- •1.Жалпы мәліметтер:
- •Кафедра оқытушылары жөнінде мәліметтер
- •Байланыс ақпараты:
- •1.9 Пән саясаты:
- •2. Бағдарлама:
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •2.3. Оқу міндеттері:
- •2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
- •2.7. Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.8. Тақырыптық жоспар: тақырыптары, әр сабақты жүргізу формасы мен ұзақтығы (дәрістер, практикалық, семинарлық, өзіндік жұмысы). Пәннің сағаттарын бөлу
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Оқытушымен студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
- •2.9 Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырмалар
- •2.2.10. Негізгі және қосымша әдебиет
- •2.11 Оқу және оқыту әдістері
- •2.12 Білімді бағалау критерилері мен ережелері: әрбір деңгейдегі білімді бағалау шкаласы мен критерилері Біліктілікті бағалау
- •Студенттердің білімін бақылауды ауызша жүргізу технологиясы
- •Күнделікті тест бақылауын бағалау шкаласы.
- •Күнделікті тестік бақылаудағы тестілеу нәтижесін бағалау
- •Аралық бақылаудағы тест тапсыру нәтижесін бағалау
- •Білім – максимал 100 балл
- •Тәжірибелік дағдылар – максимал 100 балл
- •Емтиханды жүргізу және бағалау технологиясы
- •Пән бойынша әріптік-балдық-рейтингтік бағасы
Байланыс ақпараты:
Кафедраның орналасқан орны: Толе би көш., 92. Интро 2, екінші қабат.
Телефон 292 64 54
1.9 Пән саясаты:
Студент міндетті:
оқу процесіне шығармашылық, ерекшелік және креативтік таныта отырып белсенді қатынасу;
аудиторлық сабақтың барлық түріне қатысу (дәрістер, практикалық сабақтар;
әрбір сабаққа дайындалу (берілген материалды оқып игеріп сол бойынша тапсырмаларды орындау);
жұмысты күнтізбелік график бойынша дер кезінде орындап тапсыру;
белгілі себертермен жіберілген аудиторлық сабақтарды құжатпен негіздеу;
жіберілген аудиторлық сабақтарды оқытушы көрсеткен уақытта өтеу;
сабаққа кешікпеу;
сабақ уақтысында алаңдамау;
сабақ уақытында ұялы телефонды сөндіру;
кафедра оқытушылары мен көмекші қызметкерлеріне құрмет білдіру;
мәдениеттілікті және әдептілікті сақтау;
кафедра мүліктеріне мұқият болу;
сырт келбетіне және жүріс-тұрысына ұқыпты болу.
Жұмыс бөлімдерін орындамаған жағдайда қолданатын шаралар: Студент тапсырманы орындамаған жағдайда тәртіптік және тәрбиелік сипатты шаралар қолданылуы мүмкін.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Қоғамдық денсаулық сақтау халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсер ету заңдылықтарын зерттейтін және азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік, қоғамдық және медициналық іс-шаралар жүйесін негіздейтін интегралды теориялық-қолданбалы ғылым болып табылады.
Қоғамдық денсаулықты ауқымды әлеуметтік тұрғыдан қарастыру қажет, ал денсаулықты сақтау және нығайту проблемалары денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелерінің нақтылы құзіреті мен жауапкершілігі шегінен шығып кетеді және мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігін талап етеді.
Барлық дәрігерлер жоғары деңгейдегі клиникалық дайындықпен қатар саланың сыртқы және ішкі тиімдігін қамтамасыз етушілер болғандықтан қоғамдық денсаулық сақтаудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттерін айқын көре алулары керек.
Ізінше, денсаулық сақтау жүйесінің даму стратегиясы мен тактикасын адам капиталына инвестицияны ұлғайту, сонымен қатар ұлт денсаулығының жоғары деңгейіне жету мақсатымен бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану тұрғысынан қазақстандық қоғамды тұрақты дамытумен бірбүтін және жүйелі түсіну қажет.
2.2 Пәннің мақсаты:
Қоғамдық денсаулықты жетілдіруге және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жаңартуға бағытталған басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті денсаулық сақтаудың болашақ мамандарын даярлау.
