Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_keshen.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.47 Кб
Скачать

2 Модуль. Кәсіптік оқыту жүйесі, әдістері және құралдары

4-лекция. Тақырыбы: Дамыта оқыту технологиясы.

Жоспары:

1. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған дамыту оқыту жүйесінің маңыздылығы

2.Дәстүрлі және дамыта оқытудың салыстырмалы сипаттамасы

Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылықтың негізгі факторында мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілінде т.б. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптастырудың, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырады.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылады.

Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жасаған жүйенің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай бұл жүйенің әдіс – тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға нгіз болды. Дәстүрлі сабақтың әдістерінің мәні төмендегі 3 құрамдас бөліктермен анықталады:

1. Үлгіні көрсету.

2. Түсіндіру.

3. Бақылау, бағалау.

Яғни, мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң оны меңгеруге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгерілгендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.

Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жасаған жүйенің негізгі компоненттрі. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсініктік сияқты қасиеттер. Бала өз бойын қорықпай сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады, ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзеліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу, оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденді.

М ектеп өміріне еніп отырған жаңа технологияның ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялармен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы

Осы технологияны тиімділігіне тоқталатын болсақ:

1. Дамыта оқыту – жеке тұлғаны жетілдіреді, оның дамуына бағыт беріп, олардың әуестік, белсенділік, адамгершілік, батылдық сияқты қасиеттерін қалыптастырады.

2. Деңгейлеп саралау – мұғалімнің де, оқушының да белсенді шығармашылық қызметін дамытады. Сабаққа қызығушылығы артады, өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді.

3. Топтық оқыту – бірлесіп жұмыс істеуге, өз ойын дәлеледеуге, өз пікірін қосуға үйретеді. Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.

Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:

- дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады.

- оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді.

- пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады.

Дамыта оқыту технологиясын сабақ құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибеде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

Бағдарлау мотивациялық кезең.

Бұл кезең оқу міндетерін қою кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу. Оқушыларды жаңадан түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып бару үшін, өткен сабақтың материалдарымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа тақырыпты игеруіне қажетті тірек білімдерін актуаландырылады. Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдын-ала оқушылардың есіне түсіндіретін, толықтыратын, бірдей мәреге жеткізетін тетік сұрақтар мен тапсырмалар даярлайды.

Оқу міндеттерін айқындау.

Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле құралған сұрақтар легі арқылы мұғалім оқушылардың өздеріне оқу міндеттерін анықтауға басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай бет бұруына жағдай жасайдыдағы, жаңа тақырыпта танып білу мотивациясын қалайды.

Француз ғалымы Э.Брансуик білім беру саласындағы педагогикалық жаңалықтардың 3 түрін бөліп көрсетті:

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері мектептегі жаңару процестерін қызу қолдап, жаңалықтарды жылдам қабылда, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік танытуда. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан – жақты талдауға өз ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.

5-лекция. Тақырыбы: Қашықтан білім беру технологиялары

Жоспары:

11.1. Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары.

Телеконференциялар – бұл екі немесе одан да көп қатысушылардың өзара қарым-қатынасы ұйымдастыру үшін байланыстың электрогнды каналдарын пайдалану процесі. Телеконференция процесінде дыбыс, бейне немесе компьютерлік ақпараттар жеткізіледі. Телеконференцияға жіберілетін хабарлар оның барлық қатысушыларына бірдей жеткізіледі де, сол арқылы бұл процесті дөңгелек стол айналасындағы сұхбат алмасуға ұқсатып отырады. Әрбір конференцияға тематиканың, этикеттің бұзылмауын қадағалап отыратын координатор басшылық етеді.

Телеконференция – аудиоконференция, бейнеконференция және компьютерлік конференция сияқты түрлі технологияларға қатысты айтылатын жалпы термин.

