Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
685.25 Кб
Скачать

Кенорнын жерасты тәсілімен қазу кезіндегі тау-кен жұмыстары туралы жалпы мағлұмат. Кеннің жоғалымы және құнарсыздануы.

Кенорындарының кен-геологиялық және экономикалық сипаттамалары. Кен (руда) – техника мен экономиканың қазіргі деңгейінде пайдалы компоненттерді алу тиімді болатын минералды зат.

Кендегі пайдалы компоненттерді алу үшін оны ары қарай байытып өңдеу қажеттілігінің болуы, кенді басқа пайдалы қазбалардан, яғни өңдеусіз табиғи күйде пайдаланылатын пайдалы қазбалардан (көмір, торф, тасты тұз және т.б.) үлкен айырмашылығы.

Кенді металды: пайдалы компоненттерді металдардан тұрады, және пайдалы компонентте рді құрамында металлдар жоқ әртүрлі минералдардан (апатит, слюда, графит және т.б.) тұратын биметалды болып екіге бөлінеді.

Металл кендер қара, түсті, сирек кездесетін және радиактивті кендер болып бөлінеді.

Кен массасы – қазу кезінде кенге жыныстың араласқан қоспасы.

Морфологиялық белгілері бойынша кенорындар тақталы, тақттәріздес, діңгектәріздес, линзатәріздес, желі және ұя тәріздес болып бөлінеді. Басқа пішінді кен денелері де кездесуі мүмкін.

Тақталы кенорындар жанас жыныстармен түйісуі анық және (қуаты) қалыңдығы тұрақты болып келеді. Олар көбінесе шөгінді жыныстардан тұрады.

Тақтатәрізді кенорындар пішіні мен қуаты тұрақсыз құлау бұрыштарының әр түрлі болуымен сипатталады. Көбінесе шөгінді және шөгінділі – метамморфты болып келеді.

Линзатәріздес кенорындар линза пішінді болады және өлшемдері мен құлау бұрыштары әртүрлі келеді.

Желі кенорындары қарапайым және күрделі болуы мүмкін немесе жұқа желі қатарларынан және көптеген ұсақ желі қатпаршаларынан (прожилки) тұрады.

Штоктәріздес кенорны ол пішіндері әр алуан және өлшемдері өте үлкен кен денелерінен тұрады.

Ұяшық тәріздес кенорны өлшемдері өте ұсақ, пішіндері әр алуан (ұялар) кен денелерінен тұрады. Ұялардың саны көп болған жағдайда ғана мұндай кенорны өнеркәсіптік болып есептеледі.

Кен денелері қуатымен, құлау бұрышымен, созылым ұзындығымен, қазу тереңдігімен және ауданымен сипатталады.

Қуаты бойынша кен денелері 5 топқа бөлінеді: өте жұқа – 0,7 м дейін, жұқа 0,7-2,0 м, орташа қуатты – 2-5 м, қуатты –5-20 м, өте қуатты 20 м жоғары, құлау бұрышы, жазық (25º дейін), көлбеу (25-45º) және күртқұлама (45º-90º).

Кенорнының тік бағыттағы және жоғарғы және төменгі шекаралары арасындағы қашықтық кен денесінің созылу тереңдігі деп аталады.

Кенорнының пішінінен басқа, маңызды белгілерінің бірі ол, кеннің жанас жыныстармен түйісу сипаты. Бір жағдайларда түйісу сипаты анық білінеді: кен денесі жанас жыныстардан анық көрініп тұрады. Ал кей жағдайларда кеннен жанас жыныстарға ауысу біртіндеп өтеді де, өнеркәсіптік кендену шекарасын кендегі пайдалы қазбаның мөлшерін анықтау үшін сынама алумен ғана бекітеді.

Кен өнеркәсібінің ғылыми-техникалық даму проблемалары. Көптеген ірі мамандардың пікірлері бойынша кен өнеркәсібінің дамуы мына болжамдармен сипатталады.

1. минералдық шикізатты өндірудің және пайдаланудың артуы-әрбір 12-15 жылда минералдық шикізатты өндіру екі есе өседі.

2. Пайдалы компоненттерді кедей кен орындарын пайдалануға беру-өндіріс қалдықтарын қоймалау алаңдарының өсуінде алып келеді.

3. Кен орындарының қазу тереңдігінің өсуі-жерасты қазу процесстерінің шиеленісуіне және пайдалы қазындының жоғалымының өсуіне алып келеді.

4. Күрделі инженер-геологиялық жағдайдағы кен орындарын игеру-кен қазбаларында орын алатын күрделі процесстер мен жағдайларға байланысты, өйткені оның арты кәсіпорындардың технико-экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келеді.

3.3 Кенді алудың негізгі көрсеткіштері. Кенорнын қазу кезінде оның қорының бір бөлігі жоғалымға ұшырайды – жер қыртысында алынбай қалып қояды немесе жер бетіндегі үйіндіге бос жыныстармен бірге шығарылады. Барлық барланған қордың 2-3% жоғалымы кез-келген қазу тәсілінде болады. Қазу кезінде жоғалым 10-20% құрайды, кейде 50% және одан да жоғары мүмкін.

Сандық жоғалымнан басқа, кен қазу сапалық жоғалымда болады, яғни қзып алынған кенге жанас бос жыныстар немесе пайдалы компоненттер мөлшері төмен жыныстардың араласуынан кен сапасының төмендеуі. Пайдалы қазбаға (кенге) бос жыныстардың араласуы және осының нәтижесінде кеннің табиғи сапасының төмендеуін құнарсыздану деп атайды.

Сандық және сапалық жоғалымдар (құнарсыздану) кенорнын қазудың экономикалық көрсеткіштеріне кері әсер етеді.

Сандық жоғалымдар барлауға жұмсалатын шығынның өсуіне, күрделі қаржылар және даярлау, тазарта қазуға жұмсалатын шығындардың жоғарылауына, амортизация төлемдерінің өсуіне, сондай-ақ жоғалымға ұшыраған пайдалы қазба бөлігінің түсетін пайда мөлшерінің кемуіне әкеледі.

Бұл тікелей экономикалық шығындардан басқа, жоғалым кеніштің (шахтаның) қызмет мерзімін қысқартады және жаңа кеніштерді салуға немесе жаңа қабатты ашуға, даярлауға жұмсалатын қаржыларды доғаруға әкеледі.

Құнарсыздану кәсіпорындар мен мемлекетті сандық жоғалымнан кем емес экономикалық шығындарға ұшырататынын есте ұстау қажет. Бұл сапалық шығын кенге араласқан бос жыныстарды тасымалдау және оны байыту фабрикасында немесе металлургиялық зауытта өңдеу шығындарынан; құнарсызданған кенді өңдеу кезінде пайдалы компоненттердің жоғарлауының өсуіне; кенді өңдейтін кәсіпорынның соңғы өнімді шығару бойынша өндірістік қуатының төмендеуіне әкеледі.

Нәтижесінде, қазі кезіндегі сапалық жоғалымдар кәсіпорынға және халық шаруашылығының түсетін пайданың толық алынбауына, көбінесе үлкен көлемде алынбауына әкеледі.