Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Шымкент

ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт өсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың көрсетуінше, мұнда андроновшылар дәндік тары, бидай егіп өсірген, ірі қара мал ұстаған, қой баққан. Мыс пен қола металдарынан еңбек құралдарын – балта, пышақ, пішен шабатын шалғылар, қару-жарақ пен әшекейлер т.б. жасаған.

Шымкент жерінде сақ тайпалары жасаған қола ұшты жебелер, қанжарлар тәрізді сақ қару-жарақтары табылған. Сақ ұрпақтары – кангюйлер б.з.д. І мыңжылдықта Сырдарияның орта ағысында аса қуатты Кангюй (Қаңлы) мемлекетін құра білді. Шымкент территориясында бірнеше елді мекендер болды. Олардың біразы қирағанмен, қазіргі автотұрақ территориясында, Шымкент фосфор зауытына жақын тұста және басқа да жерде табылғандарын мемлекет өз қорғауына алған.

Моңғол дәуірінен кейін Шымкент ірі қалаға айналған. Оның қалдықтары – ескі қаланың қамалы қаланың орталығында, жақсы сақталған. Қамалдың пішіні доға тәрізді, жер бедерінен 25 м биіктікке бой созған. Доға көлемі 30-45 м, бұрыш-бұрышында мұнаралар байқалады, кіреберіс қақпасы оңтүстік беттегі қабырғада. Бөлекше Сібір корпусының тәржімашысы Филипп Назаров бекіністі былай сипаттайды: «...Бадам өзені бойындағы (қала) биік дөңес басына салынып, жарқабақты биік қабырғасымен көмкеріп тұр. Қалаға өзен жағынан бір атпен ғана жүріп өтетіндей тар жолмен кіруден басқа амал жоқ. Су қалаға қабырғадан ойып жасалған терезешелерден кіріп, қала ішінен қазылған арналарды толтырады, бірқатарына су-диірмен орнатылған. Үйлері қытайлардікі тәрізді, күйдірілген қыш кірпіштен қаланып, терезесіз салынған. Неге екенін қайдам, үй ішіне жарық түсу үшін барлық жерде есіктері ашық тұрады». Қамал тұрған жерді қазғанда, екі құрылыс ашылған, олардың бірі – ХІХ ғасырға, ал екіншісі –ХVІІ-ХVІІІ ғасырға жатады. Табылған қыш ыдыстардың ХVІІІ-ХІХ ғасырға жатқызылуы да мүмкін. Шымкент қаласының нақ ортасында орналасқан бұл ежелгі қала қалдықтары әлі де зерттелуге тиіс. Жібек жолымен сапар шеккен туристер көрсін деп құрылыстардағы қалдықтар консервіленіп, музейлендіріліп қойылған.

Шымкент қаласы 1932 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, тұрғыны 526,1 адам (2006). Тұрғындарының саны, экономикасы және мәдени маңызы жағынан Алматы, Астана қалаларынан кейінгі республиканың үшінші қаласы. «Шымкент» сөзі (түрікше «шым» – алқап, қойнау, «кент» – иранша елді мекен) «Жасыл қала» деген мағынаны білдіреді.

А.Мұсабекова

Шыңғыстау

Шыңғыстау – Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандары аумағында. Осы Шыңғыстау бауырында қазақтың данышпан ақыны Абай Құнанбаев ғұмыр кешкен.

Шыңғыстау солтүстік-шығыста Алтайдан Шар өзені аңғарымен бөлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатайға ұласады. Шығысында тауаралық Зайсан қазаншұңқыры, оңтүстігінде Солтүстік Балқаш төбелері жатыр. Абсолюттік биіктігі 1000-1100 м, ең биік жері – Ақшатаудағы Қособа тауы (1305 м). Төмен және орта палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, құмтас, тақтатас, конгломерат т.б. жыныстардан түзілген. Жылына 200-250 мм шамасында жауын-шашын түседі. Шыңғыстаудың солтүстік беткейінен Шаған және Ащысу, оңтүстігінен Бақанас, Дағанделі, Құрбақанас, Көксала т.б. өзендер басталады. Беткейінде бұта тобылғы, қараған, аңғарларында тал, терек, қайың, шалғын шөп өседі. Арқар, киік, қасқыр, түлкі, борсық, суыр т.б. мекендейді.

Ж.Әскербекқызы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]