Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микроб. 2 часть каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.4 Mб
Скачать

17.1.7.1. Парагрипп вирустары

Парагрипп - жоғары тыныс алу жолдарының, әсіресе көмекейдің зақымдануымен және организмнің жалпы улануымен (интоксикациямен) сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Адам парагриппінің вирустарын 1956 жылы П.Ченок ашқан.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Paramyxoviridae

Тұқымдастықшасы: [Paramyxovirinae]

Туыстастығы: Respirovirus-адам парагрипп вирусының 1,3 серотиптері

Rubulavirus -парагрипптің-2, 4а, 4в серотиптері.

Құрылымы, дақылдандыру және антигендік қасиеттері. Парагрипп вирусының 5 серотиптері белгілі (АПГВ-ВПГЧ-1, 2,3,4,5) Парагрипп вирустарының гемадсорбциялық белсенділігі едәуір жоғары, ол инфицирленген жасуша дақылдарына теңіз шошқасының эритроцитерін қосқанда көрініс береді, және де олар гемагглютинациялық қасиетімен сипатталады. Серотиптерінің бәріне нейроминидазалық белсенділік тән, және де олардың шамалы дәрежеде гемолитикалық және симпласт түзуші қасиеттері бар. Олар адамдар мен маймылдардан алынған біріншілік және ауыспалы жасуша дақылдарында өсіп - өніп көбейеді (репродукциянады). ЦПӘ- нің айқын байқалуы вирустың серотипіне және штамына қарай әртүрлі болады. АПГВ (ВПГЧ)-1 және АПГВ- 4 типтерінің цитоуыттылығы төмендеу. Парагрипп вирустарының тауық эмбрионында өсіп - өнуге бейімделу қабілеттілігі өте баяу жүреді.

Эпидемиологиясы. Парагрипп кезіндегі инфекция көзі - ауру адамдар. Вирус тыныс алу жолдары арқылы жұғады. Негізгі берілу жолы - ауалы-тамшылы, кейбір жағдайда тұрмыстық- жанасу жолымен де жұғуы мүмкін. Инфекция кең таралған және өте жұқпалы. Парагрипп инфекциясының маусымдылығы айқын емес.

Патогенезі. Инфекцияның кіру қақпасы - жоғарғы тыныс алу жолдары. АПГВ жоғарғы тыныс алу жолының шырышты қабатының жасушаларына адсорбцияланады, оларға тереңдеп енеді және көбейеді, нәтижесінде вирус енген жасушалар бұзылады. Патологиялық процесс қабыну қоздыра отырып тыныс алу арнасының төменгі бөлігін жылдам қамти бастайды. АПГВ1және АПГВ2 балаларда жедел ларингобронхит қоздыруға себепкер болады. АПГВ 3 ошақты пневмония қоздырады.

Парагрипп вирустары мұрын –жұтқыншақтың шырышты қабатының эпителиалдық жасушаларында репродукцияланады.Содан кейін олар қанға түсіп вирусемия (ұзаққа созылмайтын)тудырады. Бұзылысқа ұшыраған ыдырау өнңмдері және вирустар организмді интоксикациялануға әкеледі.Вирустар екіншілік иммундытапшылық қоздырады, нәтижесінде бактериалық асқынулар дамиды

Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі 3-6 күн. Содан кейін температурасы көтеріледі, әлсіздік, мұрын бітуі, тамағының ауыруы, жөтел т.б пайда бола бастайды.Осы ауруға тән дәл симптомдар жоқ. Балаларда болатын кеселдің ауыр түрінде өзектену (крупп) және өкпе қабынуы дамиды.Ересек адамдарда ауру ларингит түрінде өтеді.

Иммунитеті. Ауырып тұрнаннан кейін типтік-спецификалық ұзақ сақталмайтын гуморалдық иммунитет қалыптасады.Секреторлық антиденелер (SIgA) маңызды орын алады.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін заттар: шырышты қабат кілегейі, тыныс алу жолдарының шайындысы, қақырық, қан сарысуы. Вирусты бөліп алу (индикациялау): біріншілік жасуша дақылдарына жұқтыру, ЦПӘ және ГАР бойынша индикациялау. Идентификациялау: ГАТР, КБР, БР. Серологиялық диагноз қою: қос сарысуларымен ГАТР, КБР БР.

Емдеуі. Этиотропты препараттар ( арбидол, интерферон, иммунды модуляторлар) қолдану; симптоматикалық емдеу шаралары.

Алдын алуы. Спецификалық профилактика яғни вакцина егу қолданылмайды.