5. Орындау критерийлері
Реферат
Рефераттың үлгілік құрылымы:
- титульдік парақ (форма бойынша безендіріледі);
- кіріспе(тақырыптың ауқымдылығын дәлелдеу);
- негізгі бөлім: оқытылып жатқан патологияны түріне, ауырлық дәрежелеріне, асқынуларына, бақылануына сәйкес диагнгстикасы мен емінің өзіндік мәселелерін ашу – кесте, сызба, графика, сурет түрінде келтіруге болады;
- оқытылып жатқан патологияның түріне, ауырлық дәрежелеріне, асқынуларына, бақылануына, жасына сәйкес ауру ағымы мен емінің ерекшеліктері көрсетілген резюме,;
- қолданылған әдебиеттердің адекваттылығы, оның дұрыс безендірілуі
Рефераттың безендірілуіне қойылатын талаптар:
- реферат көлемі тақырыпты толық ашып көрсетуі керек;
- реферат баяндау мәдениетін сақтаумен сауатты орындалуы тиіс;
- мәтін барысында қолданылған әдебиеттерді көрсету керек ;
- көрнекіліктерді орнымен қолдану (кестелер, графикалар, сызбалар)
- библиографияны дұрыс безендіру.
Аурудың және оның асқынуларының диагностикалық алгоритмі диагностика алгоритмінің үлгілі құрылымы: - титульді парақ (форма бойынша безендіріледі); - диагностика алгоритмінің ауқымдылығын анықтау; - түріне, ауырлық дәрежесіне , асқынуларының болуына байланысты ауру ағымы ерекшеліктерін көрсетумен қорытынды жасау; - қолданылған әдебиеттердің адекваттылығы, оның дұрыс безендірілуі. Диагностика алгоритмінің безендірілуіне қойылатын талаптар: - алгоритмді толық қамтуы үшін жұмыс көлемі жеткілікті болуы керек; -жұмыс сауатты орындалуы тиіс; - библиографияны дұрыс безендіру.
Диагностика мен емі бойынша клиникалық (жағдайлық) тапсырмалар. Клиникалық (жағдайлық) тапсырмалардың үлгілі құрылымы: - титульді парақ (форма бойынша безендіріледі); - төл-құжаттық бөлім; - науқастың шағымдары; - ауру тарихы (динамикада жүргізілген зерттеу әдістері мен емін ескерумен ауру ағымын хронологиялық тізімде көрсету); - ауру тарихы – беірлген науқасқа байланысты мәліметтерді көрсету; - науқасты қарап-тексеру (барлық жүйе бойынша қысқаша және патологиялық өзгерісі бар мүшені толық сипаттаумен;
- жауаптың дұрыс эталонын көрсету – болжама диагноз :
Нозологиялық форманың атауы
Ауырлық дәрежесі
Ағымы
Фазасы
Асқынуларының болуы
Мүшенің функционалды жағдайы (мүше жүйесі) – патологиялық мүшенің жетіспеушілігі (дәрежесі, стадия, функциональды класс)
Клиникалық (жағдайлық) тапсырмаларға қойылатын талаптар: - тапсырма көлемі диагноз қоюға жеткілікті көлемде болуы керек; - клиникалық жағдайлық тапсырма жеткізу мәдениетін сақтаумен сауатты орындалуы тиіс; - қолданылған әдебиеттердің адекваттылығы, оның дұрыс безендірілуі
Эссе
Эссені орындаудың ұсынылыған формалары:
- этапты эпикриз түрінде;
- диспансерлік бақылауға алу эпикризі;
- ауыстыру эпикризі;
- шығару эпикризі (амбулаторлық картадан көшірме);
- клиникалық диагнозды негіздеу;
Эссені орындау формасының өзектілігі
Эссені безендіруге қойылатын талаптар - титульді парақ (форма бойынша безендіріледі); - эссені орындаудың таңдалған формасының актуалдылығы;
- эссенің ақпараттылығы;
- көрнекі материалдарды орынды қолдану; - жеткізу мәдениетін сақтаумен сауатты орындалуы тиіс;
- эссе көлемі жеткілікті болуы керек; - қолданылған әдебиеттердің адекваттылығы, оның дұрыс безендірілуі
Ем сызбасы
Ем сызбасының үлгілік құрылымы: - титульді парақ (форма бойынша безендіріледі); - кіріспе (тақырыптың актуалдылығын дәлелдеу); - негізгі бөлім (сызба дәлелді түрде этиологиялық, патогенетикалық, симптоматикалық емін ашады); - қорытынды (тақырып бойынша жалпы қорытынды беріледі); - қолданылған әдебиеттердің адекваттылығы, оның дұрыс безендірілуі.
Емдеу сызбасының безендірілуіне қойылатын талаптар: - жұмыс көлемі жеткілікті және мазмұны бойынша түсінікті болуы тиіс; - жұмыс сауатты орындалуы тиіс; - библиографияны дұрыс безендіру
6. Тапсыру мерзімі: «Гипо-гипергликемия синдромы» тақырыбы бойынша 2-ші тәжірибелік сабақтың соңында.
