- •1. Қазіргі иммунология және оның мақсаттары. Иммунологиялық жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері. Иммунды жауап туралы түсінік. Антигендер.
- •Гуморалды иммунитет жүйесі
- •Макрофагтардың иммунды жауаптағы орны
- •Клеткалық иммунитет жүйесі. Иммунологиялық төзімділік. Цитокиндер.
- •Цитокиндер.
- •Интерлейкин-2
- •Интерлейкин- 3
- •Интерлейкин-4
- •Интерлейкин-5
- •Интерлейкин-6
- •Интерлейкин-7
- •Интерлейкин-8
- •Интерлейкин-10
- •Интерлейкин-11
- •Интерлейкин-12
- •Ісікке қарсы иммунитет механизмі.
- •Сіктер иммунотерапиясы.
- •Трансплантация иммунологиясы Трансплантатты қабылдамау реакциясы
- •Трансплантат “иесіне қарсы” реакциясы
- •Жоғары сезімталдық реакциясы.
- •Тоиммунитет
- •Вакциналар және вакциналық алдын алу
- •Иммунограмма анализі
- •Клеткалық иммунитетті бағалау өдістері Сандық әдістер
- •Лимфоциттердін субпопуляциясының анализі
- •Диагностикалык маңызы:
- •Клеткалық иммунитеттің қызметін бағалау
- •Гуморалдық иммунитет қызметің бағалау
- •Арнайы антигендер (немесе антиденелер) аныктауға бағытталған
- •6. Өнделген антигендер нсмесе антиденелер колданатын иммунологиялық әдістер.
- •Фагоцитарлық жуйені функционалдык багалау
- •Иммунокоррекция Иммуномодуляторлар Иммуномодуляторларды клиникалық пайдалану
- •Иммуномодуляторлардың жіктелуі
Лимфоциттердін субпопуляциясының анализі
СД-8 клеткалар субпопуляциясының құрамы біркелкі емес: бұл супрессорлар ғана емес, сонымен бірге цитотоксикалық клеткалар.
СД-4 клеткалардың субпопуляциялары: СД4Тн0 - Т-лимфоциттердін ізашарларынан СД4Тн1 және СД4Тн2 дифференцияцияланады. СД4Тн1 - қабыну клеткалары ретінде саналады. Олар цитокиндер бөліп, баяу сезімталдық реакциясын шақырады. СД4Тн2 клеткалара – Т-хелперлер ретінде В-лимфоциттерге екінші сигналды беріп, гуморальды иммунитеттің дамуын шақырады.
Бірақ, осыған карамастан, СД-4 және СД-8 клеткаларды шамалап бағалаудың өзі клиникалық тәжірибеде маңызы бар. Тәжірибиеде СД4 және СД8 (Т-4/Т-8) қатынасының көрсеткіші біршама бағалы болып шықты.
Диагностикалык маңызы:
СД-4/СД-8 қатынасының 1-ге дейін және одан да аз төмендеуі, науқасты АИВ (ВИЧ) инфекцияға тексерудің тікелей көрсеткіші болып табылады.
СД/СД8 индексінің, СД8 төмендеуі сесебінен жоғарылауы, кейбір клиникалық сау адамда да, әр түрлі қабыну ауруларын жедел фазасында және аутоиммундық ауруларда кездеседі.
Қабыну процесінде СД4/СД8 қатынасының динамикалық өзгерісі манызды. Процестің дамуының басында СД4 жоғары, ал СД8 мөлшері төмен болады. Ал қабыну процессінің екінші жартысында, аяқталуына жақындағанда, СД4 санының салыстырмалы жоғарылаумен бірге СД8 санынын көтерілуі байқалады. Клиникалық белгілерінің қайтуына қарай СД4/СД8 қатынасының төмендеуі байқалады. Керсінше өзгерістер аутоиммундық аурулар кезінде кездеседі.
Иммунодиагностиканың келесі сатысы клеткалардың функционалдық белсендлігін зерттеу болып табылады.
Клеткалық иммунитеттің қызметін бағалау
Лимфоциттердің функционалдық белсендігі in vitro және in vivo арқылы анықталады.
In vivo әдісіне тері сынақтары жатады. Бұл әдіс иммунокомпетентті клеткалардың өзара әсерлесуінің соңғы нәтижесін сипаттайды. Соған байланысты ол, ақаудың деңгейін жеке жіктеуді қажет етпейтің иммунжетіспеушілік күйлерді диагностикасына өте ыңғайлы. Тері сынағын қою үшін антиген ретінде, сенсибилизациясы алдын ала белгілі антигендер (тазартылған туберкулин, трихофитии, кандидин, стрептококктык антиген, дифтериялык антиген және т.б) колданады.
