
- •Артықшылықтары.
- •Token Ring желілік технологиясы. Маркер.
- •6.Osi моделінің желілік деңгейі. Компьютерлік желілердегі ip адрестеу. Классыз адрестеу (cidr) және айнымалы ұзындық маскілер (vlsm)
- •Сурет 9 osi модельдерінің деңгейлері
- •Сурет 10 osi моделіндегі эталонды базасындағы компьютер арасындағы қарым қатынас
- •Cidr. Супер желілер құру.Классыз үлгілерді пайдалану мысалы.
- •Динамикалық маршруттар
4 сурак сеть OSI моделінің каналдық деңгейі. Ортаға қосылу хаттамасы (ALOHA хаттамалар жиыны, CSMA хаттамасы, толық дуплексты қосылу). Компьютерлік желілердің топологияларыOSI моделінің каналдық деңгейінің протоколы жүйелер ортасының табиғатын сипаттайды және деректерді жіберу алдындағы дайындау жұмыстарын жүргізеді. Ол кірістегі мәліметтерді қабылдайды, оларға талдау жасайды, қажет жағдайларда желілік деңгейдің сәйкес протоколына жібереді. Каналдық деңгейдің протоколына Ethernet, FDDI, Token Ring жатады. Ethernet стандартының физикалық деңгейінің спецификасына кабелдің типтері желіні құру топологиясы кабелдің ең үлкен ұзындығы және қайталаушының саны жатады.Token Ring технологиясы 1984 жылы IBM компониясымен жасалынған, ал содан кейін проект стандарты деп IEEE комитетіне берілген. IBM компаниясы Token Ring технологиясын әр түрлі классты компьютерлер негізде жергілікті желілерді құру үшін желілік технологияның негізі ретінде қолданады. Компьютердің әр түрлі кластары – бұл мэйнфреймдер, миникомпьютерлер және дербес компьютерлер.
Локальды (жергілікті ) желіде компьютердерлерді біріктірудің жалпы схемасы желі топологиясы деп аталады. Топологиялар әртүрлі болуы мүмкін.
1.
« Бұтақ » тополгиясы ( Топология « Дерево
» )
2 түйіні бір ғана жолмен байланысқан
компьютер желінің топологиясы.
2.
« Жұлдыз » топологиясы ( Тополгиясы «
Звезда » ).
Компьютерлік желінің қалған түйіндерінің
әрқайсысымен мәліметтер тасымалданатын
жеке желі арқылы байланысқан орталық
түйіні бар топология.
Бұзылған компьютерді желі құрамынан
шығарып тастауға, ал орталық түйін
бұзылса, желі жұмыс жасай алмайды.
3. « Сақина » топологиясы. ( « Кольцо » ) Әрбір компьютер тек басқа 2 компьтермен байланысқан топология. Мәліметтер бір компьютерден 2 – шісінен бір бағытта тасымалданады.
4. « Тор » топологиясы. ( « Сетка » ). Барлық компьютерлер арасында өзара тікелей байланыс бар топология. ( сирек қолданылады )


5. « Шиналы » топологиясы.Барлық компьютерлер бір кабельге косылатын топологиия.Мұнда компьтерден шыққан мәліметтер қалғандарының барлығына бір уақытта жетеді. Ең қарапйым және ең көп тараған топология.
ALOHA
Ақпаратты қабылдай сала,берілген станция моделінде жылдам арада ақпаратты жібереді..Коллизия болған жағдайда,жіберіп отырған станция кездейсоқ уақыт аралығын күтіп,қайтадан осы кадрды жірере бастайды. Егер беріліс басының станциясы сол кезде болса, қорыта келгенде, егер алдыңғы кадр арнада табылатын болса, қайшылық пайда болады. Екі пакетте жойылып кетеді де,және қайтадан жіберуді қажет етед.
CSMA хаттамасы
Қайшылықтардың сақтап қалудың алып жүретiн және көп бақылауы бар қорды ашық пайдалану CSMA/CD әйгiлi, немесе таңбалағышты беру. CSMA/CA қолдана отырып,әр компьютер ақпаратты жіберу алдында желіге өзінің қалауын хабарлайды, сондықтанқалған компьютерлер жіберілетін ақпарат жайлы біле отырып,қайшылықтар мен қателіктерден сақтана алады
5.FDDI желісі. 100VG-AnyLAN желісі
FDDІ (Fіber Dіstrіbuted Data Іnterface) — мәліметтерді көп талшықты байланыс жүйелеріне жоғары жылдамдықпен жіберудің жүйелік архитектурасы. Жіберу жылдамдығы - 100 Мбит/сек. Топология — қос шынжыр немесе аралас (жұлдыз тәрізді немесе ағаш тәрізді жүйелерді қосу арқылы). Жүйедегі станциялардың ең көп мөлшері – 1000. Құрал-жабдықтың құны өте жоғары.
