Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Орг произ дайын.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.94 Mб
Скачать

1. Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері.

2. Ғылыми-зертеу жұмыстарын ұйымдастыру

1. Өндірісті техникалық дайындаудауға жаңа өнім түрін өндіру мен модернизацияланған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін арттыру үшін жүргізілген жұмыстардың жиынтығын жатқызуға болады.

Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеттері кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына сай анықталады. Осыған орай тапсырыс беруші сауда орындарының, тұтынушылардың талабына сәйкес өндірісті техникалық тұрғыда ұйымдастыру үшін дайындық шаралары жүргізіледі.

Жаппай өндірістік кәсіпорындарда өндіретін өнімнің көптігі, ассортимент түрлерінің кеңдігі өндірісті техникалық дайындауды ұйымдастыруға көптеп шығын жұмсауды қажет етеді.Жаңа және модернизацияланған өнімдер өндіру кезінде өндірісті техникалық дайындаумен бірге жаңа құрал-жабдықтарды, инновациялық технологияны, материалдарды, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін игеру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезеңде жаңа өнім түрін жасау және өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және оның тәжірибе жүргізу арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарын дайындау, бұйымды суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды ескере отырып конструкциясын жасау, өнімді өндіруге қажетті шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен фурнитура беруші жабдықтаушыларды анықтау шаралары жүргізіледі. Осы кезеңде өнімді дайындаудың технологиялық сызбасы, технологиялық операциялардың тізбегі, жұмыс күшіне қажетілік, олардың мамандығын анықтау, құрал-жабдықтарды жөндеу және түзеу тәрізді көптеген жұмыстар атқарылады.

  • Екінші кезеңде жаңа және әр түрлі өнімді өндіруді дайындау және игеру, ұйымдастыру-техникалық шараларды енгізу орындалады. Бұл жұмыстар негізінен тәжірибе цехтарында жүзеге асырылады. Өндірістің техникалық дайындаудың екінші кезеңінде еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсарту мен материалдарды үнемлеуге барлық жағдай жасау жан-жақты қарастырылады.

  • Үшінші кезеңде өнімнің жаңа және әр түрін өңдеудің жалпы және сериялық әдістерін бір жүйеге келтіру, өндірістік ағындарда өндірістік-техникалық шешімдерді пайдалану сияқты жұмыстар атқарылады.

Өндірісті техникалық жетілдірудің әрбір кезеңінде орындалатын жұмыстар сипаттамасына қарай конструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық болып бөлінеді.

Өндірісті конструкторлық дайындауда жаңа өнімнің конструкциясын жасау мен игерілген өнімнің конструкциясын жетілдіру қарастырылады.

Өндірісті технологиялық дайындықтау кезеңінде жаңа технологиялық үрдістерді жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

Ұйымдастыру-экономикалық дайындықты жүргізу барысында өндірісті техникалық дайындауды жоспарлау үшін мөлшерлер (нормалар) бекіту, еңбек күші, материалдар, қаржы ресурстарына қажеттілікті есептеу, күнтізбелік жоспар жасау, мөлшерді есептеу, еңбекақы жүйесі мен ұжым нысандарын таңдау, калькуляция мен өндіріс сметасын құру, жұмыс күшіне, материалдарға, құрал-жабдықтарға қажеттілікті анықтау, құжаттар түрін белгілеу, Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету және оларды жабдықтау, өндірісті қосымша қажетті ресурстармен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар орындалады.

2. Жаңалықтар ашу, өнертапқыштардың, рационализаторлардың ұсыныстары, патенттер мен лицензиялар құқықтық актілер негізінде растайтын қажетті құжаттарының болуы арқылы жүзеге асырылады.

