Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_keshen.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.47 Кб
Скачать
  1. Интерактивті тақтаның жұмыс жасау мүмкіндіктері

Интерактивті тақтамен оқытудың әдеттегі оқыту әдісінен айырмашылығы көп емес. Мұғалім қолданатын технологиялық құралдарға қарамастан, сабақты сәтті өткізудің негіздері бірдей. Ең алдымен, кез-келген сабақтың белгілі бір мақсатқа және нәтижеге жететін нақты жоспары, құрылымы болуы керек. Мұның бәрі де оқушыға материалды жақсы меңгерулеріне көмектеседі және өз білетіндерімен сәйкестендіруге септігін тигізеді. Қалыпты мектеп сабағын, қазіргі педагогикалық және оқытудың ақпараттық технологияларын ескере отырып, интерактивті оқыту әдістерініц твмендегідей жетілу мүмкіндіктері бар:

1. Модельдерді жасау және көрсету, презентациялау.

Қажетті бағдарламаны қамтамасыз етіп, интерактивті тақтаға үйлестірім қолдану жаңа идеяларды тусінуді анағұрлым жақсартуы мүмкін.

2. Оқушыларды сабаққа белсенді түрде қатыстыру.

Сабаққа қатыстырып, қызықтыру интерактивті тақта қолдану есебінен ұлғаюы мүмкін.

3. Сабақтың қарқыны мен барысын жақсарту.

Интерактивті тақтаны қолдану сабақтың жоспарын, қарқыны мен барысын жақсартуы мүмкін.

Модельдерді жасау және көрсету, презентациялау

Интерактивті тақта - сыныптағы оқушьшардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін (визуалды) ресурс.

Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады.

Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндік зор. Сондай-ақ оқытушылар үшін абстракты ойлар мен концепцияларды түсіндіруде құнды құрал болып табылатыны анық. Тақтада оп-оңай ақпаратты өзгертуге болады немесе жаңа объектілерді жасауға, жылжытуға да тиімді. Оқытушылар өз қимылдарын түсіндіре отырып ойларын ауызша жеткізуге болады. Осылайша бірте-бірте оқушыларды қатыстыру арқылы идеяларды тақтаға жаздыруға ұласады.

Белсенді түрде қатыстыру

Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқытушылар оқушьшардың білімдерін тексере де алады. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалды жақсы түсінулеріне мүмкіндік туғызады.

Талдау жүргізуді басқара отырып, оқытушы оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауларьша жол сілтейді. Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді.

Сабақтыц қарқыны мен барысын жақсарту

Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады. Файлдар мен беттерді алдьш ала дайындап, қолданылатын басқа ресурстарға бекітуге болады. Құрылымы сол бұрынғы - интерактивті тақтаны қолдану, қолданбауы маңызды емес.

Соңғы уақытта біз білімді ақпараттандыру туралы жиі естиміз. Мұның астарында компьютеризациялау - бұл әдетте техникалық пәндерді оқытатьш компьютерлік оқу бөлмелерін құру десек болады. Бірақ «ақпараттандыру» термині анағұрлым кең түсінілуі қажет. «Интернетке шығатын информатика оқу бөлмесіне» қарағанда, ақпараттандыру нәтижесі айтарлықтай үлкен мүмкіндіктер туғызуы мүмкін.

Интерактивті тақта көмегімен оқыту, тек компьютермен және проектормен оқытуға қарағанда айтарлықтай әсерлілеу, өйткені оның бірнеше артық тұстары бар:

  • веб-сайттар және басқа да ресурстар қолдану есебінен материалды түсінікті, әсерлі етіп жеткізуді қамтамасыз етеді, сурет салу мүмкіндіктері бар және кез-келген қосымшалардың, әрі веб-ресурстардың үстінен жазуға көп уақыт шығындамай-ақ бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған кез келген жазуларды сақтауға, оны басьш шығаруға болады;

  • түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырады;

  • ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады, жеке және әлеуметтік дағдыларьн жетілдіреді;

  • оқытудың түрлі стильдерін қолдануды (белгілі бір қажеттілікке икемделе отырып, мұғалім барлық мүмкіндігі бар ресурстарға иек артуына болады);

  • сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді;

  • өтілтен материалды қайталау үшін мектеп желісінде пайдаланылған файддарды сақтауға мүмкіндік ереді;

  • сақталған файлдар негізінде меңгерілген материалдарды тексеруді жеңілдетеді;

  • педагогтар жасаған материалдарды қолдануды, бір-бірлерімен материал алмасуларын қамтамасыз етеді;

  • педагогтарды кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандырады.

Кез келген білім барысының назарында, мұғалім білімге жетелейтін оқушы тұр. Егер де оқушы «Керек» деген ынтадан «Маған қызық, менің білгім келеді» деген ынтаға келсе, онда бұл жолдың қуанарлықтай және жемісті болғаны. Бұл міндетті шешу оқыту барысында интерактивті тақта қолдануға себеп болар еді.

Білім беруде компьютерлік технологияның барлық мүмкіндіктерін интеграциялау оқушылардың өзіне және өз біліміне қатысты танымдық қызметін, шығармашылық талабын, белсенді бағыттарын ынталандыруға көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]