- •Кенорнын жерасты тәсілімен қазу кезіндегі тау-кен жұмыстары туралы жалпы мағлұмат. Кеннің жоғалымы және құнарсыздануы.
- •3.4 Жоғалымды есепке алу. Пайдалы қазба қорларының тиімді де толық алынуын анықтау кен қазу кезіндегі жоғалымды дұрыс есепке алу және бақылаусыз мүмкін емес.
- •Кендерді байытуға дайындау. Кендерді байытудың негізгі принциптері
- •Металлургия өндірісінің принципиалдық сұлбасы. Кендерді және концентраттарды металлургиялық өңдеуге дайындау.
- •1) Концентраттан құйын шикізатын алу; 2) күйдіру мықтылығы.
- •Ұңғыны өнімді қабат жабынына дейін бұрғылап пайдалану тізбегін түсіріп цементтейді.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау. Газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау ыдыстары.
- •Машина құру зауыттарында жабдық құралдарын және технологиялық үрдістерін өңдеу
- •Сурет - 26. Қысыммен металдарды өңдеудін негізгі түрлері
- •Композиционды материалдарды кеңінен қолдану
- •Бақылау сұрақтары:
- •Халық шаруашылығында химиялық өнеркәсіпінің мәні. Аммиак және азот қышқылының өндірісі
- •Аммиак және азот қышқылын өндіру
- •Метанды конверсиелеумен сутегін алу
- •Көміртек оксидін конверсиялау
- •Газды тазалау
- •Конвентирленген газды со2-ден тазалау
- •Бақылау сұрақтары:
Ұңғыны өнімді қабат жабынына дейін бұрғылап пайдалану тізбегін түсіріп цементтейді.
Содан кейін цементтеу тығыны, тірек сақинасы бұрғыланады және ұңғы өнімді қабат табанына деін тереңдетіледі. Егер қабат тұрақты тау жыныстарынан тұратын болса, ұңғы оқпанын ашық қалдырған жөн. Егер қабат борпылдақ тау жыныстарынан құралса, пайдалану тізбегіне құм кірмес үшін өнімді қабатқа қарсы сүзгі қойылады, пайдалану тізбегінің төменгі шетіне ұсынылатын сүзгі - хвостовикті пайдалану көрсетілген. Кейде сүзгінің басқа түрі қолданылады.
Бұл жағдайда өнімді қабат, одан жоғары аралықта бұрғыланған қашау диаметрімен бұрғыланадыда, пайдалану тізбегі сүзгімен түсіріліп, қабат жабынынан жоғары манжеттік тәсілмен цементтелінеді. Екі жағдайда метал-керамика, құм-пластмасса немесе іріқұмдық сүзгілер қолданылуы мүмкін.
Бұл аталған ұңғы түбінің конструкциялары өнімді қабаттың ішінде, немесе өнімді қабаттан жоғары және төмен сулы немесе балшық қабаттары болмаған жағдайларда қолданылады.
2) Ұңғы өнімді қабат табанынан біраз төмен бұрғыланып, пайдалану тізбегін түсіреді де, бір немесе екі сатылы тәсілмен цементтейді. Цемент ерітіндісі қатқаннан кейін өнімді қабат тұсынан перфорациялап, қабат пен пайдалану тізбегін жалғастырады. Бұл келтірілген ұңғы түбінің конструкциясы мұнайлы құмдар саз балшықтармен және сулы қабаттармен қабаттасып орналасқан және өнімді қабаттан жоғары не төмен сулы қабаттар кездескен жағдайларда қолданылады.
Ұңғы сағасын жабдықтау. Пайдалану тізбегінің сыртындағы цемент ерітіндісінің көтерілу биіктігін анықтағаннан кейін, шеген құбырларды ұңғы сағасында іліп және құбырлар аралық кеңестігін бекіту үшін, оларды тізбек басымен байланыстырады. Бір тізбекті ұңғы сағасын жабдықтау сұлбасы көрсетіледі. Тізбек басы кондукторға 3 бұралып жалғанған фланецтан 2 және пайдалану тізбегінің жоғары шетіне жалғанатын пъедесталдан 1 тұрады. Шығару бақылау арнасы 4 ысырмасымен 5 құбыр сыртындағы газды шығару үшін қолданылады.
Пайдалану тізбегін қабатпен қатынастыру. Пайдалану тізбегі цементтелінген ұңғы түбінің конструкциясын қолданған жағдайда, пайдалану тізбегінің қабатпен қатынасын тізбекте, цемент сақинасында, қабаттағы тау жыныстарындаарнайы перфоратор аппараты мен тесік тесу арқылы іске асырады.
Мұнай мен газ осы тесіктер арқылы пайдалану тізбегіне түседі. Тесіктердің диаметрі 1-бір метрдегі саны (перфорация тығыздығы) қабаттан мұнай мен газ максималды келіп түсетіндей етіліп алынады.