FDDI технологиясы да сақиналы негізде жасалып, оптоталшықты кабельдермен жұмыс істеу үшін магистральды желілерде пайдаланылады. Бұл да Token Ring желілері тәрізді маркерді бір станциядан екінші станцияға жіберіп отырады. Token Ring технологиясынан айырмасы мұнда маркерлері қарама-қарсы бағытта қозғалыста болатын екі сақина болады.Бұл тәсіл бір сақинада үзіліс болып қалған жағдайда желінің ақаусыз қызметін ұйымдастыру мақсатынд(көбінесе оптоталшықты кабельде) жасалады. FDDI желілері мәліметтерді 100Мбит\с жылдамдықпен өте үлкен қашықтарға тасымалдау үшін қызмет етеді. Мұндағы желі сақинасы ең көп дегенде ұзындығы 100 км-ге дейінгі тұйық қашықтықты қамтиды да , жұмыс станцияларының арасы 2 км шамасында болады.
Осы көрсетілген сақина түріндегі екі технология жаңа желілерді ұйымдастыруда АТМ және Ethernetтехнологияларының баламасы ретінде қолданылып келеді.
Fast Ethernet технологиясың альтернативі ретінде AT&T и HP фирмалары деректерді 100 Мб/с жылдамдықпен жіберетін жаңа технологиядағы жоба - 100Base-VG ұсынды. Бұл жобада мультимедиа қосымшаларының қажеттiгiн есепке алуымен ену әдiсін жетілдіру ,сонымен бiрге 802.3-шi желiлік пакетте қалыбы бар пакетiнiң қалыбының үйлесiмдiгiн сақтау ұсынылған болатын. HP және IBM фирмаларының әрекетi бойынша 1993 жылдың қыркүйегiнде жаңа технологияның стандартизациясымен шұғылданған IEEE 802.12-шi комитет құрастырылды. Бір желінің есебінен жоба формат кадрларында ғана емес Token Ринг форматын қолдау есебiнен де кеңiтілген болатын. Нәтижесінде жаңа технология 100VG-AnyLAN атауына ие болды,яғни Ethernet және Token Ringнiң технологиясы жергiлiктi желі түйiндерінiң басым түскен сандарын ескере отырып технология(Any LAN - кез келген желі) барлық желілерде қолданылады.1995 жылдың жазында 100VG-AnyLAN стандарты IEEE 802.12 стандарт дәрежесін алды. 100VG-AnyLAN технологиясында Demand Priority жаңа ену әдісі және 5В/6В мол кодты қолданушы квадратураны кодтайтын жаңа схема-Quartet Coding анықталды . 100VG-AnyLAN технологиясы коммуникациялық жабдықты өндiрушiлердiң арасында мәлiмдiлiкке ие бола алмады және қазіргі уақытта іс жүзінде нарықтан жоғалып кетті,жаңа құрылымдарды өңдеу ісі жүріп жатқан жоқ.
Артықшылықтары.
Ethernet стандарты 1980 жылы қабылданды. Бұл технологияның негізінде құрылған желілер саны қазіргі таңда 5 миллиондай, ал бұл желідегі компьютерлер саны 50 миллионнан асады. Ethernet бөлінетін деректердің беріліс ортасына кездейсоқ ену принципіне негізделген. Бұл орта ретінде жуан немесе жіңішке коаксиал кабель, шиыршықталған жұп, оптикалық талшық немесе радиотолқындар қолданылады. Деректердің берілісі 10 Мбит/с жылдамдықпен жүзеге асырылады. Бұл шама Ethernet желісінің өткізу қабілетін көрсетеді. Ethernet желісінің негізгі сипаттамалары:
-дәстүрлі топологиясы: сызықтық шина;
-басқа топологиясы: жұлдызша-шина;
-беріліс типі: таржолақты;
-ену әдісі: CSMA/CD;
-деректерді жіберу жылдамдығы: 10 және 100 Мбит/с;
-кабельдік жүйесі: жуан және жіңішке коаксиал, UTP.
Ethernet желісінің кең таралуына жол ашқан негізгі артықшылығы – оның үнемділігінде. Желіні құру үшін әрбір компьютерге бір-бірден желілік адаптер және коаксиал кабельдің керекті ұзындықты физикалық сегменті болса жеткілікті. Мұнымен қатар Ethernet желілерінде ортаға енудің, адрестеудің және деректер берілісінің қарапайым алгоритмдері орындалған. Желі жұмысының логикасының қарапайымдылығы оның жеңілдетуіне, соған сәйкес желілік адаптерлер мен олардың драйверінің арзандауына әкеледі. Осыған байланысты Ethernet желісінің адаптерлерінің сенімділігі жоғары. Ethernet желісінің тағы бір тамаша қасиеті – оның жеңіл ұзаруында, яғни желіге қосымша түйіндерді жеңіл қосуға болатындығында. Ethernet желісінің 4 түрлі топологиясы: 1)10BaseT 2)10Base2 3) 10Base5 4) 100BaseХ. Fast Ethernet желісінде мәліметтер 100Мбит/с жылдамдықпен тасымалданады,яғни Ethernet желісіне қарағанда он есе жылдам жүргізіледі.Қолданбалы программалар күрделенгенде және желідегі тұтынушылар саны артқан кезде мұндай жоғарғы өткеру мүмкіндігі қысылшаң кездерді болдырмайтын тәсілдің бірі болып табылады. «Қос жылдамдықты» 10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet технологиясы - желілік тақша,концентратор,коммутатор сияқты құрлғларға жоғарыдағы жылдамдықтардың кез-келгенімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.10/100 Мбит/с Ethernet/Fast Ethernet желілік тақшасы бар дербес компьютерді 10 Мбит/с жылдамдықты концентратор портымен байланыстырғанда ол 10Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді. Егер де оны 10/100 Мбит/с жылдамдықты концентратор портымен байланыстырсақ,ол автоматты түрде 100 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей бастайды.Бұл тәсіл біртіндеп жоғары жұмыс өнімділігіне көшу ісін жүзеге асыра алады.Оған қоса,мұндай тәсіл серверлер мен клиенттердің желілік жабдықтарын қарапайым күйде сақтап,желілік құрылғыларын мен тасымалдау арналарының өткеру алабын өте кең пайдаланатын жаңа программаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Token Ring желілік технологиясы. Маркер.
Token Ring желісін алғашында IBM компаниясы 1970 жылы құрған. Қазіргі кезге дейін жергілікті желілерге арналған IBM - нің негізгі технологиясы болып қалып отыр. Әйгілілігі жағынан тек Ethernet –ке жол береді.
Token Ring желісінің негізгі сипаттамалары:
дәстүрлі топологиясы сақина
басқа топологиялары жұлдызша-сақина
беріліс типі таржолақты
ену әдісі маркерлік беріліс
беріліс жылдамдығы 4 және 6 Мбит/с
кабельдік жүйесі UTP және STP
Token Ring желісінде бірінші компьютер жұмыс істей бастағанда, желі маркер генерациялайды. Маркер бір компьютерден екінші компьютерге олардың біреуі деректерді жіберуге даярлығы жайында хабарлап, маркерді басқаруды өзіне алғанға дейін сақина бойымен жылжиды.
Маркер дегеніміз – компьютерге деректерді кабель бойымен жіберуге мүмкіндік беретін алдын-ала анықталған биттер тізбегі (деректер ағыны).
Маркерді ұстап алған компьютер деректер кадрларын желіге жібереді. Кадр сақина бойымен, кадрдегі қабылдаушының адресіне сәйкес адресі бар түйінді тапқанша жылжиды. Компьютер-қабылдаушы кадрді қабылдау буферіне көшіреді де, оның өрісіне ақпараттың қабылданғандығы жайлы белгі салады.
Кадр сақина бойымен жылжи отырып жіберуші компьютерге жеткенде, ол компьютер берілістің дұрыс өткендігі куәландырады. Бұдан кейін компьютер кадрды сақинадан жояды және оған бос маркерді қайтарады.
Желіде бір уақыт мезетінде бір бағытта тек бір маркер жіберіледі. Маркердің берілісі – детерминистік процесс. Бұл дегеніміз кез-келген соңғы станца беріліске қатысарға дейінгі максималды уақытты есептеуге болатындығын көрсетеді. Token Ring желісінің бұл сипаттамасы кідірісті алдын-ала болжауға мүмкіндік береді және желі жұмысындағы орнықтылықтың маңызын арттыра түседі. Бұл желіні қолданудың жарқын мысалдары зауыттардағы автоматтандырылған станцалар болып табылады.
IBM-нің Token Ring станцалар желісі кабельдердің көмегімен MAU-ға (Multistation Access Unit) тікелей қосылып үлкен бір сақиналық желіні құрайды.
Кабельдер-ұстатқыштар MAU-ды көршілес MАU-мен қосады. Кабельдер-жапырақшалар MAU-ды станцалармен қосады. МAU құрамында станцаны сақинадан шығаруға қажетті реле бар. Сонымен істен шыққан компьютер Таким образом, неисправный (немесе қосылыс) Token Ring желісінің жұмысына әсер етпейді. Оған сегіз компьютерге дейін қосуға болады. Бірақ Token Ring желісі тек сақинамен шектеліп қоймайды, әрбір сақинада 33 концентраторға дейін болуы мүмкін.
Сақина толған кезде, яғни МAU портына компьютер қосылған кезде, желіні тағы бір сақина қосу арқылы созуға болады. Орындалуға тиісті жалғыз ереже: әрбір МAU сақинаның бөлігі болатындай етіп қосылуы керек. МAU-дың «ену» және «шығу» ұяшықтары бүтін сақинаға кабельдің көмегімен үйінді болып орналасқан 12 МAU-ға дейін қосуға мүмкіндік береді.