- •1. Қазіргі иммунология және оның мақсаттары. Иммунологиялық жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері. Иммунды жауап туралы түсінік. Антигендер.
- •Гуморалды иммунитет жүйесі
- •Макрофагтардың иммунды жауаптағы орны
- •Клеткалық иммунитет жүйесі. Иммунологиялық төзімділік. Цитокиндер.
- •Цитокиндер.
- •Интерлейкин-2
- •Интерлейкин- 3
- •Интерлейкин-4
- •Интерлейкин-6
- •Интерлейкин-7
- •Интерлейкин-5
- •Интерлейкин-8
- •Интерлейкин-10
- •Интерлейкин-11
- •Интерлейкин-12
- •Ісікке қарсы иммунитет механизмі.
- •Сіктер иммунотерапиясы.
- •Трансплантация иммунологиясы Трансплантатты қабылдамау реакциясы
- •Трансплантат “иесіне қарсы” реакциясы
- •Жоғары сезімталдық реакциясы.
- •Тоиммунитет
- •Вакциналар және вакциналық алдын алу
- •Иммунограмма анализі
- •Клеткалық иммунитетті бағалау өдістері Сандық әдістер
- •Лимфоциттердін субпопуляциясының анализі
- •Диагностикалык маңызы:
- •Клеткалық иммунитеттің қызметін бағалау
- •Гуморалдық иммунитет қызметің бағалау
- •Арнайы антигендер (немесе антиденелер) аныктауға бағытталған
- •6. Өнделген антигендер нсмесе антиденелер колданатын иммунологиялық әдістер.
- •Фагоцитарлық жуйені функционалдык багалау
- •Иммунокоррекция Иммуномодуляторлар Иммуномодуляторларды клиникалық пайдалану
- •Иммуномодуляторлардың жіктелуі
Гуморалды иммунитет жүйесі
Иммунитеттің В-жүйесі
Соматологияның иммунологиялық проблемалары
1. В-жүйе иммунитетіне сүйек кемігі, пре-В-лимфоциттер, В-лимфоциттер және иммуноглобулиндер жатады. В-жүйенің негізгі қызметі – организмге түскен бактериялардан және токсиндерден қорғау. В-лимфоциттер сүйектің қызыл кемігінің бағаналық клеткасынан түзіледі. Сүйектің кемігінде В-лимфоциттердің антиген тәуелсіз жетілуі өтеді. Пісіп жетілудің ерте кезеңінде IgM, ал кештеу IgG, ал шығу күйінде IgД класының иммуноглобулиндері сыртында пайда болады. В-лимфоциттердің сүйек кемігінде өтетін дифференцировкасында, Жетілген иммунды емес В-лимфоциттерден перифериялық лимфоидтық ткандерде плазмоциттер түзіледі. Жетілген В-лимфоциттер иммун жауапқа қатысу үшін, арнайы клеткалық рецепторлар жиынына ие болады. IgД экспрессиясының алдында, аутореактивті клондардың селекциясы жүреді. IgМ антигентанушы рецепторы болады, бірақ IgД рецепторы жоқ жетілмеген В-клеткамен антигеннің байланысы апоптозды шақырады. Бұл механизм клонның делециясы деп аталады.
Барлық лейкоциттердің бетінде моноклоналды антидене көмегімен анықтайтын антигендер болады (СД). Сонымен лимфоциттердің негізгі антигендік маркерлары дифференциация кластері (СД) болып білінеді. В-лимфоциттер үшін СД5, СД19, СД20, СД21, СД40 рецепторлар маркеріне тән. СД19 молекуласы барлық В-клеткада экспрессерленеді Қазіргі кезде В-лимфоциттердің 2 субпопуляциясы анықталған: В-1 және В-2. В-1-ші лимфоциттерде, В-2-ші лимфоциттерде болмайтын СД5 мембранды маркер бар. Бұл маркер кейбір Т-лимфоциттерде де экспрессерленеді. В-1 лимфоциттер белгілі бір бағытқа бағытталған, бірақ мамандануы аса жоғары емес. Сонымен, В-1-ші лимфоциттер тез реакцияларға арналған бактерияларға қарсы шекаралық топ. В-1-ші лимфоциттермен түзілген антиденелер көбінесе IgM-ге жатады, ал В-2-ші лимфоциттермен түзілген иммуноглобулиндердің антигентанушы аймақтары әр түрлігімен сипатталады. В-лимфоцит антигенді өзіндік иммуноглобулинды рецепторлары көмегімен таниды. В клеткамен әсерлесу арқылы АГ процессингке ұшырайды. Клетка ішінде антиген + молекула МНСІІ комплексінің түзілуі жүреді. Бұл иммуногенді комплекс В-лимфоцитт3н бет3не шығып Т-хелперлермен танылады. Ары қарай Т-лимфоциттер, В-лимфоциттердің периферияда, лимфоидты тканінің фолликуласында пролиферациясы мен дифферецировкасын шақыратын сигнал береді. В-клеткалардың дифференцировкасында маңызды рольді Т-хелперлермен бөлінетін ИЛ6 цитокин атқарады.
