Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГД ПКЯ текстері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.92 Кб
Скачать

Көмір кенорындарын жерасты қазып өндіру

Қазу жүйелері жөнінде негізгі түсініктер. Нақты көмір тақтасының таугеологиялық жағдайы мен кенқазу жабдықтарына айқындалған, кеңістік және уақыт бойынша бір-бірімен қалыптастырылған дайындау және тазартпа жұмыстарының орындалу тәртібі мен ретін - қазу жүйесі деп атайды.

Қазу жүйелеріне мынандай басты талаптар қойылады: орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігі, тиімділігі, жер қойнауының құнттылығы, қоршаған ортаның қорғалуы және тағы басқалар.

Тау-кен жұмыстары қауіпсіз жағдайда өту үшін міндетті түрде келесідей талаптар орындалуға тиісті: тазартпа кенжардан ең аз дегенде екі шығыс жолы қалдырылады, кенжарлар үздіксіз желдетіліп тұрады, жерасты жұмыс орындары берікті бекітіледі (тіреуленеді), шаң шығуын, көмір - газ кенетті лақтырылыстары мен тау-кен қозғалыстарын ескеру үшін алдын ала арнайы шаралар қолданылады.

Жоғары тиімділікке жету үшін қазу жүйелердің қаржы, еңбек, энергия, материалдар шығындары төмен деңгейде болуға тиісті. Жұмыс үдірістерін механикаландыру мен автоматтандыру, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру, қазу жүйелерін дұрыс таңдау, ұтымды конструктивтік шешімдерді қолдану – бұлардың барлығы еңбек шығындарын төмендетуге бағытталған қажетті ұмтылыстар. Жоғары еңбек өнімділігі – барлық қазу жүйелерін тиімді қылдыратын жағдай, өйткені оған дәлел болатыны: 1 тонна қазылған көмірдің өздік құнында еңбек ақысына жататын үлесі 40% дейін құрайды.

Жер қойнауын қорғау мәселесі мемлекет заңында тәртіптелген. Пайдалы кен жоғалымы мемлекет пен халыққа үлкен зиян әкелетіндігі айқын. Жерастында көмір жоғалымы шақтыны жобалау кезінде де, ұтымды қазу жүйені де таңдауда міндетті түрде ескеріледі. Бүкіл көмір өндірісінің, шақтылардың техника-экономикалық көрсеткіштері осы мәселемен байланыстырылады: мысалы, көмір жоғалымы жоғары болған сайын кәсіпорындарға айып салынады, көмірдің өзіндік құны мен бағасы өседі, шақтының қызмет мерзімі қысқарады. Сондықтан бұл талапты орындау барлық басшылар мен мамандардың борышы.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді тыңдаңыз.

  2. Жаңа сөздердің айтылуына көңіл бөліңіз, аударыңыз.

  3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, ол тіркестермен сөйлемдер құрастырыңыз.

  4. Мәтін бойынша бірнеше сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.

  5. 1, 2-абзацтағы сөйлемдерді етістіктің үш шағында жазып шығыңыз.

  6. Сұхбат құрастырыңыз. Сұхбат ішінде модаль сөздерді қолданыңыз.

  7. Шылаулардың түрлеріне мысалдар келтіріңдер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Тұрсынова Г. Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г. Т. Тұрсынова. Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

  2. Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Арыстан И.Д., Исабек Т.К. Пайдалы кенорындарын қазып өндіру технологиясы.. Қарағанды, 2006.

3. Көшербаев Қ.Т Кен байыту негіздері. Алматы, 2011.

4. Бегалинов Ә. Тау-кен кәсіпорындарының жерасты кешендерін жобалау Алматы, 2011.

5. Кинбаева А.Б., Қоңырова Н.Ә. Тау-кен институтының студенттеріне арналған кәсіби мәтіндер жинағы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2009.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (4-тақырып) [қосымша 10, 18]

  1. Грамматика

  2. «Минералды шикізаттарды байыту» тақырыбына слайд, презентация әзірлеу.

10-тақырып.

Түсті ауыр металдарды өндірудің жолдары

Түсті ауыр металл кендері көбінесе полиметалды болып келеді. Мысалы, қорғасын-мырыш, мыс-никель сияқты кендер. Осыған орай полиметалды кендерді байытқанда ең алдымен коллективті (мысалы, корғасын-мырыш, болмаса мыс-никель сияқты аралас) концентраттар бөлінеді. Мұндай концентраттарды тағы бір рет флотацияға салады. Бірақ, бұл жолы қосымша арнаулы реагенттер қосады. Ол реагенттер бір металдың минералдарына су жүғатын етіп, екінші біреулеріне су жұқпайтын етіп, әсер етеді. Осындай әрекетпен әр металды жеке концентрат күйінде бөлуге болады.