Аудиоконференциялар – қатысушылар дауыстық коммуникацияға түсетін телеконференцияның бір түрі. Аудиоконференцияларды сандық, сонмен қатар аналогтық байланыс жүйелерінде ұйымдастыруға болады. Аудиоконференциялар біржақты бейнеқатынастарда, спутниктік телевидениеде, сондай-ақ селекторлық кеңестер ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

Бейнеконференциялар – бұл қажетті аппараттық – бағдарламалық кешендермен қамтамасыз етілген екі немесе одан да көп нүктелер арасында бейнекөріністермен немесе дыбыстық ақпараттармен алмасу әдісі. Оған қатысушылар бір-бірін шынайы уақыт аралығында көре және ести алады, сондай-ақ, ақпараттар алмасып, оларды біріге отырып өңдей алады. Мұндай жүйе оқушылардың оқытушымен тікелей қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беріп, олардың уақытын үнемдейді, жолға кететін шығындарын болдырмайды, жұмысының нәтижесін жоғарылатады.

Іс жүзінде кез-келген ақпарат түрін тез және оңай түрде жеткізе алу мүмкіндіктерін ескерсек, бейнеконференцияларды қашықтан білім беру жүйесін ұйымдстырудағы ең тиімді технология ретінде қарастыруға болады.

Компьютерлік телеконференцияларға – жүздеген және мыңдаған Internet жүйесін пайдаланушылар қатыса алады. Конференцияғк қатысу технологиясы өте қарапайым – адресін теріп алсаңыз болды. Конференцияға қатысушының компьютері экранында оған қатысушы өзге мүшелердің пікірлері мен айтқан сөздері көрініп тұрады. Хабарламалар мен пікірлер экранда өте тез пайда болғанымен телеконференцияларды синхронды құралдар қатарына толықтай қосуға болмайды. Бұл технология өте үлкен көлемді хабарландырулар тақтасын еске түсіреді. Сол хабарландырулар тақтасындағыдай мұнда да ақпарат көздері біраз уақыттар бойына сақталып тұрады. Керек болған жағдайда оған қайттып оралып, хабарламаларды қарап отыруға болады

Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары.

Қашықтан оқытудың білім берушілік үрдісіне келесі оқыту құралдары қолдаылады:

  • Баспалық шағарылымдар;

  • Электрондық басылымдар;

  • Кәдімгі және мультимедиалық варианттардағы компьютерлік оқытушы жүйелер;

  • Оқу-ақпараттық аудиоматериалдар;

  • Оқу-ақпаратт бейнематериалдар;

  • Қашықтан жүргізілетін лабораториялық практикумдар;

  • Тренажерлар;

  • Алыстан қол жеткізілетін (удаленный доступ) білімдер мен ақпараттар базалары;

  • Электрондық кітапханалар;

  • Эксперттік оқыту жүйелеріне негізделген дидактикалық материалдар.

  • Геоинформациялық жүйелерге негізделген дидактикалық материалдар;

  • Компьютерлік жүйелер.

Қашықтыққа ақпараттар жеткізу технологиясы бойынша қашықтан оқытудың мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады;

  • баспалық материалдарды посты арқылы тарату )дәстүрлі сырттан оқыту формасына тән);

  • Аудио-бейнетаспаларды және СD-ROM – жүйелерін тарату;

  • Интерактивту ТВ мен бейнеконференциялар арқылы тарату;

  • Телеконференциялар, IRC, MOO, MUD (Internet жүйесі базасында) арқылы;

  • Электрондық поста және тарату қағаздары арқылы (Internet жүйесі базасында) тарату;

  • W W W арқылы тарату.

Соңғы кездерде Internet технологиясы басқа формаларды ығыстырып шығаруда. Бұл құрылыс үш жағдайға байланысты:

1.Кез – келген оқу моделін неғұрлым арзан және ыңғайлы құралдармен бейнелеуге мүмкіндік беретін Internet – технологиялардың техникалық тұрғыда дамуы;

2. Internet жүйеге қосылу құнының төмендігі.

Кейбір жүйелер оқу ақпараттарын алу тәсілдері бойынша ажыратылады:

1.синхронды оқу жүйелері;

2.асинхронды оқу жүйелеру.

Синхронды оқу жүйелері оқу процесіне оқушы мен оқытушының бір мезгілде қатысуын қарастырады. Бұд жүйелерге:

  • интерактивті теледидар;

  • бейнеконференциялар;

  • компьютерлік телеконференциялар,

  • IRC;

  • MUD;

  • MOO жатқызылады.

