- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
«Ереуіл атқа ер салмай»
Махамбет Өтемісұлы – күрескер ақын, жаужүрек батыр, балкөмей жырау, дәулескер күйші. Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, өз қоғамының идеялық күрескері.
Махамбет!
Бұл есім – өмірдегі қайсарлықтың синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты ат. Көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың бір де бірі бұл есімге бейтарап қарай алмайды:
«Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай... – дей бастасаңыз-ақ болғаны, алдымен мейірімін төгеді, содан соң мерейленіп кетеді.
Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ.
Қазақ әдебиетінің ұлы материгіндегі өзгеше бір сырлы арал болып тұрған Махамбет поэзиясының тақырыбы біреу – майдан. Не үшін болып жатқан майдан? Қазақ елінің елдігі, еркіндігі мен егемендігі үшін болып жатқан ерлік майдан. Махамбет тек осы тақырыпты ғана толғады. Оның барлық өлеңін бір жерге топтағанда «Жорық жыры» болып шығатыны сондықтан.
Бір ғана идеяда – Қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында туған, қалыптасқан, дамыған Махамбет шығармашылығы, тұтастай алғанда, автордың «сегіз қырлы, бір сырлы» автопортретін жасап, мұның өзі тек біздің ғана ұлттық менталитетімізге тән ерлік пен елдіктің өшпес рухына айналып отыр.
Махамбет жырларының үлкен тақырыбы – халық, шаруа, солардың феодалдық-хандық құрылыс тепкісінен құтылуға бағытталған бостандығы мен арманы болған еді. Яғни ақын поэзиясының халық тағдыры туралы жыр екенін оның «Ереуіл атқа ер салмайынан» өзге де «Соғыс», «Толғау» деген алғашқы өлеңдері дәлелдей алады. Жәңгір хан ордасының үстіне халық қаһарының бұлты төнген күндерді ақын өзгеше шабыт, ынтамен жырлайды.
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?! - деген сөздер бір ғана батырларды емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық ерлігін жырлау болатын. Бір ауыз сөзбен айтқанда, елің егемен, халқың азат болмайынша «ерлердің ісі бітпейді» дейді ақын.
Д.Мәсімхан
«СЕГІЗ АЯҚ»
Бұл қазақ өлеңіне Абай қосқан өлең үлгісінің бірі. Өлеңнің құрылысы – ақынның өзінен бұрынғы төл дәстүрде кездеспеген, тіпті өзі көп үндестік тапқан өзге халықтардың поэзиясында да ұшыраспаған, тек Абайдың өзіне ғана тән, тек Абай ғана дүниеге әкеле алған тың үрдіс. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған,
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл.
Шумақ 5 буынды тармақтар мен 7-8 буынды тармақтардың жүйелі түрге үйлесіп араласуынан түзілген. Төрт түрлі дыбыс үндестігіне негізделген үйлесім бар (аабввбгг). Мұнда 3 және 6 тармақтар алыстан байланысады да, қалған көршілес тармақтар өзара үйлеседі. Келте тармақтарда бунақ үш буынды және екі буынды болып келеді. Сегізаяқта алдыңғы екі тармақта ақындық ой қорытылады. Шебер мүсіндеген бұл өлең түрі – қазақ поэзиясында оқшау тұрған туынды. «Сегізаяқ» өлшемін, шумақтық өрнегін Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынұлы, т.б. ақындар өз өлеңдерінде қолданды.
Абай шығармашылығындағы осындай кемелдік пен кемеңгерліктің тұтас бір жүйелі үлгісін танытқан кесек туынды, осы өлең үлгісінің атымен жазылған – «Сегіз аяқ». Бұл – өзінің ішкі мазмұны жағынан да, өлеңдік көркемдік қасиеттері жағынан да өзгеше тұрған бір төбе туынды. Абайдың ақындығы сөз болған жерде «Сегіз аяқ» ауызға алынбаса, төрт құбыласы түгел сәулетті сарайдың ең бір сәнді де мәнді қабырғасын көрмей кеткенмен бірдей болар еді. Бұл шығарма – ақынның өз заманындағы ел тұрмысы мен адамдар мінезінің ақын жанына талай күйзеліс әкелген қайшылықтары мен келеңсіздіктері жайындағы ашынып та, аһ ұрып та жазған көп өлеңдерінің жиынтығы тәрізді бағдарламалық мәні бар туынды.
Мазмұнына келетін болсақ, өз заманындағы әлеумет өмірі мен жеке адам тіршілігіндегі бірсыпыра нәрсені ашына толғап, шынайы адақтап шыққан ақын ақыр аяғында тағы да торығып, тағы да түңіліп, шарасыздық күйге ұшырағанын күйінішпен жеткізеді.
Атадан алтау,
Анадан төртеу
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым – тап шыным!
Қысқасы өзіне лайықтап жазылған әуенді әнімен қоса алғандағы «Сегіз аяқты» бүкіл Абай ақындығының барлық қырлары мен сырларын танытарлық туынды деуге болады.
Д.Мәсімхан
«ОЯН, ҚАЗАҚ!»
ХХ ғасырдың басында туған халқына осылай деп ұран тастаған Міржақып Дулатов – Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, қазақ ақыны, жазушы, драматург, публицист, ағартушы-педагог. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса ірі өкілі. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ» деген атпен басылып шығады. Қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болады. Бұл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғын-сүргін ала келеді, ол тергеу органдарының бақылауына алынады, артынша «Оян, қазақ!» тәркіленеді. Авторы түрмеге жабылады. Кеңес одағы құрылғаннан кейін де ақынға аңду күшейтіліп, 1928 жылдың аяғында қазақ оқығандары қатарында ол тұтқынға алынады. 1930 жылы ОГПУ коллегиясынның үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жыл абақты жазасымен алмастырылады. 1935 жылы қазанның 5-і күні Сосновец станциясында, лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады.
ХХ ғасыр басында Қазақстанның қоғамдық және рухани өміріне аталған өлеңі арқылы «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, өткізбей қараңғыда бекер жасты! Жер кетті, дін нашарлап, хал һәрам боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты», - деп жар сала келген ақын саналы ғұмырында қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өсуіне, демократиялық, гуманистік, реалистік бағыттар мен сипаттардың дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Ұлттық мерзімді баспасөзі жоқ, ал жазба әдебиеті әлі қалыптасып үлгірмеген заманда қоғамдық-саяси тақырыптағы кітаптардың орны ерекше еді. Қазақ жұртының қоғамдық санасына ең жақын жанр – өлең түрінде жазылған бұл үндеу өлең сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамдық өмірінің ең зәру саяси-әлеуметтік мәселелерін көтеріп, ұлттық сананың оянуына үлкен ықпал еткен болатын.
Кітапқа жазған кіріспе сөзінде ақын: «Мұнан бұрын өткен он бес жылменен бүгінгі халімізді салыстырсаңыз да аз уақытта көп таршылықта қалған секілдіміз. Әлі де болса бұрынғыдай қозғалмай ғафилдықта жата берсек, енді аз заманда нешік болмақпыз?», - деген сауал тастайды да, оған «Оян, қазақ!» деген өлеңі арқылы жауап береді.
Қысқасы, М.Дулатовтың аталған өлеңі қазақ халқының ой-сана тарихында үлкен дәуірлік сипатқа ие, саяси-әлеуметтік мәні зор шығарма.
Д.Мәсімхан
