
- •I.4. Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Тәжірибелік жұмыс
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Тәжірибелік жұмыс
- •1. Ауру себебінің екі негізгі сипатын таңдаңыз
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Аллергия
- •Аурудың созылмалы өтуі
- •17. Әйелдер, еркектерге қарағанда, төзімдірек келеді (4)
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Жасуша мембраналарының фосфолипидтері құрылымының бұзылуы
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Бауырлық
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Көміртегі тотығымен уландыру
- •Тауға шыққанда
- •Гиперкапния
- •Гиперкапния
- •Карбоксигемоглобиннің түзілуі
- •Нитроқосындылар (нитриттер, нитраттар)
- •Қанағымы жылдамдығының баяулауы
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік сабақ
- •Коллапстың дамуымен
- •Машықтық жұмыс
1. Гипертониялық әсерленіс.
Бұл кезде систолалық қысым қатты жоғарылайды - 180-200 мм с.б. дейін, диастолалық кысым - өзгермейді немесе жоғарылайды. Тамыр соғуы жиілігінің артуы жоғары, оның және АҚ бастапқы қалпына келуі, нормамен салыстырғанда, жүктемеден соң ұзаққа созылады. Бұл әсерленіс (серпіліс) АҚ жоғары, қан тамырларының атеросклероздық өзгерістері бар кісілерде, спортшыларда - шынығу жүктемесі жоғары кезеңінде байкалады.
2. Дистониялық әсерленіс
Систолалық қысым жүктемеден соң өте қатты көтеріледі, кейде 225 мм с.б. және одан да жоғары, ал диастолалық қысым польге дейін төмендейді - "шексіз" дыбыс феномені.
3. Астениялық әсерленіс.
ЖүректІң қызметтік жағдайы нашарлағанда байқалады. Бұл кезде систолалық қысым жүктемеден соң төмендейді. Тамыр соғуы жиілігінің артуы пайыз бойынша жоғары. Жүрек соғуының жиілігі және АҚ деңгейінің қалыпты жағдайға келуі кешігеді.
Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.
№ 4 тапсырма. |
Дене .жүктемесіне тексерілетін адамның тыныс алу жүйесінің әсерленісін және организмнің бейімделу мүмкіншілігін зерттеу.
|
Әдісі: "Тексерілетін адам түрегеліп тұрып демді ішке тартады, сыртқа шығарады, қайтадан демді ішке терең тартады, ол шынына жеткенде тыныс алуды тоқтатады (саусақпсн мүрыпды қысу арқылы). Секундомермен тынысты тоқтау мерзімі анықталады (Штанге сынауы).
Минуттық үзілістен соң отырған жағдайда тексерілетін адам терең тыныс алып, барынша тыныс шағарады да тынысты тоқтатады. Тыныс шығарғанан соң тынысты тоқтату мерзімі секөндомермен анықталады (Генче сынауы).
Ары қарай осындай сынаулар дене жүктемесінен соң 30 секунд ішінде 20 мәрте отырып-тұрудан соң дереу жүргізіледі. Алынған деректер кестеге енгізіледі.
Зерттелетін көрсеткіштер |
Жүктемеге дейін |
Жүктемеден соң дереу |
Штанге сынауы |
|
|
Генче сынауы |
|
|
Жүргізілген сынауларды бағалау алынған деректерді қалыптылықпен салыстыру арқылы жасалады.
Дені сау шынықпаған адамдарда:
Штанге сынауы -30- 40 сек.
Генче сынауы - 20-30 сек.
Дене жүктемесінен соң бұл көрсеткіштер 10-15 сек. қысқарады. Алынған деректер бойынша қорытынды жасалады.
СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ
Тігінен:
2. «аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық
және әлеуметтік толық сәттілік жағдай»
4. өлім сатысы
6. аурудың нышаны
8. гипоксияға ең сезімтал ми бөлігі
10. өлген организмді тірілтуге үлес қосқан ғалым
12. сауығудың тұрақты механизмдерінің бірі
15. клиникалық көріністердің қайталануы
16. сутегі ионы мөлшерінің артуы
18. пневмониядан өлген баланың оқшауланған жүрегін 19 сағат 30 минөттен соң тірілткен
(1902) ғалым, Верный қаласында тұрған.
