Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_nov_2_kurs_2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
611.84 Кб
Скачать

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СИЛЛАБУС

1. Жалпы мәліметтер:

ЖОО аталуы : С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Кафедра - қалыпты физиология

Пән- «Қалыпты физиология», Fiz 1204

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Оқу сағаттарының көлемі -135 сағат

Курс пен оқу семестрі - 2 курс, 3 семестр

Жумакова Т.А.м.ғ.к., доцент

Ғылыми қызығушылығы – қанайналым, лимфайналым, экология, СӨС

Ғылыми жетістіктері: 80-нен аса ғылыми-әдістемелік жұмыс жарық көрген, бір оқу құралы.

Абдирова Т.О. – оқытушы

Ғылыми қызығушылығы: қартаюға қарсы, экология, СӨС.

Ғылыми жетістіктері: 10 нан астам ғылыми жұмыстары жарық көрген.

1.8. Контактная информация: место нахождения кафедры:

Алматы қ, ул. Богенбай батыра 151, №2 корпус 2 қабат,

телефон: 8(3272)92-07-00

1.9. Пән саясаты: оқу үрдісін алға қойған мақсат бойынша іске асыру. Оқытушылардың студенттерге қойған талабы медицина ЖОО-да білім беру қағидаларына негізделген.

1. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға үнемі, міндетті түрде қатынасу. Сабаққа келмеген жағдайда – 0 балл.

2 Әрбір дәрістің жіберілген сағат үшін Rжіберілу 1 балл алынады.

3. Міндетті түрде СӨЖ 1 түрін орындау. Жұмысты орындамаған және басқаның еңбегін қолданған жағдайда – 0 балл.

4. Оқу үрдісіне белсенді қатынасу. Оқу үрдісіне белсенді қатынасу (тәжірибелік жұмыстар конспектісі, теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептерді және тест сұрақтарын шешу, өздігінен тәжірибелік жұмыстарды орындау.) – студент толық емес дайындалған жағдайда тәжірибелік сабақ үшін балы төмендейді (бағалар көрсеткіші бойынша).

5. ОӘКЖ көрсетілгендей бір аптадан кешіктірмей тақырыптық жоспарда көрсетілген уақытқа сәйкес СӨЖ тақырыптарын қорғау, тәжірибелік жұмыстардың, тест сұрақтарының, мәселелік есептердің хаттамасын тапсыру (осы талаптар орындалмаған жағдайда бағалау көрсеткіштері бойынша балы төмендейлі).

5. Аралық бақылауды өз уақытында тапсыру, қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

6. Студент сабаққа кешікпеуі тиіс.

7. Таза, ақ түсті халатта болуы керек.

8. ПОҚ мен студенттерге сыйлы қарым-қатынаста болуы қажет.

9.Топта шиеленіс жағдай болғанда міндетті түрде кафедра меңгерушісі мен оқу ісінің меңгерушісінің қатынасуымен ашақ түрде шешілуі тиіс.

2. Оқу бағдарламасы:

2.1.Кіріспе

Физиология –жасуша мен жасушалардың жекелеген құрылыстарының мүшелердің физиологиялық жүйелердің, тұтас ағзаның тіршілігі жайындағы, организмнің қоршаған ортамен өзара байланысы кезіңдегі реттелу механизмдері жайындағы негізгі тәжірибелік -теориялық ғылым .

Физиологияның қазіргі кездегі даму ерекшелігі- ол талдау бағытын тереңдету- мембраналық, жасушалық процестерді зерттеу, қозу мен тежелудің биофизикалық механизмдерін зерттеу, ғылым мен техника жетістіктерін қолдану, тіршілік етудің табиғи ортасының жағдайында адамның мақсатқа бағытталған іс-әрекеттерін оқып үйренуде. Физиология- денсаулықты анықтаудың, салауатты өмір салтын және адамның жұмысқа қабілеттілігінің қызметтік жағдайын болжаудың ғылыми негізі деп қарастырылады.

Физиология- теориялық пәндердің негізгі бөлімі, қазіргі кездегі дәрігерді қалыптастырады, осы әсерден студент- медик дені сау ағзаның тіршілік етуінің жалпы заңдылықтарын оқып, танып біледі, содан соң клиника алдында және клиникада өтетін пәндерді оқуға кіріседі. Адам организмінің тіршілік ету заңдылықтарын терең оқып білмей қызметтердің бұзылу механизмдерін және олардың қалпына келуін түсініп білу мүмкін емес.

Физиологияның зерттеу объектісі болып тірі ағза және оның қызметтік бөлімдері саналады. Дені сау адам организмін оқып үйрену болашақ дәрігерлерге қызметтік диагностика әдістерін тез меңгеруге, организм жағдайын және бейімделуін бағалауға, физиологиялық қызметтердің қалыптан ауытқу дәрежесіне сәйкес оның қызмет ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Адам физиологиясының заңдылықтарын ашу- өмір сүрудің ұзақтығын әрі қарай ұзарту, тұрмыс және еңбек жағдайын жеңілдетуді және оны сауықтыруды ретпен ұйымдастыру, ауруларды емдеуде және ауруды алдын алудың жаңа әдістерін ашуда қажетті жағдай болып табылады. Адам организмінің қалыпты қызметін және оның физиологиялық жүйелерін біліміне профилактикалық, сондай-ақ клиникалық медицина негізделген.

Физиология-1 типтік бағдарламасы қарапайым физиологиялық процестерге, физиологиялық қызметтердің нейро-гуморальдық реттелуіне, тіршілік ету негізіне, мінез-құлықтың жүйелік механизмдеріне негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]