
- •Артықшылықтары.
- •Token Ring желілік технологиясы. Маркер.
- •6.Osi моделінің желілік деңгейі. Компьютерлік желілердегі ip адрестеу. Классыз адрестеу (cidr) және айнымалы ұзындық маскілер (vlsm)
- •Сурет 9 osi модельдерінің деңгейлері
- •Сурет 10 osi моделіндегі эталонды базасындағы компьютер арасындағы қарым қатынас
- •Cidr. Супер желілер құру.Классыз үлгілерді пайдалану мысалы.
- •Динамикалық маршруттар
Cidr. Супер желілер құру.Классыз үлгілерді пайдалану мысалы.
Қолдануға болатын адрестік кеңістіктің тиімділігін арттырудың қажеттігі IP адрестеудің жаңа классыз домен аралық бағыттауыш үрдісін CIDR (Classless Inter-Domain Routing) құруға жағдай жасады. CIDR үлгісінде жазуды ыңғайлы ету үшін IP адресті a.b.c.d./n, түрінде көрсетеді, мұндағы a.b.c.d - IP адрес; n – желілік бөліктегі биттер саны. Мысал. IP адрес 137.158.128.0/17 берілген, яғни, бағыныңқы желі маскасындағы 17 бірлік (желі идентификаторы), 15 0-дер (түйін идентификаторы) және ол 255.255.128.0.-ге тең.
CIDR (Classless Inter-Domain Routing) классыз үлгісі - IP-адрес кеңiстiгiмен кластық үлгілеудің қатты әдістерін қолданбай икемдi басқаруға мүмкiндiк беретiн IP-адрестеу әдiсі.
Супер желілерді құру. Кез келген желіні құру бірнеше кезең тұрады.
Желі мен ақпараттық жүйелерді жобалау. Бұл кезеңде желінің логикалық схемасын есепке ала отырып технологиялық-программалық жабдықтарды қамтамасыз етіп және жалпы құрылымын жобалау жүзеге асырылады.
Желілік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Жобаның іске асу барысында әлемдік өндірушілердің Cisco Systems, Planet Technology, D-Link, ZyXEL, 3COM, AVAYA, SUN Microsystems, Arbyte жабдықтарын қолдануға болады.
Кабелдiк жүйелер және жабдықтарды құрастыру. Кабелдiк жүйелердiң монтажы бойынша компъютер желiсiнiң қосуы, телефония және автоматизация жүйесін жасау осы кезеңде жүзеге асады.
Белсендi жабдықтықтарды күйге келтiру. Кез келген желi өз жұмысын дұрыс атқаруы үшін коммутаторлардың кескiнiн,маршрутизатордың кескінін, компьютерлердiң күйге келтiрілуін және IP адрес пен DNS-тің орнатуларын дұрыс куйге келтіру қажет.
Желiлердiң диагностикасы және кемшiлiктердi жою. Ақпараттық жүйенi тексеру ақаулықтардың iздестiруi және сiздiң жергiлiктi немесе ғаламдық желiнiң топологиясының ықшамдалуы, маршрутизаторлар және коммутаторлардың, компьютерлердiң және серверлiк жабдығыңыздағы күйге келтiрулерi. Айқындалған кемшіліктерді жою жүзеге асады.
Желiлердiң қызмет көрсетуi. Желіні жасау аяқталған соң оның қызмет көрсетілуі тексеріледі.
Желiлердiң қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз ету. Бұл кезеңде вирусқа қарсы программалық қамтамасыз етулердi орнатып күйге келтiредi.
Маршруттегіштер. Статикалық және динамикалық маршруттау. Динамикалық маршруттау хаттамалары (RIP, EIGRP, OSPF)
Маршрутизатор — корпоративті желіні тарату деңгейінің негізгі құрылғысы. Маршрутизаторсыз пакеттер локальді желіден кете алмас еді. Маршрутизаторлар корпоративті желілер рамкасында байланысқан кезде критикалық рөл атқарады, мəліметтерді берудің резервті жолын қамтамасыз етеді жəне Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар маршрутизаторлар əртүрлі типтер мен хаттамаларды түрлендіру үшін де қолданылады. Мысалы, маршрутизатор Ethernet пакетінің инкапсуляциясын келесіге өзгерте алады. Маршрутизаторлар IP-адрестің желілік бөлігін пакеттерді керек жерге жеткізу үшін қолданады. Егер канал бос емес немесе байланыссыз болса, онда олар альтернативті жолды таңдайды, Маршрутизаторлар басқа да функциялар атқарады:Тарауларды шектейді; Өшірілген аумақтарды байланыстырады;Қолданушыларды логикалық түрде бөлім жəне қосымша бойынша топтастырады;
Статиқалық маршрутизацияда– белгіленген желілерге дейінгі маршрутты администратор қолмен еңгізеді. Статикалық маршрутты маршрутизаторлар өз еркімен өзгерте алмайды. Көбіне маршрутизатордан белгіленген адреске дейін бір ғана жол болғанда қолданылады. Статикалық маршрутизацияның негізгі ерекшелігі өте төмен ұстамдылығы және қарапайымдылығы болып келеді.