- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
«Мен жастарға сенемін»
Қазақ поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын – Мағжан Жұмабаев.
XX ғасырдың бас кезіндегі шытырман оқиғалардың бәріне М.Жұмабаев куә болды. Олардың бәрін ақын ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырды. Қай кезде болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде жүрді. Қандай алапат өзгерістер, таңғажайып жаңалықтар туындап жатса да ақын жаны күйзелісте күй кешті, жүрегі ештеңеге елжірей қоймады. Өйткені ең негізгі мәселе – қазақ елі мен жерінің тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы жүдеу қалпында. Қазан төңкерісінің даңғаза ұраны мен жалған насихатына ақын иланбайды. Сондықтан да ақын ендігі үміті мен арманын жастарға артады:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» – деп басталатын өлеңінде ақын, өзінің ертеңнен үміт үзбейтіндігін, бүгінгі кеткен есені, ұтылысты ертең-ақ «көздерінде от ойнаған, сөздері жалынды, ар-намысты жандарынан да қымбат көретін» жастар қайтаратынына кәміл сенеді.
Мағжан жүрегіндегі халқына деген махаббат оның поэзиясынан ерекше орын алады. Соның жарқын бір мысалы осы «Мен жастарға сенемін» деп аталатын өлеңі. Олай дейтініміз ақын езілген, қорғансыз, күйзеліс үстіндегі халықты қанша аяса да, жаралы жанның ыңыранған ауыр күйін жеріне жеткізе суреттегенмен, жалпы халықты, ұлтты ертеңнен үміт үзбеуге шақырады. Себебі ақынның ұғымында оның туған халқы тағдырына қол қусырған, аяғының басына қараған, мұрнының ұшынан әріні көрмейтін, күні біткен, үміті үзілген мүсәпір халық емес. Керісінше, ақын поэзиясында үнемі ой үстінде жүретін, қимыл үстінде көрінетін, «үмітсіз – шайтан» деген түсінікпен күн кешетін халық бар. Олай болса ондай халықтан «Тау суындай гүрілдер, Айбынды Алаш елім дер, Алтын Арқа жерім дер» жастардың туатындығына неге сенбеске?!
«Неге сенбеске?!» деп бүгін айта салу оңай. Ал Мағжан ақын осы өлеңді жазған кезде (1922) көпшілік ұлттың ертеңінен күдер үзе бастаған. Ал одан кейінгі заманда бұндай үмітпен күн кешу мүмкін емес сияқты болып көрінетін. Сөйтсек ұлы ақын қателеспепті. 1986 жылы қазақ жастары ақынның:
Алаш – айбынды ұраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін! – деген асқақ сенімін ақтап, сәуегей-әулиелігін дәлелдеп берген жоқ па?!
Д.Мәсімхан
«Алаш ұраны»
1917 жылғы ақпан төңкерісін ақындарымыз шын мәніндегі азаттық таңының атуы деп қарсы алды. Бұның үстіне ел азаматтары да қамданып, жер-жерде уақытша үкіметтің пәрменіне орай қазақ комитеттерін құра бастады. Бұрынғы патша әкімшілігінің орнына қазақтардың өзін-өзі басқару жүйесі жобаланды. Ақыры «Алаш» партиясының ұйымдасуына барып тірелді. Осының бәрі аз уақыт ішінде халықтың көңіл-күйінде едәуір толқулар туғызды.
«Алаш» партиясының дүниеге келуін сол тұстағы қазақ жұрты, әсіресе халықтың оқыған саналы-сауатты бөлігі ерекше қуанышпен қарсы алды. Ақындар жырдан шашу шашты. Осы тақырыпта жазылған өлеңдердің ішіндегі ең рухы биік тұрғаны да, ең екпінді, жігерлісі де С.Торайғыровтың «Алаш ұраны» атты өлеңі болатын.
«Алаш» туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз,
Енді Алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз.
Жасайды Алаш, өлмейміз,
Жасасын «Алаш», жасасын! – деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыров тек жеке басының пікірін ғана емес, сол кездегі қазақ қоғамының көңіл-күйін білдірді. Отар халықтарды құрсаудай қысқан орыс империясының сәл әлсіреген тұсында өзінің бір кезде жоғалтып алған тәуелсіздігіне қайта қол созған халықтың жайы еді бұл.
Д.Мәсімхан
