Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІАП.3-.чек.листер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

Емтихан қабылдаушыға: критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз

Студенттің аты-жөні:___________________________________________курсы___________

Тобы_____________ күні ____________ Мамандығы________________________________

Құзіреттілік

Ішті қарау, іш қуысында сұйықтық бар-жоғын тексеру және беткей пальпация жүргізу.

Бағалау критерийі

Жоқ

Ия, бірақ әлі жетілдіру керек

Ия

0

1

2

Б.2.1

1.

Науқаспен амандасып, өзін таныстырды.

2

Науқасты шалқасынан жатқызды.

3

Аяқтарын тізесінде бүгіп жатуын сұрады.

4

Пациенттің жамбас деңгейінде орындықты қойып отырды.

Б.2 Дәрігер – клиницист Б.2.2 Науқастарды жүргізу

5

Ішке қарау жүргізді:ішке қарау бойынша пішінін, көлемін, тыныс алуға қатысуын,екі жағының симметриялығын, тері асты беткей тамырларын, көзге көрінер жарықтардың, ота жасау нәтижесіндегі тыртықтардың бар-жоғын қарады.

6

Ішектердің және асқазанның перистальтикасы бар- жоғын қарады.

7

Ішті қарау бойынша сипаттама берді.

8

Тері асты щел-май қабатын іштің алдыңғы іргесінен қолға ілінгенше ұстап анықтады.

9

Тері асты щел-май қабатын анықтау бойынша сипаттама берді

10

Іштің алдыңғы іргесінің ісінуі бар-жоғын теріні ғана екі саусақтың арасына алып,10 секундтай ұстап тұрып,жібергенде саусақтардың ізі қалған-қалмағанын тексерді.

11

Іштің алдыңғы іргесінің ісінуі бар-жоғын айтты.

12

Пациенттің екі бүйіріне екі қолын алақанын жазып қойып, бір қолынан екінші қолына толқынды қозғалыстар жасап,іш қуысында сұйықтық бар-жоғын тексерді.

13

Іш қуысындағы сұйықтықты анықтау бойынша сипаттама берді.

14

Іштің беткей пальпациясын сағат тілінің бағытымен немесе қарама-қарсы бағытта немесе салыстырмалы түрде жасауға болатынын айтып,беткей пальпация жүргізудің мақсаттарын атады.

15

Пациенттің ішіне оң қолының алақанын жазып, төрт саусағының ұштарын ғана бүгіп қойып, беткей пальпация жүргізуді бастады.

16

Өзі пациенттің бетіне қарап отырды.

17

Іштің тоғыз аймағын да пальпациялап, іштің ақ сызығы бойымен, кіндік маңайын,шап аймақтарын саусақтарының ұшымен жарық бар-жоғын тексеріп шықты.

18

Іштің беткей пальпациясы бойынша ауырсыну, бұлшық еттерінің кернеулігі және ыдырауы, жарықтар, түзілістер бар-жоғын сипаттады.

Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.

Ұпайдың максимум саны: 36 (100%), жинаған ұпай саны: _______ ( _____%).