19. «әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен
және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы»
21. Ф.А. Андреев (1913) ұсынған организмді тірілту мақсатында жүрекке қарай артерия
арқылы сұйықтықты енгізу әдісі
23. денсаулықтың өлшемі
26. денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай
Көлденеңінен:
1. ауру туралы жалпы ілім
3. өлімнің түрі
5. өлген организмді тірілту туралы ғылым
7. өлімнің түрі
9. аурудың аяқталуы
11. патофизиологтардың Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы
13. өлім кезінде дамитын негізгі дерттік үрдіс
14. аурудың аяқталуы
17. жұқпалы аурулардың бірінші кезеңі
20. патологияның жасушалық теориясын құрған неміс паталоганатомы
22. аурудың клиникалық белгілерінің уақытша жойылуы
24. оттегі тапшылығына ең сезімтал жасуша
25. қанағымының қалпына келуі
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 5-22.
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 3-8.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 3-10, 12-17.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-34.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 5-24
Қосымша
6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 10-31
7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 9-37.
8. Крыжановский Г.Н. Патофизиология как современная интегративная биомедицинская наука //Вестник АМН МСССР. - 1991, № 3. - С.9 - 11.
9. Крыжановкий Г.Н. Патофизиология на рубеже нового столетия // Второй Российский конгресс по патофизиологии. Патофизиология органов и систем. Типовые патологические процессы. Тезисы докладов. М.: 2000, с.6 – 10.
10. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.
11. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь //Вестник КагГМУ, 2001. - № 12, с. 56-6
С
(
1. Патологиялық физиология зерттейді (1)
A
B) сау организмнің ағзалары мен жүйелерінің қызметін
C) жануар мен адам организміндегі метаболиттік үрдістерді
D) аурулардың симптомдарын
Е) белгілі бір ауруларды емдеуді
F) аурудың пайда болуының, дамуы мен аяқталуының жалпы заңдылықтарын
2. Патологиялық физиологияның міндеттері (4)
A) жалпы этиология мен патогенездің сұрақтарын зерттеу
B) дәрігерлік ойлауды қалыптастыру
С) жалпы патологияның теориясын қалыптастыру
D) эксперименттік емдеу тәсілдерін өңдеу
Е) белгілі бір науқаста аурудың өту ерекшелігін зерттеу
3. Патофизиологиядағы зерттеудің негізгі тәсілі (1)
A) лабораториялық жануарларға тәжірибе жасау
B) тұрғындарды әлеуметтік сауалнамалаудың мәліметтері
C) науөастарды клиникалық тексеру
D) аурушылдық пен өлімді статистикалық сараптау
E) сау адамдардың қанын биохимиялық зерттеу
4. Лабораториялық жануарлармен жұмыс жасау ұстанымдарын көрсетіңіз (4)
A) жануарларды наркозсыз өлтіру
B) жануарларды бекітудің арнайы тәсілдерін қолдану
C) зерттеу мақсатына сәйкес белгілі бір лабораториялық жануарды қолдану
D) эвтаназия (гуманды жолмен өлтіру)
E) ауыру сезімін тудыратын жағдайларда ауырусыздандыру
5. Патофизиологиялық тәжірибеде міндетті болып саналады (1)
A) адам ауруларының үлгісін жануарларда алу
B) функционалдық көрсеткіштерді зерттеу
C) құрылымдық көрсеткіштерді зерттеу
D) биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу
E) аурудың клиникалық көріністерін зерттеу
6. Жануарларда жасалған тәжірибенің клиникалық бақылаудан артықшылығы (5)
аурудың бастапқы кезеңін зерттеу
аурудың емделмеген түрін зерттеу
тәжірибенің кезкелген кезеңінде ішкі ағзалардың құрылымдық өзгерістерін зерттеу
эксперименттік емдеу тәсілін жүргізу
ауру туындауында әлеуметтік жайттардың маңызын зерттеу
сәйкес бақылау тобын таңдау
7. Тәжірибеде жануарларда зерттеу мүмкін емес (1)