Сенсибилизациясы алдын ала белгілі антигендер қолданып сынақ жүргізгенде, оларды тері ішіне еңгізіп, нәтижесін 48 сағаттан кейін жергілікті кызарып ісінудің (папула) өлшемі арқылы бағалайды (баяу дамитын аса сезімталдык). ДНХБ-мен сынак жүргізгенде, ДНХБ ерітіндісін білек терісіне жағады. 14 күннен кейін терінің басқа жеріне ДНХБ-ды қайталап апликациялайды, ол эритема және инфильтрация түрінде баяу дамитын аса сезімталдық реакциясын шақыру қажет. Нәтижесі 48 күннен кейін бағаланады.
Лимфоииттердің бласты трансформаииялану реакииясы in vitro жүргізілетін әдістердің кең таралған түрі. Бласттық трансформация реакциясында лимфоциттердің стимуляциясы - антигендік стимуляция кезінде кіші лимфоциттердің пролиферация мен дифференцировкаға кабілеті бар бласттық клеткаларға айналу қасиетіне негізделген. Реакциянын диагностикалық бағыты колданылатын стимуляторлармен анықталады.
Стимуляторлардың 3 тобы қолданылады:
1. Аллогенді лимфоциттер, яғни басқа адамдардың лимфоциттері. Бұл реакция негізінен трансплантациялауда донорлар таңдағанда және трансплантаттың тұрақтамау реакциясының активтілігін болжауда қолданылады.
2. Сенсибилизацияны анықтауға кажет антигендер. Бұл реакция инфекциялық және аллергиялық аурулар тәжірибиесінде, коздырғышты немесе аллергенді анықтау мақсатымен қолданылады.
3. Өсімдіктерден алынған, лимфоциттердің поликлоналдык стимуляциясын шақырушы, арнайы емес митогендер: фитогемаглютинин -(ФГА), лаканос митогені – (МЛ), конканавалин А – (Con А). Бұл реакция тікелей Т- лимфоциттердің функциясының белсенділігін бағалайды. Лимфоциттер тұнбасына арнайы емес стимулятор қосқан соң түзілген бласттар санын санайды. Бласттарды жағындыда микроскоп астында морфологиялык әдіспен санайды, немесе радиометриялық өлшенеді. Реакцияны бағалаудың радиометриялық әдісінде стимуляцияланған лимфоциттер дакылына ДНК синтезіне қажетті белгіленген (меченный) изотоп - Н1-тимидин косады, сосын клеткалармен қаблдаңдаған изотоп мөлшері өлшенеді, сонымен бірге митоген қосылмаған параллель дақылдағы радиоактивтілікті анықтайды. Стимулятор қосылмаған дақылдардың Н3- тимидинді қабылдау биіктігі, стимуляцияланған дақылдардың қабылдау биіктігіне қатынасы бластты трансформация белсенділігін көрсетеді. Қалыпты жағдайда стимуляция индексі 10-20 құрайды.
Лимфоциттердің белсенділігін бағалайтын басқа әдістердің барлығы стимуляцияланған лимфоциттердің әртүрлі лимфокиндер бөлуіне негізделген.
Лейкоциттердін (нейтрофилдердің) миграциясының тежелу реакциясы (PTMЛ). Реакцияның негізінде сенсибилизацияланған лимфоциттердің антигенмен кездескен жағдайда лейкоциттердің (макрофагтардын) миграциясын ингибирлеуші фактор бөлу қасиеті жатыр. Антиген ретінде жоғарыда аталған антиген топтарын қолдануға болалы. Бұл реакциялардын бірнеше модификациясы бар. Біршама таралған әдісін үсынамыз (капиллярлы). Науқастың қаны бар бір жағы ашық екінші жағы тұйық бақылау капиллярды қоректік ортаға салады. Капиллярдың ашық жағынан лейкоцитгердің миграциясы болады. Дәл осы каны бар зерттеуші (тәжірибе) капиллярға стимулятор күйылады. Лимфоциттердің белсенділіп бакылаудағы және тәжірибедегі миграция зонасының радиусының (немесе ауданының) айырмашылығына қарап бағаланады. Қалыпты қатынасы 0,6 - 0,87 тең (миграция индексі).
Макрофагтардын жайылмалануынын тежелу реакциясы (РТРМ).
Лимфокиндерге байланысты мононуклеарлық фагоциттердің өзгеруіне негізделген реакция. Моноциттер және макрофагтар шыны бетінде жайылмалану қабілетіне ие. Моноциттерді сенсибилизацияланған лимфоцитгермен дақылдандырғанда бүл кабілеті біршама төмендейді. Бұл реакция 2 вариантта қойылады. Тікелей тестте моноциттерді сенсибилизацияланған лимфоциттермен инкубациялайдьі, тікелей емес тестте моноциттер кұрамында лимфокині бар клеткасыз түнба үстілік фракцямен әсерлеседі.
Макрофагтар адгезиясының тежелу реакииясы (МАТР). Бұл реакция сенсибилизацияланған донорлардың мононуклеарлы фагоциттерінін арнайы антигендер қатысуымен шыны пластинкаларға адгезиясын токтатуға негізделген.
