- •Кенорнын жерасты тәсілімен қазу кезіндегі тау-кен жұмыстары туралы жалпы мағлұмат. Кеннің жоғалымы және құнарсыздануы.
- •3.4 Жоғалымды есепке алу. Пайдалы қазба қорларының тиімді де толық алынуын анықтау кен қазу кезіндегі жоғалымды дұрыс есепке алу және бақылаусыз мүмкін емес.
- •Кендерді байытуға дайындау. Кендерді байытудың негізгі принциптері
- •Металлургия өндірісінің принципиалдық сұлбасы. Кендерді және концентраттарды металлургиялық өңдеуге дайындау.
- •1) Концентраттан құйын шикізатын алу; 2) күйдіру мықтылығы.
- •Ұңғыны өнімді қабат жабынына дейін бұрғылап пайдалану тізбегін түсіріп цементтейді.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау. Газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау ыдыстары.
- •Машина құру зауыттарында жабдық құралдарын және технологиялық үрдістерін өңдеу
- •Сурет - 26. Қысыммен металдарды өңдеудін негізгі түрлері
- •Композиционды материалдарды кеңінен қолдану
- •Бақылау сұрақтары:
- •Халық шаруашылығында химиялық өнеркәсіпінің мәні. Аммиак және азот қышқылының өндірісі
- •Аммиак және азот қышқылын өндіру
- •Метанды конверсиелеумен сутегін алу
- •Көміртек оксидін конверсиялау
- •Газды тазалау
- •Конвентирленген газды со2-ден тазалау
- •Бақылау сұрақтары:
3.4 Жоғалымды есепке алу. Пайдалы қазба қорларының тиімді де толық алынуын анықтау кен қазу кезіндегі жоғалымды дұрыс есепке алу және бақылаусыз мүмкін емес.
Сенімді және анық есепке алу оңтайлы топтастыруды қажет етеді, яғни белгілі бір белгілер бойынша барлық жоғалымды жіктеу қажеттілігі туады.
Бұрын отандық кентехникалық әдебиеттердегі және өндірістік тәжірибедегі ұсынылған сыныптамада (классфикация) жоғалымның негізгі себебі кен қазу жұмыстарын дұрыс жүргізбеу деп есептелуін, сонымен қатар ерекше топ «геологиялық себептер» деген себепте ескерілді. Тәжірибе бұл белгілердің кен жоғалымының азайту мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға, олардың азайуын реттеуге, жоғалымның рұқсат етілген және оңтайлы нормативтерін бағалауға жарамсыз екендігін көрсетті.
Соңғы жылдарда Мемлекеттік кентехникалық қадағалау комитеті бекіткен және барлық кенөндірісімен айналысатын министрліктер мен кәсіпорындар үшін пайдалануға қабылданған кенорындарын қазу кезіндегі қатты пайдалы қазбалардың жоғалымының бірыңғай сыныптамасы жасалды. Оның негізіне екі белгі қойылған: жоғалымға ұшыраған
пайдалы қазбалардың жағдайы және жоғалымның орналасу орны.
Бұл сыныптама бойынша кенорындарын қазу кезіндегі барлық қатты пайдалы қазбалар жоғалымның түрлері екі дербес сыныпқа (классқа) бөлінеді:
1-сынып – жалпышақтылық (жалпыкеніштік, жалпыкарьерлік) жоғалымдар. Оған күрделі кен қазбалары маңындағы қорғау кентірегі; кентехникалық құрылыстар, коммуникациялар, ғимараттар және т.б. жатады.
2-сынып - тұтынымдық жоғалымдар. Оған, тікелей кен қазу процесінде болатын жоғалымдар жатады.
3.5 Кеннің құнарсыздануы. Балансты кенге жыныстар мен баланстан тыс кендердің араласуын бұл құнарсызданудың негізгі себебі. Мұның басқа кендегі прайдалы компоненттердің азаюы өте ұсақталған және шаң түрінден жоғалған кен құрамында пайдалы компоненттердің көп мөлшері болу мүмкіндігінен де болады. Мұндай құбылыс кен минералдары (мысалы, галенит, мартит және т.б.) араласқан бос жыныстармен салыстырғанда морттылығымен, уату кезінде асыра ұсақталуымен ерекшеленеді, сондықтан жоғалымы көбірек болады.
Құнарсыздану үлкен экономикалық зардаптарға ұшырататынын жоғары да атап өттік, сондықтан оны есепке алу және онымен күресуге өте қатты көңіл бөлінуі тиіс.
Құнарсыздану кенге араласқан бос жыныстар мөлшерін В барлық қазып алынған кенге Д қатынасы ретінде өрнектеледі; яғни құнарсыздану коэффициенті:
Р = В /Д
Бірақ кенге араласқан бос жыныстардың мөлшерін, санын анықтау әрдайым мүмкін емес. сондықтан құнарсыздану шамасын баланстық қордағы пайдалы компоненттер мөлшерімен салыстырғанда қазып алынған кендегі пайдалы компоненттердің азаюы, кемуі арқылы өрнектеу қабылданған, яғни құнарсыздану коэффициенті
Р = ( с – а) / с
мұнда с және а – тиісінше баланстық қордағы және қазып алынған кендегі пайдалы компоненттердің мөлшері.
Әртүрлі қазу жүйелерінде және кен-геологиялық жағдайларда жоғалыммен құнарсыздану шамасын білу үшін, жоғалым мен құнарсыздануды азайтуға материалдық марапаттау құралдарын қолдану үшін, жоғалым және құнарсыздануды есепке алу тұтынымдық блоктар бойынша жүргізу қабылданған.
Сонымен кеннің жоғалымы мен құнарсыздануын есептеу үшін мынадай есептік көрсеткіштер: блоктар, қазу жүйелері және шақта (кеніш) бойынша: қазып алынатын баланстық кен қоры Б; нақты қазып алынған қоры Д және кенге араласқан бос жыныстар В; баланстық қордағы С және қазып алынған кендегі а пайдалы компоненттер мөлшері қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Кен және кен массасы түсініктерінің айырмашылығы қалай?
2. Морфологиялық белгілері бойынша кен денесі қалай бөлінеді?
3. Кен қазбалары деген не?
4. Сандық және сапалық жоғалымдарды атаңыз.
5. Жалпы шақтылық жоғалымның тұтынымдық жоғалымдардан айырмашылығы қандай?
6. Құнарсыздану деген не және құнарсыздану коэффициенті қалай анықталады?