Асинхронды оқу жүйелері оқушы мен оқытушының оқу процесіне бір мезгілде қатысуын талар етпейді. Оқушы сабақтың уақыты мен жоспарын өзі таңдайды. Қашықтан оқытуда мұндай жүйелерге баспалық материалдар негізіндегі, аудио – және бейнетаспалардағы, электрондық почталардығы, W W W, FTR курстары жатады.

Қашықтан оқытуда, сондай-ақ, синхрондық жүйенің де, асихнрондық жүйенің де элементтерін пайдаланатын аралас жүйелер де қолданылады.

Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары.

Оқыту – білім алудың және шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырудың мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылған үрдісі,ал білім беру – бұл тұлғаны оқытудың нәтижесі.

Қашықтан оқыту – бұл оқытушы мен оқушы бірге бола алмаған жағыдайда белгілі бір ара қашықтықта оқыту тәсілдері. Тарихи тұрғыдан ашып қарасақ қашықтан оқыту бұрын срттай оқыту деп аталатын еді. Ал, бүгінгі күні бұл –байланыс каналдары арылы байланысатын аудо, бейне және компьютерлік жүйелерді қолданатын оқу құралдары. Күндізгі және сырттай оқу формалары сияқты қашықтан оқыту да білім беру процесінде оқытудың компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларына негізделген ең озық және дәстүрнлі инавациялық әдістері, формалары мен құралдары қолданылатын білім алудың бір формасы болып табылады.

Қашықтан білім беру – қашықтан оқытумен тығыз байланысты. Қазіргі күнгі ғылыма қашықтан білім беру – бұл білімді қолма- қол беру процесі ( ол үшін оқу орталығы мен оқытушы жауапты), ал, қашықтан оқыту – бұл білімді қабылдау процесі ( бұған оқушы жауапты) деген ұғым қалыптасқан.

Қашықтан білім беруде білім беру процесінің негізін өзіне ыңғайлы жерде, арнаулы оқу құралдары мен өзіндік сабақ кестесі және оқытушысымен телефон, электрондық почта арқылы байланысу мүмкіндігі бар оқушының бір мақсатқа бағытталған және бақыланып отыратын қарқынды өзіндік жұмысы қорғайды.

Қашықтан білім беру- жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедия жүйелері негізінде күндізгі, сырттай және кешкі оқыту жүйелерінің элементтерін біріктіретін, ерекше, жетілдірілген форма. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық және электрондық басылымдар құралдары дәстүрлі оқыту формаларының жағымды жақтарын сақтай отырып ,олардың жетіспейтін жерлерін толықтыруға мүмкіндік береді.

Қашықтан оқыту жүйесі міндетті түрде төмендегідей функциялардың орындалуын қамтамассыз етуі тиіс:

  • Оқушыларға ақпараттық технологиялардың көмегімен үйренілетін матириалдардың негізгі бөлігін жеткізу;

  • Оқыту процесі барысында оқытушы мен оқушының өзара интеракңтивтіок қарым- қатынасы;

  • Оқушыларға зерттелетін оқу материалын игеруде өзіндік жұмыс мүмкіндіктерін қамтамассыз ету;

  • Оқу процесі барысында оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағалап отыру.

Қашықтан білім берудің ерекшеліктері.

Икемділік.Оқушылар көп жағыдайда лекция, семинар түріндегі сабақтарға қатыспайды.Әркім өзі таңдап алған мамандықты қажетті деңгейде игеру үшін өзіне иғана керекті мөлшерде білім алады.

Модулдік. Қашықтан оқыту бағдарламаларының негізіне модулдік принцип салынады. Оқушылар игеретін әрбір пән немесе пәндер жүйесі белгілі бір ғылым саласы туралы тұтас ұғым қалыптастырады. Ал, мұның өзі бір- біріне тәуелсіз оқу курстарынан жеке немесе топтық талаптарға жауап беретін оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді.

Параллелділік.Оқыту процесі негізгі кәсіби қызыметтің оқумен қатар жүруіне мүмкіндік береді, яғни, өндірістен қол үзбеуге жағыдай жасайды.