Жаңалық ашуға тылсым дүниедегі белгісіз болып келген объективті құбылыстар мен заңдылықтарды, қасиеттерді алғаш рет анықтау жатады десек, ал өнертапқыштық деп экономика, мәдениет, денсаулық сақтау немесе қорғаныс салаларындағы техникалық мәселені шеше отырып, экономикалық тиімділік әкелетін жаңалық ашуды айтады. Бұл тиімділік тек сандық емес, сапалық көрсеткіштермен де сипатталады. Рационализаторлық ұсыныстарға қолданыстағы техниканы жетілдіру жаңа өнім түрлерін таба білу, ресурстарды тиімді пайдалануды бақылау, байқау және зерттеу, техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, басқару, жоспарлау және есеп жүргізу жөніндегі жаңалықтар жатады.

Өнертапқыштықтан рационализаторлық ұсыныстың айырмашылығы тәжірибе қолданып жүрген шешімдердің негізінде берілген кәсіпорынға лайықтап табыс табуды қамтамасыз ету үшін табылған жаңалық түрін айтады.

Лицензия дегеніміз – патенттелген жаңалықтың негізінде ұйымдастырылған технологиялық үрдісте өнім өндіру мен сату құқына белгілі бір төлем төлеу арқылы жүзеге асыруды айғақтайтын құжатты білдіреді.

НОУ-ХАУ – құқық қорғау құжаттарымен, мысалы патентпен қорғалмаған, толық немесеішінара жарияланбаған ілім.

Нарықтық экономикалық қатынастардың даму барысында венчурлық (тәуекелді) кәсіпорындар дами бастайды. Оларға ғылыми немесе инженерлік зерттеулермен, сараптамалармен, жаңалықтар енгізумен, сонымен қатар құрамында ірі фирмалардың тапсырысы мен мемлекеттік келісімшарттарды орындаумен айналысатын шағын және орташа кәсіпорындар жатады.

6-тақырып. Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері.

1. Кәсіпорынның инновациялық саясаты

2. Инновацияның мәні мен қасиеттері.

3. Инновация түрлері мен қасиеттері

4. Кәсіпорындағы инновациялық үлгілер

1. Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметтің түпкі нәтижелері - өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі, жоғары технологияны өнім көлемі – елдің экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл беріледі.

Дамыған индустриялды елдерде технологиялардың, құрал- жабдықтардың, кадрлар даярлаудын, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінің 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдер жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы, өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың негізгі құралы болып табылады.

Қазақстанның ғылыми- технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге, өңдеуші өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге , ұлттық ғылыми- техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустирялдық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарында енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуы тежелуінің негізгі себебі шағын кәсіпорындардың әдетте, ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті өнімдер шығара алмауында болыр отыр.

Қазақстандағы ғылымның қазіргі таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми әзірлемелер мен қажетсіз өндірістер санының көптігімен сипатталады. Бұл айтарлықтай үлкен әлеует және оны пайдалану инновациялық қызметті дамытудың негізгі міндеттерінің бірі болуы тиіс.

Инновациялық дамудың базалық үлгісі негізінде ішкі және сыртқы инновация көздерінің арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсіру стартегиясы іргелі және қолданьалы жеке зерттеулерге негізделген өзіндік технолгияларын белсенді жетілдіретін алдағы қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР. Англия, Жапония) тән. Технологиялардың тарнсферті стартегиясы іргелі және қолданбалы жеке әзірлемелері жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулі елдерде іске асырылады.

Сонымен, ғылыми- техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:

  • мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлық қорлар құру және венчурлық капиталды ғылыми- техникалық және инновациялық салаға тарту;

  • инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандары мен әдістерін әзірлеу;

  • инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы маманданған субъектілерін құру енетін инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

  • инновациялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;

  • өнеркәсіптік базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру;

  • технологиялардың өркениетті нарығы үшін жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгілерін қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының тарнсфертін ынталандыру;

  • отандық кәсіпорындардың үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес сапа стандарттарына өтуін жандандыру;

  • халықаралық донор ұйымдардың, мүдделі қаржы- несие және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылуы тиіс.