Перфораторлардың бірнеше түрлері бар. Олар : кумулятивтік, торпедалық және оқты. Ең кең тараған кумулятивтік перфораторлар. Олардың көмегімен шегенду құбырларында, цемент тасы және ұңғы қабырғасындағы тау жыныстарының тесіп арна жасауға болады.
Кумулятивтік арын зарядтың жарылу кезінде, зарядтың мыс қаптамасының күш толқыны әсерінен жан-жақты сығылуы салдарынан түзеледі.
Күш толқынның әсерінен мыстың ішкі беті балқып тығыздығы жоғары метал ағынына айналады да, жарылыс барысындағы газтәріздес заттармен 8000-10000 м/с жылдамдықпен қаптама ортасынан шегендеу тізбегіне радиалдыатқыланады. Мұнай жылдамдықпен атқылаған метал сұйық ағыны шегендеу тізбегіне 30 МПа-дай қымыс түсіреді де, оны тесіп өтеді және тау жыныстарында 300 мм, оданда терең арна жасайды.
Айдау ұңғырларында шегендеук тізбегін, цемент сақинасын және тұрақты тау жыныстарынан тұратын қабатты тақылау үшін торпедалық перфораторлар қолданылады. Ату диаметрі 22-32 мм. айырғыш снарядтарменжүргізіледі. Снаряд атылғаннан кейін тау жыныстарына 200-250 мм еніп сонда жарылады. Жарылу нәтижесінде тау жыныстарында диаметрі 300 мм. дейін қуыстар (каверналар) пайда болады.
Сонғы кезде гидроқұмағынды перфорация кең қолданылып жүр. Бұл тәсіл бойынша пайдалану тізбегінің ішіне түсірілген сораптық-компрессорлық құбырға жоғары қысыммен құм аралас сұйық айдайды. Құбырдың төменгі шетіне ағын апараты қойылады, оның тесігінен құм аралас сұйық өте жоғары жылдамдықпен атқыланады.
Осы қоспа шегендеу тізбегін, цемент сақинасын, тау жыныстарын қажап тез бүлдіреді. Гидроқұмағынды перфорацияда шегендеу тізбегі шытынап бүлінбейді, әр тесіктердің диаметрі мен терендігін реттеуге мүмкіндік береді.
Қабаттан мұнай және газдың құйылуын қалыптастыру (ұңғыны меңгеру). Пайдалану тізбегімен қабат арасын жалғастыру жұмыстарын аяқтағаннан кейін, қабаттан мұнайдың құйылуын шақыруға кіріседі. Қабаттағы мұнай мен газды ұңғы ішіне шақыру үшін, ұңғы ішіндегі қымыс қабат қысымынан төмен болуы керек.
Ұңғы ішіндегі қысымды түп қысымы деп айтуға болады. Фонтандық құбырлар мен пайдалану тізбегі арасындағы кеңістікке су айдап фонтандық құбыр арқылы жуу сұйығын ығыстырып шығарады. Қабат қысымы үлкен қабаттарда жуу сұйығын толық алмастырмайақ ұңғы атқылап бастайды. Егер жуу сұйығын сумен алмастыру тиімсіз болса онда, суды мұнаймен ауыстырады. Ал бұл шаралар көмектеспеген жағдайларда құбыр сыртындағы кеңістікке мұнайды газбен немесе суды ауамен араластырып айдайды. Қоспаны айдау барысында біртіндеп газ немесе ауаның көлемін өсіріп, толық газ (ауа) айдауға көшеді. Сөйтіп ұңғыға түсірілетін қысымды бірқалыпты төмендетіп, қабаттан ұңғыға мұнай мен газдың құйылуын біртіндеп өсіреді.
Өнімді қабаттар қатты тау жыныстарынан құралған жағдайда ұңғыны компрессорлық тәсілімен меңгереді. Бұл тәсіл бойынша құбыр сыртындағы кеңістікке жуу сұйығын фонтандық құбырға ығыстыру үшін газ (немесе ауа) айдайды. Ұңғыдағы қысым күрт төмендейді, бұл қатты тау жыныстары үшін қауіпсіз.
Қабат қысымы төмен ұңғыларда мұнай ағынын шегендеу тізбегі ішіндегі жуу сұйығының деңгейін төмендету арқылы қалыптастырады. Ол үшін фонтандық құбыр ішіне арқамен жоғары жағына ұзын келте құбыр жалғанған поршен түсіріледі. Поршен келтірілген кезде клапан жабылып сұйық фонтандық құбырдан ығыстырылып шығарылады. Поршенді әрлі берлі көтеріп түсіру арқылы пайдалану тізбегі ішіндегі сұйық деңгейін төмендетуге болады, нәтижесінде өнімді қабатқа түсірілетін қысым азаяды.
Қабаттан мұнай немесе газдың ағынын шақырғаннан кейін ұңғыны ағынға тексеріп, өнім беру нормасын анықтап, пайдалануға өткізеді.