Активтелген В-клеткалардың бетінде ИЛ6-ға арналған рецептор экспрессерленеді. ИЛ6-ң әсерімен В-лимфоциттердің плазматикалық клеткаға пісіп жетілуі, сонымен қатар В-клеткалардың пролиферациясы мен көбею процесі жүреді. В-клетканың бір бөлігі Т-хелпермен байланысқаннан кейін еске сақтаудың арнайы В-клетканың пұлын түзейді. В-лимфоциттердің Т-лимфоциттермен әсерлесуі процесіне беткей рецепторлар қатысады. В-клеткалардың бетінде СД40 антиген экспрессерленеді. Ал Т-клетканың бетінде, активациядан кейін СД40-қа контррецептор – СД40L. Олардың өзара әсерлесуі, В-клеткалық пролиферациясын және олардың, ИЛ4-пен индуцирленген дифференцировкасын стимулдейді.
Сау адамның қанында В-клеткалар 12-20% құрады. В-лимфоциттердің сыртындағы негізгі рецепторлары: антигентанушы иммуноглобулиндік рецепторлары, тышқан эритроциттеріне, комплементтің С3 компонентіне сай рецепторлар, Эпштейн-Барр вирусына арналған рецепторлар, В-митогендерге арналған рецепторлар, HLA комплексінің белогына арналған рецепторлар болады. В-лимфоциттердің санын бағалау әдістері, олармен розетка түзу тесттеріне негізделеді және В-лимфоциттерге тән СД-рецепторлар моноклоналды антидене көмегімен анықталады.
Алғашқы арнайы антиденені Беринг пен Китозато 1890ж. ашты. Антиденелер көбінесе гамма-глобулин фракциясында орналасады. Иммуноглобулин молекуласы 2 ауыр (Н) және 2 жеңіл тізбектен тұрады. Олар өзара дисульфидті байланыспен байланысқан. Жеңіл тізбектің – каппа және лямбда, 2 ауыр тізбектің – альфа, гамма, мю, эпсилон, дельта түрлері болады. Иммуноглобулиннің гетерогенділігі костантты бөлігімен байланысты. Олар иммуноглобулиндердің класстарын, түрін, қызметтерін анықтайды. Ig-н молекуласы ыдырағанда 3 фрагмент пайда болады: 2 Fab – фрагмент, бір Ғс-фрагмент түзіледі. Вариабельдік 2 Fab-фрагментпен байланысады. Fab-фрагменттің аяғында гипервариабельді бөліктер орналасады. Олар антигенді байланыстыратын активті орта түзеді. Ғс-фрагмент лейкоциттердің Ғс-рецепторымен байланысады.
IgM – пентамер, барлық Ig-нің ішінде 5-10% құрайды, ең төменгі дәрежелі арнайылығымен сипатталады. В-клетканың бетінде антигенмен байланысуға мүмкіндік береді. Олар бірінші иммунды жауап түзеді, ағзаның антибактериалды қорғанысына қатысады және кейбір аутоиммунды ауруларда комплементті белсендіреді. Қалыпты жағдайда адам сарысуында 1-2 г/л болады. комплементтің классикалық жолымен эффективті активатор болып табылады.
IgG-дің молекулалық массасы өте төмен, сарысулық иммуноглобюулиндердің негізгісі. Барлық иммуноглобулиннің ішінде 75-85% құрайды. IgG-дің белсенді орталықтары антигенге аса биік авидтілігімен сипатталады.Олар екіншілік антигендік стимуляциядан кейін түзіледі. Сондықтан олардың мөлшері бактериалды инфекцияда жоғарылайды; плацента арқылы өтеді және ісікке қарсы иммунитетке, трансплантатты қабылдамауына қатысады және макрофагтарды опсонирлеуге, аллергиялық реакцияда комплементті байланыстырады. Қалыпты жағдайда адам сарысуында 7-16,8 г/л болады.
