- •I.4. Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік жұмыс
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Тәжірибелік жұмыс
- •1. Ауру себебінің екі негізгі сипатын таңдаңыз
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Аллергия
- •Аурудың созылмалы өтуі
- •17. Әйелдер, еркектерге қарағанда, төзімдірек келеді (4)
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Жасуша мембраналарының фосфолипидтері құрылымының бұзылуы
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Бауырлық
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Көміртегі тотығымен уландыру
- •Тауға шыққанда
- •Гиперкапния
- •Гиперкапния
- •Карбоксигемоглобиннің түзілуі
- •Нитроқосындылар (нитриттер, нитраттар)
- •Қанағымы жылдамдығының баяулауы
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ
- •Коллапстың дамуымен
- •Машықтық жұмыс
17. Әйелдер, еркектерге қарағанда, төзімдірек келеді (4)
ашығуға
жедел қансырауға
гипоксияға
төмен температураға
есірткілерге
физикалық жүктемеге
18. Сәйкестікті тап:
1) әйелдер бейім аурулар (4) |
А) темір тапшылықты анемия |
2) еркектер бейім аурулар (1) |
В) гипертиреоз |
|
С) аутоиммундық аурулар |
|
D) тұнжырау |
|
Е) атеросклероз |
|
F) өт-тас ауруы |
19. Моногенді ауруларға жататыны (3)
қантты диабет
гемофилия
гипертониялық ауру
атеросклероз
гликогеноздар
фенилкетонурия
20.Тұқым қуалауға бейімділігі бар аурулар (көп тектік немесе көп жайттық аурулар) (6):
альбинизм
фенилкетонурия
гемофилия
дальтонизм
атеросклероз
гипертониялық ауру
ЖИА
аллергиялық аурулар
шизофрения
қантты диабет
№ 4 тақырып: ЖАСУШАНЫҢ ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯСЫ
Сабақтың мақсаты:
Жасуша зақымдануының жалпы этиологиясы мен патогенезі бойынша негізгі сұрақтарды меңгеру
Теориялық білімді патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда және ситуациялық есептерді шығарғанда қолдану
Дерттік үрдістердің жасушалық деңгейде пайда болу себебін, даму тетіктерін және аяқталуын патофизиологиялық сараптау дағдыларын қалыптастыру
Берілген тақырыпты талдағанда қолданылатын атаусөздерді меңгеру дағдыларын қалыптастыру
Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану
Оқыту міндеттері:
жасуша зақымдануының себептері мен патогенезін зерттеу
Берілген тақырыпты талдағанда қолданылатын атаусөздерді дұрыс қолдану
Тақырып бойынша патогенездің сызбанұсқасын құрастырып үйрену
Тәжірибеде жасушадағы бүліну белгілерін анықтауды үйрену
Ситуациялық есептерді шешкенде теориялық білімді қолдануды үйрену
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдануды үйрену
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Жасушаның бүлінісін туындататын себептер. Бүліністерге жасушаның төзімділігін анықтайтын жайттар.
Жасуша бүліністерінің түрлері, сипаттамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.
Жасуша өлімінің түрлері. Некроз және апоптоз, даму тетіктері.
Жасуша бүліністерінің арнайы және арнайыланбаған (иондық дисбаланс, қажыммен қамтамасыз етілуінің азаюы, рН, мембраналық потенциалдың, сіңірулік қабілеттің өзгеруі) көріністері, даму тетіктері.
Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі (МАТ, фосфолипаза және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық бүліністер).
Жасуша мембранасы мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүліністерінің салдарлары.
Бүліністер кезіндегі жасушадағы теңгерілулік тетіктер.
Патогенді жайттардың әсеріне жасушаның төзімділігін арттыратын және зақымданған жасушада қалпына келтіру үрдістерін күшейтетін алдын алу және емдік шаралар.
Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:
Дискуссия, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының, ситуациялық есептер жауаптарының дұрыстығын тексеру.