Алыстан қызымет көрсету мүмкіндігі.Оқушы мен білім беретін мекеме арасындағы қашықтық тоиімді білім беру процесіне кедергі болмайды.

Қамту.Бұл ерекшелікті кейде «көпшілікті қамту» деп атайды.

Рентабелділік. Қашықтан оқытудың бұл ерекшелігі оның экономикалық тұрғыдан тиімділігімен айқындалады.Шетелдік қашықтан оқыту жүйелерін бағалау олардың дәстүрлі жүйеге қарағанда 10- 50-ға арзанға түсетін көрсетіп отыр. Бұл, әдетте, оқу алаңдарын және ақпараттық технологиялардың техникалық құралдарын тиімді қолдану, сондай-ақ, оқу матириалының неғұрлым шоғырландырылған және бір жүйеге келтірілген мазмұнын қолдану, ҚОЖ технологиясының өте көп тыңдаушылар санына бағытталғандығымен түсіндіріледі.

Жаңа ақпараттық технологиялар. Қашықтан оқыту жүйесінде басым түрде жаңа ақпараттық технологиялар( компьютерлер, аудио- бейнетехника, телекоммуникацйялардың жүйелері мен құралдары т.б.) қолданылады.

Қашықтан оқытудың түрлері.

  • Баспалық материалдарды почта арқылы тарату(дәстүрлі сырттан оқыту формасына тән);

  • Аудио- бейнетаспаларды және CD-ROM жүйелерін тарату;

  • Интерактивті ТВ мен бейнеконференциялар арқылы тарату;

  • Телеконференциялар,( Internet жүйесі базасында) арқылы;

  • Электрондық почта және тарату қағаздары арқылы. тарату;

  • WWW арқылы тарату.

6-лекция. Тақырыбы: Модульдік оқыту және рейтинг-бақылау жүйесінің ерекшеліктері.

Жоспары:

12.1. Оқу модулінің оқу цикліндегі құрамды бөлігі.

12.2. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.

12.3. Модуль танымдық және кәсіптік оқыту бөлімдеріне бөлінуі.

Модуль дегеніміз – міндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді құрастырудың негізіне пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәйкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы – модульде: тапсырма, жұмыс, оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі – бәрі-бәрі өлшеніп, бағаланып отырады.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу және қорытынды.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Бұдан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-12 минут ішінде) сызба, кесте, т.б белгілік үлгілерге сүйене отырып түсунду.

Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайым күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шағармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.

Сөйлесу (әңгімелесу) бөлімінде танымдық процесс негізінен, сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара белсенді әрекет етуіне сәйкестендіріп құрылады.

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді сабақ формаларын (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар т.б.) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатында, кейіннен – алынған білімді талдау, бекіту және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3,4-ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.

1-ші деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне – интеллектуалды және креативті дарынды балаларға арналған шығармашылық пен ізденушілік сипаттағы тапсырмалар («стандарттан жоғары»). 2-ші деңгей – стандарт талаптарына сай алған білімдерін талдау және қолдану деңгейіндегі тапсырмалар («стандартты»), 3-ші деңгей – білім стандарттарының талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар ( «жеңілдетілген» стандарт ).

Оқушылар кез-келген деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындай алу шамасына қарай таңдуға ерікті. Жеңілдетілген деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінен-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады. Олар – кеңесшілер, жүргізушілер т.б. рольдерді атқара алады.

Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқыту, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау, жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданып, оқу модулінің осы бөлімінде беріледі.

Модуль оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу-танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамасыз етеді.

Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарды жүйелейтін болсақ, модульдік оқыту технологиясы құрылымының мынадай нұсқасын көреміз:

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

  2. Сыныпта мазмұны жақын тақырыптар тобе немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру.

  3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша бандауы (белгілер жүйесі – сызбалар, сұлбалар, кестелер, т.б.негізінде).

  4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.

  5. Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.

  6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу.

  7. Тақырып бойынша қалыпты сынақ (өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы, т.б.).

Оқу модулін құрудің тағы бір ерекшелгі – мұғалімнің даярлық жүйесі. Ал педагогикалық процесс барысында ол фасилитатор, кеңесі және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмунын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.

