
- •1. Қазіргі иммунология және оның мақсаттары. Иммунологиялық жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері. Иммунды жауап туралы түсінік. Антигендер.
- •Гуморалды иммунитет жүйесі
- •Макрофагтардың иммунды жауаптағы орны
- •Клеткалық иммунитет жүйесі. Иммунологиялық төзімділік. Цитокиндер.
- •Цитокиндер.
- •Интерлейкин-2
- •Интерлейкин- 3
- •Интерлейкин-4
- •Интерлейкин-5
- •Интерлейкин-6
- •Интерлейкин-7
- •Интерлейкин-8
- •Интерлейкин-10
- •Интерлейкин-11
- •Интерлейкин-12
- •Ісікке қарсы иммунитет механизмі.
- •Сіктер иммунотерапиясы.
- •Трансплантация иммунологиясы Трансплантатты қабылдамау реакциясы
- •Трансплантат “иесіне қарсы” реакциясы
- •Жоғары сезімталдық реакциясы.
- •Тоиммунитет
- •Вакциналар және вакциналық алдын алу
- •Иммунограмма анализі
- •Клеткалық иммунитетті бағалау өдістері Сандық әдістер
- •Лимфоциттердін субпопуляциясының анализі
- •Диагностикалык маңызы:
- •Клеткалық иммунитеттің қызметін бағалау
- •Гуморалдық иммунитет қызметің бағалау
- •Арнайы антигендер (немесе антиденелер) аныктауға бағытталған
- •6. Өнделген антигендер нсмесе антиденелер колданатын иммунологиялық әдістер.
- •Фагоцитарлық жуйені функционалдык багалау
- •Иммунокоррекция Иммуномодуляторлар Иммуномодуляторларды клиникалық пайдалану
- •Иммуномодуляторлардың жіктелуі
1. Қазіргі иммунология және оның мақсаттары. Иммунологиялық жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері. Иммунды жауап туралы түсінік. Антигендер.
Иммунология – иммун жүйесінің, оның генетикалық, молекулалық және клеткалық механизмдерін зерттейтін ғылым.
азіргі уақытта иммунология негіздерін білу барлық саладағы медик-студенттерді дайындаудағы керекті құрам бөлігі болып табылады.
Иммунологияның мақсаты – студенттерді патогенезінде иммунды патологиялы механизмдер жататын бірқатар ауруларды бағалау және емдеу білімдерімен қамтамасыз ету.
Қазіргі иммунология - өзіндік инститтутары, журналдары, ұлттық және халықаралық қоғамдары бар тәуелсіз медико-биологиялық пән ретінде саналады. Жаңа ғылыми жаңалықтардың, фактілердің жиналуы және практикаға тез жетуі – иммунологияның ерекшеліктері болып есептеледі. Және қазіргі кезде иммунология клиникалық медицинадағы көптеген сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін ғылымдар қатарына шықты. Қазіргі иммунологияның жетістіктері – жаңа, тиімділігі жоғары диагностикалық және емдік препараттардың алынуымен, жұқпалы аурулардың төмендеуімен, көптеген ауруларды (қатерлі ісіктер, аутоиммунды, аллергиялық және созылмалы жұқпалы аурулар) емдеу кезінде иммунокоррекциялық терапияны қолдануымен, біріншілік және екіншілік иммун жетіспеушілік жағдайлардың патогенезі мен емін зерттеумен байланысты.
Иммунология 19 ғасырда дами бастады. Оның атасы – Луи Пастер. Луи Пастер вируленттігі әлсіреген микробтан вакцина жасау принциптерін ашты. Л.Пастер – құтыруға, түйнемеге, тауық тырысқаққа қарсы вакцинаны шығарушы болады. Иммунизациядан кейін пайда болатын заттар антиденелер деп аталған. Гуморалды иммунитетті зерттеуде Беринг мен Китазато үлкен үлес қосқан. 1890ж. Беринг пен Китазато құл мен сіреспеге қарсы, токсиндерді бейтараптайтын, анатоксин алды.
1901ж. К.Ландштейнер адамда қан топтарын ашып, изоантигендер туралы білім дами бастады. 1940ж. резус факторын ашты.
20 ғасырдың 40 жылдарында көптеген инфекцияларға қарсы әртүрлі вакциналар шығарылады.
Иммунология дамуының жаңа кезеңі австриялық ғалымы Ф.М.Бернеттің атымен байланысты. Ол иммунитеттің клон-сұрыптау теориясын ашты. Бернеттің болжамы бойынша П.Медавар 1953ж. эксперимент нәтижесінде иммунологиялық төзімділікті ашты. Бұл жұмыстары үшін осы екі ғалымға Нобель сыйлығы берілген. Медавар трансплантация заңдарын жаңадан ашты.
