- •I.4. Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік жұмыс
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Тәжірибелік жұмыс
- •1. Ауру себебінің екі негізгі сипатын таңдаңыз
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Аллергия
- •Аурудың созылмалы өтуі
- •17. Әйелдер, еркектерге қарағанда, төзімдірек келеді (4)
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Жасуша мембраналарының фосфолипидтері құрылымының бұзылуы
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Бауырлық
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Көміртегі тотығымен уландыру
- •Тауға шыққанда
- •Гиперкапния
- •Гиперкапния
- •Карбоксигемоглобиннің түзілуі
- •Нитроқосындылар (нитриттер, нитраттар)
- •Қанағымы жылдамдығының баяулауы
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ
- •Коллапстың дамуымен
- •Машықтық жұмыс
Тәжірибелік сабақ
№ 1. тапсырма. Тәжірибе жағдайларын талддау негізінде пирогендік ықпалға
жануарлардың серпілісін көрсетіңіз және тәжірибенің хаттамасының
сызбанұсқасын толықтырыңыз.
Жануарлар |
Виварий жағдайлары |
Тәжірибе жағдайлары |
Жануарлар әсерленісі |
Гомойотермиялық (мысалы, егеу құйрық) |
Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы |
Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді енгізу |
Қызба |
Пойкилотермиялық (кесіртке) |
Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы |
Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді еңгізу |
Жануар бөлменің температурасы жоғары жеріне орын ауыстырады |
№ 2 тапсырма
А.тәжірибе Бақылау және азот-ипритпен шақырылған айқын гранулоцитопениясы бар егеуқұйрықтарда скипидарды тері астына енгізу арқылы қызба туындатады.
Сұрақтар:
Жануарларда скипидарды енгізгеннен кейін туындаған қызбаның қарқыны бірдей бола ма?
Бұл егеуқұйрықтарда пирогенал енгізгеннен кейін қызбалық серпілістердің сипатында айырмашылықтар бола ма?
Егеуқұйрықтарға пирогенал енгізгеннен кейін дамыған қызбалық серпілістердің скипидар енгізгеннен кейін дамыған қызбалық серпілістермен салыстырғанда даму уақыты бойынша айырмашылықтары бола ма?
Б. тәжірибе Тәжірибеге 3 қоян қолданылды. А. қоянға көктамыр ішіне пирогенал енгізілді. 5 минуттан кейін А. қояннан қан алынып 5 мл сарысу дайындалып, ол Б. қоянға енгізілді. Тағы 120 минут өткеннен кейін А. қояннан қан алынып, 5 мл сарысу дайындалып, көктамыр ішіне В. қоянға енгізілді. Қояндардың үнемі дене қызымы өлшеніп тұрды. В. қоянында Б. қоянымен салыстырғанда сарысу енгізген уақыттан бастап есептегенде дене қызымы тез және айқын түрде көтерілді. Неге?
В. тәжірибе. ОЖЖ-нің қызба дамуындағы қызметтік маңызын анықтау үшін 3 егеуқұйрыққа келесідей тәжірибе жүргізілді. № 1 егеуқұйрықтың іш қуысына 200г дене салмағына 0,6 мл 0,05% фенаминді енгізеді. № 2 егеуқұйрыққа – 4% гексенал ерітіндісі сол көлемде енгізіледі. № 3 егеуқұйрыққа – NaCl изотониялық ерітіндісін жоғарыдағыдай көлемде енгізеді. № 2 егеуқұйрықта есірткілік жағдай дамығаннан кейін барлық жануарлардың дене қызымы өлшеніп, 3 егеуқұйрыққа да бұлшықеттеріне пирогеналды бірдей мөлшерде енгізді. Содан соң 15 минут сайын 1,5 сағат бойы әрбір жануардың дене қызымы өлшеніп отырылды. Нәтижелері кестеде көрсетілген.
егеуқұйрық |
0 |
15 |
30 |
45 |
60 |
75 |
90 |
№1 |
36,6 |
37,0 |
37,2 |
37,6 |
38,1 |
38,6 |
38,9 |
№2 |
36,6 |
36,5 |
36,3 |
36,1 |
35,8 |
35,6 |
35,2 |
№3 |
36,6 |
36,9 |
37,1 |
37,3 |
37,5 |
37,7 |
37,9 |
Сұрақтар:
Жылу реттеу орталығының «орнықтыру нүктесіне» қандай жайттар әсер етуі мүмкін?
