6. Ойлауды дамыту және тәрбиелеу.
Бала өз өмірінің алғашқы күнінен бастап, түйсінуге және кейбір сезімдерді білдіруге қабілетті. Бірақ ол әлі де ойлай алмайды, жас шамасына қарай, тәжірибенің жинақталуына байланысты оның іс-әрекетінде, тілдік қарама-қатынасында, оқыту және тәрбие үрдісінде дами бастайды.
Ойлау үрдісі ойлау түрінде-пікірлердің және ұғымдардың түрінде қарастырылады және байқалады, балаларда сөйлеуді меңгеру деңгейіне байланысты дами бастайды. Бірақ ойлаудың алғашқы көріністері қабылдаулармен елестетулерге негізделген, іс-әрекетінде байқалады, балалардың тілді меңгергеніне дейін аңғарыла бастайды.
Бір жас шамасында балалар үлкендердің оларға бағытталған сөздерін түсінеді. Үлкендердің «Стол қайда?»-деген сұрақтарына: сол заттарға бұрылып қарай бастайды немесе бұл заттарды қолымен көрсетеді.
Баланың ойлауы, екінші жылдан бастап, пікірлер түрінде қалыптаса бастайды. Қоршаған ортадағы адамдармен сөздік қатынасқа ене отырып, бала ойлаудың мазмұны мен түрлерін жақсы меңгереді. Болашақта баланың ойлауы оның тілінің дамуымен бірлікте дамиды.
Мектепке дейінгіден бұрынғы кезеңде балалардың ойлауы әлі де шектеулі болады.
Бала негізінен сол бойда қабылдайтын заттар туралы ойлайды. Осы кезеңде балада ойлау операцияларын олардың күрделі емес сөйлеу тілінен аңғаруға болады. Бір уақытта ойлау операциялары қабылданатын заттармен, іс-әрекеттерінде іске асады. Балалар заттар құбылыстарды салыстыра біледі. Мәселен, заттарды бірінің үстіне бірін салып, ойша құрастыра немесе талдай біледі, мысалы, өз ойыншықтарын тас талқан қылып бөлшектерге бұзып, ойша қайта жинақтайды, кубиктерден үй жасай біледі, кубиктерді түстеріне қарай талдай және жинақтай біледі.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың ойлауы негізінен заттық-әрекеттік және заттық-көрнекілік болып табылады. Тәрбиенің әсерімен тәжірибе мен білімнің жинақталуы және болашақта жалпы ақыл-ойының дамуына байланысты мектепке дейінгі жастағылардың оған дейінгілерімен салыстырғанда ойлауы өте мазмұнды болып келеді. Олардың өзінің операциялары біршама қалыптасқан: салыстыру-өзінің дәлдігімен, талдау-нақтылығымен, жинақтау-анықтылығымен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді.
Мектепке дейінгілер белгілі бір операцияны орындай отырып, алдына мақсат қояды. Бұл ойлау операциялары олардың негізгі әрекеті ойын әрекетінде және үй ішіндегі еңбек әрекетінде байқалады және дамиды. Осы кезеңдегі балалардың ойын қалыптастыру мен тілін дамытудың және олардың үлкендермен тілдік қарым-қатынас кеңейтудің мәні орасан зор.
Өздерінің пікірлерінде мектепке дейінгілер тек қабылдауларға ғана негізделіп қоймайды, сонымен қатар елестетулерге де негізделеді.
Балалардың ойлауын дамыту үшін мектепте негізінен, іске асатын бір жүйелі оқытудың маңызы ерекше. Оқыту үстінде білім негіздерін меңгеруде, мектеп оқушыларының есін және қиялын дамытуға байланысты олардың ой ойлау үрдісінде логикалық және сыни тұрғысынан қарауы дамиды. Оқыту үрдісінде ойлау нақтылыдан дерексізге дейін дамудың үлкен жолынан өтті.
Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауы әлі де көрнекілі, нақтылы, бірақ оқыту үрдісінде шәкірттердің нақты ойлауы мектепке дейінгілерге қарағанда олардың ойлау операциялары күрделірек және мазмұндырақ келеді, оның барлық ойлау операциялары жетілдіріледі. Мектеп оқушылары бірден бір күрделі, тек қабылданатын ғана емес, сонымен қатар елестетілетін затар мен құбылыстарды салыстыра, талдай және жинақтай білуге үйренеді.
Оқыту үрдісінде шәкірттердің дерексіз ұғымдарды меңгеру қабілеті дами бастайды. Бұл қабілеттілік, әсіресе, арифметика пәнін оқытуда дамиды, көрнекілі санаудан дерексіз санауға көшкенде, ана тілін оқыту барысында, оның көлемінде ауызша есептер шығарғанда айқын аңғарылады. Мысалы, бірінші сыныптың шәкірттері оның көлемінде есеп шығаруға көшкенде мұғалім есептің мынандай мазмұнын ұсынады: немересінде 4 кәмпит болады, оның екеуін әжесіне берді, немересінде нешеуі қалды? Деген сұраққа оқушылар бірден жауап бере алмай, ойланып қалады. Мұғалім есептің мазмұнын қайталап тағы да оқып, жазады. Сонда бір оқушы қолын көтеріп, орнынан тұрып, былай депті: «Әжеміз бізден кәмпит алмайды, керісінше, бізге береді». Бұл жерде шәкірттердің ойланып қалуы есеп мазмұнының дұрыс құрылмағандығынан, бірінші сынып балаларының ой өрісінің жеткіліксіз дамымағандығынан, бұл кезеңде шәкірттердің ойлау операцияларының әлі де жеткіліксіз қалыптаспағандығынан болса керек.
Бастауыш мектепте бірнеше сыныптан кейін оқушылар әртүрлі грамматикалық, арифметикалық, жаратылыстану, қоғамдық-саяси ұғымдарды меңгереді. Оқушылардың меңгеретін ұғымдарының шеңбері негізінде әрбір пәндер бойынша, әрбір сыныпқа жеке оқу бағдарламалары белгіленеді.
Бекітілген ұғымдардың негізінде оқушыларда абстракциялық ойлау дамиды. Жоғары сынып оқушыларында абстракциялық ойлау ерекше тез қарқынмен дамиды. Жеке пәндерді оқып-үйрену арқылы жоғары сыныптардың шәкірттері көптеген жалпы, дерексіз ұғымдарды меңгереді және бұл ұғымдарды өзінің ақыл-ой әрекетінде пайдаланады.
Әрбір оқушыға оқыту үрдісінде және өмір тәжірибесінде әртүрлі міндеттерді шешуге тура келеді. Оқушы сұрақтарды дұрыс қоя білуге және дұрыс ойлауға үйренеді. Жас шамасына қарай бұл түсініктері қисынды бола бастайды. Түсіне отырып, мектеп оқушылары дұрыс ой қорытуға-дидуктивтік және индуктивтік үйренеді. Мысалы, математика сабақтарында жалпы қағидалардан әруақытта да қорытынды жасайды, тіл сабақтарында меңгерген ережелерді дұрыс жазудың кейбір жағдайлардың пайдалану керектігі және т.б. Оқушылар индуктивтік ой қорытындысын әртүрлі мысалдардың негізінде мұғалімнің көмегімен грамматикалық және арифметикалық ережелерді меңгереді. Жоғары сыныптың оқушылары жаратылыстануды, физика мен химияны оқу үрдісінде өз бетімен жан-жақты жалпы ұғым жасай алады.
Индукция мен дедукция меңгере отырып, жоғары сынып оқушылары бақылау мен тәжірибенің негізінде жекелеген құбылыстардың себептерін өз бетімен іздестіре алады, содан кейін табиғаттың заңдарын анықтайды. Жеке құбылыстарды түсіндіруде оқушылардың өздері белгілі заңдарға сүйенеді.
Оқыту үрдісінде абстрактылы және логикалық ойлаумен бірге оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы дами түседі. Бастауыш мектептің өзінде оқушылардан тек қана дұрыс жауаптарды талап етіп қоймайды, сонымен қатар түсіндіру сұралады: «Бұл неге бұлай?» Егер оқушылардың жауабы дұрыс болмаса, онда сыныпта оның себебін анықтап алады, оның қателігі неде, бұл қателікті қалай түзуге болады?
Білімді меңгеруде оқушылар әртүрлі қағидаларды негіздеуге, дәлелдеуге тексеруге үйренеді. Оның ішінде оларға дәлелдеме ретінде мысалдарды, деректерді, жалпы қағидаларды, ережелерді және аксиомаларды пайдалануды үйретеді. Орта мектептің оқушылары, әсіресе жоғары сыныптардың оқушылары басқа адамдардың пікіріндегі қарама-қайшылықты, негізділікті көрсете біледі, сонымен қатар өз пікірлерінде талдай алады.
Сыни, дәлелдемелі және өз бетімен ойлауды дамытуда мектеп оқушыларының көркем өнер үйірмелеріне қатысты, пайда болған сұрақтарды талқылауға белсенді араласуы ерекше орын алады.
Оқыту кезінде мектеп оқушыларының теориялық ойлары мен практикалық ойлауы бірлікте іске асады. Мектепте көптеген пәндерді (мысалы,физика, химия, информатика) оқып, үйрену алынған білімдерді практикада, өндірісте және ауылшаруашылығында қолдана білуге мүмкіншілік береді.
Мектеп оқушыларының модулдеумен, құрастырумен, электротехникамен, информатикамен айналысуы, көптеген ақыл-ой міндеттерін компьютерлермен шешуі олардың практикалық ойлауын дамытуға көмектеседі.
Қазір Республика мектептерінде жаңа ақпараттық технологияны кеңінен енгізуге байланысты оқушылардың ерекше ой-өрісінің, таным ерекшелігінің мәні өсе түсті.
