Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Орг произ дайын.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.94 Mб
Скачать

1. Өндірісті ұйымдастыру түрлері жөніндегі түсінік және оның белгілерін анықтау.

2. Өндірістегі ұйымдастырудың ағындық нысандары,оның әртүрлі және экономикалық тиімділігі.Ағымдық өндірістің түрлерінің параметрлерін есептеу.

3. Автоматты ағындық жүйенің экономикалық тиімділігі және оның жіктемесі. Оны ұйымдастыру және қызмет көрсетудің қағидалары.

Өндіріс түрлерінің техника-экономикалық сипаттамасы және жіктемесі.Өндіріс түрлері - ол өндірістік топтастыру белгісі, өнім шаруашылығын шығару мөлшері және тұрақтылық, үнемі номенклатуралық белгілеріне қарай бөлінеді.

Өндірісті ұйымдастыру түрлері:

  1. бірлі –жарым түрінде

  1. топтама түрінде

  1. жаппай түрінде

Бұлардың әрқайсысына өзіндік техника мен технология, капиталдық жоспарлау,есеп жүргізу және беру жүйесі,өндірісті ұйымдастырудың әдістері мен нысандары тән.

Бірлі жарым түріне жататын өндіріс аз мөлшерде жекелеген бұйымдар шығару, оны қайталап шығару көзделмеген. Оның ерекшелігі:

- негізгі өндірістік цехтар мен бөлімшелер арнайы мамандандырылмаған;

  • жабдықтар әрсалалы, мүмкіндігі толық қамтылмаған;

  • жұмыс орнында операция түрлері бекітілмеген;

  • әрбір бұйым ауысқанда техникалық құрылымды, ортақ циклдың құрылымын өзгерту, аспаптар мен қосымша қажетті құралдарды айырбастау;

  • қол еңбегін көптеп қолдану.

Бірлі-жарым өндіріс түрінде өнімнің өзіндік құны жоғары, ол еңбек өнімділігі төмен, айналым қорлары мен өндірістің күш-қуаты толық пайдаланылмайды.

Топтама түрінде кезегімен қайталанатын бұйымдар тобын жасаумен айналысады.

Топтама өндіріс түрлері:

  1. ұсақ;

  1. орта;

  1. ірі

Ұсақ топтама өндіріс-өнімді аз мөлшерде шығаруға бейімделген, яғни оны бірлі-жарым өндіріске де жатқызуға болады.

Ірі топтама -өнімді мол мөлшерде шығаруға, ол жаппай өндіріске жатады.

Орта топтама-ол ұсақ және ірі өндірістің ерекшеліктерін ескереді.

Жалпы өндіріс- көп көлемде бұйым шығаруымен сипатталады, ұзақ уақыт үздіксіз, көптеген жұмыстарында бір жұмыс операциясы жасалады.

Оның ерекшеліктері:

  • үрдістерді механикаландыру мен автоматтандыру, арнаулы жабдықтар, техникалық құралдар мен аспаптар;

  • мамандандырылған жұмыс орны, белгілі бекітілген операцияларды орындауға;

  • басқару ісінің орталықтандыру мен өндірістің бір қалыпты жұмыс істеуі;

  • шығарылған өнімнің өзіндік құнын төмендету.

Өндіріс түрлерін анықтау коэффиценті:

К топтама=tдана;

К топтама

Tдана =∑t дана i/m

Мұндағы:

  • бұйым шығару тактісі;

  • t дана-техникалық үрдістің операциясының орта жекелеген уақыт;

  • m- операция саны;

стандартпен белгіленген коэффиценттер мөлшері:

Жаппай өндіріс -1

Ірі топтама өндіріс-1-20

Орта топтама өндіріс-10-20

Ұсақ топтама өндіріс-20-40

Бірлі-жарым өндіріске бұл көрсеткіш өсірілмейді.

2. Ағындық өндіріс – бұл техникалық құралдармен жарақтануы олардың орналасуы, техникалық үрдістің операцияларының тізбекті орындалуы және бұйым шығарудың аралығын белгілеп алатын өндіріс.

Техникалық үрдісті ұйымдастырудың ағындық нысаны: белгілі бір операцияға әрбір жұмыс орнын мамандандыру, техникалық үрдістің операциясы үйлестірілген ырғақпен ор-ды, жұмыс орнын техникалық үрдіске сәйкес тізбекпен орналастырумен сипатталады.Ағындық өндірістің негізгі бөлігі- ағындық желі.Ағындық желі уақыт бірлігінде тең және еселіп өнімділікті қамтамасыз ететін жабдықтар тұрады.

Ағындық желідегі негізгі есептеу параметрі болып ағындық такт-белгілі бір уақыт аралығында, бұйымның белгілі аталуы,типтік мөлшері және орындау ісіне қарай кезеңмен шығарылуы.

Z=см/Р)'а

Z= ағындық

Т см-ауысымдағы ағымның ұзақтығы;

Р- ағын орындары белгіленген тапсырма;

а- тасымалдау партиясы

Егерде ағындағы жұмысшы саны белгілі болса онда ағынға берілетін тапсырма былай анықталады:

Р=Тжув/Тб

мұндағы:

Тжу-ауысымдағы бір орындаушының уақытының формасы;

В-дайындалған жұмысшы саны;

Тб- бұйымдарды дайындаудың еңбек шығыны,көлемі.

Егерде кәсіпорынның өндірістік ауданы берілген болса,онда бір ауысымға қажетті жұмысшы саны табылады:

В=П/и мұндағы:

П-ағынды желі орналасқан өндірістік аудан

И-бір жұмысшы тиесілі аудан нормасы.

Ағындық желінің жұмыс жасау ұзақтығы

λ=1х Во

λ-конвейлер ұзындығы

1-конвейлер адымы (жұмыс орнының қашықтығы)

Во-желінің бір жағы орналасқан жалпы жұмыс орны

Ағынды желідегі конвейлердің жылдамдығы:

V=1/ Z немесе V=Рх1ПаХа

Жұмыс орнын қамту коэффиценті:

Ққ=Вен

Мұндағы:

Ққ-жұмыс орнын қамту коэффиценті

Ве-есептеу жұмыс орнының саны

Вн- қабылданған норманың немесе орнының саны

3. Автоматты ағындық жүйесінің тиімділігі-оның негізгі принциптерін ғылыми жолмен ұйымдастыруда (маманданған, үздіксіз және паралллельді,бір бағыттылық және ырғақты және тағы басқа.Ол еңбек бейімділігін арттыруда,өндірістік циклдың ұзақтылығын қысқартуды.үзілістерді кеміту және т.б)

Өндіріс орнын және жабдықтар мен аспаптарды толық пайдалануды және табысты молайтуды қамтамасыз етеді.

Автоматты ағындық желіні құрғанда жекеленген жабдықтар санын,бір операцияны орындауға қажетті әрбір орнына қарай анықталады.

S=ton/Z

S- ағындық желідегі жабдықтың бірлік саны

ton - автоматты желінің жұмыс тактісі

Z- оперативті уақыт негізгі техникалық және қосымша уақыттардың қағидасы.

5- тақырып. Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру