вирустың жетілген бөлшектері Гольджи аппаратындағы везикула қабаты арқылы бүршіктену тәсілімен сыртқа шығады. Вириондардың шығуы зақымданған жасушадан экзоцитоз жолымен және жасушаның лизистенуі нәтижесінде атқарылады.

Буньявирустар - арбовирустардың басқа өкілдері сияқты 2 температуралық режимде- 36-400С және 22-250С- та көбею қабылеттілігі болады. Осындай қасиет оларға омыртқалылар организмінде және қансорғыш жәндіктердің де организмінде репродукциялануға мумкіндік береді.

Резистенттілігі. Буньявирустар- жоғары температураның, май еріткіштердің әсеріне температураның ауытқуына сезімтал. Төменгі температурада жақсы сақталады. Олар детергенттердің УК және күн сәулесінің әсерінен жылдам бұзылады.

Эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері. Буньявирустар континенттердің бәрінде таралған. Олар табиғи- ошақты аурулар қоздырады. Буньявирустар көбінесе масалар арқылы беріледі.

Найробивирустар негізінде масалар арқылы, ал флебовирустар- бәкене шыбындар және масалар арқылы беріледі. Аталған вирустардың омыртқалы иелері- кеміргіштер, құстар, қоянтұқымдастықтар, күйіс қайтарушы жануарлар, приматтар. Вирус адамдарға қансорғыш буынаяқтылар шаққан кезде трансмиссивті жолмен ғана емес, ауру адаммен жанасқанда оның қаны, және де құрамында биологиялық бөлінділері зақымданған тері және шырышты қабаттарға вирус түскен жағдайда да жұғады. Бірақ ханта вирустар буынаяқтылармен емес, кеміргіштер арқылы беріледі.

Адамдарда клиникалық көріністері және кесел деңгейі әр түрлі (инфекцияның симптомсыз түрінен өте ауыр геморрагиялық қызбалар мен энцефалиттерге дейін) аурулар қоздырады.

Буньявирустар көбінесе серологиялық әдістермен ғана анықталатын симптомсыз инфекциялар қоздырады. Өте патогенді түрлері қызба ауруларын, соның ішінде геморрагиялық Қырым- Конго қызбаны, бүйректік синдром қызбасын (БСГҚ), энцефалиттер (калифорниялық энцефалит) қоздырады.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін ұзаққа созылатын тұрақты иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу заттары: қан, жұлын сұйықтығы, мұрын- жұтқыншақ шайындысы, несеп, секциялық материал. Вирустарды бөліп алу- жаңа туылған тышқандарға, біріншілік және ауыспалы жасуша дақылдарына жұқтыру. Индикациялау- ГАР, ЦПӘ, түйіндақтар түзілуі бойынша. Идеинтификациялау- БР, ГАТР, КБР.Серологиялық диагноз қою- ИФР, ИФТ, БР, ГАТР, КБР. Жедел диагноз қою- ИФР, ИФТ.

Емдеуі. Симптоматикалық емдеу тәсілдерімен қатар антивирустық препараттар (рибавирин, интерферон, реаферон), ауырып тұрғаннан кейінгі адамдардың иммунды қан сарысулары қолданылады.

Алдын алуы. Масалардан, кенелерден және басқа қансорғыш жәндіктерден қорғану шараларын жургізіледі және спецификалық профилактика мақсатында инактивацияланған вакцина қолданылады.