A) аурудың бастапқы кезеңін
B) организмге жаңа дәрілік заттардың әсерін
C) аурудың емделмеген түрін
D) аурудың тұлғалық белгілерін
E) ауру дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін
8. Медицинада эксперименттік әдісті қолдануды шектейтін факторлар (4)
A) адам мен жануар организмі құрылысындағы айырмашылық
B) адам мен жануарда зат алмасу үрдістерінің айырмашылығы
C) адам мен жануардың тіршілік ұзақтығының әртүрлілігі
D) тәжірибелік жануарлардың денсаулығының алғашқы деңгейін анықтаудың қиындығы
E) адамның әлеуметтік табиғаты
9. Кинетоздардың себебі болып, организмге тигізетін әсері табылады (1)
А) ұзақ, өзгеретін үдеудің
В) салмақсыздық
С) иондайтын радиацияның
Д) төмен температураның
Е) жағымсыз эмоциялардың
10. Кинетоздар патогенезінде маңызы бар (4)
A) вестибулярлық құралға үдеу әсерінің
B) парасимпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты жоғарылауының
C) мыйшыққа афференттік серпіндердің ретсіз түсуінің
D) денеге қатысты артық жүктеме бағыты бағдарлануының
E) талдағыштардың өзара әрекеттесуі бұзылуының
11. Ауру сипатталады (4)
зақымдану мен қорғану-бейімделу құбылыстарының диалектикалық бірлігімен
дамудың кезеңдігімен
гомеостаздың өзгерісімен
қорғану-бейімделу құбылыстарының болмауы, ал зақымданудың болуымен
бірнеше дерттік үрдістердің бірігуімен
12. Сәйкестігін табыңыз:
1. Денсаулықтың критерийлері (4)
2. Аурудың критерийлері (4)
ауру белгілерінің болуы
себептің әсері
сыртқы ортаға бейімделуінің бұзылуы
еңбекке қабілетінің төмендеуі
гомеостазды сақтауға қабілеттілігі
жоғары еңбекшілдігі
психикалық сәттілігі
әлеуметтік сәттілігі
13. Сәйкестігін табыңыз:
дерттік үрдіс (3)
дерттік серпіліс (1)
дерттік жағдай (3)
қызба
гипоксия
ісіну
бронхит
кереңдік
операциядан кейінгі тыртық
невус
Бейнбридж рефлексі
Ересектердегі Бабинский рефлексі
14. Ауру алдына тән (4)
жүктеме кезінде бейімделу механизмдерінің шектелуі
тыныштықта бейімделу механизмдерінің шектелуі
міндетті түрде ауруға айналуы
денсаулық жағдайына айналу мүмкіншілігі
жүктемелік сынамалармен анықталуы
клиникалық көріністерінің болмауы
клиникалық көріністерінің болуы
15. Сәйкестігін табыңыз
Аурудың арнайы белгілері (2)
Аурудың арнайы емес белгілері (5)
дене қызымының көтерілуі
ауыру
мазасыздық
тәбеттің болмауы
қызылшадағы Бельский – Филатов дағы
сифилистегі қатты шанкр
ұйқының бұзылуы
16. Сауығудың тұрақты механизмдеріне жататыны (3)
лейкоцитоз
ағзаның гипертрофиясы
қан нәруыздарымен уларды бейтараптау
репаративті регенерация
иммунитет дамуы
17. Өлім кезеңдерінің бірізділігі:
ақтық үзіліс
жанталас алды
клиникалық өлім
агония
биологиялық өлім
18. Қалыпты жағдайда ересек адамда клиникалық өлімнің ұзақтығы (1)
А) 1 - 2 минөт
В) 3 – 4 минөт, ең көбі 5 – 6 минөт
С) 7 – 8 минөт
D) 10 минөт аралығында
19. Клиникалық өлімде жасушалардың тіршілігі, әсерінен сақталады (1)
сыртқы тыныстың
қанайналымының
тотығудан фосфорланудың
анаэробты гликолиздің
тіндік тыныстың
20. Тірілтілген организмнің ауруының патогенезінде маңыздысы (5)
гипоксия
газдық емес ацидоз
қанды реперфузиялағанда майлардың пероксидаздық тотығуының әсерленуі
бұзылған зат алмасу өнімдерімен улану
электролиттік тепе-теңдік пен микроциркуляцияның бұзылуы
антиоксиданттық жүйенің әсерленуі
Құқықтық компетенция бойынша тест тапсырмалары (Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасаудың өнегелік-әдептік аспектілері. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу». Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 442 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті зертханалық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.).