2. Экономиканың инновациялық белсенділігі басым сипатқа ие болуда, бұл өз кезегінде, кәсіпорындардың өз стартегиясын түбегейлі өзгертуіне, жаңа бәсекелестік ортада және тіршілік етудің негізі ретінде зияткерлік әлеуетін қарқынды түрде арттыруға жетелейді.

Жаңалық, жаңарту және инновация. Ғылыми- техникалық сепіліс заңдылықтарының мәселесі, әсіресе, негізгі ұғым түсініктері бойынша пікірталас тудырады. Сонымен, кейбір авторлардың пікірінше, «жаңалық», «жаңарту» және «инновация» ұғымдары синоним болып табылады және ол ғылыми- техникалық серпілістің нәтижесін білдіреді деп түсіндіріледі. Екінші пікір бойынша, бұл ұғымдардың арасында белгілі бір айырмашылықтар бар деп көрсетіледі. Егер жаңалық деп жаңа әдіс, өнертабыс және жаңалық табуды айтатын болсақ, ал осы жаңалықты іс жүзінде пайдалану жаңарту деген ұғымды білдіреді.

Жаңалық- бұл қандай да бір іс- әрекет аясында жүргізілген іргетасы, қолданбалы зерттеулер мен талдамалардың рәсімделген нәтижесі және ол осы іс- әрекеттің ғылыми әрі техника жетістіктерін тәжірибелі, нарықтық тұрғыда пайдаланудың аралық қортындысы болып табылады. Жаңалық нарықта тұтынылатын жаңа өнімге айналған соң, соңғысы жаңарту болады. Осылайша, қазіргі заманғы инновация теориясында «жаңарту» және «инновация» термендерін бір- бірінен ерекшелеп бөлмейді.

Заңнама бойынша «инновация – нарықта сатылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім, іс жүзінде пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдеріс түріндегі ең соңғы нәтижесі». Алайда кез келген серпіліске әкеле бермейді. Ол орынды түрде таралған жағдайда ғана бұл жаңалықтың қоғамдық өндіріс пен даму үшін инновациялық мәні бар деп айтуға болады.

Инновацияның ерекше мазмұны өзгертулер құрайды, ал инновациялық іс - әрекеттің басты функциясы- өзгерту функциясы болып табылады. Австрия ғалымы Й.Шумпетер 1911 жылы бес түрлі өзгертулерді бөліп көрсеткен.

1) жаңа техника, жаңа технологиялық үдерістерді пайдалану немесе өндірісті жаңадан нарықтық қамсыздандыру (сатып алу- сату);

2) жаңа қасиеттері бар өнімді өндіру;

3) жаңа шикізат түрін пайдалану;

4) техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудағы өзгерістер;

5) өнімді сатуда жаңа нарықтың пайда болуы;

Кейінрек, 1930- жылдары, ол инновация тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, жаңа нарықтар мен өнеркәсіпті ұйымдастырудың жаңа түрін ендіру мен пайдалану мақсатында жасалған өзгерістер деген ұғымды енгізді.

Мұндай көзқарасқа халықаралық стандарттарға негізделген нарықтық экономика жағдайында инновацияның жүйелік суреттеу әдістемелігі де сәйкес келеді. Ол бойынша инновациялық іс- әректі идеяларды үлестіру және оны асырумен байланысты іс- әрекет түрі деп түсіндіріледі:

  1. жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдерістерде:

  2. нарықта ендірілген технологиялық жаңа немесе жетілдірілген тауарлар мен қызметтер:

  3. іс жүзінде пайдаланылған өндіріс тәсілдері мен оны ұйымдастыру түрінде;

Сонымен, «инновация- бұл бір мезгілде екі бірдей әлемнің, атап айтақанда, техника әлемі мен бизнес әлемінің көрініс табуы. Өзгеріс тек технология деңгейінде қатысты болғанда Шумпетер оны өнертабыс деп, ал өзгеруге бизнес араласса, онда ол инновация болып табылады дейді».