Қызбалық серпілістің дамуына жүйке жүйесінің қандай бөлімдері қатысады?
Тәжірибенің нәтижелерін талдай отырып, жануарларда қызба дамуының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
№ 3 тапсырма. Есепті шешу
Науқас Б., 25 жаста, ЖИТС-қа байланысты ауруханада жатқанда қызба (дене қызымы 38,9), қақырықты жөтел және дем алу кезінде оң кеуде тұсында ауыру сезімі пайда болды. Зерттеу барысында лимфоциттер мен моноциттердің азаюына байланысты лейкопения, қақырықта (Грамм бойынша бояғанда): көп мөлшерде эпителий жасушалары, лейкоциттер, әртүрлі бактериялар, трептонема Аг реакциясы оң.
Сұрақтар:
Берілген жағдайда пирогендердің мүмкін болатын көздері?
Науқаста лейкопения кезінде қызба дамуын қалай түсіндіресіз?
Науқаста қызбаның осы көріністерінің болуы АИВ жұқпасының болуына байланысты ма?
№ 4 Тапсырма. Қызбаның бірінші сатысында әйгіленімдер пайда болуының
тетіктерін және олардың қызба дамуындағы маңызын түсіндіріңіз.
Қызбаның әйгіленімдері |
Пайда болу тетіктері және қызбаның дамуындағы маңызы |
|
|||||||||||||||
Терінің бозаруы |
|
|
|||||||||||||||
Терінің құрғауы |
|
|
|||||||||||||||
Бүрісу, Бұлшық еттер дірілі |
|
|
|||||||||||||||
№5 тапсырма. Қызба кезінде организмнің ағзалары мен жүйелеріндегі өзгерістерді талдаңыз және оның патогенезін көрсетіңіз.
|
|
||||||||||||||||
№ 6 тапсырма. |
Температуралық сызықтардың түрін анықтаңыз
|
|
|||||||||||||||
№ 7 тапсырма «Қызба мен гипертермияның айырмашылықтары» кестесін толтырыңыз
Көрсеткіш |
Қызба |
Гипертермия |
Себептері |
|
|
Филогенез кезінде серпілістердің қалыптасуы |
|
|
Онтогенез кезінде серпілістердің қалыптасуы |
|
|
Патогенездің негізгі тізбегі |
|
|
Әйгіленімдері |
|
|
Организм үшін маңызы |
|
|
Температурыны түзету |
|
|
№ 8 тапсырма. Есепті шешіңіз
18 жастағы Михаил П. жағажайда 6 сағат болып келгенннен кейін әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауыруы, діріл мен жүрек айнуы пайда болды. 30 мин өткеннен кейін құсып, дене қызымы — 39 °C дейін көтерілді. Аспирин мен спазмалгон қабылдаған соң дене қызымы 37 °C дейін төмендеуіне қарамастан, жағдайы одан сайын ауырлап, Михаил жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Ауруханаға алып бара жатқан жолда есінен тануына байланысты жан сақтау бөліміне жеткізілді.
1. Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды?
2. Оның даму себептері мен тетіктері қандай?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә. Н.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 237-247.
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 55-60.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 324-340.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 354-361.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 202-209.
Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 128 -139
Қосымша
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 201 -234.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 235-244.
Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-364-380
.А.Л. Костюченко. Угрожающие жизни состояния в практике врача первого контакта. СПб: спец.литература, 1998г. с-240.
Ю.В.Лобзин, А.Т.Марьянович, Н.В.Цыган. Терморегуляция и лихорадка. – М.: Вузовская книга, 1998. – 64 с.
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ
1. Сәйкестікті тап:
1. Жұқпалық қызба (2)
2. Жұқпалық емес қызба (6)
тіндердің өлеттенуі
тиреоидты гормондардың көп өндірілуі
физикалық немесе химиялық жайттармен туындатылған қабыну
қатерлі өспелермен туындатылған
баспа кеінде
биологиялық жайттармен туындатылған қабыну
ауқымды қан құйылу
эритроциттердің қан тамырлары ішіндегі гемолизде
2. Сәйкестікті тап:
1. Алғашқы пирогендер (3) 2. Салдарлық пирогендер (2)
тіндердің асептикалық қабынуының өнімдері
микробтық экзотоксиндер
интерлейкин -1
өспелер тіршілігін жоятын жайт
иммундық кешендер
3. Салдарлық эндогендік пирогендерді негізгі өндірушілер (4)
тромбоциттер
моноциттер
тіндік макрофагтар
эритроциттер
лимфоциттер
гранулоциттер
4. Эндогендік салдарлық пирогендерге жатады (4)
интерлейкин – 1
интерлейкин - 4
интерлейкин – 8
интерлейкин – 6
өспелер тіршілігін жоятын жайт
микроорганизмдердің эндотоксиндері
5. Дұрыс тұжырымдар (3)
дерттуындататын микробтардың ғана емес, сонымен қатар дерттуындатпайтын микробтардың да пирогендік белсенділігі бар
дерттуындататын микробтардың пирогендік қасиеті олардың вируленттілігіне үнемі сәйкес келе бермейді
пирогендік белсенділік тек эндотоксиндерде ғана болады
пирогендік белсенділік бактериялық жасушалар қабығының бөлшектерінде болады
6. Дұрыс тұжырым (1)
бактериялық жасушалардың пирогендік қасиеті олардың вируленттілігіне тәуелді
грамтеріс бактериялардың эндотоксиндері эндогендік пирогендерге жатады
экзогендік пирогендер липополиқанттар болып табылады
қызба кезінде температура жоғарылауының дәрежесі қоршаған ортаның температурасына тәуелді
қызба кезінде жылу реттеу тетіктері бұзылған
7. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі: экзогендік пирогендер ® фагоциттер ® ? ® жылу реттеу орталығы
A) микробтар эндотоксиндері
B) эндогендік пирогендер
C) простагландиндер
D) оралымды нуклеотидтер
E) липопротеидтер
8. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауының тетігі байланысты (4)
жылу реттеудің жоғарырақ деңгейге ауысуына
эндогендік пирогендердің гипоталамустың преоптикалық аймағының «орнықтыратын нүктесіне» әсер етуіне
жылу шығарудың төмендеуіне
экзогендік пирогендердің гипоталамустағы жылу реттеу орталығына әсер етуіне
жылу өндірудің жоғарылауына
9. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауы патогенезінде маңызы бар (6)
тотығу және фосфорлану ажырауының
тотығу және фосфорлану ілесуінің жоғарылауы
шеткері қан тамырларының тарылуы
жиырылулық («бұлшықеттік») жылу өндірудің күшеюі
терлеудің төмендеуі
жиырылулық емес жылу өндірудің белсенділенуі (биологиялық тотығу)
терлеудің күшеюі
симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауы
10. Қызбаның 1-сатысында, қағида бойынша, байқалады (1)
жылу өндірудің жылу шығару өзгерместен күшеюі
жылу өндіру және жылу шығарудың күшеюі
жылу шығарудың азаюы және жылу өндірудің күшеюі
жылу өндіру және жылу шығарудың азаюы
Е) жылу өндірудің азаюы және жылу шығарудың жоғарылауы
11. Дұрыс тұжырым (4)
қызбаның 1-сатысында тері температурасы қан температурасынан төмен
қызбаның 1-сатысында қалтырау және бұлшықеттік діріл болуы мүмкін
АҚ қызбаның 1-сатысында төмендеген, кейде өте қатты
қызбаның 1-сатысында диурез жоғарылайды
қызбаның 1-сатысында тері бозарған, суық, құрғақ
12.Қызбаның 2-сатысына тән (3)
брадикардия
терінің қызаруы
қарын-ішек жолы қимылының жоғарылауы
диурездің ұлғаюы
тахикардия
жылулық комфорт немесе ыстық сезімінің пайда болуы
13. Қызбаның 3-сатысында жылу шығарылудың жоғарылауы байланысты (1)
тамырлар тарылуымен
терлеу үрдісінің шектелуімен
зат алмасуының күшеюімен
терлеудің артуымен
артериялық қысымның артуымен
14. Қызба кезінде температураның "кризистік" түсуі қауіпті (1)
