- •Қаржы-экономикалық факультетІ Экономика кафедрасы
- •Қаржы-экономикалық факультетІ Экономика кафедрасы
- •Дәрістердің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Осөж сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •1. Пән мен қызметтері
- •2. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезеңінде өнеркәсіптік өндіріс жүйесінің алатын орны мен рөлі.
- •3. Курстың басқа экономикалық пәндермен байланысы.
- •1. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы туралы түсінік,өндірістік құрылымды анықтаушы факторлар,өндірістік құрылымның түрлері.
- •2. Негізгі өндірістің құрылымы, оны құрудың қағидалары
- •3. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын дамытудың негізгі тенденциялары және оны жетілдіру жолдары.
- •1. Өндірістік үрдістің негізгі сипаты және оның құрылымы.
- •3. Операция үйлесімділігінің тізбегі, пареллельдің түрлері, оның сапасы және оны қолдану аясы
- •1. Өндірісті ұйымдастыру түрлері жөніндегі түсінік және оның белгілерін анықтау.
- •2. Өндірістегі ұйымдастырудың ағындық нысандары,оның әртүрлі және экономикалық тиімділігі.Ағымдық өндірістің түрлерінің параметрлерін есептеу.
- •3. Автоматты ағындық жүйенің экономикалық тиімділігі және оның жіктемесі. Оны ұйымдастыру және қызмет көрсетудің қағидалары.
- •К топтама
- •1. Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері.
- •2. Ғылыми-зертеу жұмыстарын ұйымдастыру
- •1. Өнім сапасын басқару
- •2. Өнім сапасын техникалық бақылау
- •1. Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру
- •2. Өндіріс қалдықтарынан экологияны қорғауды ұйымдастыру
- •3. Өндірістік кәсіпорынның табиғатты ұтымды пайдалану жолдары
- •1. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының құрамы
- •2. Кәсіпорынның құралдарға қажеттілігі
- •3. Өндірісті құрал-саймандармен қамтамасыз ету жоспарын құру
- •1. Жөндеу шаруашылығының мәні
- •2. Жөндеу жұмыстарын техникамен қамтамасыз ету
- •1. Энергетика шаруашылығының мақсаты, міндеттері мен құрамы.
- •2. Энергияны ұтымды пайдалану
- •3. Негізгі өндірісті ұйымдастыру және технологияны жетілдіру
- •1. Кәсіпорынның көлік шаруашылығы
- •2. Кәсіпорында пайдаланылатын көлік түрлері
- •1. Кәсіпорын қоймалары
- •2. Қоймалардың құрылымы
- •1. Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деңгейінің факторлары
- •2. Өндірісті конструкторлық дайындау
- •3. Конструкторлық құжаттау және технологиялық құжаттау жүйелері
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Өндірісті ұйымдастыру
1. Кәсіпорын қоймалары
2. Қоймалардың құрылымы
1. Кәсіпорындағы өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, өнім өткізу жұмыстарын және қойма шаруашылығын ұйымдастырудың міндетіне кәсіпорынның қызметіне қажетті шикізат қорын, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, аяқталмаған өндіріс өнімдерін және сатуға шығарған дайын өнімді сақтау және тұтынушыларға жіберу сияқты жұмыстар жиынтығы жатады.
Материалды құндылықтардың сақталуы, олармен өндірісті үздіксіз қамтамасыз ету, айналым қаржыларының айналу жылдамдығы, өнім сапасы мен құны қойма шаруашылығы жұмысының сапасын анықтайды.
Кәсіпорын қоймалары бірқатар белгілеріне қарай жіктеледі.
Қызмет көрсету саласына қарай қоймалар цехаралыц (орталық) (кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қамтуға арналған) және цехтың (яғни, дайын өнім сақтайтын қоймалар) болып бөлінеді.
Сақталатын материалды құндылықтар атауларына қарай қоймалар: әмбебап (көп атаулы немесе әр түрлі материалдарды сақтауға арналған) және арнаулы қоймалар (яғни біртекті материалдарды сақтауға арналған) болып бөлінеді.
Қойма аумағына қарай ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді.
2. Қоймалардың құрылымы сақталатын материалдардың физика-химиялық талаптарына сай болып, қойма аумағы толығымен пайдалануы тиіс. Қойма жұмыстарын жүргізу барысында барлык қауіпсіздік шараларын орындалуы басты шарт болып табылады.
Қоймалардың аумағы сақталатын құндылықтардың максималды мөлшеріне қарай есептеледі. Қойманың жүк тұратын аумағында және өзге жалпы аумағының ішінде есіктер мен өту жолдары, сұрыптау аумақтары және тағы басқа орындар болуы тиіс.
Қойманың пайдалы аумағы дәл немесе шамамен есептеледі. Қойманың шамамен есептеген аумағы қоймадағы қордың максималды мөлшерінің 1 шаршы метр аумақтағы тоннамен есептелінетін жүк салмағына қатынасымен анықталады.
Қойма жұмыстарын ұйымдастыруда еңбекті көп қажет ететін жұмыс түрлерін, қол еңбегін азайту мақсатында қоймалардағы жетекші тасу-тиеу, ыдысқа салу, орау жұмыстарын техникалардың жаңа түрлерімен жабдықтау қажет.
Сыртқа тасымалданатын материалды құндылықтар сапа және сан жағынан тексеруден өтеді. Қабылданған материалдар қабылдау актілерімен бекітіледі. Меншікті өндіріс өнімдері тек сандық тексеруден өтеді.
Қабылданған материалды құндылықтар алдын ала белгіленген орынның шамасына, маркаларына қарай орналастырылады.
Қоймадан сыртқа шығарылатын материалдар өндірістік тұтыну дайындығынан өткізіледі. Дайындық жұмыстары материалдардың түріне қарай жүргізіледі.
Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен тасып әкетілу есептері қоймаларда және бухгалтерияда жүргізіледі. Қоймаларда есеп жүргізу үшін картотека жасалынады. Мұнда әрбір номенклатуралық бап бойынша кіріс-шығыс карточкалары болады. Бұл карточкалар бойынша бухгалтерлік ведомость толтырылады.
Бұл ведомость алдымен жекелеген цехтар, қоймалар бойынша, ал содан кейін жалпы кәсіпорын бойынша толтырылады.
Кәсіпорында кеңінен пайдаланылатын шахматтық ведомость кәсіпорынның жалпы жүк айналымын, сонымен қатар жүк ағымының көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Жүк ағымының берілгендері көбіне жүк ағымы сызбасы түрінде беріледі. Оларды кұру жобаланатын маршруттар ұтымдылығы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жүк айналымы, жүк ағымы және таңдалған көлік құралдары жөніндегі берілгендер бойынша көлік құралдарына деген қажеттілікті төмендегідей формуламен анықтауға болады.
N= Qt/ qT* K1*K2
N-бірдей көлік құралдарының саны, дана;
Q - 1 тәулікте тасымалдауға арналған жүк салмағы, т,
t — 1 рейс ұзақтығы, сағ.
q – көлік бірлігінің жүк көтеріштігі, т;
Т — тәуліктегі көлік жұмысының уақыты, сағ;
K1 - жүк көтергіштікті пайдалы қолдану коэффициенту
К2 — уақыт бойынша көлік бірлігін пайдалану коэффициенті
15-тақырып. Жаңа техниканы игеру жұмыстарын ұйымдастыру
