Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_keshen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.47 Кб
Скачать

Ф-ӘД-001/026

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР КАФЕДРАСЫ

Pio4305 Кәсіби оқытудың инновациялық технологиялары пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Түркістан

Лекция тезистері

1 Модуль. Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар мен әдістемелер

1-лекция. Тақырыбы1.Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар мен әдістемелер

Қазіргі кезеңдегі психологиялық, педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына “жаңа компьютерлік технологияларды” енгізумен бірге келген “технология” деген ұғым жиі кездеседі. Ұғымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ және Анлияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүние жүзі елдеріне тарады.

«Технология » ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым – қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.

«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне» - өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.

Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды карастырып көрелік:

Технология дегеніміз - белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.

Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз - оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз - білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.

Технология дегеніміз - тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.

Технологияның анықтамалары:

  1. Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, олардың арасындағы білім беруде неғүрлым жоғары жетістіктерге жету үшін қарым қатынасты, бүкіл оқыту үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, бағалауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары;

  2. Материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру

тиімділігін арттыратын білім беру үрдісінің принциптерін айқындау және тиімді тәсілдерін жасау.

ЮНЕСКО-ның құжатында педагогикалық технологияға мынадай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз – бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технологиялар» терминін енгізді. Жаңашыл-педагогтардың негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Осы орайда, жаңашыл-педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы, М.Монтессори технологиясы, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т.б.

Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғьмды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.

Оқу-тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі - мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады.

Осыған орай, жалпы білім беретін мектеп мүғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың алғы шарттарын жасаған болатынбыз:

Мектеп мүғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; практикада дұрыс қолдану.

Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді талап етеді. Осыған орай, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқу-тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана, біз саналы да білімді азамат тәрбиелей аламыз. Ал, қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп мүғалімдерінің жаңа технологияларды пайдалану практикасын дамытсақ, мұғалім оны өз сабағында орынды пайдалану арқылы еңбек тәжірибесін дамыта алады. Оқушылардың қабілеттерін арттырып, сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, өздеріне сенімді, білімді азамат етіп тәрбиелей алады.

Педагогикалық технологиялардың жіктелуі

Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктеме берілген:

  • Оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б.Т.Лихачев);

  • Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В.П.Беспалько);

  • Оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, үйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі (В.М.Монахов);

• Педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталдық және әдіснамалық кұралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М.В.Кларин).

Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар, бұл: «педагогикалық технологиялар» - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудын өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды» (М.М. Жанпейісова).

Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы Ш.А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, В.М. Монаховтың, В.П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымал.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтың, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайыровтың, С.Лактионованың, М.Жанпейісованың, Ә.Жүнісбек пен Қ.Нағымжанованың, С.Көшімбетованың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылды.

Соның бірі - деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы

Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын оқу процесіне енгізуді пән бойынша күнтізбе жоспарын жаңаша құрудан бастайды.

Технологияның келесі бір маңызды қасиеттері — нәтижелілігі және қолдануға жарамдылығы.

Бір технологияның екіншісінен айырмасы - оны қолданудың кәтижесінде оқушының дамуында, тәрбиесінде, білім алуында байқалатын жағымды өзгерістер. Нәтижелілік дегеніміз осы.

Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтері және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеу және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірынғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.

“Білім беру” ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар егер олар білім берудің мақсатына-біртұтас педагогикалық процесті тұтас тұлғаның қалыптасуына қызмет еткен жағдайда анықталатындығын көрсетеді. Демек педагогикалық технология егер ол “педагогтар - оқушылар” жүйесінің ерекшелігіне оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық процесс болатындығына негізделе отырып жасалған.

Қазіргі уақытта педогогикалық технология ұғымы әртүрлі түсіндіріледі Көп тараған анықтама В.П.Беспалько ұсынған: ол педогогикалық технолгия оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негіздер) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүикіндік береді. Педогогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қортынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин В.С), демек педогогикалық технологияда осы педогогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.

Педагогикалық технологияға берілген басқа да анықтама бар, ол:оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастырумен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В. М. Монахов) барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өз ара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қортындылау (Г.К. Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А. Реанның көрсетуіне білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелік іс-әрекеттеріне ол мақсат мазмұн әдістерін ұйымдастырудың белгі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстарына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.

Г.М.Құсайыновтың себебіне педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа ол мұғалімнің жоспарланған оқытумен тәрбелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстазлың басшылығымен өзінің және өзара оқыту бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттіңсол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады

В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген, ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әректтің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық процестің белгілі ьір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі әс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективтік өзара байланыстағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне педогогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен айырмашылығы, үзгешігі осыдан түрады. Егер әдістеме «Әдістеме» деген ұғым оқытумен тәрбиелеу әдістерін оны жүзеге асырушы әректінен тыс тұтаас комплектісі қолдану процедурасын көрсетеді, онда педогогикалық технология оған ұстаз тұлғасының барлық жақтарымен көптеген көріністерімен ұйғарады. Сірә осыдан, қандайда болмасын педогогикалық міндет тек қана оған сай кәсіби маман ұстаздың жүзеге асыратын технолгогиялар көмегімен тиімді шешіліуі мүмкін.

