
- •Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті Инженерлік – педагогикалық факультеті «Энергетика және жаратылыстану пәндері» кафедрасы
- •Жалпы жылу техникасы пәнінің
- •Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •Пәннің мақсаты
- •Пәннің міндеттері
- •Курстың құрылымы
- •Дәріс сабаҒынЫң күнтізбелік –тақырыптық жоспары.
- •Практикалық сабақтың күнтізбелік –тақырыптық жоспары.
- •Оқытушымен басқарылатын студенттің өзіндік жұмысының күнтізбелік –тақырыптық жоспары.
- •Бақылау түрлері
- •9. Аралық бақылау (модуль) сұрақтары
- •10. Емтихан сұрақтары
- •Студенттің білімін бағалау ережесі
- •Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
- •Дәріс № 2. Жылудинамикасының заңдары және негізгі ұғым.
- •Дәріс №3. Жылудинамикасының бірінші заңы
- •1 Сурет. Идеал газдың диаграммасы.
- •Дәріс №4. Жылудинамикасы процестеріндегі жылудинамикасының бірінші заңына қосымша.
- •1 Сурет
- •Дәріс№5. Жылудинамикасының екінші заңы.
- •Дәріс№6. Сығымдағыш машинамен сығу процесі.
- •Дәріс №7. Іштен жанатын піспекті қозғалтқыштардың циклдары.
- •Дәріс №9. Ылғалды ауа.
- •Дәріс №10. Жылу өткізгіштік.
- •Дәріс №11. Конвективті жылуалмасу.
- •Дәріс№12. Сәулелік жылуалмасу
- •Дәріс №13 Күрделі жылуалмасу
- •Дәріс №14. Қазақстанның өндірістік жылуэнергетикасының құрылымы мен болжамдары. Жэс схемасы.
- •Дәріс №15. Манометрлік, термоэлектрлік, электрлі кедергілік термометрлер.
- •Дәріс №16. Жылулық конденсациялық эс (кэс).
- •Дәріс №17. Электр станцияларындағы технологиялық үрдістер.
- •Дәріс №18. Букүштілік қондырғының жылудинамикалық циклдары.
- •Дәріс №19. Бу турбиналары, циклдың пәк-ін арттыру тәсілдері.
- •Бу қазандықтарында қолданылатын автоматтандыру жүйелері және оларды қолдану.
- •Дәріс №21. Қазандықтағы автоматтандыру жүйелерін қолдану
- •Дәріс №22. Жылу және электр энергиясын өндіру.
- •2.1 Сурет. Жылу электр станциясы
- •Дәріс №23. Жылуалмастырушы аппараттар. Негізгі түрлері
- •Дәріс №24. Жылуалмасу қондырғыларының ролі мен қолданылуы.
- •Дәріс №25. Жылуэнергетикалық қондырғылар тиімділігі.
- •Дәріс №26. Жылу-технология процестері мен қондырғылары.
- •Дәріс №27. Жылуды өлшеу әдістері мен техникасы.
- •Дәріс №28. Өндірістік және жылу-техникалық кешендерде электр энергиясын пайдалану.
- •Үшфазалы айнымалы тоқтың қалыпты кернеуі
- •Дәріс №29. Жылу технологиясында энергия қорын үнемдеу.
- •Дәріс №30. Жэс және өндіріс орындарындағы су және отын технологиясы: теория негіздері, әдістері мен өңдеу тәсілдері.
- •Жанудың химиялық реакция кинетикасы
Дәріс №29. Жылу технологиясында энергия қорын үнемдеу.
«Энергия қорын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1997ж 25 желтоқсанында қабылданған. Ол 6 бөлімнен, 20 статьядан тұрады. «Энергия қорын сақтау туралы» Заңы Қазақстан Республикасының және қоршаған ортаның отын-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану үшін экономикалық және ұйымдық шарттарды құру мақсатында энергия қорын сақтау саласында қоғамдық қатынасты реттейді.
Ғылым мен практиканың алға қойған басты мақсатының бірі – энергия қорын сақтау болып табылады. Халық шаруашылығында жылу мен энергияыны, отынды үнемдеу мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілген.
Отын-энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін көтеру энергия мен энергия тасығыш өндірістерінің дамуымен сипатталады.
Еліміздің отын энергетикалық ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мен отын энергетикалық кешеннің дамуының басты бағыты Қазақстан Республикасының энергетикалық бағдарламасында нақты орын алған.
Энергия қорын сақтау түсінігіне келесілер кіреді:
энергия қорын сақтау – отын энергетикалық ресурстарды үнемді пайдалану;
энергия қорын сақтау саласының саясаты – құқықтық, энергия қорын сақтау саласының қаржылай-экономикалық реттелуі;
энергия қорын сақтайтын технологиялар, құрал-жабдықтар мен материадар - отын энергетикалық ресурстарды үнемді пайдаланудың эффективтілігін арттыратын технологиялар, құрал-жабдықтар мен материадар;
отын-энергетикалық ресурстар – техниканың дамуы мен технологияда қолданылатын энергия тасығыш;
экологиялық таза энергетикалық ресурстар – күн, жел, термальды су, жер жылуы, толқын және ағын су қозғалысының энергия тасығыштары;
отын-энергетикалық ресурстар эффективті пайдалану көрсеткіші – отын шығынының шамасын стандартты түрде реттейді.
Энергия қорын сақтау саласында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып:
- отын-энергетикалық ресурстарды өндірістерде жылу және электр энергиясын өндірудің көлемін арттыру;
- энергия қорын сақтау саласында мемлекеттік реттеуді іске асыру
- энергия қорын сақтауда экономикалық қолдаудың қажеттілігі;
- өндіруші, тасымалдаушы және отын-энергетикалық ресурстарды тұтынушы арасындағы байланыс;
- энергия қорын сақтаудың жүйелілігі;
- ақпараттық, ғылыми зерттеу саласында энергия қорын сақтауды реттеу;
Отын балансы, энергетикалық баланстың негізгі көрсеткіштері.
Энергетикалық баланс – энергия қамтамасыздану жүйесіндегі жылу шығыны, бу энергиясы, конденсат шығыны және олардың қайтарымдарының барлығын қамтитын кешенді сипаттамасы болып келеді. Оның негізгі құрамдас бөліктеріне энергия кірісі мен шығыны жатады. Шығыны – белгілі жағдайлардағы энергия тұтынуы, кірісі - өнеркәсіптің қажеттілігін толығымен қамтамасыз ететін бөлігі.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының энергетикалық балансы: отын- энергетикалық, бу-конденсатты, толық, жартылай болып бөлінеді. Толық - өнеркәсіпті энергиямен тиімді қамтамасыздануға арналған, жартылай - өнеркәсіптік кәсіпорныды энергиямен қамтамасыздануындағы жекеленген мәселелерді шешуге арналған. Сонымен, өнеркәсіптік кәсіпорынның отын-энергетикалық балансы әр энергия түрлерінің өндірісі мен тұтынуы арасындағы ара қатынас.
Егер энергия тасымалдаушы ретінде су буы қолданылса, онда бу-конденсатты баланс бағаланады. Яғни, бу өндіру, оның энергиясын тұтыну, тасымалдаудығы шығындар – бәрі есепке алынады. Сондықтан осы көрсеткіштерді дұрыс есептеу - өнеркәсіптік кәсіпорныды энергиямен қамтамасыздануындағы, жөндеу жұмыстарын жүргізудегі маңызды мәселердің бірі болы келеді.
Отын – энергетикалық баланстың тиімді құрылымы деп энергия қорларына, онық қолдануына кәсіпорнымен немесе басқа тұтынушылармен жұмсалған шығындары неғұрлым экономикалық тұрғыдан тиімді болғанда айтады. Ол үшін үлкен әрі күрделі дайындық жұмыстары - өнім өндірудегі қолданатын техникалық-экономикалық көрсеткіштер жайлы көп ақпараттар, түрлі энергия қолданғандағы көрсеткіштер, олардың бір-бірін алмастыру мүмкіншіліктері т.б. жұмыстар жүргізіледі.
Соңғы кездері мұндай күрделі мәселелерді шешуге, яғни кәсіпорынның отын – энергетикалық балансын жобалауға математикалық модель құру әдісі қолданылады. Оның негізі - кәсіпорынның отын – энергетикалық балансын сандық көрсеткіштермен көрсететін теңдеулер жүйелері құру нәтижесінде экономикалық-математикалық модель жасауға жүгінеді. Сызықтық программалаудағы негізгі мәселелер – мақсат қою, оған жету жолдары, яғни өндіріс көлемі, отын қорлары, энергия тұтынуы.
Отын – энергетикалық балансты құруда қолданатын түпнұсқалық ақпараттың шынайы, дәл болудың маңызы өте жоғары. Көптеген әдебиет авторларына сүйенсек, кәсіпорынның отын – энергетикалық балансын жобалауда мына мәліметтер қажет:
а) өндірістің түрлі өнімдер өндіру жобасы;
ә) әр өнімді өндіруде қолданатын технологиялық тәсілдер мүмкіншіліктері;
б) әр технологиялық тәсілдің техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
в) өнім өндіруде қолданатын отын және энергия қорлары мүмкіншіліктері.
Әр технологиялық тәсілдердің энергетикалық қорларының меншікті шығыны есептелуі керек. Одан кейін ол есептеулерді қаржылық тұрғыдан жасайды (әр өнім бойынша).