20 ғасырдың екінші жартысында Портер мен Эдельман антиденелердің химиялық құрылысын ашты. Гибридомдар мен моноклоналды антиденелер алу әдісін Келлер мен Мильштейн ашты. Биотехнология дами бастады.
Иммунитет теориялары.
19 ғасырда П.Эрлихтің гуморалды иммунитет теориясы шығады. Эрлихтің пікірі бойынша антиденелер клеткалардың жақты тізбектері болады. Жақты тізбектер теориясы кәзіргі кездегі клеткалық рецепторлар туралы мәліметтер арқылы анықталды. Микробқа қарсы пайда болған заттарды антидене деп атады. Сонымен қатар, иммунитеттің фагоцитарлық теориясын феноменіне сүйене отырып И.Мечников иммунитеттің фагоцитарлық теориясын шығарады.
Бернеттің клон-сұрыптау теориясы – мағынасы: әр антигенге белгілі лимфоцит бар. Антиген өзіне сәйкес рецепторы бар лимфрцитті стимулдейді. Нәтижесінде осы антигенге арнайы лимфоциттер клоны пайда болады. Лимфоидті клеткалардың популяциясы өте көлемді, гетерогенді, антигендік детерминанттардың көп санды түрлерінен асып түсіп, басып кетеді. Бірақ, шындығында бұл процесс күрделенген, өйткені белгілі рецепторлары бар лимфоциттердің пайда болуы өмір бойы жүреді.
1974ж. Ерненің иммунологиялық теориясы – идиотип-антиидиотип қарым-қатынас теориясы. Әрбір иммуноглобулинде 2 негізгі бөлімшесі болады. Олардың ішінде: біріншілері - әдеттегі антигендердің антигендік детерминанттарымен байланысады, екіншілері – басқа Иг-ң молекуласы сыртында орналасқан, антигендік детерминанттармен ұқсас, идиотипикалық детерминанттармен өзара әрекет жасайды. Мұндай детерминаттар идиотип деп аталады.
Сонымен, иммунитет – организмнің генетикалық бөгде информациясын тасымалдаушылардан қорғану әдісі, ішкі гомеостазды сақтау үшін бағытталған.
Иммунды жауап дегеніміз антигенді байланыстырып, инактивациялап, ыдыратып және организмнен шығаруға бағытталған иммун жүйесінің арнайы комплексті реакциясы. Иммунды жауап бір-бірін толықтыратын клеткалық және гуморалды иммунитет реакциялармен жүзеге асады.
ИММУН ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ:
Жұқпаларға қарсы қорғаныс.
Ісікке қарсы иммунитетке қатысу.
Трансплантациялық иммунитетке қатысу.
Аллергиялық реакцияларға қатысу.
Аутоиммунды патологияның даму механизмдеріне қатысу.
Ана мен бала организмдері өзара қатынасына қатысу.
Қабыну процессіне қатысу.
Қан ұю механизмдеріне қатысу.
Организмнің иммун жүйесі біртұтас морфофункционалды жүйе.
Иммун жүйесінің жалпы салмағының мөлшері – 1,5-2 кг. тартады, ал лимфоциттердің жалпы саны 1013-і дәрежесінде болады. Лимфоциттер лимфатикалық тамырлар мен қан тамырлар арқылы лимфоидты мүшелер мен лимфоидты емес тіндердің арасында интенсивті түрде рециркуляциялайды. Бұл лимфоциттердің миграциясы керісінше де жүреді. Миграция механизмі лимфоциттердің бетіндегі белгілі молекулалардың қан тамырының эндотелийінің мембранасындағы белгілі бір молекулалармен әсерлесуден тұрады (адгезиндер, интегриндер). Лимфоциттердің миграциясы организмнің жүйелі физиологиялық мақсаттарына байланысты.
Иммун жүйесінің құрылысы. Иммун жүйесін зерттегенде мүшелік, клеткалық және молекулалық деңгейлер ажыратылады. Мүшелік деңгейге орталық және шеткі мүшелер жатады. Орталық мүшелерге сүйек кемігі мен тимус жатады. Сүйек кемігінде қан клеткаларының жалпы із ашары болып көп қабілетті бағана клеткалары түзіледі. Сүйек кемігінен Т-лимфоциттердің із ашарлары тимусқа миграцияланады. Онда олардың дифференцировкасы жалғасады. Ал В-лимфоциттердің дифференцировкасы сүйек кемігінде өтеді. Түзілген лимфоциттердің клондарының әрқайсысы бір ғана антигендік детерминанттарға арналған. Бұл процесс антигендердің қатысуынсыз өтеді. Сонымен, иммунитеттің орталық мүшелерінде антиген тәуелсіз дифференцировка нәтижесінде лимфоциттердің клондары түзіледі – жетілген иммунды емес лимфоциттер.
Орталық мүшелерден жетілген иммунды емес лимфоциттер қан ағысымен шеткері мүшелерге барады. Шеткері мүшелерге көк бауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамшалар, бауырдың ерекше лимфоциттері, терінің лимфоидты жүйесі және басқа лимфоидты түзілістер жатады. Олардың тимус тәуелді (Т-лимфоциттер) және тимус тәуелсіз (В-лимфоциттер), аймақтарына сәйкес лимфоциттер келіп орналасады. Шеткері мүшелерде лимфоцит антигендермен кездесу нәтижесінде толық жетілген иммунды лимфоциттердің клондары түзіледі. Сондықтан, бұл процессті антиген тәуелді дифференцировка немесе иммуногенез деп атайды. Иммуногенездің басында перифериялық лимфоидты мүшелерде антиген тануға қабілеті бар лимфоциттер клондарының пролиферациясы қажетті болып табылады. Шеткері мүшелерде Т-, В-лимфоциттердің және антигентаныстырушы клеткалардың кооперациясы жүреді, нәтижесінде иммунды жауап пайда болады.
Иммун жүйесінің клеткалық деңгейіне клеткалар жатады: тегінде иммуноциттер (Т, В, НК), лимфоциттермен бірлесіп істейтін дендритті клеткалар, макрофагтар, эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер.
Молекулалық деңгейге антиденелер, антигендер, лимфокиндер, МНС белоктары, лимфоциттердің беткей маркерлары, лимфоциттердің антиген танушы рецепторлары жатады.
Иммун жүйесінің тағы да бүкіл организмнің және популяциялық деңгейлер ажыратылады. Бүкіл организмнің деңгейінде иммунды жүйе және эндокриндік жүйелердің қарым-қатынасы арқылы организмде біртұтас реттегіш жүйенің бар екендігі дәлелденеді. Иммунологияда жаға бағыт – нейроиммуноэндокринология пайда болады.
Иммун жүйесінің популяциялық деңгейі. Әртүрлі аймақтарда өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар. Олар экологиялық және басқа әсермен байланысты.
АНТИГЕНДЕР.
Антигендер дегеніміз – иммунды жауапты шақыратын генетикалық бөгде зат. Антигендер 4 негізгі қасиетпен сипатталады.
Бөгделік – генетикалық өзгешілік көрсететін ұғым.
Антигендік – заттың иммун жауапты қоздыру мөлшерін көрсететін ұғым.
Иммуногендік – иммунитет тудыру қабілеті.
Ерекшелік- арнайылық – АГ-дің бір-бірінен ерекшеленіп ажырайтын қасиет.
АГ-детерминанты деп иммуногендік әсері бар АГ-нің активті бөлігі аталады. Эпитоп – АГ-танушы рецепторларымен әсер ететін АГ-нің бөлшегі. Антигеннін эпитопы мен антидененің активті ортасының өзара әсерлесүі арнайы иммунологиялық реакциясынынң негініде жатады№ HLA-молекуламен танушы АГ-нің бөлшегі – агретоп деп аталады. Т- және В-эпитоптар ажыратылады. Гаптен – төмен молекулалық құрылым, өздігінен иммун жауапты шақыруға шамасы жоқ, бірақ антигенмен арнайы әрекетке түсе алатын заттар. Әртүрлі бүлдіргіш факторлар мен инфекциялық агенттердің әсерінен организмнің өз клеткалары антигенге айналуы мүмкін. Микро- және макроорганизмнің ортақ антигендік детерминанттары бар антигендер айқас әсері бар антигендер деп аталады. Түрлік антигендер – организмнің бір ғана түріне сәйкес. Антигендер иммунды жауапты Т-хелпердің көмегімен ғана шақыратын тимус тәуелді деп аталады. Ал, антигендер иммунды жауапты Т-лимфоциттердің қатысуынсыз шақыратын, Т-тәуелсіз деп аталады. Бұл антигендерге бактериалды ЛПС, пневмококктың полисахаридтері. Vi-антиген, ПВП (поливинилпиролидон) жатады. Түрлік антигендер - организмнің бір ғана түріне сәйкес. Гетероантигендер - әртүрге жататын организмдегі ортақ антигендер.