Демек барлық педогогикалық технологиялардық негізгі мәні туралы пікірлердің қарама-қарсылықтарына қарамастан оны сабақ берумен ұстаздың жоспарлаған мақсаттары мен оқушылардың іс-әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі ретінде түсіндіруге болады

2-лекция: Тақырыбы: Инновациялық оқыту технологиясы

Жоспары:

1.Инновациялық білім беруді ұйымдастыруда акмеологиялық көзқарас.

2. Инновациялық білім беру міндеті.

3. Инновациялық білім беру міндеті.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қаланованың, Ж.Қараевтың, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайыровтың, С.Лактионованың, М.Жанпейісованың, Ә.Жүнісбек пен Қ.Нағымжанованың, С.Көшімбетованың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылды.

Инновациялық үрдістің негізі- жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кездерде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.

Жаңа педдагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін артырудда көмектеседі.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер қажет:

І кезең-оқып үйрену; ІІ кезең – меңгеру; ІІІ кезең- өмірге ендіру; ІV кезең – дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

-оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

-оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.

Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік , ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу , пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеуге қол жеткізу , оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.

Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндікберетін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысында танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін , жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

Оқу тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі(Л.Занков Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.

Жаңа технологиялардың педпгогикалық негігі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық икемдігін дамыту; әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу ; оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазыргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер жатады:

-білім беру жүйесін жаңаруы, яғни жоғарғы оқу орындарының несиелік оқу жүйесіне көшуі және орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі;

-білім беру мазмұнының іздендірілуі;

-мұғалім мен оқушыларға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастырылуы, яғни, оқушы тек білім тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субьектісі де.

Көптеген мектептер жаңа оқыту тәрбйелеу үрдісін енгізе бастады. Алайда, мектептердің жылдам даму қажеттілігін талабы мен педагогтердің оны іске асырудағы білімінің жетіспеушілігі арасында алшақтық байқалады. Ал білімді меңгеру деңгейіне қойылатын талапты төменгі сызбадан көруге болады.

IV шығармашылық

III эвристикалық

II алгоритмдік

I Оқушылық

Қазіргі технологияда білімді меңгерудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Блум жүйесі жиі пайдаланып жүр.

Блум жүйесі

Оқушы іс-әрекеті

Білім

Қабылдайды, түсінеді, ойлайды.

Түсінік

Түсінеді, көрсетеді, жазды.

Қолдану

Жаңа мәселені шешеді, бұрынғы білімді паудаланады.

Анализ

Салыстырмалы, ашады, талдайды, ойлайды, т.б.

Синтез

Продуктивті, шығармшылық жұмыстар құрастырады.

Баға(сыни баға)

Бағалайды, талқылайды.

Енді осы моделге түсінік бере кетейік.

І. Оқушылық деңгейде бала мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды. Алдыңғы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғыбілімдерін пайдаланады.

ІІ. Алгоритмдік деңгейде мақсат пен шешілуге тиіс жағдаят анық, оқушы бұрынғы жинақтаған білімін пайдалана отырып мақсатқажету үшін эз бетімен жұмыс істейді.

ІІІ.Эвристикалық деңгейде мақсат анық бірақ жағдаят түсініксіз оныоқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұнда да бұрынғы білім көмеке келеді.Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімен ала алады.

IV . Шығармашылық мақсат жалпылама анық емес,. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі.

Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес . Қазіргі технологияда “миғашабуыл”, дебат, модель арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданылады.

Инновациялық оқыту технологиялары.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы – тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама-қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан (жан-жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға – адамның өзін-өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.

Сонымен, жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты нәрсе-бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаныфң қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рольге ие.

ЮНЕСКО –ның халықаралық симпозиумында қабылданған меморандумда бұл жайында былай делінген: «... Фундаменталды ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемінің қазіргі заманғы ғылыми – жаратылыстанушылық көрінісінен тұтас хабардар етуі, кәсіби қызмет нәтижелерін бағалаудың ғылыми негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс».

Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе, студенттің басты мақсаты – көптеген пәндерден, олардағы ұшан-теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәндік көзқарас жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдардың синтездік жиынтығын қарастырады.

Инновациялық білім беруді ұйымдастыруда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмеологиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология («акме» – грек сөзі, «шың», «төбе», «бір нәрсенің еңбиік басқышы» дегенді білдіреді) – зерттеу объектісі өмірдің әртүрлі өзін-өзі көрсету сфераларында өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі жетілдірушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер кешені, ғылыми білімдердің жаңа аймағы.

Акмеологияның пәні – адамның шығармашылық потенциалы, субъектінің өзін-өзі жетілдірудің, айқындалуының түрлі деңгейлеріне, шыңына жетуінің заңдылықтары мен шарттары.

Акмеологияның міндеттері – субъектіні түрлі қызмет салаларында, сонымен бірге таңдап алынған кәсібі саласында оның табысты жетілуі, дамуы үшін қажетті білімдермен және технологиялармен қамтамасыз ету.

«Акме» - кәсіпкерліктің шыңы – жұмыстың жоғары нәтижелерінің тұрақтылығы – сенімділігі. Кәсіби жұмыс жасау – қатесіз, жаза басусыз, олқылықсыз жұмыс деген сөз. Өзін-өзі дамыту – кәсіби шеберліктің шыңына апаратын жол.

Міндет – барлық оқушыларға өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өздігінен оқу мен өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, себебі, бұлар «акме» деңгейіне жетудің негізгі факторларды. Алайда, бұл акмеологиялық факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері (мотивациясы) болуы мүмкін. Оқытушының міндеті – студенттерге олардың мотивтері мен қажеттіліктерін қалыптастыруға көмектесу. Түрлі білім беру технологияларының да басты міндеті осында.

Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына – жеке тулғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды, кәчіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.

3-лекция. Тақырыбы: Ақпараттық технологиялар

Жоспары:

1. Қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтездеу.

2. Пәннің жалпылама логикалық консту\рукциясын жобалау алгоритмі.

3. Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары.

Соңғы жылдары «компьютерлік технологиялар» деген ұғым «ақпараттық технологиялар» терминімен алмастырылуда. Бүкіл ақпараттық технологиялар компьютерлік оқытумен байланысты. Қазіргі күннің қажеттілігі – қарқынды күшейте (интенсивті) оқытудың ашық жүйелерін жасау және қолдану. Бұл жүйелер студентке өзіне тиімді оқыту технологиясын таңдап алуына және жеке даму бағдарламасын құруына мүмкіндік береді. Бірақ, қарқынды күшейте оқытудың ашық жүйелерін синтездеуді іске асыру төмендегідей шарттарлы орындағанда ғана мүмкін болады:

- Оқыту үрдісі жүргізілетін ортаның сипаттарын жан-жақты есепке алу; педагогикалық ортаның мазмұндық сипаты студенттердің білім, білік, дағдыларымен, танымдық және мәдени потенциалымен, оқуды және өздігінен жұмысты ұйымдастыруының әдістерімен және формаларымен анықталады;

- Оқыту үрдісінің студент жеке тұлғасына қатысты бейімделу принципінің ұсталуы: бұл принцип практикада студенттің пәндіигеруінің тармақталған бағдарламасын жасау арқылы іске асады (пәннің ішкі және сыртқы модульдерін құрастыру);

- Студенттің жалпы ғылымдық және арнаулы білімдерді қысқаша түрде, базалық білімдер берілген пәннің «логикалық конструкциясын» жобалау арқылы жеке игеруін жылдамдату принципі.

Пәннің жалпылама логикалық конструкциясын жобалау алгоритмі төмендегідей процедуралардан тұрады:

  1. Мазмұнды бөлек элементтер жүйесі түрінде елестету қарастыру;

  2. Базалық білімдерді бөліп қарастыру үшін элементтердің өзара байланысының матрицасын жобалау;

  3. Базалық білімдерді символдық, графикалық т.б. турлерде модельдеу;

  4. Базалық білімдерді неғүрлым жалпы ұғымдар мен олардың арасындағы жүйелік байланыстарды анықтау үшін қайта жасақтау;

  5. Ғылыми білімінің берілген бөліміне тән танымдық қызметтің жалпы құрылымын қалыптастыру;

  6. Жалпы әдіс-құралдармен шешілетін жеке тапсырмалар жүйесін жасау.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы – тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама-қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан (жан-жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға – адамның өзін-өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.

Сонымен, жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты нәрсе-бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаныфң қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рольге ие.

ЮНЕСКО –ның халықаралық симпозиумында қабылданған меморандумда бұл жайында былай делінген: «... Фундаменталды ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемінің қазіргі заманғы ғылыми – жаратылыстанушылық көрінісінен тұтас хабардар етуі, кәсіби қызмет нәтижелерін бағалаудың ғылыми негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс».

Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе, студенттің басты мақсаты – көптеген пәндерден, олардағы ұшан-теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәндік көзқарас жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдардың синтездік жиынтығын қарастырады.

Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль бойынша құрастырылған: “Педагогтың ақпараттық құзырлығы” және “Оқытудағы ақпараттық технологиялар”.

Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:

1.қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).

2.ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.

3.өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]