3. Инновацияны саралаудың сан алуан әдістері бар. Кестеде саралау түрлері көрсетілген.

Инновацияның саралануы

Белгілері

Инновация түрлері

1. Енгізілген өзгертулердің тереңдігіне қарай

Радикалдық (немесе түп нұсқалы).

Жақсартушы. Жалған инновация

2. Технологиялық көрсеткіштері бойынша

Өнімдік. Үдерістік

3.Нарық үшін жаңалық түрлері бойынша

Әлемдік сала үшін жаңа.Ел ішіндігі сала үшін жаңа.Осы кәсіпорын үшін жаңа.

4. Орнын басушылығы бойынша

Орныны басушы. Күнін жоюшы. Кеңейтуші.

5. Қамту аймағы бойынша

Жергілікті. Жүйелік. Стартегиялық.

6. Нарыққа шыққан уақыты бойынша

Көшбасшы- инновациялар. Ізбасар- иновациялар

Олардың ішінде ең маңыздысын сипаттайық. Ең алдымен инновацияның түрлерін енгізілетін өзгертулердің тереңдігіне қарай ажыратып алайық.

Радикалдық, жақсартушы және жалған инновациялар. Радикалдық инновация – бұл бұрын- соңды белгісіз болған немесе мәлім болатын, алайда өнімділігі, бағасы жағынан алағанда сипаттамасы едәуір жақсараған қасиеттерге ие өнімдер, үдерістер немесе қызмет түрлері.Аталған радикалдық инновация үдерістері, өнім және қызмет көрсету саласында жасайтын өзгерістері соншалықты болғандықтан. Оның нәтижесі қалыптасқан нарықтар мен салалардың ұластыруына, ұшырауына немесе жаңа нарық және сала қалыптасуына алып келеді. Жақсартушы инновация аса қомақты емес төңкеріс жасай қоймайтын, көп ретті, тіпті, белгілі білім, өнім және технологиялардан туындайтын болжанған өзгерістерді білдіреді. Мұнай инновациялар көбінесе өткен уақытқа өте тәуекелді болады, технологиялық парадинма бойынша қалыптасады.

Мардымсыз түрлерінің өзгеруіне келесілер әсер етеді:

  1. өнім құрылымын өзгеріссіз қалдыратын, бұйымның көрсеткіштеріне, қасиетіне және құнына, сонымен қатар өнімнің материалына және құрамдасына айтарлықтай ықпал етпейтін өнімдерге енгізілген мардымсыз техникалық немесе сыртқы өзгерістер;

  2. кәсіпорынның табысын ұлғайту және ағымдық сұранысты қанағаттандыру мақсатында бұрын осы кәсіпорында өндірілмегеніне қарамастан, бірақ нарықта белгілі өндірісті игеру есебінен өнім қатарын кеңейту. Инновацияның маңызды сипаттамасы – оны технологиялық көрсеткішетіне сәйкес өнімдік немесе үдерістік жеп ажырату.

Өнімдік инновация. Өнімдік инновация өндіріске немесе нарыққа технологияжағынан жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруді қамтиды. Технологиялық жаңа өнім – бұл технологиялық сипаттамалары немесе пайдалану ұсынысы мүлдем жаңа немесе бұрын шығарылған ұқсас өнімдерден едәуір айырмашылығы бар өнім. Мұдай инновация мүлдем жаңа технологиямен немесе бұрынғы технологияны жаңа қарынан пайдалануға негізделеді. Технологиялық жетілдірілген өнім- сапалық немесе құндық сипаты біршама тиімдірек болатын құрамдастар мен материалдар пайдалану есебінен бір немесе бірқатартехникалық ішкі жүйелерін ішінара өзгерту есебінен айтарлықтай жақсара түскен қолданыстағы өнім.