Сонымен, флотациялық байыту нәтижесінде концентраттың құрамындағы пайдалы металдың мөлшерін 10-15 есе өсіруге болады, яғни 10-15 есе байиды деген сөз.

Бұл алынған концентраттар таза металл өндіру үшін негізгі минерал болып табылады.

Қорғасын өндірісі. Қорғасын таза металл түрінде табиғатта кездескен емес. Жер кыртысында ол негізінде тотық немесе күкіртті минералдар түрінде табылады. Соған байланысты корғасын кендері тотықты кен және күкіртті кен деп бөлінеді. Тотық қорғасын кендері жердің үстіндегі қыртысына жақын жатқандықтан оларды ертеден пайдаланып, қазіргі кезде таусылды деуге болады. Сондықтан қорғасын өндіруде қазіргі кезде тек күкіртті кендер ғана пайдаланылып жүр.

Қорғасын кенінің жеке кездесуі өте сирек. Ол көбінесе мырышпен және мыспен бірге болуы мүмкін. Қорғасынның құрамында аз мөлшерде болса да алтын, күміс, висмут, селен, теллур сияқты құнды сирек кездесетін металдардың болуы мүмкін.

Қорғасын өндірісінде гидрометаллургия әдістері әлі қолданылмай келеді. Ертеден қалыптасып келе жатқан пирометаллургия әдісі күні бүгінге дейін корғасын өндірудің бірден-бір даңғыл жолы болып отыр.

Қазіргі кезде дүние жүзінде өндірілетін қорғасынның 90 пайыздан астамы шахта пешінде қорытылады.

Мырыш өндірісі. Мырыш табиғатта таза металл түрінде табылған емес. Ол көбінесе қорғасынмен, кей жағдайда мыспен бірге полиме­талл кендерінің құрамында ұшырасады. Осындай кендерді байытқанда ол мырыш концентраты болып, бөлек айырылады.

Қазіргі кезде мырыш өндірісінде және жалпы өнеркәсіпте металдарды өндіру үшін пирометаллургия, гидрометаллургия, сондай-ақ электрометаллургия процестері қолданылады. Бірі - гидро­металлургия әдісі - сұйық заттарды қолданып металл алу, екіншісі - пирометаллургия әдісі - от қызуын қолданып кеннен қорытып металл алу, үшіншісі - электрометаллургия әдісі - электр тоғы көмегімен металдарды кеннен және концентраттан бөліп алу, металдар мен қорытпаларды балқыту және тазалау (рафинирлеу), сонымен катар оларға сәйкес құрылым беру процестерін камтитын металлургия саласы.

Гидрометаллургия әдісі бойынша кен, концентрат қышқылдың немесе тұздың су ерітіндісімен өнделеді. Сөйтіп, кеннің қүрамындағы керегі металл ерітіндіге көшіріледі. Содан кейін ол металл осы ерітіндіден ең қолайлы және тиімді әдіспен бөлініп алынады.

Пирометаллургия әдісі бойынша кеннен металл өндіргенше барлық процестер от арқылы жоғары температурада жүргізіледі де, металл балқыған сұйық күйінде алынады.

Ертеде металдар негізінен осы пирометаллургия әдісімен өндірілген. Күні бүгінге дейін бұл әдіс маңызын жойған жоқ. Қазірдің өзінде түсті ауыр металдар негізінде тек осы әдіспен өндіріліп отыр деуге болады.

11-тақырып. Арал-Каспий өңіріндегі кен байлықтары

Арал ауданы - Қызыларда облысындағы әкімшілік аудан. 1938 жылы ұйымдастырылды. Орталығы - Арал. Жерінің аумағы 56 мың км2. Тұрғыны 73,9 мың адам (1997 ж.). Қызыларда облысының солтүстік батыс бөлігінде, шөлейт белдемде орналасқан. Оңтүстік бөлігін түгелдей Арал теңізі алып жатыр.

Аудан батысы мен солтүстігінде Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарымен, солтүстік-шығысында Қарағанды облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстік шығысында Қызылорда облысының Қазалы ауданымен, оңтустігінде Қарақалпақ Республикасымен шектеседі. Жерін солтүстік-батыста Тұран ойпаты, батыста Үлкен және Кіші борсық құмдары, солтүстік шығысын Баршақұм, шығысын Арал Қарақұмы алып жатыр. Қарашоқы, Алтыншоқы т.б. таулар кездеседі. Кен байлықтарынан темір кен тасы, тұздар (мирабилит, астраханит, ас тұзы) борат, мұнай және кварц құмдары мен құрылыста пайдаланатын тастар бар. Арал ауданынын климаты тым континенттік құрғақ.

Аралсор - Батыс Қазақстан облысының батысында, Ойыл алабына орналасқан тұзды көл.

Көл балшығы түрлі ауруларға ем. Қарашаның аяғында мұзы қатып, сәуірдің аяғында ериді.

Арал теңізі- Өзбекстан мен Қазақстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 жылы теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997).

Нәтижесінде теңіз 2 су қоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға - бөлініп қалды. Арал тұз кендері - Арал теңізі алабындағы түбіне тұздар шөккен көлдер.

Көлдердегі тұз шөгінділері тақта немесе линза пішінде түзілген. Ас тұзының барлық кендерінде қосындылардан көптеп бром, аздап бор мен магний кездеседі, ал йодтың мөлшері өте аз немесе мүлдем жоқ.

12-тақырып. Қарқаралы-Баянауыл өңіріндегі кен байлықтары

Қарқаралы - қала, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының әкімшілік орталығы. Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 220 шаршы метр жерде, теңіз деңгейінен 815 метр биіктікте орналасқан. Ең жақын темір жол стансасы - Қарағайлы. Орманды­тоғайлы жақпартасты келген көрікті Қарқаралы тауларының шығыс етегінде, Қарқаралы өзенінің екі жағасында жайласқан. Тұрғыны 8,8 мың адам. Іргесі 1824 жылы Ресей империясының әскери бекінісі ретінде қаланған. 1868 жылы уездік қалаға айналды. 1928 жылға дейін Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінің, 1928-1930 және 1934- 1936 жылдары Қарқаралы округінің орталығы болды. 1936 жылдан Қарқаралы аудан орталығы, жері шұрайлы, жайылымы малға, қойнауы кенге бай Қарқаралы Орта Азия мен Қытайдан Сібірге баратын керуен жолының торабы ретінде маңызды сауда, кәсіпшілік және мәдени ағарту орнына айналды. Мұнда саяси тұтқындар жер аударылды. Қарқаралының солтүстігіндегі Қарасор көлінің жағасында 1848 жылдан 1930 жылға дейін белгілі Қоянды жәрмеңкесі өтіп тұрды. Мұнда талантты әншілер мен артистер Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, М.Уәлиева өз өнерлерін, ал Қажымұқан Мұңайтпасов күрес бәсекесін көрсетіп тұрды. Қарағайлы қорғасын­барит кен-байыту комбинатыныН; салынуына байланысты Қарқаралы жедел өсті. Қарқаралы ауданының солтүстік-батысын Қарасор кенінің ойысы алып жатыр. Жер қойнауында қорғасын, темір, барит, мырыш, күміс, алтын, флюорит, кварцит, молибден, мыс құрылыс материалдары (гранит, қиыршық тас, құм, саз) барланған. Гранитті тауларында қарағай, арша, тасжарған, ырғай, қараған, долана т.б. өсімдіктер өседі.

Қарағанды облысының шығыс бөлігінде бірнеше полиметалл,

барит, темір және сирек металл кендері шоғырланған алқап. Ол осы аймақтағы екі ірі құрылымның: солтүстік шығысындағы Шыңғыс­Тарбағатай мегантиклинорийі мен оңтүстік батысындағы Жоңғар­Балқаш қатпарлы алыбының орталық бөлігін қамтиды. Қарқаралы ауданында, негізінен, Жоңғар-Балқаш алыбында шоғырланған кейінгі палеозой интрузиялары кең дамыған.

Қарқаралы ауданында 40-қа жуық темір кентасты кен орындары мен "кен білінімдері бар. Олар жасы мен генезисі бойынша, негізінен, тоттар және аз дәрежеде ақшатау кешендері (Сарыбұлақ, Ақбұйрат, Қотыртас, Солтүстік Аномалия, Кентөбе, Батыртас), сондай-ақ, қызылрай кешені граниттерімен (Соқақонған, Тырқусызбай) байла­нысты кен орындары.

Бұл аудандағы жалғыз өнеркәсіптік нысан Кентөбе-Тоғай темір

кендерінің тобы.

13-тақырып. Кендер құрамы. Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматика.

2. Кәсіби мәтін бойынша тапсырмаларды орындау.