Мұғалімнің алдын ала жүргізетін жұмысы төмендегідей әрекет-қадамдардан тұрады:

1-қадам: Берілген тару, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді айқындау.

2-қадам:Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып зерттеу.

3-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны беретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.

4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар! Негізінде).

5-қадам: Оқу модулін тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).

6-қадам: Берілген модульдегі оқу материалыны тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру (оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты сынақты алмастыруға болады).

7-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделу дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.

Модульдік оқыту технологиясында оқушылардың оқу қызметінің нәтижелерін бағалаудың, өзін-өзі және бірін-бірі бағалаудың мәні зор.

Оқушылар білімін бағалау баллдық жүйемен жүреді, онда әрбір оқушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсрыма беріледі. Олар шартта белгілермен көрсетіледі:

I деңгей

II деңгей

III деңгей

«5»

О

«5»

«5»

«4»

О

«4»

«4»

«3»

О

«3»

«3»

Баға – бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу жұмысының барысына, оның формасы мен мазмұнына, оқушы жауаптарының жылдамдығы мен нақтылығына мұғалімнің жекелеген бағалаушылық – мағыналы сөздері (парционалдық бағалар) ықпал етеді.

Өзін-өзі бағалау да адамның өзін-өзі жүйелеп, ісін ретке келтіру құралы болып табылады және өз нәтижесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады.

Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда бірін-бірі бағалау әдісін қолдануға болады.

Сонымен талқылауға ұсынылып отырған бұл технология:

- оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

- Таным процестерін дамытуға;

- Белсенді сөздік қорын, ауызша және хазбаша тілін дамытуға;

- Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жәңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі белсендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға әсер ететіні сөзсіз.

Төменде көрсетілген кестеден модульдік оқыту технологиясының оқушы тұлғасына және оны дамытуға ықпалын байқауға болады.

Оқушы тұлғасының қасиеттері

Әсер ету формасы

Модульдік оқыту технологиясының негізгі элементтері

1.Танымдық процестер

Жады

Зейін

Д а м ы т а д ы

О менгерілген ұғымдар мен түсініктерді «қапшыққа»салып, есте сақтауға мүмкіндік беретін белгілік үлгілерге, сызбаларға сүйене отырып, оқу материалын түсіндіру;

О адамның екі сигналдық жүйесіне сүйену: сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқушы оқу материалын оқиды, тыңдайды, жазады, дауыстап айтады;

О сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында әртүрлі күрделілік деңгейіндегі оқу материалына бірнеше рет қайта оралу;

О оқыту белсенді формалары – ойын арқылы оқыту, пікірталас, жеке және топтық жұмыс түрлері;

О әрбір оқушының өз еңбегінің соңғы нәтижесіне деген қызығушылығы;

О оқулықтарды оқу құралдарын және басқа қосымша әдебиеттерді пайдалануды талар ететін оқу материалымен жұмыс жүйесі;

О адамның екі сигналдық жүйесіне сүйені;

О әр бір оқушының нәтижеге қол жеткізуіне бағытталуы (модульдің сөйлесу бөлімінде үш деңгейлік тапсырмаларды пайдалану және білім дәрежесін бағалайдың шартты «тоғыз баллдық» жүйесіне көшу).

-Ойлау

-Елестету

-Қабылдау

-Танымдық, шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыру

дамытады

О тапсырмаларды сатылар беру – сөйлесу бөлімінде оқушыларға берілетін 1 деңгей тапсырмалары (шығармашылық);

О оқытудың пікірталастық, ойын формалары пайдалану;

О технологияда ізденушілік (зерттеушілік) оқыту элементтерін пайдалану;

2.қажет-тілектерін қанағаттандыру

-қаупсіздік (тұлғаның негізгі қажеттілігі)

-сыйласу, өзін өзектілендіру, өзін-өзі бекіту (негізгі қажеттіліктер)

-өзара қатынас, ойын қажеттілігі

-қиындықтарға дайын болу және оны жеңу

Қанағаттандыруға мүмкіндік береді

О оқытудың белсенді формалары;

О жеке тәртіппен жұмыс істей мүмкіндіге;

