- •Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті Инженерлік – педагогикалық факультеті «Энергетика және жаратылыстану пәндері» кафедрасы
- •Жалпы жылу техникасы пәнінің
- •Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •Пәннің мақсаты
- •Пәннің міндеттері
- •Курстың құрылымы
- •Дәріс сабаҒынЫң күнтізбелік –тақырыптық жоспары.
- •Практикалық сабақтың күнтізбелік –тақырыптық жоспары.
- •Оқытушымен басқарылатын студенттің өзіндік жұмысының күнтізбелік –тақырыптық жоспары.
- •Бақылау түрлері
- •9. Аралық бақылау (модуль) сұрақтары
- •10. Емтихан сұрақтары
- •Студенттің білімін бағалау ережесі
- •Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
- •Дәріс № 2. Жылудинамикасының заңдары және негізгі ұғым.
- •Дәріс №3. Жылудинамикасының бірінші заңы
- •1 Сурет. Идеал газдың диаграммасы.
- •Дәріс №4. Жылудинамикасы процестеріндегі жылудинамикасының бірінші заңына қосымша.
- •1 Сурет
- •Дәріс№5. Жылудинамикасының екінші заңы.
- •Дәріс№6. Сығымдағыш машинамен сығу процесі.
- •Дәріс №7. Іштен жанатын піспекті қозғалтқыштардың циклдары.
- •Дәріс №9. Ылғалды ауа.
- •Дәріс №10. Жылу өткізгіштік.
- •Дәріс №11. Конвективті жылуалмасу.
- •Дәріс№12. Сәулелік жылуалмасу
- •Дәріс №13 Күрделі жылуалмасу
- •Дәріс №14. Қазақстанның өндірістік жылуэнергетикасының құрылымы мен болжамдары. Жэс схемасы.
- •Дәріс №15. Манометрлік, термоэлектрлік, электрлі кедергілік термометрлер.
- •Дәріс №16. Жылулық конденсациялық эс (кэс).
- •Дәріс №17. Электр станцияларындағы технологиялық үрдістер.
- •Дәріс №18. Букүштілік қондырғының жылудинамикалық циклдары.
- •Дәріс №19. Бу турбиналары, циклдың пәк-ін арттыру тәсілдері.
- •Бу қазандықтарында қолданылатын автоматтандыру жүйелері және оларды қолдану.
- •Дәріс №21. Қазандықтағы автоматтандыру жүйелерін қолдану
- •Дәріс №22. Жылу және электр энергиясын өндіру.
- •2.1 Сурет. Жылу электр станциясы
- •Дәріс №23. Жылуалмастырушы аппараттар. Негізгі түрлері
- •Дәріс №24. Жылуалмасу қондырғыларының ролі мен қолданылуы.
- •Дәріс №25. Жылуэнергетикалық қондырғылар тиімділігі.
- •Дәріс №26. Жылу-технология процестері мен қондырғылары.
- •Дәріс №27. Жылуды өлшеу әдістері мен техникасы.
- •Дәріс №28. Өндірістік және жылу-техникалық кешендерде электр энергиясын пайдалану.
- •Үшфазалы айнымалы тоқтың қалыпты кернеуі
- •Дәріс №29. Жылу технологиясында энергия қорын үнемдеу.
- •Дәріс №30. Жэс және өндіріс орындарындағы су және отын технологиясы: теория негіздері, әдістері мен өңдеу тәсілдері.
- •Жанудың химиялық реакция кинетикасы
Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен қарауға;
оқу ғимараттарында жағымсыз жат қылықтардан аулақ болуға;
дәрістерге, практикалық (семинар, лабораториялық) сабақтарға, ОБСӨЖ сабақтарына міндетті түрде қатысуға;
білімді, біліктілікті және практикалық дағдыларды толық көлемде игеруге;
сабақтарға (дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға, ОБСӨЖ) студент берілген әдебиет және қорытынды сұрақтар бойынша тақырыптың материалын оқып келуге;
сабаққа кешікпей келуге;
сабақ үстінде алаңдататын нәрселерден аулақ болуға;
тапсырмаларды өз уақытысында тапсыруға;
өз ісіне жауапкершілікте болуға;
дәрістер, сабақтар, емтихандар кезінде ұялы телефондарды өшіруге;
дәрістерге (семинар, лабороториялық, пракикалық) қатыспаған жағдайда, дәрістің материалдарын өз бетінше дайындауға және тьютермен әңгімелесу түрінде қайта өтеуге;
білім алушы сабақтарды және дәрістерді себепті босатқан жағдайда (науқастанғанда, стационарлы емдеуде болғанда, босануда, үйленуде, төтенше жағдайларда), студент немесе оның туыстары кафедраға болған жағдай туралы кез-келген әдіспен (телефонмен және басқа) бір тәулік ішінде хабардар етуі тиіс.
егер студент сабаққа себепсіз қатыспаса және сол сабақты қосымша тапсырмаса, лабороториялық жұмыстарды орындамаса қорытынды бағасынан 1 балл шегеріледі (жіберілген әр 1 сабағынан – 1 балл шегеріледі)
Осы айтылған талаптар орындалмағанда студенттердің қорытынды бағасына немесе оқытуды жалғастыруына әсері болады.
Ескерту: Студенттің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) тапсыру мерзімі, кафедрадағы өзіндік жұмыстарды қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Өзіндік жұмыстарды жазуға қойылатын талаптар:
Баяндама немесе реферат түрінде жазылуы тиіс. Стенд, плакаттар жасау студентің өз құзырында;
Жұмыстың мұқаба беті компьютерде арнайы терілуі тиіс. (униврситет, фаекультет, кафедраның атауы, өзіндік жұмыстың тақырыбы, орындаған студенттің аты-жөні, тобы, қабылдаған оқытушының аты-жөні көрсетіледі);
Жұмыс жоспарын түзу студенттің өз қалауында;
Жұмыс тақырып аясынан ауытқымауы тиіс;
Жұмыстың көлемі 6-8 парақтан кем болмауы тиіс;
Жұмыс соңында пайдаланған әдебиеттері мен нормативтік құқықтық актілер және басқа да дерек көздері көрсетілуі шарт.
Студенттің өзіндік дайындаған жұмысының мазмұнын жалпы зерттеу барысындағы еңбектерін оқытушы алдында ауызша қорғап берілуі талап етіледі. Сол тақырып аясындағы берілетін дәрістік қосымша сұрақтарға жауап беруге де даяр болуы тиіс.
Дәріс №1. Кіріспе
Қазіргі кезде, арнаулы жоғарғы білім беруді қайта құру, мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі болып есептеледі. Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетудің, бағдарламалық мақсатын шешу, болашақ мамандардың техникалық және технологиялық даярлығын түбірімен жақсарту талабын алға қойып отыр.
Жылу техникасы деп, ғылым саласының теориялық мағынасын және табиғи көздерінің энергиясын, жылуға түрлендіруші техникалық құрал-жабдықтармен, механикалық және электр энергиясына айналуын айтады, сонымен қатар, жылулық машиналардың, аппараттардың және қондырғылардың принциптік жұмыс әрекеттерінің процестерін зерттейді.
Жылулық – бұл табиғаттың беретін байлығы және оны тыңғылықты дұрыс пайдалануды үйрену – оның негізгі заңдылығын түсіну, оны алудағы басқару процесін, тасымалдауы мен жылулықты пайдалану негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Жылудинамикасы және жылумассаалмасу туралы ілім – осы заңдылықты зерттейтін ғылым саласы.
Жылутехникасы ғылым ретінде XIX ғасырда, өндіріс – техникалық революция заманында қалыптасты, онда жылулық қозғалтқыштардың – энергияның сапалы, жаңа көзін жаппай пайдаланумен байланысты болды.
Қазіргі кезде, жылу техникасына экологиялық көзқарас пен зерттеу әдістерін пайдалану қажетілігі туды, ал кейбір жағдайларда, қоршаған ортаға жылулықтың тигізетін әсерін, жаңа мақсатты зерттеу жұмыстарды жүргізуді қолға алу қажет. Осыған байланысты, жылулық процестерінің, машиналардың т.б. экологиялық тазалығы туралы негізгі көтерілген мәселелерді қолдау өте қажет.
Транспортта энергияны қолдану үшін, болашақтағы болжау бойынша, қатты органикалық жанғыш сұйықты өңдеу және сутегіні алуды қарастыруда. Соңғысы тиімді болады, себебі оның қоршаған ортаға зияны болмайды. Оны тасымалдаудағы энергия шығыны, электроэнергияға қарағанда төмен болады. Өндірістік және жылыту технологиялық қажеттілігі үшін сутегінен басқа ядро энергиясын да пайдалану ұйғарылуда.
Қазақстанда электр энергиясының 85% жылу электр станцияларында өндіріледі (ЖЭС). Олардың негізгі бөлігі болып котельді қондырғылар саналады, бұлар турбогенератор үшін бу шығарады. Келешекте егер қуатты гидроэлектростанциялар (ГЭС) мен атом электростанциялары (АЭС) толығырақ зерттеліп салынса, «отын электр энергиясы» үлесі азаюға тиіс, бірақ кем дегенде 80% құрамақ. Еліміздің отындық балансында райондық жылу электр станциялары 15% құрайды, ал өндірістік желіні есептегенде шамамен 25% құрайды. Одан үлкен отын көлемін: 35%, өндірістік орындар өндіріс жұмысы үшін пайдаланады. Ал қалған 40% әр түрлі транспорт пен коммуналді шаруашылыққа жұмсалады. Егер су мен теміржол транспортында, коммуналді шаруашылықта бу қуатты қондырғылар барын есептесек, мемлекетімізде өндірілетін отынның кем дегенде 55-60% түрлі пештерде жанып бітетіні мәлім.
Қазақстанда электр станциясының негізгі түрі болып жылу электр станциясы (ЖЭС) табылады. Бұлар шамамен мемлекеттің 67% электр энергиясын шығарады. Олардың орналасуы отын көзі мен тұтыну қажеттігіне байланысты. Ең ірі ЖЭС - тер отын кендерінің маңында салынады. Калорияға (энергияға) бай және тасымалдауға қолайлы отын қолданатын ЖЭС тұтынушылар талабына сай құрылады.
Жылу электр станциясы – ол бірнеше қондырғылар, құралдар мен аппараттардан тұратын, электр энергиясын өндіруге арналған, және оған керекті үйлер мен арнайы бөлмелер белгілі территорияда орналасқан орын.
Электр энергиясын электр станциясында басқа түрлі энергияны түрлендіру арқылы алады. Энергия көзі ретінде ағып жатқан су, отын, атом мен жаңадан игеріліп жатқан балама энергия (жел, ағыс, геотермальді, күн және т. б.) пайдаланылады. Бүгінгі күні гидравликалық, жылу және атом электр станциялары ең жиі таралған. Жылу электр станциялары (ЖЭС) отынның (көмір не газ) химиялық энергиясын электр энергиясына және жылуға айналдырады.
Күннен күнге дүние жүзі бойынша электроэнергия өндірісі қарқынды өсіп келеді. Электроэнергетикалық жүйелерді тиімді орналастыру, энергия беру орталықтарын орналастыру, подстанциялар салу мен электр желілер тарту – ауқымды күрделі жұмыстарға жатады. Осы мәселелерді дұрыс шешкенде, яғни жобаларды сапалы құрғанда ғана өнеркәсіптің әр салаларындағы тұтынушылар үздіксіз әрі сапалы энергиямен қамтамасыз етіледі.
