
- •Тақырып 2. Қр-ның конституциясы.
- •Тақырып 3. Жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесі.
- •Тақырып 4. Қр-дағы қоғамдық бирлестіктер мен саяси партиялар.
- •Тақырып 5. Қр-дағы сайлау.
- •Тақырып 6. Қр-дағы республикалық референдум.
- •Тақырып 7 . Қр-ның президенті.
- •Тақырып 8 . Қр-ның парламенті.
- •Тақырып 9. Қр-ның үкіметі.
- •Тақырып 10. Қр-ның конституциялық кеңесі.
- •Тақырып 11. Қр-дағы сот билігі.
- •Тақырып 12. Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары.
I ТАҚЫРЫП. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1. Конституциялық құқық – құқық саласы ретінде:
маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін конституциялық құқықтық нормалар жиынтығы;
2. Конституциялық құқық пәніне жатады:
мемлекет басшысының сайлауын өткізу процессінде туындайтын қатынас;
3. Конституциялық құқық жүйесін құрайды:
Конституциялық құқық нормалары, қағидалары мен институттары.
Конституциялық –құқықтық реттеу әдісі:
қоғамдық қатынасқа әсер ететін құқықтық құралдар мен тәсілдер жиынтығы;
Төмендегілердің қайсысы ерік беру тәсіліне жатады:
Парламент конституциялық заңдар қабылдайды;
Төмендегілердің қайсысы тыйым салу тәсіліне жатады:
ұлттық қауыпсіздік органдарының қызметкерлері қандай да бір партияны қолдауға тиіс емес.
7. Конституциялық-құқықтық нормалар дегеніміз:
қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында бекітілген жалпыға міндетті мінез құлық ережелері;
8. Конституциялық құқық нормалары мерзіміне қарай бөлінеді:
тұрақты және уақытша;
9. Конституциялық құқық нормалары субьектілерге әсер етуіне қарай бөлінеді:
ерік беруші, міндеттеуші және тыйым салушы;
10. Конституциялық құқық нормалары атқаратын қызметіне қарай бөлінеді:
қорғаушы және реттеуші;
11. Қонституциялық-құқық нормасының қай элементі оның жүзеге асырылуы кезіндегі шарттарды көрсетеді:
гипотеза;
12. Қонституциялық-құқық нормасының қай элементі субьектілерге құқықтар беру мен міндеттер жүктеу арқылы олардың мінез құлқын анықтайды:
диспозиция;
13. Қонституциялық құқық қағидалары дегеніміз:
құқық салаларына әсер ететін бастаулар мен негізгі мән-жайлар;
14. Конституциялық-құқықтық институттар дегеніміз:
қоғамдық.қатынастың нақты саласын реттейтін конституциялық құқықтық нормалар жиынтығы;
15. Конституциялық құқықтық қатынастар пайда болу, өзгеру және жойылуына әсер етеді:
заңды факт;
16. ҚР-ның конституциялық құқығының қайнар көзінің анықтамасы:
конституциялық құқық нормсы көрсетілген және бекітілген құқық нысаны;
17. Төмендегілердің қайнар көздердің кайсысы ҚР-да қолданылатын құқық нормасына жатады:
ҚР-сы Конституциялық кеңесінің шешімі;
18. «ҚазКСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясының қабылданған күнін атаңыз :
25 қазан 1990 ж.;
19. «ҚазКСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қандай мемлекеттік билік органы қабылдады:
ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі;
20. «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңның қабылданған күнін атаңыз:
16 желтоқсан 1991 ж;
21. «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңды қандай мемлекеттік билік органы қабылдады:
ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі;
22. Қандай актілер ҚР-ның конституциялық құқығының қайнар көзі болып табылады:
Конституция мен заңдар;
23. Қандай нормативтік актілер Конституциялық құқықтың қайнар көздері болып табылады
конституциялық-құқықтық нормалардан тұратын актілер;
24. Конституциялық құқық ғылымының ең негізгі қайнар көзін көрсетіңіз:
Конституция;
25. Қандай қайнар көздер конституциялық құқықтың құрамына енгізілген
материалдық қайнар көздер;
26. Конституциялық құқығының қайнар көздері арасынан қандай актілер жоғарғы заң күшіне ие болып табылады:
Парламенттің конституциялық заңдары;
27. Конституциялық құқығының қайнар көздері арасынан қандай актілер жоғарғы заң күшіне ие болып табылады:
Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар;
28 Конституциялық құқығының қандай ақайнар көздері Парламент палаталарының біріккен отырыстарында қабылданады:
Конституция өзгертулері мен конституциялық заңдар;
29.Конституциялық құқықты қандай белгілеріне орай өзге құқық салаларынан ажыратуға болады:
құқықтық реттеу әдісі мен пәніне орай;
30. Конституциялық құқықтық нормалар дегеніміз:
конституциялық құқықтық қатнастарды реттеу үшін мемлекет тарапынан бекітілетін жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері;
31. Конституциялық құқықтың қағидалары дегеніміз:
Конституциялық құқық саласына бағыт беретін негізгі идеялар;
32. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері қайдан бастау алады:
Қазақстан Республикасы Конституциясынан;
33.«Ратификация» ұғымы нені білдіреді:
халықаралық шарттардың Парламентпен бекітілуін;
34. Конституциялық құқықтың жүйесі дегеніміз -
нормалардың, қағидалар мен институттардың жиынтығы
35. Қызмет ету мерзіміне қатысты Конституциялық құқық нормалары қалай бөлінеді:
тұрақты және уақытша нормалар
36. Мазмұндық сипатына орай Конституциялық құқық нормалары қалай бөлінеді:
процессуалды және материалды нормалар
37. Конституциялық-құқықтық институт дегеніміз -
біртектес қатынастарды реттеуге арналған конституциялық құқықтық нормалардың жиынтығы
38. Қандай актілер Конституциялық құқықтың қайнар көздері болып табылады:
Конституция мен заңдар
39.Төменде аталған қайнар көздердің қайсысын Президент шығарады:
жарлықтар
40. Төменде аталғандардың қайсысы конституциялық құқықтың субъектісі болып табылмайды:
борышқор
41. Қай кезде халықаралық шарттардың нормалары ұлттық заңдарға қарағанда үстемдік танытады?
Республика Парламентімен бекітілсе
42. Конституциялық құқықтың қандай қайнар көзінде келесідей мәтін көрініс тапқан: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,... »
1995 жылғы Конституцияда
43. Конституциялық заңдар қанша дауыспен қабылданады?
3/4 дауыспен
44. Қай жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?
1998,2007 жылы
45. Қазақстан Республикасының негізгі әкімшілік-аумақтық бірліктері болып -
облыстар танылады
46. Қазақстан Республикасы аумақтық құрылысына орай қандай мемлекет болып табылады
біртұтас мемлекет
47. Конституциялық құқықтың субъектісін көрсетіңіз
депутаттар;
48. Кім Конституция мызғымастығының кепілі болып табылады
президент;
49. Қазақстан Республикасы Конституциясында қандай бөлім жоқ
конституциялық сот;
Тақырып 2. Қр-ның конституциясы.
50. Конституцияның қызметтері
идеологиялық, құқықтық, саяси қызмет
51. Қандай қағидалар Конституцияның саяси қағидаларына жатады
көппартиялық, заңдылық, жариялылық, халықтық билік қағидалары
52. Мемлекеттің және қоғамдық органдардың өзге құқықтық актілеріне қарағанда ең жоғары заңи күшке ие нормативтік акт қалай аталады
Конституция
53. Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімдер мен баптардан тұрады?
9 бөлім және 98 баптан
54. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолына қарай бүгінгі күні Конституциялар қандай түрге бөлінген?
икемді және қатаң
55. ҚР Конституциясы құрылымы:
преамбуладан, бөлімдерден, қорытынды және өтпелі ережелерден
56. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан күшіне енді
05.09.1995 жылы
57. Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қашан қабылданды?
28.01.1993 жылы
58. Конституция – дегеніміз не?
мемлекеттің негізгі заңы
59. 1993 жылғы Конституция бойынша жерге деген жеке меншік танылды ма?
1993 жылғы Конституция бойынша жерге деген жеке меншік танылды
60. 1993 жылғы Конституция бойынша кімдердің қосарланған азаматтығы танылды?
шет мемлекетте тұратын қазақтардың, егер сол мемлекеттің заңы бұған қарсы келмесе
61. 1993 жылғы Конституция бойынша қазақ тілінің мәртебесі қандай болды?
мемлекеттік тілі
62. 1993 жылғы Конституция бойынша қандай орган жоғарғы өкілді орган болып саналды?
Қазақстан Республикасының жалғыз палаталы Жоғарғы Кеңесі
63. 1993 жылғы Конституция бойынша қандай орган конституциялық қадағалаушы орган болып саналды
Қазақстан Республикасының Конституциялық соты
64. 1993 жылғы Конституция қалай қабылданды
Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің отырысында
65. Конституция ағымдағы заңдардың негізі деген ұғымды қалай түсінесің
Конституцияның ережелері негізінде ағымдағы заңдар дамып, нормативтік актілер қабылданып отырады
66. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қалай енгізіледі
Республикалық референдум арқылы, сондай-ақ егер бұл жөнінде Президент шешім қабылдаса Парламентпен енгізіледі
67. Конституцияның түрлері:
жазылған және жазылмаған
68. Конституция - бұл:
өзінің құрамына барлық заңдарды енгізген негізгі заң
69. Конституцияның жоғары заңи күші келесіден көрініс табады:
барлық нормативтік актілер Конституцияға сай болуы керек, керісінше жағдайда олардың қолданыстағы күші тоқтатылуға жатады
70. 1995 жылғы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қашан енгізілді
1998, 2007 жыл
71. ҚР-сы Конституциясының жоғарғы заңи күші бар деген қасиетін түсіндіріңіз:
Жоғарғы заң күшіне ие және республиканың бүкіл аумағында басым болып табылады,
72. 1995 ж. ҚР-сы Конституциясының І бөлімі қалай аталады:
Жалы ережелер;
73. 1995 ж. ҚР-сы Конституциясының ІІІ бөлімі қалай аталады:
Президент;
74. 1995 ж. ҚР-сы Конституциясының Ү бөлімі қалай аталады:
Үкімет.
75. 1995 ж. ҚР-сы Конституциясының ҮІ бөлімі қалай аталады:
Конституциялық Кеңес;
76. 1995 ж. ҚР-сы Конституциясына қандай өзгертулер енгізілді:
пропорциональды сайлау жүйесі;
77. 1995 ж. ҚР-сы Конституциясына қандай өзгертулер енгізілді:
Сенаттың өкілеттілігі 4 жылдан 6 жылға ұзартылды.
78. Конституцияның заңи функциясы анықтаңыз:
Конституция-мемлекеттің барлық құқық жүйесіне негіз болып табылатын және жоғарғы заң күші бар нормалардан тұратын құқықтың маңызды қайнар көзі;
79. Конституцияның саяси-әлеуметтік функциясы анықтаңыз:
Конституция саяси-әлеуметтік күштердің арақатынасы бекітілген маңызды саяси құжат болып табылады.
80. Қандай мемлекеттік билік органы Конституцияның жоғарлылығын қамтамасыз етеді және оның нормаларына түсініктеме береді:
Конституциялық Кеңес;
81. Қай тіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады
қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады
82. Кім Қазақстан Республикасындағы биліктің бірден-бір бастауы болып табылады?
Қазақстанның халқы
83. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет болып табылады?
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет
84. Қазақстан Республикасы Конституциясында билік қандай тармақтарға бөлінеді
заң шығарушы, атқарушы, сот билігі;
85. Халық билігінің тікелей жүзеге асырылуының нысандары:
республикалық референдум және сайлау;
86. Діни институттардың мемлекеттен бөлінуі қандай мемлекеттерге тән
зайырлы;
87. Құқықтық мемлекет қағидасы
заңның үстемдігі;
88. Қазақстан Республикасында меншіктің қандай түрі танылады және қорғалады
мемлекеттік және жеке;
89. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің сипаттамасы және оларды ресми пайдалану тәртібі қандай актілермен белгіленеді
конституциялық заңмен;
90. Қазақстан Республикасында әр алуандылықтың қандай түрі танылады
идеологиялық және саяси;
91. Нормативтік құқықтық актілерді қолданудың міндетті шарты не болып танылады
ресми жариялау;
92. 1993 жылғы Конституция бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті қалай аталды
жоғарғы кеңес;
93. Мемлекеттік меншік дегеніміз – бұл,
әкімшілік-аумақтық бірліктердің меншігі
94. Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптері:
қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм
95. Қазақстан Республикасында келесідей меншік түрлері танылып, заң алдында бірдей қорғалады:
мемлекеттік меншік пен жеке меншік
96. Мемлекет аумағының белгілі-бір бөліктерге бөлінуін сипаттайтын түсінік -бұл
федеративтік мемлекет
97. Біздің мемлекетіміздің ең басты қазынасы болып не танылады?
адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
98. Мемлекет қандай институт болып табылады
саяси;