Үдерістік инновация. Үдерістік инновация технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеп, ендіруді қамтиды. Инновацияның бұл түрі жаңа өндірістік құрал- жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтығын пайдалануға, сондай- ақ зерттеулер мен әзірлеу нәтижелерін пайдалануға негізделуі мүмкін.

Инновация қасиеттері. Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептеледі. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми- техникалық инновациялар мынандай қасиеттерге ие болуы тиіс:

  1. жаңалығы болуы керек;

  2. нарық сұранысын қанағаттандыруы керек;

  3. өндірушіге пайда әкелуі керек:

4. Инновациялық үдеріс.Инновациялық үдеріс деп идеяның іргелі және қолданбалы зерттеулер, тәжірибе- конструкторлық және технологиялық өңдеулер, маркетинг, өндіру және сату кезеңдерінен өте келе біртіндеп коммерциялық өнімге айналу үдерісін айтамыз.Басқаша айтақанда, инновациялық үдеріс инновацияны құру, игеру, тарату мен байланысты.

Инновациялық үдерістің үш логикалық түрін ажыратады:

  1. қарапайым ұйымішілік (табиғи);

  2. қарапайым ұйымаралық (тауарлық):

  3. кеңейтілген;

Инновацияның таралуы және диффузиясы. Инновациялық үдерісті тауарлық түрге көшуімен бірге ол екі негізгі кезеңге бөлінеді:

    1. жасау және тарту;

    2. жаңарту диффузиясы:

алғашқы кезең ғылыми зерттеу кезеңінен тұрадыү алғашқы кезеңде жаңалықтың пайдалы нәтижнсі әлі іске аспайды, тек алдын ала оның жағдайы қалыптастырылады. Екінші кезеңде қоғамдық пайдалы нәтижесі жаңалықты шығарушылар өз арасында, сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар арасында қайта үлестіріледі. Диффузия – бұрын бір-ақ рет игерілген және пайдаға асырылған инновацияның жаңа ортада немесе қолдану орындарында таралуы. Кез келген инновация таралуының маңызды факторының бірі – оның әлеуметтік- экономикалық ортаға сай әрекеттесуі болып табыолады, оның негізгі элементті – бәсекелес технологиялар.

Инновацияның сызықтық үлгісі. Инновациялық үдеріс циклдік сипатқа ие соңғы уақытқа дейін ол, әдетте, бірізді кезеңдерден құралған сызықтық инновация үлгісі түрінде көрсетілген:

ІЗ-ҚЗ-ТӨ-Иг-ӨӨ-М-Ст,

Мұнда ІЗ- іргетасты зерттеулер;

ҚЗ- қолданбалы зертеулер;

ТӨ- технологиялық зерттеулер:

Иг- игеру;

ӨӨ- өнеркәсіп өндірісі;

М- маркетинг;

Ст- сату (өткізу):

Басқарылған сызықтық емес үлгісінің сызықтық үлгіден айырмашылығына тоқтала кетейік:

  1. интербелсенді үлгі инновациялық үдерістер кезеңдерінің арасында өзара әрекеттесу болады («кері байланыс ілмегі»), сондай-ақ, сыртқы орта әсері болады деп түсіндіреді. Осыған лайықты, берілген үлгі аясында бір уақытта жаңа өнімді жобалау, маркетинг және жаңа өнім шығару қатар жүреді:

  2. жаңа идеялар инновациялық үдерістің барлық сатыларында пайда болып әзірленеді, яғни іргетасты зерттеулер жалғыз бастамашы күш болып саналады;

  3. зерттеу нәтижелері инновациялық үдерісті әр түрлі пайдаланылады;

  4. басқарымды сызықты емес үлгісі инновациялық үдерістің менеджерлері мен инновациялық өнімді тұтынушылардың рөлін ескереді. Инновация жөніндегі менеджер инновациялық үдерістің әр түрлі сатыларында шешім қабылдап, соны есепке ала отырып өзінің басқару ісін қалыптастырады.

7- тақырып. Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру