Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Орг произ дайын.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.94 Mб
Скачать

1. Өнім сапасын басқару

2. Өнім сапасын техникалық бақылау

1. Өнімнің сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені жан-жақты қарастырған жөн. Ол үшін шикізат, материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талаптар өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын басқару үшін "Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін" дайындауы қажет. Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану мен тұтынудың барлық кезендерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық шараларды қамти отырып біркелкі әдістемелік талап қоюды қарастырады.

Өнім сапасын басқару өнімнің өміршеңдігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау, өнімді өндіру және т.б.) жүргізіледі.

Өнімді болжау және дайындау сатысында модельдердің жаңа үлгілерін жасау, өнімнің техникалық деңгейін бағалау жұмыстары атқарылады. Өнімнің техникалық деңгейін бағалау үшін оның әлемдік деңгейге сай келетіндігін белгілі бір көрсеткіштермен салыстыруды талап етеді.

Өнімді өндірісте игеру және өнімді дайындау кезеңіне байланысты әлемдік деңгейге сай келетін көрсеткіштердің екі категориясы анықталынады: өндірілетін өнімді дайындау немесе оның техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын қазіргі әлемдік деңгейі, өнім өндіру немесе перспективаға жоспарлаудың техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын перспективалық әлемдік деңгей.

Ал, өнімді өндіру үшін өндірісті дайындау және өнімді өндіру сатысында өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде өнім сапасының жоғары деңгейіне жету үшін бағытталған шараларды жүзеге асыру, оларды бағалау мен бақылау құралдарын енгізу сияқты көптеген жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Өнімнің айналымы мен өткізу сатысында дайын өнімнің сапасын тасымалдау, сақтау, сату кезінде стандарттар мен техникалық шарттарға сай болуын барынша сақтап қалу қамтамасыз етілуі қажет. Өнімді сату мен тұтыну кезінде рекламация мен ақауларды талдап, есепке алып өнімге тұтынушылық сұранысты зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуі қажет.

Өндірістік кәсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде өнім сапасын басқару шаралары жүзеге асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында өнім са­пасын басқару, бақылау жүйесін дамыту жэне оған байланысты жүмыстарды реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады.

Сонымен қатар өнім сапасын бақылау үшін бірыңғай өнім са­пасын басқару жүйесі қолданылуы тиіс.

Бұл жұйенің негізгі мақсатына халықты тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуде өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорын өндіретін барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалану қажет болады.

Сонымен қатар аталган мақсатқа жету үшін жаңа өнім түрлерін жасау және оны игеру, жоғары сапалы өнімді өндіруді арттыру, сапасы төмен ескірген өнім түрлерін өндірістен алып тастау, өнімді» тұтынушыға жеткізу және қолдану барысында сапаны жоғалтпау жұмыстары жүргізілуі қажет.

Өнім сапасын басқару жүйесін тиімді жүзеге асырудың негізгі шарттарының біріне оны техникалық бақылауды ұтымды ұйымдастыру жатады.

Техникалық бақылау жүйесі (бақылау объектісі, бақылау операциялары және оның тізбектілігі, техникалық жабдықтау, жұмыс істеу режимдері, әдістер, бақылау операцияларын механикаландыру және автоматтандыру құралдары) өндірістік үрдістің бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып саналады да, өндірістің технологиясымен бірге техникалық бақылау бөлімінің қатысуымен немесе олардың келісімімен дайындалады. Міндетті түрде бекітілетін технологиялық үрдістер құрамына тіркеледі.

Бақылау операцияларын орындаушыларға жұмысшылар, бригадирлер, өндірістік бөлімдердің шеберлері (мастерлер) жатады. Алдын ала белгіленген сапамен өнім өндіруді қамтамасыз ететін арнаулы қызмет атқарушы бөлім жұмыс істейді.

2. Өнім сапасын техникалық бақылау келесі бағыттар бойынша топталады.

