- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Асыл сөз
«АЛАҢ ДА АЛАҢ, АЛАҢ ЖҰРТ»
Қазтуған жырау шамамен ХV ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ бойында, қазіргі Астрахан облысының Красный Яр қаласының маңында дүниеге келген. Әкесінің аты – Сүйініш. Қазтуған Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының көсемі, әскербасы, батыры болған. Дешті Қыпшақта ХV ғасырдағы дүрбелең кезінде оның кімдерді жақтағаны, не істегені белгісіз. Тек ғасырдың екінші жартысында өз қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өткендігі ғана белгілі. Сірә бұл қазақтардың қазіргі Қазақстан жерінің орталық және батыс бөлігін түгелге жуық қайта иеленіп, біршама күшейген шағы, яғни 1460-1480 жылдардың арасы болса керек. Жыраудың бұдан соңғы өмірі туралы дерек сақталмаған.
Қазақтың жыраулық поэзиясы өзінің өршіл рухымен, асқақ азаматтық пафосымен, алмастай өткірлігімен ерекшеленеді. Сондай рухты поэзияның көрнекті өкілінің бірі – Қазтуған жырау. Жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» деп басталатын жырының орны ерекше. Жырдың өзі екі бөлімнен тұрады. «Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақала ордам қонған жұрт» деп басталатын алғашқы бөлімінде жырау Еділдің ежелден ата қонысы екенін, өзінің де кіндік кескен – туған жері екенін аңдатса, «Салп-салпыншақ анау үш өзен, Салуалы менің ордам қонған жер» деп басталатын екінші бөлімде Қазтуған Еділ бойының жерінің құнарлығы мен шұрайлығын бейнелейді. Бейнелейді деу аз, сөзбен сурет салады. Әсірелесе де әсерлі, жанды сурет. Жыр соңында ақын: «Қайран да менің Еділім, Мен салмадым, сен салдың!», - деп аһ ұрады. Енді ше?! Жырды оқып отырып ақынға ілесіп қалай күрсінгеніңді сіз де сезбей қалған болар едіңіз. Себебі:
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер,
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер!
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай, – деп жер жаннатын, жерұйық мекенді қайтіп жатқа қиясың?! Қимайсың! Қимағандықтан ақынмен бірге аһ ұра отырып, өлеңді қайта бір оқып, Еділдің сұлу табиғатын, дұрысы ақын салған Еділдің суретін қайта бір тамашалағың келеді...
Д.Мәсімхан
«БІРІНШІ ТІЛЕК ТІЛЕҢІЗ»
Бұқар жырау (1684-1782) – ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол – жасынан өз ортасына кең танылған, батыл да парасатты жырау ретінде атақ-даңқы алты Алашқа жайылған, Қазақ еліне кеңінен танымал тарихи тұлға. Атақты Абылай ханның тұстасы. Әкесі – аты аңызға айналған Қалқаман батыр. Бұқар жыраудың хан сарайы маңында да беделді ақын, ақылшы би саналуы тегін емес. Бұқар жырау Қалқаманұлының өлеңдері, өзі тұстас өнерпаздармен салыстырғанда, кейінгіге молырақ жеткен.
Бұқар – қазақ халқының арман-тілегін, елдік ынтымақ-бірлігін көксеген жырау, кемел кемеңгер, терең ойшыл. Жырау шығармашылығының осы бір ерекшелігі оның «Бірінші тілек тілеңіз» деп аталатын ұзақ толғау жырынан да айқын аңғарылады.
Жаратушыға жалбарынып, Алладан тілек тілеу десе, көп адам бақыт-байлық, атақ-абырой, шен-шекпен тілейді. Елден озуды, жұрттан еңселі болуды, сөйтіп байлықпен төңірегінің «көзіне ұруды» көксейді. Өз айналасындағы осындай пендешілікті ерте сезген Бұқар жырау былайғы жұртқа жаратушыдан не сұрап, Алладан не тілеу керектігін аталған жырына арқау ете отырып, өзінің өмірлік пәлсапасын ортаға тастайды:
Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Әзәзіл, пасық, залымның
Тіліне еріп азбасқа...
Осылайша сөз бастаған кемеңгер жырау, ойшыл ақын Алладан тілейтін тілектің 11 түрін келтіреді. Оның бастылары мыналар: төсек тартып жатпауды, бес уақ намаздың қаза болмауын, жеріңнен айрылып қалмауды, тоқсандағы қарт бабаңның топқа жаяу бармауын, анаңның аңырап қалмауын, әйеліңнің жесір қалмауын т.б. Осы арқылы абыз жырау елдік, ерлік намысты қайрап, туған халқының ынтымақ-бірлігін бекемдеуді, сөйтіп «желкілдеген ту, жер қайысқан қол келгенде» «содан сасып тұрмауды» өсиет етеді. Соны көксейді. Тыңдармандарына да Алладан осыны тілеуді аманат етеді.
Д.Мәсімхан