IgА 10-15% құрайды, моно-ди-тример болады, 2 субкласстан тұрады. Қан сарысуында 2-3 г/л. IgА – негізгі секреторлы иммуноглобулин, жергілікті иммунитетте маңызды роль атқарады. Секретті димер немесе тример түрінде кездеседі. Ол кілегей қабықшаға вирустармен микробтардың енуінен қорғайды, токсиндерді бейтараптайды және тыныс алу жолдарының, асқазан-ішек жолдарының кілегей қабатының бетіне шығады, сілекейде, молозивада, сүтте көп мөлшерде болады. IgА комплементті байланыстырмайды.
IgД В-клетканың бетінде IgM-мен экспрессерленеді және жетілген В-клеткалардың негізгі мембраналық рецепторларының бірі болып табылады. Ол 0,3% құрайды, міндеті белгісіз.
IgЕ-цитофильды, 0,03% құрайды. Жедел типті аллергиялық реакцияға және антипаразитарлық иммунитетке қатысады.
Иммуноглобулиннің үш негізгі класы гельдегі радиалды иммунодиффузия әдісі арқылы анықталады.
2.Соматологияның иммунологиялық проблемалары
IgА төмендеуі созылмалы стоматологиялық қабыну процестердің негізінде жатады деп саналады. Ал секреторлы IgА эпителиалды клетка түзеді және ауыз қуысының кілегей қабатын микробтардың енуінен қорғайды. Мысалы, созылмалы гингивитте қызыл иектің сұйықтығында IgА мөлшерімен комплемент активтілігінің төмендеуі және секреторлы IgА-ның жоғарылауы табылған. SigА-ның көбеюі эпителиалды клеткалардың десквамациясымен және микробтармен адгезивтілік қасиетінің күшеюімен байланысты. Иммунитеттің төмендеуі мен зақымдануында, мысалы СПИД-те лейкоздарда, стрессте, диабетте пародонтит өте жиі пайда болады. Басқа зерттеулер арқылы пародонтитпен ауыратын адамдарда сілекейдегі секреторлы IgА-ның мөлшері төмен болып табылған. Сонымен, стоматологиялық процестердің созылмалы ағымы иммунитеттің нәтижелігінің жетіспеушілігін көрсетеді.
Ауыз қуысының арнайы емес қорғау факторларына лизоцим жатады. Лизоцим – муколитикалық фермент ацетилмурамидаза, барлық секреторлы, сұйықтықтарда, сілекейде табылады. Лизоцим микробтардың қабықшасына әсер етіп, олардың зақымдануына әкеледі және лейкоциттердің қызметін күшейтеді. Осы механизм арқылы кариестен алдын ала сақтандыру мүмкін.
Басқа бактерицидті факторлар – аэробтарға қарсы В-лизиндер.
Комплементтік жүйе – бұл иммундық реакцияға қатысатын көп компонентті ферменттік жүйе. Олардың әртүрлі ферменттік белсенділігі бар. Комплементтің қызметі: 1) бактерия қабырғаларының лизис белсенділігін шақырады; 2) фагоцитозды күшейту; 3) тромбоциттердің агрегациясын шақыру; 4) калликреин-кининдік жүйесін активтеу; 5) аллергиялық реакцияларға қатысу; 6) аутоиммунды процестерге қатысу; 7) ИКК қызметіне әсер ету.
Аралас сілекейде лейкоциттер, лимфоциттер байқалады. Поли және мононуклеарлы фагоциттер микробтарды жұтып фагоцитоз функциясын атқарады.
КОМПЛЕМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Комплементтік жүйе – бул иммундық реакцияға қатысатын коп компонентті ферменттік жүйе. Комплементті бірінші Борде ашты. Комплемент жүйесі қан сары суында болатын белоктар жиынтығы. . Олардың әртүрлі ферметтік белсендлігі бар. Бул белоктар біріншілік активациядан кейін бірімен -бірі тізбектесе байланысады да биологиялық активті әсері бар заттарды бөледі.
Комплемент жүйесі патогенезінде иммунды комплексті механизмдер бар патологиялық процестердің дамуында манызды роль аткарады. Аутоиммунды аурулардағы тканьдердің зақымдалуында да комплемент жүйесі қатысады.