О білім дәрежесін бағалаудың тоғыз баллдық жүйесі;

О тапсырмаларды саралар беру;

О сабақтағы өзара көмек, өзара бірлескен қызмет;

О өзара сөйлесу, серіктестік қарым-қатынас;

О өз білімін бақылау, өзін-өзі тексеру;

О сөйлесу бөлімінде өзін-өзі және бірін-бірі тексеру және бақылау жүйесі;

О оқытудың ойын формалары;

О өзара сөйлесу, оқушылардың өзара қатынасы;

О оқу модулінің сөйлесу бөлімі әрбір оқушының қорытынды бөліміне қиындықсыз және тиімді өтуін қамтамасыз етеді.

3.Танымдық қабілеттер

дамытады

О тапсырмаларды үш деңгейлік саралап беру;

О Б.Блумның таксономисын пайдалану;

О білім дәрежесін бағалаудың тоғыз баллдық жүйесі (деңгейлер бойынша);

О тұлғалық – бағыттылған формалар;

О сөйлесу бөлімінің сабақтарын ұйымдастыру;

4.Белсенді сөздік қоры (ауызша және жазбаша тілі)

Дамытады

О тұрақты түрде өзара сөйлесу, ортақ тақырыпқа әңгімелесу;

О сөйлесу бөлімінің сабақтарында адамның екі сигналдық жүйесіне сүйену

5.Оқуға жағымды қызығушылық

Д амытады

О танымдық қызметтен қанағаттанып құаныш сезіміне бөлену (оқу модулінің сөйлесу бөлімінің сабақтарындағы «екіліксіз» оқу, «өз деңгейіндегі» жұиыс істеу мүмкіндігі, ойынға қатысу, қорқыныш сезімінің жойылуы, өзіндік және өзара бірге дайындалу мүмкіндігі, субъект-субъект қатынастар);

О сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауға «тәтті лимон» және «көк жүзім» қағидаларын пайдалану

Сонымен, қорыта келе, грек тілінен өнер туралы ғылым мағынасын беретін технология ұғымы педагогикалық процесінде катализатор қызметін атқарады деуге болады. Әрине, оның нәижелі болуы педагогтың шеберлігіне, оқушылар контингентіне, тіпті оқушылардың таным ерекшеліктері мен көңіл-күйіне де байланысты екені сөзсіз.

Мөдільде берілген бөліктің оқу мақсаты, тапсырмалары мен деңгейі өте анық айқындалған, оқушы игеруі тиіс дағдылар мен біліктер аталып көрсетілген. Модульдік оқытудв оқу материалын үйренудің реті, игерілуге тиісті негізгі ұғымдар, дағдылар мен біліктер, материалды игерудің деңгейі мен сапасы – барлығы алдын-ала жоспарланып қойылады. Модульдердің саны пәннің ішкі ерекгеліктеріне, сонымен қатар оқытудың қажетті бақылау жиілігіне де бейланысты. Модульдік оқыту – рейтінгілік бақылау жүйесімен тығыз байланысты. Модуль неғұрлым ірі және маңыздырақ болса, соғұрлым оған баллдар саны көбірек беріледі.

Пәннің базалық мазмұны ұғымы құрамында базалық мазмұнды блоктар логикалық бір жүйеге келтірілген оқу модулі ұғымымен тығыз байланысты.

Базалық ұғымдар негізінде (тезарус, яғни, оқу пәнінің мәнін құрайтын негізгі мағыналық бірліктер, терминдер, ұғымдар, заңдар) – модуль бойынша істелетін істердің барлығын қамтитын және модульді оқып біткеннен кейін бақылауға (әдетте, тест түрінде) алынатын сұрақтар мен тапсырмалар құрастырылады.

Әрбір модуль қарастырылып болғаннан кейін тест бақылауының нәтижелері бойынша оқытушы студенттерге қажетті рекомендациялар (ұсыныстар) жасайды.

7-Лекция тақырыбы: Кредиттік технология

Жоспары:

1. Қазіргі күні жоғары кәсіптік білім беру саласын модернизациялау.

2. Білім берудің ашық жүйесін құру.

3. Кредиттік технологияның ерекшелігі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]