Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рубежный контроль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214.53 Кб
Скачать

Рубеждік бақылау- 2 «эндокринология» циклы, 4 курс жм

2 НҰСҚА

  1. «Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы» диагнозына сәйкес гликемиялық профильді белгілеңіз:

  1. Ашқарынға -6,1 ммоль/л, глюкозалық жүктемеден соң 2 сағаттан кейін – 11,5ммоль/л

  2. Ашқарынға -5,4 ммоль/л, глюкозалық жүктемеден соң 2 сағаттан кейін – 7,5ммоль/л

  3. +Ашқарынға -5,9 ммоль/л, глюкозалық жүктемеден соң 2 сағаттан кейін – 10,5ммоль/л

  4. Ашқарынға -6,0 ммоль/л, глюкозалық жүктемеден соң 2 сағаттан кейін – 6,8ммоль/л

  5. Ашқарынға -6,5 ммоль/л, глюкозалық жүктемеден соң 2 сағаттан кейін – 11,5ммоль/л

  1. Аурухананың реанимация бөлімшесіне сопорлық халмен 68 жастағы науқас жеткізілді. Қант диабетімен 5 жылдан астам ауырады, Глибенкламид (Манинил) қабылдаған. Жүрек жеткіліксіздігіне байланысты зәр айдағыш дәрмектермен қатар дигоксин тағайындалған. Фуросемидті қабылдағаннан кейін (дозасы есінде жоқ) көп зәр шығарған. Жағдайы нашарлаған: аузының кебірсінуі жиілеп , айқын әлсіздік, ұйқышылдық мазалаған. Сұрақтарға дұрыс жауап бермейді, ой өрісі тежелген. Терісі құрғақ, боз, ерінінде цианоз байқалады. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Гликемия 28,3ммоль/л тең. Жалпы зәр талдауында ацетон теріс. Болжама диагнозды көрсетіңіз:

  1. Кетоацидоздық кома

  2. +Гиперосмолярлық кома

  3. Гипогликемиялық кома

  4. Жедел миокард инфаркті

  5. Жедел ми қанайналым бұзылысы

  1. Қант диабеті кезіндегі емдәмнің мақсаты болып табылады:

  1. Қанда рН- ты қалпына келтіру

  2. +Энергетикалық шығарылымның орнын толтыру

  3. Инсулинге резистенттілікті төмендету

  4. Инсулинге төзімділікті жоғарылату

  5. Нормогликемияға жету

  1. Кетоацидоздың клиникалық көріністерінің бірі болып табылады:

  1. Құрысу (судороги)

  2. +«Жедел» іш

  3. Еріндегі цианоз

  4. Полиартрит

  5. Полисерозит

  1. Қант диабетінде терідегі болатын зақымданудың көрінісі:

  1. Гиперпигментация

  2. +Липоидты некробиоз

  3. Гипергидроз

  4. Телеангиоэктазия

  5. Қола түстес тері

  1. Екіншілік гипотиреоздың себебі болуы мүмкін:

  1. Аутоиммунды тиреоидит

  2. Қалқанша безінің субтотальді резекциясы

  3. Радиоактивті йодпен тиреотоксикоздың терапиясы

  4. +Гипофиздің сәулемен зақымдануы

  5. Қалқанша безінің дамуының аномалиясы

  1. Биохимиялық қан талдауынында Грейвс ауыруына тән көрсеткіш:

  1. Гипогликемия

  2. гиперхолестеринемия

  3. гиперкалиемия

  4. +гипергликемия

  5. Гипернатриемия

  1. Жайылмалы уытты жемсаумен ауыратын науқастың емінде болатын жанама әсерді көрсетңіз:

  1. +Анемия, агранулоцитоз

  2. Бас айналу бас ауруы

  3. Іш өту немесе іш қату, құсу, метеоризм

  4. Миалгия, бұлшықеттің әлсіздігі

  5. Алопеция, эритема

  1. Биохимиялық қан талдауынында гипотиреозға тән көрсеткіш:

  1. Гипергликемия

  2. гипохолестеринемия

  3. гиперкалиемия

  4. +гиперхолестеринемия

  5. гипернатриемия

  1. Гиотиреоз емінің нәтижелігінің критериі болып табылады:

  1. +ТТГ деңгейінің қалыпты болуы

  2. Бос тироксин деңгейінің қалыпты болуы

  3. Жалпы тироксин деңгейінің қалыпты болуы

  4. Бос трийодтиронин деңгейінің қалыпты болуы

  5. АТ-ТПО деңгейінің қалыпты болуы

  1. Микроальбуминурияның пайда болуы диабеттік нефропатияның қай сатысына тән:

  1. 1-ші

  2. 2-ші

  3. +3-ші

  4. 4-ші

  5. 5-ші

  1. Гипотиреозға қандай клиникалық симптом тән емес:

  1. ұйқышылдық

  2. аменорея

  3. +диарея

  4. артралгия

  5. конституционды ергежейлік

  1. Төменде көрсетілгендердің қайсысы Аддисон ауруында қоланылатын терапияның әсерлі критериі болып табылады:

  1. Калий деңгейінің жоғарылауы

  2. АКТГ деңгейінің жоғарылауы

  3. Кортизол деңгейінің жоғарылауы

  4. Калий деңгейінің төмендеуі

  5. +Кортизол деңгейінің төмендеуі

  1. Біріншілік бүйрек үсті безінің клиникалық көрнісіне жатпайды:

  1. жүдеу

  2. +қан қысымының көтерілуі

  3. әлсіздік

  4. тұзды тағамдарға тәбетінің артуы

  5. гиперпигментация

  1. Феохромоцитома кризін басу үшін қолданылады:

  1. ангиотензинге айналдырушы ферменттің ингибиторы

  2. бета-адреноблкаторлар

  3. зәр айдағыш препараты

  4. +альфа-адреноблокаторлар

  5. кальций каналдарының антаганисы

  1. Біріншілік альдостеронизм көрінеді:

  1. +Минералокортикоидтардың жоғарылауымен

  2. Глюкокортикоидтардың төмендеуімен

  3. Глюкокортикоидтардың жоғарылауымен

  4. Катехоламин синтезінің жоғарылауымен

  5. Минералокортикоидтардың төмендеуімен

  1. Екіншілік гиперальдостеронизм көрінеді:

  1. +альдостерон және рениннің плазмада жоғарылауы

  2. альдостеронның жоғарылауымен және плазмада рениннің қалыпты болу

  3. қан плазмасында рениннің төмендеуі

  4. альдостеронның төмендеуі

  5. альдостерон және глюкокортикоидтардың төмендеуі

  1. Гиперкортицизмді нақтылау мақсатында гипофиз немесе бүйрек үсті безінің зақымдануынан болғанын анықтау үшін қандай зерттеу әдісін қолданамыз:

  1. глюкозаға толеранттылық сынамасын

  2. инсулиндік гипогликемия сынамасын

  3. +кіші дексаметазон сынамасын

  4. үлкен дексаметазон сынамасын

  5. клофелинмен сынама

  1. Гипотиреоздығ клиникалық көрнісіне тән емес:

  1. Артериалды гипертензия

  2. +Гиперпигментация

  3. Терінің құрғауы

  4. Естудің төмендеуі

  5. Бедеулік

  1. Диабеттік табан синдромының нейропатиялық формасына жатпайды:

  1. +Аяқ басының жансыздануы

  2. Аяқ басының деформациясы

  3. Тырнақтарының қалыңдауы

  4. Гиперкератоз

  5. Тыныштық жағдайдағы аяқ басындағы ауру сезім