2.3. Оқу міндеттері:
қоғамдық денсаулықты бағалау және басқару методологиясы және әдістемесін үйрету;
қоғамдық денсаулықты жүйелі түрде талдауға оқыту;
қоғамдық денсаулық сақтау проблемаларын шешуге дайындықты қалыптастыру.
2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студенттерде білімді қалыптастыру:
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгермелілігімен байланысты халық денсаулығы көрсеткіштері мен тенденциялары туралы;
денсаулық статистикасының теориялық және әдістемелік негіздері туралы;
халықтың өлім жене аурушылдық деңгейлері мен құрылымымен бірге Қазақстан халық денсаулығының қазіргі жағдайы туралы;
халық денсаулығын қорғау және денсаулық сақтау жүйесінің қызмет етуі аймағындағы Қазақстан Республикасының заңдылық негіздері туралы ;
біріншілік медициналық-санитарлық, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру негіздері туралы;
халыққа санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы көмекті ұйымдастыру негіздері туралы;
халықты гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, санитарлық-ағарту жұмысының принциптері, әдістері мен құралдары туралы;
азаматтарды әлеуметтік сақтандыру негіздері, әлеуметтік кепілдіктер түрлері, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықты дәрігерлік сараптау принциптері туралы;
экономика негіздері және денсаулық сақтаудағы экономикалық қатынастар туралы;
денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері, медициналық мекеменің қызмет етуін қамтамасыз етудегі менеджер ролі туралы;
денсаулық сақтаудағы кәсіпкерлік әрекеттің негіздері, осы жүйедегі бизнес және маркетинг туралы;
медициналық көмек сапасын басқару принциптері: денсаулық сақтаудағы сапаны бақылау, талдау және бағалау туралы;
денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелеріндегі тіркеу және есеп беру жүйесі туралы.
Студенттерде тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру:
әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты халық денсаулығы жағдайы көрсеткіштерін есептеу және бағалау;
негізгі себеп-салдар байланыстарын анықтау, халық денсаулығына факторлардың әсер дәрежесі мен бағытын бағалау;
халық денсаулығын зерттеуде медициналық-статистикалық әдістерді қолдану;
қолайсыз факторлардың әсерін болдыртпау және халық денсаулығын нығайту бойынша ұсыныстарды өңдеу;
медициналық мекемеде ұйымдастыру-әдістемелік жұмысын жүргізу, мекеме және қызметкерлер жұмысына шолу жасап, есеп берулер құрастыру;
халық аурушылдығы, өлімінен экономикалық тиімділікті және шығынды, жалпы және өзіндік медициналық көмек құнын есептеу;
денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-профилактикалық және санитарлық эпидемияға қарсы жұмысын талдау және бағалау;
медициналық көмек сапасын бағалау;
халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға атсалысу;
денсаулық жағдайы және денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелері жұмысын талдау және бағалауда компьютерлік технологияны игеру;
кәсіби міндеттерді шешуде ғылыми, оқу, нормативтік және анықтамалық әдебиеттерді қолдану.
Студенттерде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру:
Курстастарымен жақсы өзара қарым-қатынасты құру;
Басқа студенттердің көзқарасын сыйлау;
Қарым-қатынаста/араласуда шынайылық таныту;
Кішігірім топтармен жұмыс істей білу;
Студенттерде құқықтық дағдыларды қалыптастыру:
ҚР азаматтарының денсаулығын қорғаудағы құқықтық негіздерін анықтайтын заңнамалық актілердің негізгі ережелерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Студенттерде өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру:
Жұмыста аналитикалық зерттеу әдістерін қолдану;
Компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану;
Өз бетімен оқу барысында интернет қорларын белсенді;
Өзін жетілдіруге арналған on-line оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды және т.б. қолдану;
Нормативтік-анықтамалық әдебиеттермен, статистикалық жинақтармен, зерттеудің заманауи әдістеріне қатысты өзіндік жұмыс дағдыларына баулу.
2.5. Алғы реквизиттері: саясаттану, информатика, экология, социология, құқы негіздері, экономикалық құқы негіздері, биостатистика.
2.6. Соңғы реквизиттері: дәлелдеу медицинасының негіздері, ішкі аурулар, хирургия, акушерлік және гинекология, балалар аурулары, жалпы дәрігерлік практика.