Клиникаға дейінгі зерттеулер – бұл
клиникалық практикаға енгізу алдында жүргізілетін билогиялық, токсикологиялық,
химиялық,физикалық және басқа эксперименттік ғылыми зерттеулер
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технологиялар, аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеудің жаңа тәсілдері
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
Медико-биологиялық эксперимент – бұл
әртүрлі аурулардың пайда болуы, даму заңдылықтарын қалыптастыру, алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерәнәі тиімділігін тексеру және өңдеу
Зерттеуші мен тапсырыс беруші арасындағы келісімшарт негізінде қажетті ғылыми зерттеу жүргізу
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
Медико-биологиялық эксперименткелесі негізгі міндеттерді атқарады (4)
жаңа ғылыми мәліметтерді алу үшін қажет
ұқсас құбылыстар топтамасының ортақ, заңдылықтарды негіздеу, болжамдарды қалыптастыру әдісі болып табылады
теориялар мен болжамдарды тексеру жолы, олардың шынайылығының нышаны, жаңа болжамдарды қарастыру негізі
клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдану алдындағы салыстырмалы гарант болып табылады
клиникалық практикада ауруларды диагноздау мен емдеуде жаңа әдістерді қолдануда шынайы гарант болып табылады
Үлгілеуге қойылатын талаптар (4)
ауруды тудыратын және оны үлгілеудегі себеп мен жағдайдың бірегейлігі
аурудың және оның үлгісінің морфологиялық және функциялық өзгерістерінің жүйелік, ағзалық, жасушалық және молекулалық деңгейде ұқсастығы
біртектес асқынулар дамуындағы ұқсастығы
бірлей әсерлермен емдеудің тиімділігі
жануарлардың тек бір түрін қолдану
Клиникаға дейінгі зерттеулер мен медико-биологиялық экперименттің сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді
ресурстар
сәйкес басқару (жұмыстың мақсаты мен міндеттерін сипаттайтын хаттама жүргізу, осы мақсаттарға жету үшін қолданылатын материалдар мен әдістер ж.б. )
зерттеудің сәйкес параметрлерін жоспарлау
құжаттарды сәйкес рәсімдеу жүйесі (алғашқы мәліметтері, қорытынды есебі, мұрағаттары бар жұмыс журналдары)
эксперимент нәтижелерін негіздеуге және зерттеудің маңыздылығын қамтамасыз ететін сәйкес сапа кепілдік жүйесі
Жануарларда клиникаға дейінгі зерттеулер мен медико-биологиялық экперимент Қазақстан Республикасының .............мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі (атын қойыңыз)
Лабораториялық жануарларды ұстайтын және тәжірибе жүргізетін бөлім келесі бөліктерден тұрады
A)… E)…
B)… F)…
C)… G)…
D)… H)….
8. Негізгі жоспар ретінде ресурстарды бөлу және жоспарлауды айтады. Ол мыналардан тұрады (дұрыс жауабын таңдаңыз):
зерттеудің барлық хаттамалары
күндері және қызметкерлердің жүктемесі көрсетілген жұмысты жүргізу кестесі
есептер мен хаттамаларды тексеру енгізілген жұмысты аяқтау мерзімі
құрал-жабдықтарды пайдалану жолдары және қалпына келтіру шаралары
қызметкерлердің жауапкершілігін бөлу және анық көрсету
зерттеу басқарушысының негізгі жоспарға енгізілген барлық құжаттарды бекітуі
9.Валидация – бұл
бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
дәрілік заттардан басқа медициналық жаңа технологиялар, аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеудің жаңа тәсілдері
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
әртүрлі аурулардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту
10. Ақпараттық келісім – бұл
бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
әртүрлі аурулардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту
11. Калибровка – бұл
прибордың көмегімен алынған шама мен эталон арқылы анықталған сәйкес шама арасындағы арақатынасты көрсететін операциялар жиынтығы
бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
зерттелуші ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу
әртүрлі аурулардың пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын бекіту
12. Қажетті лабораториялық тәжірибе –бұл
алынған нәтижелердің парықтығы мен дәлдігінің кепілдігі болып табылатын клиникаға дейінгі зерттеулердің
прибордың көмегімен алынған шама мен эталон арқылы анықталған сәйкес шама арасындағы арақатынасты көрсететін операциялар жиынтығы
бекітілген параметрлердің аясында жүргізілген үрдістер тиімді және нәтижелі қамтамасыз етілетіндігі туралы құжатталған бітім
барлық ерекшеліктерімен танысып қол қойғаннан кейін клиникалық зерттеуге қатысуға науқастың өз еркімен берген құжатталған рұқсаты
