
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Төменгі жақ сүйек сынықтарының жіктелуі.
- •Ығысу механизмі. Күш түскенде сүйек тірегі бар жерімен салыстырғанда, тірегі жоқ жері ығысып сынады. Егер күш көлемі аз жерден төменгі жақ бұрышынан жоғары қарай тәж тәріздес өсіндіге
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы.
- •1.Локальды ауыру сезімі. 2. Патологиялық қозғалыс. 3. Сынықтың ауытқуы. 4. Сықырлау. 5. Сүйек жұмысының бұзылуы.
- •Төменгі жақ сүйегі сынығының клиникасы және диагнозы
- •Арнайы мамандандырылған шұғыл көмек және емдеу
- •Жақ сүйектерінің сынықтарын емдеу тәсілдері
Лекция
Тақырыбы: «Жақ-бет аймағының зақымдануынан болған жарақаттар»
Сұрақтар:
Жақ-бет аймағының жарақаттарға байланысты анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері
Жарақаттардың жіктелуі
Статистикасы
Төменгі жақ сүйегінің сынуы
Емі
Құрастырған профессор Төлеуов Қ.Т.
Жақ-бет аймағының зақымдануынан болған жарақаттар
Жақ-бет аймағында кездесетін жарақаттарға дұрыс диагноз қою, адекватты ем қолдану, реабилитация жасау және асқынуларының алдын алу үшін осы аймақтың /жарақаттануына байланысты/ анатомо-физиологиялық ерекшеліктері дәрігер-стоматолог өте жақсы білуі қәжет. Олар:
Жақ-бет аймағы ең бірінші көзге көрінетін жер болғандықтан тудырады. Осы ошақтан эфферентті /түсетін/ жолдарымен келіп адам өмірінде үлкен эстетикалық орын алады. Психиатор ғалымдардың зерттеулері бойынша жақ-бет аймағында ақаулары мен деформациялары бар науқастардың 65% психикасы бұзылады.
Бұл аймақта 18 ымдау /клиникалық/ еттері орналасады. Бұл еттер арқылы адам өзінің ымдау /эластомимика/ қабілетін іске асырады.
Ымдау /мимикоз/ /эластомимикоз/ ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге организмнің өзіндік жауап қайтару реакциясы. Осы реакция арқылы оның психоэмоционалдық жағдайын білуге болады. Бұл ымдау еттерінің жиырылуы М.П.Павловтың заңы бойынша іске асырылалды. Яғни, ішкі және сыртқы тітіркенулер /қоздырғыштар/ афферентті /көтерілетін/ жолдарымен қабығына барып, онда қоздыру ошағын тудырады. Осы ошақтан эфферентті /түсетін/ жолдарымен келіп бет нервісі арқылы ымдау еттерін әр түрлі жиысады. Еттердің жиырылуы қабілеті қоздырғыш қабілетіне байланысты /қуану, қорқу/ ауыру кезеңінде, ащы мен тәттіге т.б. Ымдау еттерінің өзіндік жиырылуына байланысты адам бетінде уақытша немесе тұрақты әжімдер пайда болады. Осы реакция жақсы психолог, психо-невролог, терапевт, хирург мамандарға науқасқа дұрыс диагноз қоюдың негізін көрсетеді. Ал ымдау еттерінің нервтенуінің немесе эфферентті жолдарының бұзылыстарынан бұл реакция іске аспайды.
Жақ-бет ауданы шокогендік аймаққа жатады.Тұрмыс жағдайында болған жарақаттардың барлығы осы аймақта болады. Мысалы: төбелес кезінде тек бетке соғады.
Бұл аймақта барлық сезім мүшелері орналасқан деуге болады /көру, есту, дәм, сезім түйсігі/. Мимен және көкірек қуысындағы /средостения/ мүшелерімен тығыз байланыста.
Қан тамырлардың ерекшеліктері:
1.Артерия тамырларының ерекшелітері: а) Үлкен артериялар теріасты майлы қабатында жатып, артериола торын құрайды. Сондықтан үлкен қиықшалар кесіп алып ақауларды жамауға болады; б) артериямен, вена тамырлары бөлек орналасады; в) артерия тамырында қан қысымы өте жоғары болады. Сондықтан жараларда хирургиялық өңдеу уақытында қанды тоқтатуға өте мұқият қарау керек; г) артерия тамырлары тек бір жағы екінші жағымен қосылып қоймай, олар өзарада қосылады /анастомоз/; д) бұл аймақта сыртқы және ішкі ұйқы артерия бассейндері қосылады. Сондықтан қан тоқтату өте қиынға соғады.
2.Вена тамырларының ерекшеліктері: а) вена тамырларында қақпақша жоқтың қасы. Өйткені олар кішкентай, бір-бірінен алшақ орналасқан және вена түтігін толық жаппайды. Сондықтан, жарақат кедінде ауа эмболиясы болуы мүмкін; б) веналар таяз және терең тін қабаттарында орналасады. Бүл екі қабаттағы веналар бір-бірімен қосылып жатады. Сонымен қатар, өз алдына мидағы вена қуысымен тығыз байланысты. Мысалы, беткей орналасқан бет веналар ьоры арқылы ми қуысымен қосылады. Ал терең орналасқан вена бас сүйегінің астыңғы жағында орналасқан табиғи тесіктер арқылы мидағы қуыстармен байланысады
Жақ-бет аймағындағы тіндер эмбрионалды тіндер сияқты жылдам өседі. Давыдовскийдің айтуынша тіндердің өсүіне керек.
Ауыз қуысындағы тістердің пайдалы және зиянды жағы бар.
Зиянды екі жағы: а) оқ тигенде тіс ұясынан шығып ауыз қуысындағы мүшелердлі жарақаттап, тіпті тыныс жолдарына түсіп асфекция болуы мүмнін; б) тіс жегісімен бүлінген тіс сынық жолында тұрса, инфекция көзі болуы мүмкін. Яғни, тіс арқылы инфекция ауыз қуысынан сүйек жарасына енуі немесе бөгде зат болуы мүмкін.
Тістің пайдалы екі жағы: 1. Тіс арқылы /ренгенограммасыз/ жақ сүйегінің сынған жерін бұлжытпай табуға болады. 2. Тіс құрсауды бекітетін жер. Ол арқылы сынықты дұрыстап орнына салуға болады.
Жақ-бет аймағы көптеген майлы клетчаткалық қойнауларға толы. Олар бір- бірімен тығыз байланысты, іріңді қабыну кезінде ірің осы майлы клетчаткалар арқылы тарайды.
Бет терісі басқа жерлерге қарағанда жұқа /1 мм/ және майлы қабықта жатқандықтан өте қозғалғыш. Терінің осы қасиетін пластикалық операцияларда кеңінен пайдаланады.
Иммунобиологиялық қасиети ауыз қуысында болатын микроорганизмдерге байланысты. А.И.Рыбаковтың ғылыми зерттеуі бойынша, ауыз қуысында 36 түрлі патогендік микроорганизм өмір сүреді. Осыған қарамай ауыз қуысындағы жән аймағындағы жарақаттар тез арада жазылады. Бұл құбылысты үш фактормен түсіндіруге болады:
Ауыз қуысындағы микроорганиздер бір-бірімен қарсылықты /антогонизм/ өмір сүреді. Мысалы: сүт қышқылды таяқша микробтар мен іріңді кокктардың ортасында биологиялық теңдік пайда болады. Осы теңдік бұзылса тез арада қабыну процессі басталады.
Сілекей құрамында бактерияларға қарсы лизоцим бар. Ол микроорганизмдерді жойып, ауыз қуысындағы ерітінділердің Рh ортасын реттейді.
Организм өмірінде ауыз қуысындағы және аймағындағы тіндерде осы микробтарға қарсы, жергілікті иммунитет пайда болады. Осы жоғарыда айтылған /регенерация/ толық жағдай жасайды,яғни бұл аймақтағы тіндер тез арада жазылады.
Жақ-бет аймағының жарақаттары және зақымдарының жіктелүі.
Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде жақ-бет аймағында кездесетін жарақаттар мен зақымдануларды зерттей отырып Д.А.Энтин және Б.Д.Кабаков 1951 жылы олардың жіктелуын ұсынды. Бірақ, осы уақыт аралығында көптеген терминдер, этиологиясы, сипаттамасы, бейбіт уақытта болатын жарақаттардың құрамы өзгерді. Осыған байланысты С.М.Киров атындаға соғыс-медициналық академиясының жақ-бет хирургия кафедрасының ұжымы жоғарыдағы жіктелу мен Ю.И.Бернадский, П.З.Аржанец, Т.Л.Лурье, Ж.Б.Оразален т.б. ғалымдардың ұсыныстарын негізге ала отырып 1984 жылы жаңа жіктелуін ұсынды.
Жақ-бет аймағының жарақаттануы мен зақымдануының жіктелуі:
1.Бет аймағының жоғарғы, орталық, төменгі бөліктерінің жарақаттары.
1.Орналасуы бойынша:
А) Жұмсақ тіндердің жақ-бет аймағындағы мүшелермен қосылып жарақаттанылуы:
а) тілдің; б) сілекей бездерінің; в) ірі нервтердің; г) ірі қан тамырларының.
Б) Сүйек зақымдары:
а) төменгі жақ; б) жоғарғы жақ; в) бет сүйегі; г) мұрын сүйектері.
2. Жарақаттар түрі бойынша тесіп өткен, соқыр, жанай тиген, ауыз қуысына енген және енбеген, жоғарғы жақ және мұрын қуыстарына енген.
3. Зақымданудың механизмі бойынша: оқпен, жалғыз оқпен, жарқыншақпен, бытырамен, ине тәріздес заттармен.
II. Аралас зақым.
III. Күйіктер.
IV. Үсіктер.
Ескерту. Зақымдану келесі түрде кездесуі мүмкін: жеке-жеке, көптеген, жеке қосымша /бастысы және қатар жүретін/, қосымша көптеген /қатар жүретін және бастысы/.
Халықаралық статистикалық жіктелуі.
Себебі бойынша:
1.Өндірістік:
А. Өнеркәсіптік: а) химиялық; б) металлургиялық.
Б. Ауыл шаруашылық: а) техникалық; б) мал шаруашылық.
В. Өндірістен тыс: а) тұрмыста; б) көшеде; в) көлікте; г) спортта; д) басқа жағдайда.
Егер зақым өндірістен болса, онда жұмыстан босату қағазы /бірінші күннен бастап беріледі. Өндірістен тыс жағдайда зақымданса, алтыншы күннен /алдыңғы 5 күнге Ф-095-і/ у формалы анықтама беріледі/. Мас боған жағдайда барлық емделген күндерге Ф-094-і/ у формасын береді.
Сынық түрі бойынша: а) сынық санына байланысты: жалғыз, екі және көп жерден; б) сынық бағытына байланысты: қисық, ұзына бойы, көлденең, иректелген, доға тәріздес т.б.; в) күш түскен жерге байланысты: тура, тура емес, жұп /тура сынық күш түсірген жерде пайда болады, ал одан қарама қарсы жақта болса оны тура емес сынық/ деп атайды. Жұп сынық күш түсірген жерде және қарсы жағында болады; г) механизміне байланысты /А.Э.Рауэр/: шектен тыс майысудан, өысымнан, ығысудан, жұлынудан; д) жарқыншақтың ауытқуына байланысты: алғашқы, кейінгі, қайта ауытқу деп бөлінеді.
Жарқыншақтың алғашқы ауытқуына, тиген күштің орнына,бағытына және күшіне байланысты болғандықтан, оның дәрежесін нақты білу қиын. Өйткені күштін тиген жерін ғана байқауға болады, ал бағыты мен күші белгісіз. Сондықтан дәрігер алғашқы ауытқуды тек болжамдайды.
Кейінгі ауытқу жарқыншақтағы бұлшықеттердің жиырылуына және өз салмақтарының жылжуына байланысты. Бұл ауытқуды дәрігер нақты білуі қажет. Өйткені бұлшықеттердің басталып аяқталатын жерлерін білумен қатар, олардың жұмыстарын толық білу қажет.
Қайта ауытқу сынықты орнына салып, бекітіп емдеу барысында пайда болады. Оның себептері: науқастардың ем тәртібін бұзуы, дәрігерлердің ем әдісін дұрыс қолданбауы.
ж) Жарқыншақтар ауытқу мен қозғалуына байланысты /С.С.Тигерштед/: қозғалатын, майысып қозғалатын, қиын қозғалатын, бір-біріне кірген, салынбайтын болып бөлінеді.
е) Ашық жіне жабық сынықтар.
Ашық сынықтар егер сүйек жарасының сыртпен қатынасы болса, ал жабық – қатынасы болмаған жағдайда айтылады.
Сынық – сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Ол жарақаттық /зақымдану/ және патологиялық болып бөлінеді. Сынық сүйекке өзінің пластикалық мүмкіншілігінен артық күш түсуі әсерінен пайда болады. Осы жағдайда сүйекпен қосыла жұмсақ тіндерде жарақаттанады.
Барлық адам қаңқасының ішінде бет жақ аймағы сүйектерінің сынықтары 3,2%-дан 8%-ға дейін кездеседі.
Оның ішінде орташа есеппен 80% төменгі жақ сүйегінің үлесіне тиеді. Себептері:
Төменгі жақ сүйегі қозғалмалы сүйек.
Құрылысы шеңбер тәріздес тұйық болғандықтан жаққа тиген күш шеңбер бойымен тарала отарып ең осал жерінде сынады.
Бұл сүйек ашық жерде орналасқан, сондықтан барлық зақым осы сүйекке келеді.
Жоғарғы жақ сынығы мұрын, шықшыт, сүйектерімен қосылып 12% болады. Себебі:
Жоғарғы жақ сүйегі ми-бас сүйек тереңінде /артында/ және басқа сүйектерінің қоршауында орналасқан. Мысалы, жоғарыда маңдай, екі жағында шықшыт, алдында мұрын, астында төменгі жақ сүйектері.
Жоғарғы жақ сүйегін сындыру үшін күш алдынан артына қарай бағытталып үлкен пәрменмен берілуі қажет /балтаның шүйдесімен т.б./.
Жоғарғы және төменгі жақтың қосылып сынуы 8% көлемінде. Бұл орташа статистикалық есеп студенттер үшін беріліп отыр. Мысалы: Ж.Б.Оразалиннің /1981/ ғылыми деректері бойынша, Қазақстан Республикасында бір жыл ішінде 3,5мың адамдардың төменгі жағы сынған. Оның ішінде 1-2-ші орынды Алматы, Қарағанды, Павладар қалалары бөліседі.
Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
Беттің орталық аймағының сыну механизміне, сүйек кемігінің арқа тәріздес құрылысы және контрофорстардын (сүйектің қатты қабығының қалыңдауы) болуы үлкен әсерін тигізеді. Бұл маңайда 4контрофорс бар.
Мұрын-маңдайы контрофорсы альвеолды өсіндісінің алдыңғы жағынан басталып жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісімен көтеріледі.
Ұяшық контрофорсы жоғарғы үлкен азу тістерден басталып шықшыт альвеолды жотасы арқылы шықшыт сүйегіне және оның өсінділеріне тарайды.
Артқы контрофорс жоғарғы жақ төмпешігі негізгі сүйектің қанатша өсіндісін қосады.
Таңдай контрофорсы мұрын түбіндегі екі астауша тәріздес сай арқылы мұрын-маңдай контрофорсымен жалғасады.
Жоғарғы жақ сүйегі бір-бірімен орталық сызық арқылы байланысып, ауыз,мұрын,көз қуыстарын жасауға қатнасады. Ол сүйектің ішінде гаймор қуысы орналасқан, оның қабырғалары кілегей қабықпен қапталгған. Жоғарғы жақ сүйегінде бірнеше осал жерлері бар. Зақымдалған уақытта осы жерлерде сынық пайда болады. Оны зерттеген француз Ле Фор 1901ж. Сондықтан бұл сынықтарды автордың есімімен атайды. Ле Фор жоғарғы жақ сынығын 4 түрге бөледі.
/Ле-Фор/. Сынық бағыты жоғарғы жақ альвеолды өсіндінің негізімен көлбеу жазықтықта, алмұрт тәріздес тесіктің астымен, гаймор қуысының төменгі қабырғасымен, жорғарғы жақ төмпешік сүйектің қанатша өсіндісі арқылы өтеді. Сынық екіжақты. Мұнда жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісі екі жағынан, жоғарғы жақ сүйегінің денесінен ажырайды.
/Ле-Фор/. Сынық маңдай сүйегінің мұрын өсіндісімен мұрын сүйегінің қосылған жерінен /жиегінен/ басталып көз қуысының ішкі қабырғасы арқылы көзасты астаушасына келеді. Осы жерден алға қарай жоғарғы жақ сүйегімен шықшыт сүйегінің қосындысы және негізгі сүйектің қанатша өсіндісі сынады. Бұл жағдайда жоғарғы жақ, мұрын сүйектерімен қоса шықшыт және бас сүйектерінен ажырайды. Торлы сүйек сынып оның клеткалық өсінділеріне жабысқан ми қабығы жыртылады, яғни бас қаңқасының негізі сынуы мүмкін.
/Ле-Фор/. Сынық жолы маңдай сүйегінен мұрын сүйегінің жігінен басталып көз қуысының ішкі, төменгі сыртқы қабырғалары арқылы өтіп шықшыт-маңдай сүйектерінің жігімен сынады. Артқы жағынан негізгі сүйектің қанатша өсіндісі мен шықшыт сүйектің доғасы арқылы өтеді. Сөйтип, жоғарғы жақ, мұрын, шықшыт сүйектері бас қаңқасынан бөлінеді. Бұл сынықты бет қаңқасыны бас қаңқасынан ажырасуы немесе суббазалды /А.Э. Рауэр/ сынық деп атайды. Осындай сынықтар кезінде бас қаңқасының негізі сынады.
/Ле-Фор-Герен/. Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінің бір жақты сынығы.
Ескертетін жағдай, жогарыдағы Ле Фор сынық схемасы барлық сынық түрлерін қамти алмайды. Мысалы, жоғарғы жақ сынығы бір жақты, бір жағында Ле-Фор-ПІ, екінші жағы Ле-Фор-Ш т.б.. аралас түбірлері кездесуі мүмкін.
Төменгі жақ сүйек сынықтарының жіктелуі.
Бейбітшілік уақытта /оқсыз зақымданғанда/ төменгі жақ тұйық доға тәріздес болғандықтан, сырттан тиген күш сол тұйық шеңбер арқылы тарап оның белгілі бір жерлері сынады. Осындай жер әдеттегі сынатын немесе сүйектің осал жері не болмаса доғаның ең көп иілген бұрышы деп аталады. Олар орталық жік, ЗТЗ тіс ұялары, төменгі жақ бұрышы және төменгі жақ буын өсіндісі.
Орталық сызықта жақтың екі бөлігі қосылады. Ол жік өте қатты болғандықтан сынық оның оң немесе сол жағынан 1-2мм ауытқиды. ЗТЗ тіс түбірі жуан және ұзын, маңындағы жақ сүйегі жұқа, сондықтан көбіне осы жер сынады.
Сынықтың төменгі жақ бұрышында болу себебін екі түрлі теориялармен дәлелдейді:
Төменгі жақ доғасының ең үлкен иіні осы жерде орналасады.
Осы жерде өсу аймағы орналасқандықтан сүйекте кальций, фосфор қышқылдарының тұздары аз.
Жақ сүйегінің буын өсіндісі төменгі жақ доғасының ең жіңішке жері болғандықтан, көбінесе осы жердің сынығы кездеседі.
Төменгі жақ сынықтары біржақты, екіжақты, жалғыз,екі жерден және бірнеше жерден деп бөлінеді.
Тіс қатарындағы сынықтар ашық жарақаттар қатарыны жатады. Өйткені альвеол өсіндісіндегі шырышты қабық сүйек қабығымен тығыз байланыста. Бұл қабықтар сүйек сынғанда жыртылып сүйек жарасы инфекция көзі болып есептелінетін ауыз қуысымен байланысады. Сонымен қатар,сүйек сынықтарының аралығындағы тістер инфекция көзі немесе өткізгіш болып табылады. Сондықтан бұл сынықтар асқынбас үшін инфекцияға қарсы күрес жүргізіп және барлық науқастарды сіреспеге қарсы егу керек.
Жұмсақ тіндер жыртылып жарақаттанбаса, тіс қатарынан тыс сынықтар көбінесе жабық жарақаттар қатарына жатады. Төменгі жақ сүйек сынуының механизмі. Төменгі жақ сүйегінің сынуы шектен тыс майысудан, қысымнан, ығысудан, жұлынудан болады. Сынықтар келесі варианттарда кездеседі:
Күш төменгі жақ сүйегі бүйірінің бір нүктесіне түссе тура сынық пайда болады. Кей жағдайларда осы сынық қарама-қарсы жағында тура емес, буын өсіндісінің қосымша сынуы мүмкін.
Күш төменгі жақ бүйірінің көлемді жеріне түссе, буын өсіндісінен немесе бұрышынан тура емес сынады.
Күш төменгі жақтың екі бүйірінен үлкен көлемде тисе, тура емес сынық орталық жіктеде пайда болады.
Күш төменгі жақ бүйірінен симметриясыз тисе тура емес сынық иек маңында және қарама-қарсы жағынан буынды өсінді сынады.
Күш төменнен жоғары қарай шектен тыс тисе буынды өсінді екі жағынан сынады.
Осымен, егер сынық шектен тыс майысудан пайда болса, онда шамалы аумаққа түскен күш әсерінен тура, үлкен аумаққа түскен күш әсерәнен тура емес сынық пайда болады.
Қысым механизмі. Егер екі күш бір біріне қарсы бағытталса сүйек тіндері қысымға түседі /компрессия/. Күш төменгі жақ бұрышынан көлемді аумақта төменнен жоғары бағытта соғылса,сүйек шықшыт буыны мен төменгі жақ бұрышының арасында қысылады. Осындай жағдайда жақ өсіндісінің ортасы көлденең сынады.