Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГД ПКЯ текстері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.92 Кб
Скачать

Кен байытудың қажеттілігі

Қазіргі кезде жер қойнауынан алынатын барлық кең түрлерінен халық шаруашылығының белгілі бір салаларында қолдануға болатын бағалы зат алу үшін кеңдер алдын ала байытылады. Байытудың нәтижесінде бағалы минералдар тау жыныс минералдарынан бөлініп алынады. Байыту өнімдері концентрат және қалдық деп аталады. Концентратта металдың проценттік үлесі кендегі бағалы зат үлесімен салыстырғанда ондаған не жүздеген есе артады. Соның нәтижесінде, оларды металлургиялық қорытқанда шығарылатын шығын көлемі өте азаяды. Екіншіден, егер байыту процестерін қолданбаса, онда жер қойнауынан тек бай кендерін ғана тауып пайдалануға болар еді. Ал ондай кен көздері қазір сирек кездеседі. Демек, өндірістік кен қоры өте аз болған болар еді. Үшіншіден, кен орнынан тек металға бай, бірақ көлемі аз учаскеден кен қазып алу үшін ірі қуатты машиналарды қолдану мүмкіндігі болмай, тек қол еңбегі ғана жұмсалар еді. Оның көзі кен қазып алу өнімділігін өте төмендетер еді.

Төртіншіден, егер кеңде бірнеше металл болса, ол кен байытылмай металлургиялық зауытқа түссе, онда негізінде тек басты металл ғана алынады, ал басқалары іс жүзінде алынбайды. Демек, кең комплексті пайдаланылмайды. Неғүрлым кеннен зат көп және толығырақ бөлінсе, оның өзіндік құны төмендейді, сөйтіп, жұмсалған шығын қайтарылып қана қоймай, үлкен пайда да түсіреді. Бесіншіден, байытуды қолданудың нәтижелерінде кең шығатын орыннан (шахта, карьер) металлургиялық зауыттарға тек концентраттар ғана тасылады, ал қалдық сол орында қалып қояды. Демек, тасымалдау шығыны көп азаяды. Осы келтірілген жайлардан кен байытудың халық шаруашылығын дамытуда үлкен маңызы бар екенін анық байқауға болады. Сонымен, байыту деп кең құрамындағы минералдарды бірінен-бірін бөліп, оларды тиімді пайдалануды атаймыз.

Кенді қазып алу әдістерінің өндірістік салалары

Дүние жүзіндегі 40000 мамандық ішіндегі ең шешуші және маңызды мамандық - тау-кен болып есептеледі, ал екінші мамандық, ол ауылшаруашылығы болып тұр. Тау-кен мамандығы арқылы жер қойнауындағы минералдық шикізаттар және тағамдар дайындауда мамандар керек болды. Бұлардың қатынасынсыз басқа өндірістер, олардың әр түрлі салалары ешнәрсе жасап шығара алмайтындығы анық. Жер қойнауы ресурстарының жылдар өткен сайын азая беретіндігі және пайдалы қазындылардың екінші рет пайда болмайтындығы анықталған. Сондықтан жер қойнауындағы барлық кен қорын мемлекет тарапынан міндетті түрде есептеп отыруы қажет және жылдан жылға өндірілген кен көлемін қадағалау пайдалы қазындылар қорының ысырапсыз өндірілуіне зор ықпалын тигізеді.

Ол үшін кен өндірудегі ең тиімді тәсіл мыналар:

1. Ұтымды және нәтижелі кен өндіру технологиялық процестер желілерін қолдану; өндірілген кен ішіндегі барлық металдарды түгелімен байытып және айырып алу; кеннің ысырап болуы және өндірілген кен ішіндегі металдардың сирексуі жобаланған мөлшерден асып кетпеуі;

Өте құнды кендерді ұқыпты түрде қопару және құндылығы төмендеу кендермен араластыра отырып сапалылығын біркелкі мөлшерде қалыптастыру;

2. Әрдайым барлау жұмыстарын үздіксіз жүргізіп отыру;

Кеннің аумағын, кен қорын және металл мөлшерін анықтау;

3. Кен өндіру технологиясы процестерін жобалағанда жан-жақты ғылыми және өндірістік тәжірибе жұмыстарының нәтижелерін, жаңа құрал-жабдықтар мен машиналарды пайдалануды енгізу.

1- тапсырма.

Жаңа сөздер мен сөз тіркестері

ең шешуші - самый решающий

айырып алу - разделить маңызды – важный

сирек – редко

шикізат - сырье

тағамдар - продукты питания

сала – отрасль

қопару - подрывка

мемлекет тарапынан - со стороны государства

араластыру - перемешивание

ысырапсыз - без потери

үздіксіз - непрерывно

ықпал – влияние

кеннің аумағы - объем руды

тиімді тәсіл - удобный метод

кен қоры - запас руды

ұтымды және нәтижелі - выгодный и продуктивный

металл мөлшері - количество металла

азаю - убавиться; убывать; уменынаться

құндылығы төмен кен - руда с низким качеством

желі - сеть

2-тапсырма. Мәтінді мазмұндап, жоғарыдағы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттаңыздар.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сүрақтарга жауап беріңіздер.

Дүние жүзіндегі мамандықтардың ішіндегі ең маңыздысы қай мамандық болып саналады? Ал екінші мамандыққа қай саладағы мамандықтар жатқызылады? Жер қойнауындағы ресурстар, пайдалы қазындылар 2-ші, 3-ші рет пайда бола ма? Кен өндірудегі ең тиімді тэсілдерді атаңыздар.

2-тақырып. Пайдалы кенді қазып өндіру тәсілдері. Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматика.

2. «Пайдалы кенді қазып өндіру тәсілдері» тақырыбына тапсырмалар орындау.