Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
rasp_immun.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
652.29 Кб
Скачать

Арнайы антигендер (немесе антиденелер) аныктауға бағытталған

реакциялар

1. Преципитация феноменіне негізделген реакциялар.

Преципитация және агглютинация - антигендердің физикалық қасиеттеріне негізделіп ажыратылатын, үқсас реакциялар. Бірінші жағдайда антигендер еріген түрде, ал екіншісінде - корпускулярлық түрде берілген. Екі реакцияның да негізінде "антиген - антидене" комплексін түзу феномені жатыр.

а). Ерітінділердегі преципитация - иммунологиялык диагностиканың аса қарапайым әдісі. Бұл әдіс антидене титрін анықтау үшін колданылады. Тұрақты дозадағы ерітілген антигендерді 1:2, 1:4, 1:8 жене т.б. күйде ерітіліп алынған зерттеуші сарысуға құяды. Преципитатты макроскопиялык немесе нефелометрия (ерітіндінің лайлануына карап) көмегімен бағалайды. Ерітендіде преципитацияның бір варианты болып саналады преципитация саналады; жіңішке пробиркадағы сарысуға антиген ерітіндісін құяды. Он нәтиже болса ерітінділердің шекарасында преципитация сақинасы түзіледі.

б). Гелдегі преципитация. Агарлы гелдін кеңістікті тор ұяшыктарының өлшемі (3-6 нм), ол арқылы белоктар өтіп, ал иммундык преципитаттар ұсталып қалады. Преципитацияны антиген және антидененің оптималды қатынасы болғанда байқайды.

Манчини әдіс). Бұл жағдайда антиденесі бар агарды Петри табақшасына немесе шыны пластинкаға салады. Сосын штамптын көмегімен ұяшықтар жасайды да, оған антигендерді салады. Диффузия нәтижесінде ұяшықтар айналасында преципитация сақиналары түзіледі. Сақинаның диаметрі антиген концентрациясына байланысты және ол реакциянын сандық көрсеткіші болып табылады.

Қосарлы екіөлшемді диффузия (Оухтерлони әдісі). Бүл жағдайда агар бетінін қарама қарсы жағында орналасқан үяшықтарға антигенді ж2не антисарысуды салады. Екі агенттер бір біріне қарай диффузияланып, олардын арасында преципитация сызығы түзіледі.

Иммуноэлектрофорез. Бүл әдіс антигендері (немесе антиденелер) коспасы бар препаратгарды зерттеу үшін өте тиімді әдіс. Зерттеуші қоспаны стартты үяшыкка салады да, оны электрофорез көмегімен бөледі. Зерттеуші сарысу қүрамының электрофорездік белсенділігіне байланысты, үяшықтың екі жағына қарай антигендердің кешу (миграциялану) сызығы түзіледі. Сосын көшу сызығына параллель агарда арык (канавка) жасайды да, оған антисарысу қүяды. Біраз уакьіттан соң орналасуы антигеннін орналасуына байланысты преципитация сызықтары түзіледі. Бұл әдіс әр түрлі дисперсті белоктары бар препараттар коспасының сапалық және жартылай сандык анализін жүргізу

үшін колданылады. Сонымен катар антигендерді және антисарысуларды тазалауды жөне препараттарды диагностикалык зерттеуді бақылауда қолданылады. Бұл әдістің біркатар модификациясы бар (радиоиммуноэлектрофорез, Rocket-иммунофорез, киылыскан

иммуноэлектрофорез).

2. Агглютинация феноменіне негізделген реакциялар. Преципитация реакциясынан айырмашылығы агглютинацияда антиген не

корпускулярлық формада (қан тобын аныктағандагы тікелей агглютинация реакциясы, бактериялар агглютинациясы жэне т.б.), не тасмалдаушы бөлшектеріне байланыскан (мысалы, ревматоидтык артрит диагностикасындағы латекс-агглютинация). Агглютинация нәтижесі макроскопиялық бағаланады. Преципитация реакциясындағыдай антисарысу титрін де анықтауға болады.

3. Антиглобулиндік сынак (Кумбс реакциясы). Агглютинацияланбайтын "толық емес" антиденелерді аныктау үшін кажет.

Бұл әдіс иммундык гемолизбен байланысты кан ауруларынын диагностикасында қолданылады. Бұл жағдайда иммуноглобулиндердің белгілі бір класына антиглобулиндік сарысу немесе моноклоналдык антиденелер қолданылады. Сынақтың тікелей варианты эритроциттермен байланыскан "толық емес" антиденелерді табуға арналған. Тікелей емес вариантында қанда айналушы бос антиденелер анықталады. Бүл жағдайда зерттелуші сарысуды алдын ала эритроциттермеп инкубаниялайды, сосын тікелей сынақ қойылады.

  1. Антиглобулинді қабылдау сынағы (Штеффен әдісі). Осы әдіс көмегімен тін клеткларына, клеткалар ядроларына немесе ерімейтін тін элементтері антигендеріне антиденелер аныкталады. Сынактың тікелей емес түрінде антигендер (гомогенделген немесе леофилденген тіндер) зерттеуші сарысумен инкубацияланады, сосын бос антиденелерден тазарту үшін жуады. Ары қарай бұл гомогенатқа белгілі титрмен ангиглобулиндік сарысу қосады Нәтижесінде антиглобулиндерді тіндерге адсорбцияланған антиденелердің қабылдауы болады. Осыған байланысты антиглобулиндік сарысу титрі төмендейді. Күл әдіс ревматоидтык. артритте аутоантиденелер анықтау үшін, жүйелі қызыл жегі кезінде ДНК-ға антиденені, қаннын формалык элементтеріне антиденені аныктау үшін қолданылады.

5. Комплементті байланыстырушы реакция (РСК). Реакцияны 2 этапта жүзеге асырады. Бірінші, кезенде зерттелуші сарысуды

және белгілі антигенді комплементпен инкубациялайды. Екінші кезенде зерттетуші сарысу, белгілі антиген және комплементі бар түтікшеге эритроциттерден және оған антиденелерден тұратын (гемолитикалык жүйе) индикаторлык жүйе қүяды. Гемолитикалик жүйені лабораториялык жануарларды эритроциттермен иммунизациялау жолымен алады. Иммунизацияланған жануарлардың сарысуын эритроциттерге қоспас бүрын, эритроциттердің гемолизі болмау үшін оны 56оС бумен кыздыру жолымен декомплементтейді. Егер де реакцияның бірінші кезеңі "антиген-антидене" комплексі түзілумен аяқталса, онда комплемент байланысуы болады, осы кезде индикаторлык жүйеде гемолиз болмайды. Егер комплекс түзілмесе, онда комплемент бос күйде қалып, индикторлык гемолитикалык жүйенін активациясьна косылып, гемолизге экеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]