Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Орг произ дайын.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.94 Mб
Скачать

1. Өндірістік үрдістің негізгі сипаты және оның құрылымы.

2. Уақыт бойынша өндірістік үрдісті жобалау, өндірістік цикл, оның экономикалық функциясының ұзақтығы, құрылымы.

3. Операция үйлесімділігінің тізбегі, пареллельдің түрлері, оның сапасы және оны қолдану аясы

1. Өндірістік үрдіс - кәсіпорындағы өнімді жасау мен жөндеу үшін қажетті еңбек құралы мен адамдардың барлық әрекеттерінің жиынтығы.

Өндірістік үрдістің негізгі міндеті - әрбір кәсіпорында адам еңбегі және өндірістік құралдарын, уақыт пен кеңістікті,кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің өндірістік дұрыс қабыстыру және пайдалануды қамтамасыз ету.

Өндірістік ұйымдастыру ол қосымша құн жасауға бағытталған,яғни ол өнімнің нарықтық құнының белгілі бір бөлігі,өндірушінің сатқан өнімнің құндылығынан,қамтамасыз етушілерден сатып алып пайдаланған шикізат пен материалдық құнын алып тастаған мен анықталады.

Капитал нарығы

инвестиция

жоспар мен болжам

қаражат

өндіріс құралдарының нарығы

өндірісті ұйымдастыру

өнімің сапасы мен өткізу

Еңбек ақы төлемі және нормалауды ұйымдастыру

Сарапталу есеп жүргізу және есеп беру

Дайын өнімнің нарығы

Жұмысшы күшінің нарығы

Өндірістік үрдіс былай бөлінеді:

  1. Негізгі

  1. Қосымша

Өндірістік үрдістер пайдалануына қарай былай бөлінеді:

    1. табиғи үрдіс

    2. үздіксіз

    3. үздікті

    4. жай

    5. күрделі

2. Өндірісті ұйымдастырудың уақытпен белгіленетін көрсеткіші өндірістік цикл болады, ол бір кәсіпорындағы белгілі өнімді басынан аяғына дейінгі жасауға қажетті күнтізбелік кезең.

Оған қандай өнім түрі өндіретіндігі,өндірістік механизациялануы мен автоматтандырылуы, өндірістің мамандануы мен түрлі текника мен технология,еңбекті ұйымдастырушылық және басқа факторлар әсер етеді. Өндірістік циклдың ұзақтығы кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің өндірістік программасын жоспарын жасауға пайдаланады: оның нормативтік мөлшері- бітпеген өндіріс санын есептеу үшін пайдаланылады.

Өндірістік цикл еңбек құралы қозғалыстың календарлық жасауға айналым қорларын қажетті мөлшерін есептеуге қажет.

Өндірістік циклдың құрылымы:

  1. жұмыс кезеңі

  1. табиғи өндірістік уақыт

  1. үзілістер

  2. операция аралық үзілістер

Жалпы өндірістік циклдың ұзақтылығын төмендегі формуламен көрсетуге болады:

Тцдеккб*с+Ттуоаао

Мұндағы:

Тц- өндірістік циклдың ұзақтығы

Тд - дайындық,соңғы жұмыстар

Тек - техникалық

Тк - көлік тасымалдау

Тб*с - бақылау,есепке алу;

Тту - табиғи үрдістеу уақыты

Тоа - операция аралық үрдістер

Тао - ауысым аралық үздіксіздік

3. Өндірістік үрдісте еңбек құралының қозғалыс тәртібі өндірістік циклдің ұзақтылығын анықтайтын негізгі фактор. Үш түрлі қозғалыс тәртібі пайдаланылады:

  1. тізбекті

  1. параллельді

  1. параллель тізбекті

Қозғалыстың тізбекті түрінде әрбір келесі операция тек қана алдыңғысы мен өңдеуді аяқтағаннан кейін басталады.

Т=nm∑ti

Мұндағы:

n-партиядағы еңбек құралының саны;

m-үрдістегі операция саны;

ti- операциядағы өңдеу ұзақтығы.

Кәсіпорында өндірістік циклдың ұзақтығын екі бағытта қысқартады, біріншіден, жұмыс кезеңінің уақытын азайту; екіншіден, үзілістерді қысқарту.Біріншісіне өндірістің техникалық жағдайы, екіншісіне ұйымдастыру деңгейі әсер етеді.

4-тақырып. Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары.