
|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ЭНДОКРИНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
|
Мамандығы: 051101 – «Жалпы медицина»
Кафедра: эндокринология
1.6 «Эндокринология» пәні бойынша өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар
Курс: 4
Семестр – 7-8
№5 блок: «Эндокринология»
№ 1 тақырып: Қант диабетінің жедел асқынулары
А
лматы
2012
Өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар кафедра отырысында қаралған және бекітілген. «31» тамыз 2012жылғы №1хаттама.
Эндокринология кафедрасының меңгерушісі,
м.ғ.д., профессор Абылайұлы Ж.
№1 тақырып: Қант диабеті. Қант диабетінің жедел асқынулары.
2. Мақсаты: қант диабетінің 1 және 2 типінің жедел асқынуларымен науқастарды динамикалық бақылау және емдеу мен диагностикасының жалпы принциптерін білу мен оқытуды қалыптастыру.
3. Тапсырмалар:
- емхана қабылдауында немесе стационарда қант диабетімен ауыратын науқастардан ауру және өмір тарихын, шағымдарын жинау;
- қант диабетінің жедел асқынуларының диагностикалық алгоритмін білу.
- науқасты қарап-тексеру және клиникалық көріністерін және ерекшеліктерін сипаттау, болжама диагноз қою;
- диагнозды верификациялау үшін қажетті зертханалық-аспапты зерттеу әдістерін тағайындау;
- жедел асқынулары бар қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу жоспарын құрастыру;
- медициналық құжаттармен жұмыс жасай алу: науқастың амбулаторлық қартасы (ф. 025/у) стационарлық науқастың ауру тарихы
4. Толтыру түрі:
1. Пәннің спицификасын ескере отырып, сабақ тақырыбына байланысты реферат.
2. Қант диабетінің асқынуларының диагностикасы мен еміне және профилактикалық ем тағайындауларына клиникалық есеп.
3. Пәннің спицификасын ескере отырып, сабақ тақырыбына байланысты студенттің өзіндік жұмысын презентация (мультимедиялық) түрінде дайындау.
4. Сабақ тақырыбына сәйкес диагностикалық зерттеу алгоритмін көрсету.
5. Жедел асқынулары бар қант диабетімен науқастың ем сызбасын көрсету
6. Оқытылып жатқан патология бойынша науқасты қарап-тексеру жайында видеофильм түсіру;
7. Эссе
8. Қант диабетімен ауыратын науқастарды жүргізу мен емінің өзекті сұрақтары бойынша дәлелденген ақпараттарды іздестіру (дәлелді медицина принциптерінің негізінде)
Нұсқа 1. «Қант диабетінің 1 типімен ауыратын науқас. Кетоацидоздық кома» тақырыбына жағдайлық есеп құрастыру. Диагноз мен емі бойынша сұрақтар құрастыру және оларға дұрыс жауап эталондарын беру.
Нұсқа 2. «Қант диабетінің 2 типімен ауыратын науқас. Гипогликемиялық кома» тақырыбына жағдайлық есеп құрастыру. Диагноз мен емі бойынша сұрақтар құрастыру және оларға дұрыс жауап эталондарын беру.
Нұсқа 3. «Қант диабетінің 2 типімен ауыратын науқас. Сүтқышқылды кома» тақырыбына жағдайлық есеп құрастыру. Диагноз мен емі бойынша сұрақтар құрастыру және оларға дұрыс жауап эталондарын беру.
Нұсқа 4. «Сүтқышқылды кома» тақырыбына реферат/презентация дайындау
Нұсқа 5. «Гиперосмолярлық кома» тақырыбына реферат/презентация дайындау
Нұсқа 6. «Кетоацидоздық кома» тақырыбына кроссворд құрастыру