Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

«Зар заман»

Шортайбай Қанайұлы 1818 жылы Жамбыл облысының Қаратау өңірінде туылып, 1881 жылы Қарағанды облысының Шет ауданында өмірден озған. ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ халқының тарихындағы ірі тұлғалардың бірі, ақын. Ол өз дәуірінің бүге-шүгесіне дейін білген. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе бір аймақтың ғана тұрмыс-тіршілігін жырлаған жоқ, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Зобалаң заманның зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ол өзінің «Зар заман», «Бала зары», «Тар заман», «Опасыз жалған» т.б. тәрізді толғаулары арқылы ақиқаттың астарын айқара ашып берді.

Шортанбай толғауларының ішінде көпшілікке кеңінен тараған туындысы – «Зар заман». Аталған толғауында бүгінгі заманның кейіп-кеспірін бағамдап, халқының болашағын болжай білген ақын, елі үшін қабырғасы қайысып, тығырықтан жол іздейді. Кер заманның кескін-келбетін батыл да ашына толғаған ол, өз тарапынан байлам, тұжырым жасайды, баға береді.

Мынау ақыр заманда,

Алуан-алуан жан шықты.

Арам, араз хан шықты.

Қайыры жоқ бай шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ

Ақша деген мал шықты.

Кедей қайтіп күн көрер? –

Сол себептен қорқамын!

Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімінен ажырамауға үндейді. Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен саясаты «Зар заман» ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, дінінен аулақтау сияқты империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы «Зар заман» ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады.

Сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу – ақын шығармаларының басты сарыны. Бір ғана Шортанбай емес, бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Шортанбай халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін біріншіден, отаршылдар қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншіден, заманның азып, діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Сондай-ақ Шортанбайды да қамтыған «Зар заман» ақындарының қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн мен көркемдік жағынан байытуға ерекше үлес қосты.

Д.Мәсімхан

«ҮШ ҚИЯН»

XIX ғасырда өмір сүрген қазақ жырауларының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Мұрат Мөңкеұлы. 1843 жылы қазіргі Атырау облысына қарасты Қарабау өңірінде дүниеге келіп, 1906 жылы Маңғыстау өңірінде қайтыс болған деген болжам айтылады.

Мұрат – бір жағынан, өткен замандар өмір-тарихынан молынан сыр топтайтын дастаншыл ақын болса, екінші жағынан, өзі өмір сүрген ортадағы халықтың мұңын айтып, зарын топтаған әлеуметшіл ақын. Ақын шығармашылығынан молынан орын алатын орыс отаршылдығының озбырлығын әшкерелеген шығармалары кеңес үкіметі кезінде шет қақпай көріп келді. Сондай шығарманың бірі «Үш қиян» деп аталады. Өлеңнің аты – Еділ, Жайық, Маңғыстау өңірлеріне байланысты қойылған.

Еділдің бойы – қанды қиян,

Жайықтың бойы – майлы қиян,

Маңғыстау бойы – шаңды қиян,

Адыра қалғыр үш қиян! – деп басталатын ұзақ толғау жырда ақын осы үш қиянның арғы-бергісін, өткен-кеткенін өткір де өрнекті тілмен тебірене толғайды.

Толғауында бір кездері қазақ халқының өз билігі өзінде, жерінің шетін жауға басқызбай тұрған заманын емірене, елжірей еске алған ақын, отаршылдардың тұрғын елді ата қонысынан айырып, ерлерді қанатынан қайырып жатқанына аһ ұрады:

Еділді тартып алғаны –

Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны –

Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны –

Ойындағысы болғаны.

Маңғыстаудың үш түбек

Оны дағы алғаны.

Ақын елді елдігінен, жерінен, бас еркінен айыратын отаршылдықтан құр әшейін үрейленбейді. Отаршылдықтың ертеңін қолмен қойғандай айтады. Қарап отырсақ, алдыңғы патшалы Ресей, одан кейінгі оның заңды мұрагері Кеңес одағы тұсында «Адыра қалғыр, үш қиянды» қойып, тұтас қазақ халқы «қоңсысына құл боп» кеткен жоқ па?! Мұрат ақынның ұлылығы осының бәрін күн ілгері сезіп, күн ілгері айта білгендігінде.

Д.Мәсімхан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]