Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_keshen.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.47 Кб
Скачать
  1. Интерактивті оқытудың ойын түріндегі әдісі.

Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарывда д ұрыс сөйлеут-машықтандыруда, ойын логикалық жүйелі түрдс жаза білуге үйретуде оқытудың интерактивті формаларын қолданудың маңызы зор.

Интерактив (ағыл. "іntеr"- бірлескен, "асt"-әрекет) өзара әсер ету деген мағынаны білдіреді. Интерактивті оқыту әдісі — оқушының оқу үрдісін ұйымдастыруға толық қатысатын белсенді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі. Мұнда мұғалім бұрынғыдай дайын білімді бермейді, оқушыларға өз бетімен ізденуге нұсқау ғана беріледі. Дөстүрлі оқыту әдісімен салыстырғанда интерактивті оқытуда мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі өзгереді, мұғалім белсенділігі оқушы белсенділігімен ауысады. Мұғалімнің міндеті — оқушының ынта-ықыласына жағдай туғызу. Мұғалім оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушының тек көмекшісі болады. Интерактивті оқыту әдісін соңғы кездері қарқынды оқыту технологиясында кеңінен қолдануда. Оқушы белсенділігін арттыратын, алған білімін іс-тәжірибесіндс қолдануға жағдай жасайтын тәсілдер интерактивті оқыту әдісі жатады. Оқыту үрдісінде бұл әдісті қолдану үшін мұғалім оқушыларды ұжымдық, жұптық топтарға бөліп, өзара септесіп, белсенді жұмыс жасауына жағдай жасайды.

Оқушыны ойлау мен сейлеу дағдыларына төселдіруді ойын түрінде ұйымдастыру интерактивті оқыту әдісінің бір түрі болып саналады. Өйткені ойын үстіңде мұғалім мен оқушы арасында байланыс пайда болып, оқушылардың ұжымдық түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік ашылады. Ойын оқушы белсенділігін арттырумен бірге олардың танымдық қабілетін жетілдіріп, шығармашылық белсенділікке деген қажеттілігін қанағаттандырады. Кез-келген қажеттілікті қанағаттандыру жағымды эмоциямен, көңіл-күймен байланысты. Сабақтың немесе әдістің бала қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкестігі оның көңіл-күйінен көрінеді. Оқушы шығармашылығын шыңдауға берілетін ойын түріндегі тапсырмалар окушының "үйренсем" деген ішкі мотивациясын тудырады. Қазіргі кездс мектеп оқушыларын белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз сту жеткіліксіз, оқушыны білім алуға, оқуға үйретуге көп мән берілуде, яғни психологиялық тұрғыдан оларды "білім алғым келеді, оқығым келеді" деуге үйрету. Мектепте мұғалім көбінесе баланы еркінен тыс оқыту, жазамен қорқыту сияқты жолдарды коп іздейді. Баланы күштеп, мәжбүрлеп оқыту мүмкін емсс. Сондықтан да бастауышта білім беру үдерісін ойын түрінде ұйымдастырудың маңызы зор, өйткені мұғаліммен, балалармен бірігіп орындаған жұмыс қана қызығушылықты арттырады.

Ойын технологиясы жөнінде Б.П.Никитин, З.Фрейд, К.Гросс, Л.С.Рубенштейн т.б. ғалымдардың маңызды ой-пікірлері бір идеяға, оның пайдалылығы мен тиімділігіне тоғысады. Американдық философ Герберт Спенсер ойын әрекеті баланың бойында жиналған қуатты (энергияны) сыртқа шығару тәсілі деп санаса, атақты австрия психологы З.Фрейд баланың сыртқа шықпай қалған ішкі арманын қанағаттандыру тәсілі деп түсіндірген. Совет психологы Л.С.Выготский ойын әдісі баланың ақыл-ойын дамыту құралы деп санаған. Ойын әдісін қолданғанда Ахмет Байтұрсынұлының "...баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек" деген қағидасын басшылыққа алуымыз керек.

Ойын - үйрету әдісінің ерекше бір түрі. Ойын үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады. Ойында оқушылардың бәрі бірдей, "жақсы оқушы" не "нашар оқушы" деп бөлінбейді, бір-бірін тек ойыншылар ретінде қабылдайды. Қазақ тілі сабақтарында оқушыны жазбаша байланыстырып сейлеуге ойын арқылы үйрету мынадай бағытта жүргізіледі: үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі; байланыстырып сөйлеу әрекеті ойын ережелеріне бағындырылады; байланыстырып сөйлесуге үйрететін қажетті оқу материалы ойынның құралы ретінде пайдаланылады; үйрету де, үйрену де ойын-жарыс түрінде орындалады; мәселені шешу тетігін іздейді, шығармашылық ойлауы қалыптасады.

Шығармашылық ойлау оқушыларды сөз өнеріне, сөздерді дұрыс таңдауға, көркем әдеби сөздерді қолдануына көмектеседі. Ойын кезінде ойлануға, ойын байланыстырып жазуға, шығармашылықпен айналысуға, топта бір-біріне көмектесуге мүмкіндік ашылады. Оқытудағы білімділік, дамытушьшық, тәрбиелік мақсаттары ортақ мақсатқа, тиімді нәтижеге жетуге бағытталады. Тиімді нәтижеге жету дегеніміз — ойын арқылы оқу сапасын арттыру. Қазақ тілі сабағында тіл дамытуға қатысты жүргізілетін ойын қызметі мынадай міндеттерді шешеуге: 1-ден, оқушының тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету сабақтың басты мақсаты болса, ойын осы мақсатқа жетуге деген оқушының эмоциялық қатынасын, ықыласын арттыруға; 2-ден, ойынның шарты, түрі, тәсілі міндетті түрде оқушыны дұрыс сөйлеуге, өз ойын байланыстырып жазуға, логикалық және шығармашылық мүмкіншілігін ашуға; 3-ден ойынды сабақтың талдау, бекіту, қайталау кезеңдерінде жүйелі түрде қолдану оқушының жазбаша сөйлеу қабілетін қалыптастырып сөз сөйлеу шеберлігін ұштауға жағдай жасайды. Мысалы, бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуді ойың түрівде ұйымдастырудың бір үлгісін қарастырайық. Сабақтың тақырыбы: "Сипаттау мәтіні" (4-сынып)

Міндеті: сипаттау мәтінін құрастыру тәсілін үйрету.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Базалық мөлімет: сипаттау мәтіні заттың, құбылыстың "Ақындар" оқыта үйрету ойыны. Үнтаспадан сипаттау мәтіні оқылады да, оқушылар осы мәтіндегі сипаттау сөздерін қатыстырып, өлең құрастырады. (Ә.Қосановтыц "Көне құмыраның құпиясы" деген ертегіден алынған үзінді),

Сары Сайтан қаласы жал-жал толқындарын аспанға атқан алты мұхиттың арғы жағына орналасқан. Осы тұнжыраңқы да тұманды қалада жүз елуге келген жасы бар, қалтылдаған басы бар, шашы ағарған, өңі сазарған, мұрны имек, тісі сирек, аузы дорбадай, сөзі жорғадай, қолы ұзын, аяғы қысқа Уайт Сайт деген адам тұратын. Ол ұзақ өмірінде бір кісіге де жақсылық жасап көрмеген, дұрыстыққа ермеген, дүниенің бар байлығын бауырыма басып жатсам дейтін, бір күлше нанды он күн жейтін дүниеқоңыз болыпты. Байлыққа қолым қалай жетеді деп ұйқысы онға, ойы санға бөлініп, түні бойы сарнап шығатын.

Құрастыратын сипаттау өлеңінің жалпы үлгісі мынадай болады.

Жүз елуге келген жасы бар,

Қалтылдаған басы бар,

Мұрны имек, тісі сирек,

Аузы дорбадай, сөзі жорғадай,

Дұрыс жолға ермеген,

Жақсылық жасап көрмеген,

Уайт-Сайт деген адам бар.

№ 5. Мақал-мәтел құрастыру. "Ой қозғау" ойыны. 30 секунд ішінде екі әріп тастап отырып, берілген әріптерден бір мақал жазып шығады.

6. Сын есім сөздер ойлау. "Сөзтізбек" ойыны. Топтағы оқушы бір-бірден шығып, 1 минут ішінде сипаттау мәтініне қажетті сын есім сөздерді жазьш шығады. Ойын шарты: әрбір екінші сөз бірінші сөздің соңғы әрпінен басталуы тиіс. Мысалы: ашық-қара-ащы-ыстық-қатты.

Сабақ соңында әрбір тапсырма бойынша топтың орындаған жүмыстарының ортақ бағасы шығарылады. Мысалы, 1-ден "4", 2-ден "4", 3-тен "3", 4-тен "5", 5-тен "5" деген баға алса, топтың ортақ бағасы "4" болады. Сондықтан топтағы оқушылар ортақ мақсатпен жұмыс атқарып, жақсы нәтижеге жетуге тырысады. Кез-келген ойын оқушыға белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жетуге себепші болады және оқушы мақсатқа жетудің жолын саналы түрде ұғынады.

  1. Интерактивті оқыту «ойға шабуыл әдісі.."Интерактив" деген сөз ағылшынның "interact" ("inter"- "өзара", "аct" - "әрекет ету") деген сөзінен шыққан. Яғни, интеракция — жеке түлғалардың, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма кезек әсер етуі.Интерактивті оқыту — бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі — оқу үдерісінің енімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. "Интерактивті оқыту" 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқьпу дегенге саяды. Информатикада бұл үғымды "пайдаланушының бағдарламамен диалогы, яғни мәтіндік командалармен (сауалдармен) және жауаптармен (шақырулармен) алмасуы ретінде немесе кез келген субъектілердің бір-бірімен өздеріне тиімді қүралдар, әдістер арқылы полидиалогқатүсуі" деген мағынада қолданады.

"Интеракция" термині өлеуметтік психологияда да бар. Онда бұл термин ертеден қарастырылып келеді. Алайда кейбір социолог ғалымдар оны адамдардың өзара бірлескен ерекеті деп көрсетсе, кейбіреулері қарым-қатынастың бір түрі деп біледі (1).

Педагогикада оқытудың бірнеше моделі ажыратылады: 1) пассивті — оқушы оқытудың "нысаны" ретінде көрінеді (тыңдайды, қарайды); 2) активті — оқушы оқытудың "субъектісі" ретінде көрінеді (өздік жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындайды); 3) интерактивті — өзара өрекетте болады.

Интерактивті оқыту кезінде оқушының істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интерактивті әдістермен сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Мұғалім жаңа біліммен бірге оқушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділігі белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай тудыру ғана болып қалады.

Аудиториялық сабақтарда оқытудың интерактивті формаларын қоддану үшін төмендегідей мақсат қою шарт: белгілі бір жұмыс түрін орындауда практикалық дағдыны қалыптастыру; көрнекі құралдар мен есте жақсы қалатын материалдарды пайдалана отырып оқыту; белгілі бір мәселені шешуде оқушылар ұжымының қатысуын қамтамасыз ету; тест көмегімен аралық аттестация өткізу.

Сонымен қатар мынадай міңдеттер қойылады: оқу үрдісін мәліметтермен барынша жасақталған үрдіске айналдыру, оқушылардың практикалық дағдыға мұқтаждығы секілді мәселені шешу, оқу үрдісінде оқушының жеке тұлғасын шығармашылық, эмоциональдық жөне танымдық аспектіде қалыптастыру (3).

Интерактивті әдісте, жоғарыда айтқанымыздай, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, оқушы белсенділігі арта түседі. Интеракция кезінде мұғалім жұмысқа тікелей қатысқанымен, ол өз мүмкіндігін шектеп, онда оқушының белсенді болуына жағдай туғызуы қажет. Дәлірек айтқанда, өзге тілді үйренуде маңызды болып табылатын оқушы мен оқушының арасында болатын интеракцияны әрекет жүйесін бес сатыға бөлуге болады: 1) мақсат қою; 2) жұмысты жоспарлау; 3) тапсырманы бөлу; 4) оқушылар әрекетін бақылау; 5) бағалау.

Интерактивті әдістерді қазақ тілін екінші тіл ретінде үйретуде қоддану жолдарын көрсетпес бұрын интерактивті әдістердің кейбір түрлеріне тоқталып өтейік. Соның бірі -"ойға шабуыл" әдісі (мозговой штурм). "Ойға шабуыл" — белгілі бір мәселені шешу үшін тез арада жеткілікгі мөлшерде ұсыныстар жинауға көмектесетін әдіс. Бұл әдісті шешімін табуды қажет ететін кез келген қиын жағдайда, сол сияқты топты шығармашылықпен ойлауға жұмылдырып, мәселені шешудің сан түрлі жолын табуға болатындығына көз жеткізу мақсатында қолдануға болады. Сонымен қатар ол жеке тұлғаның бар білімін ортаға салуға кедергі болатын кейбір келеңсіздікгерден арылтады.

"Ойға шабуыл" әдісін қолдану үш кезеңге бөлінеді: ұсыныстар жинау; жиналған ұсыныстарды бағалау немесе талдау; ұсыныстарды мәселені шешуде пайдалану.

"Ойға шабуыл" әдісітемедегідей ұстанымдарға сүйенсді.

Ұсыныс, пікірлер сынға ұшырамайды. Ешбір ойдың шеттетілуіне, күлкіге айналуына жол берілмейді. Әрбір ойдың өз салмағы бар. Санға баса назар аударылады. Неғұрлым усыныс, пікірлер көп болса, соғұрлым мәселені шешу жеңіл болмақ. Басқалардың пікіріне сүйенуге болады.

"Ойға шабуылды" жүргізуші (оқытушы) мен оған қатысушьшар (оқушылар) ерекеті алтыға бөлінеді.

  1. Жүргізушінің қандай мәселе көтерілетінін көрсетуі. Жүргізуші топ алдында қандай мәселе көтерілетінін немесе қандай мәселені (сұрақты) шешу керек екенін көрсетеді. Мәселе (сұрақ) нақты, қысқа, түсінікгі болуы шарт.

  2. Аталмыш тақырыптың маңыздылығы туралы хабардар ету. Қатысушыларға сұрақты ұсынғаннан кейін жүргізуші бұл мәселені шешудің қатысушылар үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді. Қатысушылардың мәселені шешуге шығармашылықпен келуі үшін олардың мәселені шешуге қызығушылық танытуы шарт, бұл жағдайда олардың белсенділігі де арта түседі.

  3. Ойға шабуылдың ұстанымдарын түсіндару. Бұл кезенде жүргізуші қатысушыларды "ойға шабуылдың" ұстанымдарымен таныстырып, соған қатысты барлық сұрақтарға жауап береді.

Қатысу ұстанымдары: ұсынылған ой-пікірлер түзетілмейді, сыналмайды; бұрын ұсынылған ой-пікірлерді толықтырьш, өзгертіліп пайдалануға болады; барлық ұсыныс автор ұсынған қалпында жазылады; қатысушылар өз ой-пікірін ұсынуда тең құқылы; уақыттың шектеулі екені ескеріледі.

  1. Ой-пікірлерді ұсыну және жазу. Жүргізуші ой-пікірлерді автор ұсынған қалпында өзгертпей жазады. Автордың аты-жөні көрсетілмейді. Ұсыныстар қатысушылардың бәріне көрінетіндей көрнекі жерге жазылуы тиіс. Ұсыныстарды жазу қарқыны қатысушылар қарқынынан қалмауы қажет. Бірде-бір ой-пікірдің қалыс қалмауы ескерілуі шарт.

  2. Сұрақтар мен оларға түсінік беру. Қажетті ой-пікірлер жинақталғаннан кейін жүргізуші оларды дауыстап оқиды. Қатысушылар тарапынан белгілі бір ұсынысқа қатысты сұрақ туындаған жағдайда оған сол ұсыныс иесі жауап береді.

  3. Ой-пікірлерді талдау және бағалау. Қатысушылардың белсенді өрекетінің нәтижесінде ойға шабуылдың негізгі мақсаты жүзеге асырылды. Ой-пікірлер қатары жинақталды. Ендігі міндет сол жинақталған ой-пікірлерді мақсатқа сай сұрыптау. Бұл жұмыс жүргізуші мен қатысушылардың мақсат, міндеттеріне сәйкес жүргізіледі.

Енді осы ойға шабуыл әдісін орыс тілді мектепте қазақ тілі сабағында қолдану тәжірибемізге шолу жасайық. Орыс тілді мектептердің 6-сыныбын рналған Т. Артықова бастаған авторлар тобының "Қазақ тілі" оқулығының II модулінің 5-сабағындағы "Менің досым" тақырыбы бойынша "ойға шабуыл" әдісін төмендегідей ұйымдастыруға болады (А., "Атамұра", 2006). Жоғарыда көрсеткеніміздей, интеракция кезіндегі мұғалімнің әрекет жүйесі 5 кезеңнен тұратыны белгілі. Ендеше соның біріншісі — мақсат қою. Мұндағы мақсат — "Менің досым" тақырыбы бойынша алдағы өткен оқу материалдарына сүйене отырып оқушыларды сейлету. Яғни, 5-сабаққа дейін бұл тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорлары, грамматикадан білімі жинақталған. Олай болса, алдағы сабақтағы дағды, іскерліктерді шындап, шығармашылық деңгейге қадам жасау қажет. Ол үшін сабағымызды екі кезеңге бөлеміз.

  1. "Менің досым қандай?" деген сұрақ төңірегінде оқушылардың "ойға шабуыл" әдісімен ой-пікірін жинау.

2. Топтық жұмыс арқылы жиналған, сұрыпталған ой-пікірлерді жинақтап, "Менің досым" тақырыбына мәтін құрастыру (ары қарай "Қарлы кесек" ойыны түрінде жалғастырып кетуге болады).

Мұғалімнің келесі өрекеті — жүргізілетін жұмысты жоспарлау. Бұл аса күрделі де жауапты іс. Біріншіден, сабақ өтілетін сыныптағы жалпы жағдай назардан тыс қалмауы керек. Атап айтқанда, тақтаның орны, парталардың орналасуы, оқушылар жасайтын жұмыс түрлеріне оңтайлы жағдай тудыру, т.с.с. Сабақта "ойға шабуыл" әдісін қолданғанда парталарды дәстүрлі қалыппен (екі қатар, үш қатар) қою окушыларды жоғары белсенділік танытуына кедергі келтіреді. Сондықтан, мүмкіндігінше, ондай кедергілерден қашуымыз шарт. "Ойға шабуыл" әдісін қолдануда қатысушыларды (оқушыларды) үстелсіз (партасыз) жарты шеңбер қылып отырғызу орын алған. Әрине, мұның қағаз, қалам қоятын орынның болмауы, дағдылы емес, ыңғайсыздық тудыру секілді келеңсіз жақтары да бар. Алайда, бұл адамдар арасындағы баръерді жойып, олардың жоғары белсенділігін қамтамасыз етеді, өзара тең екендіктерін сезінтеді, бір нүктеге (тақтаға) шоғырландырады. Бұл сабақта, бар болған жағдайда, мұғалім интерактивті тақтаны пайдаланғаны жөн. Өйткені оқушьшардың ой-пікірлерін жинауда интерактивті тақта әрі жыддам, әрі көрнекті жазуға көмектеседі.

Сабаққа дайындық жұмысы аяқталып, сабақ басталғаннан кейінгі мұғалімнің әрекетін төмендегідей сипаттауға болады. Біріншіден, мұғалім оқушылармен амандасып, оларды сабақтың тақырыбымен, мақсатьшен, өтілу түрімен таныстырады. Сабақтың "Менің досым қандай?" және "Менің досым" деген екі кезеңге бөлінетінін көрсетеді. Бірінші кезеңде оқушылардың "Менің досым қандай?" деген сұрақ бойынша өз ой-пікірлерін "ойға шабуыл" әдісі арқылы бір-екі сөзбен жеткізуі қажет екенін айтылады. Бұл оқушылардың сабақтың екінші кезеңіне өтуі үшін, яғнии екінші бөлімде "Менің досым" тақырыбына мәтін құрастырып, сол бойынша әңгімелей алуы үшін керек екені түсіндіріледі. Ары қарайғы жұмыс жоғарыда "ойға шабуыл" әдісіне берген сипаттамамызда көрсетілген кезеңдер бойынша, "ойға шабуыл" ұстанымдарын түсіндіру, ой-пікірлерді ұсыну және жазу т.с.с. бағытта жүргізіле береді. "Ойға шабуылдың" ұстанымдарымен таныстырғанда оқушылардың толық түсінгеніне көз жеткізу қажет. Оқушылардан алынатын жауап (ой-пікір) үлгілерінің түрлері мынадай болады: Менің досым... ақылды, ұзын бойлы, әдемі, кішіпейіл, ізетті, ақкөңіл, ұқыпты...

Осылай оқушылардың ой-пікірлері жиналып, мұғалім жиналған сөздерді сұрьштап, сабақтың келесі кезеңіне көшеді. оқушылар топтарға бөлінеді. Оларға өздері жинаған, сұрыпталған сөздер ұсынылады. Ұсынылған сөздерді тірек ретінде долдана отырып, оқушылар мәтін құрастырады, құрастырған мәтіңдері бойынша "Менің досым" тақырыбын әңгімелеп береді. Осылайша мұғалім тек ұйымдастырушы, бақылаушы ретіңде ғана көрінетін бұл сабақта оқушылар белсенділігі артып, шығармашылықпен жұмыс істеуте үйренеді.

9-лекция тақырыбы. Компьютерлік оқыту технологиясы

Лекция жоспары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]