Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.1.7.4. Респираторлық – синцитиальдық вирус

Респираторлық-синцитиальдық вирус (PC-вирус)-нәрестелер мен сәбилердің төменгі тыныс алу жолдарында жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ-ОРВИ)қоздырады. Жедел респираторлық аурға шалдыққан балаларда 1956 жылы Ч.Ченок бөліп алған.

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Pneumoviridае

Тұқымдастықшасы- [Pneumovirianae]

Туыстастығы: Pneumovirus

Морфорлогиясы және антигендік қасиеттері. РС- вирустар жалпы парамиксовирустарға ұқсас, бірақ полиморфизмділігі бойынша олардың (сфера пішінді түрінен басқа жіпше пішінділері болады ) айырмашылығы бар. РС- вирустарда гемагглютинин жоқ, гемолитикалық және нейраминидазалық белсендідігі болмайды. Липопротейнді қабықшасында (суперкапсидінде) жасуша рецепторларымен байланысуына (гликопротейн G) және жасуша мембранасымен бірігуіне жауапты (гликопротейн F) гликопротейндік тікенекшелер (щипы) орналасады. F ақуыз синцитиялар мен симпласттар түзе отырып жасушалардың қосылуын қоздырады. Спецификалық беткейлік антигендері бойынша серотиптерін ажыратады.

Дақылдандыру. Ауыспалы жасуша дақылдарына және маймыл бүйрегінен дайындалған біріншілік жасуша дақылына жұқтыру арқылы өсіп- өндіріп, көбейтеді. Тауық эмбриондарында өсіп-өнбейді.

Резистенттілігі. РС -вирус басқа парамиксовирустар сияқты қоршаған орта факторларының әсеріне өте сезімтал.

Эпидемиологиясы инфекция көзі – науқас адам. Вирус тыныс алу арнасы арқылы жұғады. Берілу жолдары:негізгісі-ауалы-тамшылы (жөтелгенде,түшкіргенде)және тұрмыстық-жанасу арқылы (ластанған қол, ішкиім, тұрмыстық заттармен). РС- инфекция барлық ЖРА(ОРЗ) – ның 3 -16% құрайды және өте жұқпалы. Эпидемияның күшеюі күз-қыс айларында, әсіресе 1-2 жастағы балалар арасында жиірек байқалады. РС-вирус алғашқы 6 айға дейінгі нәрестелер үшін өте қауіпті-оларда ауыр түрде бронхиттер және пневмония дамиды.

Патогенезі. Вирустың «кіру қақпасы»- жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты. Вирус эпителиялық жасушаларға енеді, сол жерде өсіп-өніп көбейеді де оларды бұзады. Патологиялық процесс тыныс алу жолдарының төменгі бөлімдеріне жылдам тарай бастайды.РС вирусқа айқын иммундысупрессивті қасиет тән, сондықтан жасушалық және гуморальдық иммунитет реакцияларының бұзылуы туындайды. Екіншілік бактериялық ілеспе инфекциялардың жиі пайда болуы осы жағдаймен түсіндіріледі. Сонымен бірге иммунды комплекстер (иммунды –тапшылық) пайда болуының есебінен РС-вирус иммундық патологиялар дамуын қоздырады.

Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі 3-5 күн алдымен ЖРА белгілірі пайда болады ,содан кейін трахеобронхит және пневмония дамиды .

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейінгі иммунитет ұзаққа созылмайды. Сондықтан қайтадан ауруға шалдығуы (рецидив) ықтимал.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу заттары: көмей кілегейі , мұрын бөліндісі, қақырық , қан.

Вирусологиялық әдіс: Ауыспалы жасуша дақылдарына (Нер, НеLa. т.б.) жұқтыру, ЦПӘ бойынша (симпласт түзу) индикциялау. Идентификациялау: ИФР, КБР, БР. Серологиялық диагноз қою:БР, ЖГАР, ИФР, КБР. Экспресс диагноз қою: ИФР, ИФТ.

Емдеуі. Иммундымодуляторлар және рибавирин қолданылады.

Алдын алуы. Спецификалық профилактикасы, яғни вакцина егу қолданылмайды.