Комплемент жүйесінің қызметі: 1) бактерия қабырғасының лизисін шақырады, 2) антиденелермен опсонизациялған клеткалардың фагоцитозің кұшейту, 3) тромциттердің агрегациясың шақыру, 4) калликреин-кининдық жүйесің активтеу, 5)аллергиялық реакцияларға қатысу, 6) аутоиммунды процестерге қатысу, 7) иммунокомпетентті клеткалардың қызметіңе әсер ету, 8) кейбір вирустарды нейтрализациялау, 9)иммунды комплексті аурулардың дамуына қатысу.
Комплемент жүйесі белсенділігінде классикалық және альтернативті жолдарға бөлінеді. Классикалық жол Са –ионның қатысуымен АГ/АД комплексімен активтенеді. С1 арқылы басталады. С1 молекуласы иммуноглобулиннің (көбіне IgM және IgG) домені аумағындағы Fc-фрагментімен байланысады. Бул кезде С1 молекуласың байланыстыратың IgG –дің екі молекуласы “критикалық” қашықта болуы керек. Сонда ғана С1 -молекуласы активтенеді. Бірақ, бул жағдай әрқашан болмайды және IgG комплемент жүйесінің эффективтілігі төмен активаторы болып саналады.Сондықтан барлық иммуноглобулиндер ішінде пентамерлі IgM ең күшті активаторы болып табылады.
Иммуноглобулиндердің Fc-фрагментімен С1g- байланысады, одан кейін С1s- фрагменті байланысады. Ол комплементтің С2 және С4 компоненттерің 2 фрагментке бөледі: С2а, С2в, С4а, С4в. С4в пен С2а комплекс түзіп С1-фрагментінен босайды. Қалғандары сұйық фазаға кетеді. Босалған С1 келесі С2 мен С4 молекулаларың ыдыратуға дайын болады. Арығарай тізбектік реакциясының схемасы: С4вС2а комплекс (С3-эстераза) С3-ке әсер етеді. С3 С3а мен С3в ға ыдырайды. С3а сұйық фазаға кетеді, ал С3в бірінші комплекске қосылып 2-ші комплексті түзеді - С4вС2аС3в. ол С5-эстераза деп аталады және С5-ке әсер етеді. С5 екі фрагментке ыдырайды: С5а мен С5в –ға. С5а сұйық фазаға кетеді, ал С5в арығарай өзіне С6, С7, С8, С9 қосып мемранолитикалық комплексті түзеді (МЛК).
Комплементтің альтернативті жолмен белсенділуы.
Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі С3-тін активациясынан басталады. Оны антиденелер емес микробтың қабығының компоненттері, пропердин жүйесі, активтейді. Процестің ары ғарай ағымы классикалық жолмен бірдей. Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі организмге түскен микроорганизмдерден жедел қорғану механизмің жүзеге асырады.
Комплемент жүйесінің зақымданулары рецидивті инфекцияларға және иммунды комплекстерге байланысты патологиялық жағдайларға әкелу мүмкін. Комплементтің 1-ден 4-дейін жетіспеушілігі иммунды комплексті аурулармен көрінеді, ал С3-тің жетіспеушілігі пиогенді инфекцияларға жоғары бейімділікпен ассоциациалған және жүйелі қызыл жегі симптомдармен көрінеді. С5-8 компоненттерінің жетіспеушілігі Neisseriaмен шақырылатың инфекцияларға жоғары бейімділікпен ассоциациалған.
Комплемент жүйесінің белсенділігі ингибирлеуші факторлардың бақылаумен жүреді. Ингибитолар: С1-ИНА, С3в-ИНА. С1-эстераза ингибиторының жетіспеушілігі анигионевротика -лық ісінуімен көрінеді. С3ИНА жетіспеушілігі кезінде С3 молекуласының ыдырауы жоғарлау нәтижесінде С3 өнімі де көбееді.С3а әсерінең мес клеткаларынан шыққан гистамин рецидивті есекжемге әкеледі.
Комплементтің жалпы белсенділігі қой эритроциттермен гемолитикалық жүйеде анықтайды.Бул әдістің негізінде сары судағы комплемент гемолитикалық сары сумен сенсибилизациялған қой эритроциттердің гемолизің шақырады. Комплемент компоненнтерің анықтау моноспецификалық антисары суды қолдануға негізделген.