Өндірістік үрдіске қатысты бақылау кіруші, операциялық, шығушы болып үш топқа бөлінеді. Кіруші бақылау дегеніміз кәсіпорынға келіп түсетін материалдық-техникалық жабдықтау элементтері мен сыртқы серіктестік байланыстарды бақылау жұмыстарын жатқызатын болса, операциялық бақылауға өнімді өндіру және құрастырудың барлық сатыларын бақылау жатады, шығушы бақылауға дайын өнімді, жиынтық бірлікті, аяқталған дайын бөліктерді бақылау жатады.

Атқаратын міндетіне қарай бақылау ағындық, қабылдау, инспекциялық болып тағы үш топқа бөлінеді. Ағындық (ескерту) бақылауға өндірістегі ақауды болдырмау мақсатында болатын бақылау түрін айтады; қабылдауды бақылау іске жарайтын еңбек заттарын қабылдау және олардың ақауларын анықтау үшін жүргізілетін бақылау жатады; инспекциялық бақылау өнім са-пасын бақылаушылардың жұмыс сапасын бағалаумен айналысатын қызметкердің жұмысын айтады (мысалы, бақылаушылардың жұмысын бағалаушы қызметкер, өзін-өзі бақылаушы, технологиялық тәртіпті қадағалаушы және тағы басқалар болып бөлінеді).

Объектіні қамту дәрежесіне байланысты бақылау жалпы — дайындалатын өнім немесе объектілердің бәрін тексеру; таңдамалы — дайындалатын өнімнің немесе объектінің бір бөлігін тексеру болып екіге бөлінеді.

Бақылау операцияларын жүргізу орнына байланысты стационарлық және жылжымалы болып бөлінеді.

Стационарлық бақылау дегеніміз арнаулы бақылау пункттерінде бақылаушылардың жұмыс істеуін айтады; жылжымалы бақылауға негізгі жұмысшылардың жұмыс орындарында бақылау жұмыстарын жүргізуді жатқызады.

Жалпы және ірі сериялық өндірісте тиімді және үнемді бақылауға бақылаудың статистикалық әдісі жатады. Бұл бақылаудың таңдамалы түрі математикалық статистика және ықтималдық теориясына негізделеді. Өндірістік үрдіс кезінде немесе аяқталғаннан кейін еңбек заттарының партиясын тандау кезінде бағалау жұмыстары жүргізіледі.

Техникалық бақылау бөлімінің негізгі міндеттеріне стандарттарға, техникалық шарттарға, бекітілген үлгілерге (эталондарға), жобалау-конструкторлық және технологиялық құжаттарға, жабдыктау және келісімшарттарға сай келмейтін өнім өндіруді бол­дырмау, оның алдын-алу жұмыстары жүргізіледі. Мұның бәрі өндірістік тәртіпті күшейту, өнім сапасын арттыру үшін өндірістің барлық звеноларындағы жауапкершілікті арттыруды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын техникалық бақылау шартымен жұмыс істейтін жұмысшылардың өндірген өнімін сатуға қақысы бар. Техникалық бақылау белімі техникалық бақылау жүйесін жетілдіру және да-мытуды қамтамасыз етеді, техникаларды өндіріске енгізуді ұйымдастырады, негізгі өндіріс үшін қажетті құрал-саймандар, комп­лект бұйымдарын, жартылай-фабрикаттар, материалдар, шикізаттарды бақылаудан өткізеді. Кәсіпорынның бақылау бөлімі кәсіпорын шығарған өнімнің тұтынушылық қасиеттері жөнінде статистикалық және басқа да мәліметтерді жинақтауға,»талдауға және қорытындылауға қатысады. Сонымен қатар анықталған конструктивті және өндірістік кемшіліктерді болдырмау және өндірістік ақаудың алдын алу шараларын дайындайды.

Цехтық бақылау бюросын бас бақылаушы шебер басқарады, қалған бақылаушылар оған бағынады.

8-тақырып. Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру