Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГД ПКЯ текстері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.92 Кб
Скачать

Кендер құрамы

Жерасты кендеріндегі металдар басқа пайдалы қазбалармен химиялық қосындыда болады. Кейбір пайдалы қазбалар (алтын, платина, жез) жер астында табиғи таза түрінде де кездеседі.

Кендер құрамындағы металдар санына байланысты жай, сапметалды (құрамында бірақ металл болса) және күрделі, көп металды (құрамында өндіріске жарамды екі немесе бірнеше металл болса) екі топқа бөлінеді. Сапметалды кендер (алтын, күкіртті кендер) күрделі кендерге қарағанда сирек кездеседі. Көп металды кендерге қорғасын-цинк, күміс-қорғасын, жез-колчедан (құрамында жезден басқа мырыш, алтын тағы басқа сирек кездесетін металдар бар) және тағы басқа кендер жатады.

Түсті металды кендердің көбісі сульфидтерге (күкіртті қосындылар) жатады. Техника жетістіктері кендердің өндірістегі қажеттілік орындарын да өзгертті. Мысалы, боксит ертеде темірі аз кендер қатарында саналса, енді электролиз арқылы алюминий алуға пайдаланылады. Карналлит әуелде тек тыңайтқыш ретінде қаралса, енді магний және оның қосындыларын алу үшін қолданылады. Өндірісте пайдалануға жарататын кен ішіндегі керекті компоненттер көлемі мен саны техникалық жетістіктерге және экономикалық жағдайларға байланысты өзгереді. Мысалы, өндіруге жарайтын кендерде металл құрамы былайша болуға тиісті: темір кендерінде – темір 30; жез кендерінде – жез 0,5 – 0,7; қорғасын кендерінде – қорғасын 2 – 5; мырыш кендерінде - мырыш 20 - 25; алтын кендерінде – алтын 3 гр/т, ал шашыранды кендерде 0,1 – 0,15; сынап кендерінде – сынап 0,1 – 0,5. Бірақта, келтірілген көрсеткіштер экономикалық жағдайға байланысты басқаша болуы да мүмкін.

Тотыққан сульфидті кендерден жез, кобальт, никель және тағы басқа металдарды алу флотация арқылы жүргізіледі, ал негізі оны басқаша байытуды тілейді. Сондықтан, кендерді тиімді байыту үшін, оларды қазылып жатқан кездерінде тотығу мен тотықпау шекараларын ажыратып, жер бетіне бөлек шығару керек.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

3. Жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне көңіл бөліңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

  2. Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.

3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.

4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.

5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (11-тақырып) [қосымша 1, 13]

  1. Грамматика

2 «Көмір кенорындарын жерасты қазып өндіру» тақырыбына материалдар жинау.

14-тақырып Тау-кен қазбаларын (үңгілерін) сақтау және қорғау әдістері. Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматика.

2. Мәтінмен жұмыс жүргізу.

Тау-кен қазбаларын (үңгілерін) сақтау және қорғау әдістері

Тазартпа кенжарлардың жұмысы ұтымды болу үшін маңайдағы дайындау үңгілердің жағдайлары жақсы болғаны қажет. Үңгінің мөлшері, қима ауданы, тіреулердің жалпы техника-технологиялық жағдайлары көпке дейін жұмыс қалыбында болуы, тек ғана, жүйелі түрде сақтаумен, қорғаумен және уақытысында жөндеумен байланысты.

Үңгілерді сақтап қорғауға әр түрлі факторлар әсерін білдіреді:

табиғаттық – тақтаның қалыңдығы мен құлама бұрышы, айналасындағы жыныстардың тұрақтылығы және тағы басқалар;

өндірістік - үңгілердің түрлері, өлшемдері мен пішіні, тіреу материалы, тазартпа жұмыстардың таяулығы, қорғау тәсілі, жұмыстардың тереңдігі және тағы басқалар.

Өндірістік факторларды дұрыс игеру әдістері табылса, тау-кен үңгілерін жөндеусіз сақтауға болады. Бірақта, табан жыныстарын сыдыру, тартпаларды және тіреудің тағы басқа элементтерін айырбастау, сияқты, ұсақ жөндеу жұмыстары қашан да болсын табыла береді.

Үңгілерді жөндеусіз пайдалануды келесідей әдістермен қамтамасыз етуге болады:

үңгілерді тақта ішінде немесе жыныстар арасында дұрыс орналастыру – мұның арқасында уақытша мен тұрақты тіреу қысымдарының әсері төменделеді;

жұмыс істеу мерзімі ұзаққа жобаланған үңгілерді далалы түрде өткізу (жыныстар ішінде);

үңгілердің көлденең қимасын үлкендетіп өткізу – формасы өзгерген жағдайда өлшемдері ереже талабтарының шегінен асып кетпеу үшін;

икемді тіреулерді пайдалану – төбе жыныстарының жалпы отыру мөлшері тұрғылықты тіреулердің технологиялық икемділік шегінен аспауға тиісті (бестізбекті аркалардікі - 700 мм);

қазба алабтарының өлшемдерін анықтауда, тау-кен жыныстарының физикалы-механикалық қасиеттерін, үңгілердің өткізілу қарқыны мен тазартпа кенжарлардың жылжымын, тіреулердің мүмкінді икемділігін ескеру.

Осы аталған талаптар мен шараларды жаңа үңгілерді өткізуде ғана жүзге асыруға болады. Бұрын да өткізілгендер жөндеу арқылы сақталады. Уақыт бойынша да, ұзындықпен санағанда да, үңгілердің 85 пайызының сақтау жағдайлары әр түрлі болады.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқыңыз, жаңа сөздерге көңіл бөліңіз.

  2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастырыңыз.

  3. Септеулік шылауларды конспектілеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

  2. Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.

3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.

4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.

5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) [қосымша 10, 18]

  1. Грамматика

2 «Тау-кен қазбаларын (үңгілерін) сақтау және қорғау әдістері» тақырыбына презентация немесе жоба жазу.