13. Рандомизация – бұл
жүйелік қателігі ең аз мөлшерде болатын тест-жүйе әдісімен кенеттен таңдау үрдісі
репродуктивті ағзаларға зерттелетін заттың улы әсері
қандай да бір қызметтің орындалуын бірыңғай қамтамасыз ететін жазбаша құрылымдар
зерттелетін заттың ұрықтың қалыпты дамуын ауытқытатын және ақаулар дамытатын қабілеті
зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті
14. Стандартты операциялық әрекеттер (СОӘ) – бұл:
жүйелік қателігі ең аз мөлшерде болатын тест-жүйе әдісімен кенеттен таңдау үрдісі
репродуктивті ағзаларға зерттелетін заттың улы әсері
қандай да бір қызметтің орындалуын бірыңғай қамтамасыз ететін жазбаша құрылымдар
зерттелетін заттың ұрықтың қалыпты дамуын ауытқытатын және ақаулар дамытатын қабілеті
зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті
15. Тератогендік – бұл:
зерттелетін заттың ұрықтың қалыпты дамуын ауытқытатын және ақаулар дамытатын қабілеті
зерттелетін заттың теріге зақымдаушы әсері
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бір немесе бірнеше мәрте енгізгенде ұрық пен жаңа туылғандарда организміне кері әсері
зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті
16. Жітілеу улылық – бұл
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (12 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (10 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
17. Созылмалы улылық – бұл
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (12 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (10 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
18. Фетоулылық (ұрыққа әсер ететін улылық) –бұл
зерттелетін заттың теріге зақымдаушы әсері
зерттелетін затты терапиялық мөлшерде бірнеше мәрте енгізгенде (6 айға дейін) зерттелетін жануар организміне кері әсері
зерттелетін заттың ұрықтың өлімін тудыру қабілеті
зерттелетін заттың ұрықтың жүктіліктің соңғы мерзімінде сыртқы орта өзгерістеріне бейімділігін қамтамасыз ететін қызметтерінің даму және жетілу кезеңінде зақымдаушы әсері
№ 2 тақырып «ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. ТӨМЕН БАРОМЕТРЛІК ҚЫСЫМНЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ»
Сабақ мақсаты:
Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін меңгеру
Теориялық материалдан алған білімдерін патогенезжің сызбанұсқасын құрастырғанда және есептерді шығарғанда қолдану
Биіктік ауруын үлгілеу тәсілін меңгеру
Этиология және патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
Тәжірибелік жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу
Сабақтың міндеттері:
Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін меңгеру
Патогенездің сызбанұсқасын, негізгі тізбекті және кері айналып соғу шеңберін құрастырып үйрену
Этиология және патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
Биіктік ауруын үлгілеу тәсілін меңгеру
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу
тәжірибе нәтижелерін сараптап, төмен барометрлік қысымның әсерін мысалға ала отырып жалпы патогенездің негізгі түсініктерін түсіндіру
Теориялық материалдан алған білімдерін патогенезжің сызбанұсқасын құрастырғанда және есептерді шығарғанда қолдана білу
Сабақтың негізгі сұрақтары:
Этиология туралы түсінік. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Ауруларды алдын алудың және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.
Эиологиялық жайттардың жіктелуі және олардың сипаттамасы. Ауру туындауында сыртқы орта жайттары мен организмнің ерекшеліктерінің маңызы. Жалпы этиологияның экологиялық аспектілері.
Пихогендік патогенді жайттар. Иатрогенді аурулар туралы түсінік. Денсулықты сақтау мен адам аурулары туындауындағы әлеуметтік жайттардың рөлі. Балалар патологиясындағы және балалар өлімін төмендетудегі әлеуметтік жайттардың маңызы.
Патогенез, анықтамасы. Бүлініс патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Патогенездің негізгі тізбегі, «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсініктер, мысалдар келтіру.
Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауруының негізгі көріністері, патогенезі.
Ұрықтық даму патофизиологиясы: жіктелуі, этиологиясы, ұрықтық даму кезеңінде дерттік үрдістер дамуының жалпы заңдылықтары.
Оқыту мен сабақ жүргізу әдістері:
Сабақты талдау, тәжірибе жасау, хаттамаларды толтыру, нәтижелерін талқылау.
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасы мен есептердің қорытындыларын тексеру, тесттілеу