- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Түркістан
Есте жоқ ерте заманда «тура» тайпасы мекендеген аймақты Тұран деп атаған. Сол аймақты қазіргі түрік тектес халықтардың, соның ішінде қазақтың арғы бабалары түрік тайпалар одағы мекендеген. Сондықтан да Түркістан қаласы мен оның маңындағы үлкен аймақты ортақ атаумен Түркістан, яғни «түрік елі» деп атаған. Әрине бұл атаумен алғашқыда анағұрлым үлкен аймақ аталған. Ортағасырлар кезінде Сырдария өзенінің ортаңғы ағысынан Қаратау тауының баурайын қамти отырып, Арал теңізіне дейін созылған аймақты Түркістан жері, Түркістан уәлаяты, Түркістан өлкесі деп әртүрлі атаған. Түркістанның құрамына Отырар, Сауран, Сығанақ, Сайрам, Яссы секілді көптеген қалалар кірген. Осы қалалар алдымен түрік бабаларымыздың, сосын қазақ халқының саяси-экономикалық, мәдени және рухани орталығы болған. Ол кездерде Түркістан қаласының аты Шауғар екен. Шауғар Х ғасырдағы араб деректерінде айналасы бірнеше қатар қалың қорғаныс дуалмен қоршалған қала деп көрсетіледі. Мешіті базар алаңының шетінде орналасқан. Сол заманда қарлұқтардың құрамында болған қаланың маңында самани әулетінің қолбасшысы Насыр ибн Ахмед бастап келген жаугершілік жорыққа қарсы тұрған үлкен шайқас болады. ХІІ ғасырда Сайрамнан шыққан діндар, шайқы Қожа Ахмет Иассауи Түркістан өңіріндегі кішкене шаһарға қоныс тепкеннен кейін, мәдени орталық сол жерге ауысты. Ал Шауғардың аты тарих сахнасынан біртіндеп түсіп қалады. Иассауи мекендеген шаһарда қылует мешіт ашылғаннан бастап мұсылман дінінің сопылық ағымының орталығына айналды. Қожа Ахмет өзінің ересек өмірін сол шаһарда өткізіп, бүкіл мұсылман халқын ынтымақ пен бірлікке шақырған тамаша діни шығармаларын сонда жазды. Шайхы қайтыс болғаннан кейін оның денесі қойылған қабірдің басына кішігірім кесене салынып, шаһарға Иассы аты берілді. ХІV ғасырда Алтынорданың есі жоқ есерсоқ ханы Тоқтамыс Иассыны шауып, Ахметтің кесенесін талқандап, ішіндегі құнды да қасиетті мұраларын тонап кетеді. Бірақ көп ұзатпай оның ізімен қуып барған Әмір Темір Алтын Орданың астанасы Сарайды талқандап, оны тонаудан жинаған қазынаға Қожа Ахметтің басына зәулім кесене тұрғызады. Осы кесененің тұрғызылуына байланысты ел ішінде керемет аңыз сақталған. Сол аңыздың мазмұны мынадай: Әмір Темірдің бұйрығымен кесене құрылысы басталған күні түн ауа үлкен қара бұқа келіп жерден әжептеуір көтеріліп қалған құрылысты мүйізімен сүзіп, желкесімен соғып талқандап кетеді. Ертесіне құрылысшылар таң-тамаша болып, құрылысты қайта бастайды. Түнде өткендегі бұқа тағы келеді. Не керек алғашқы түнгі оқиға үш рет қайталанған кезде Әмір Темір ғажайып түс көреді. Түсіне ақ сақалды, үстіне аппақ киім киген қария енеді. Ол: «Иассауидің ұстазы Арыстан баб әулие еді. Оның мазары Отырардың маңында қараусыз жатыр. Соны сезген Қожа Ахметтің әруағы ғой сендерге ескерту жасап жүрген. Әуелі Арыстан бабтың басына ескерткіш тұрғыз. Істерің содан кейін оңға басар» дейді де жоқ болып кетеді. Ертесіне бірсыпыра ойланғаннан кейін Әмір Темір Арыстан бабтың басына кесене тұрғызуды бұйырады. Содан кейін Ахмет Иассауидің мавзолейін бастапты. Ғалымдардың айтуынша Темір кесенені аяқтап үлгермеген. Дегенмен Қожа Ахметтің алғашқы кесенесінен Тоқтамыс әкеткен заттарды қайтып әкеліп орнына қойғызған да сол Әмір Темір деседі.
ХV ғасырда Қожа Ахметтің кесенесін қоршай бекініс салынды. Иассы қаласы біртіндеп осы аймақтағы бүкіл мұсылмандардың киелі орны болды. Түркістан өңірінің әкімшілік орталығы Иассыға ауыса бастады. Иассы осыдан бастап Қазақ хандары мен ақсүйектерінің пантионына айналды. Саяси орталық ретінде әлсіреген Отырар мен Сауранның көпшілік тұрғындары Иассыға келіп, қоныс тепті. Қала қорғаныс құрылыстары мықты қамалға айналды. 1582 жылы өзбектің ханы Абдаллах жер қайысқан қолмен келіп, Түркістан қамалын ала алмай, кері кеткені туралы тарихшы Хафиз Таныш жазған.
ХVІ ғасырдың соңында Қазақ хандығының иелігіне толығымен өткен Түркістан өлкесі хандықтың саяси тірегі, мәдени-экономикалық және рухани орталығына, Түркістан қаласы оның астанасына айналды. Ғалымдардың айтуынша, бұл оқиға Есім ханның тұсында болған. Қаланың атының Түркістан болып өзгерілуі де осы тұсқа сәйкес келеді. Қазақ тарихының қаншама оқиғаларына куә болған қалада хан сайлау салтанаттары да болған. Солардың ішіндегі айтулысы 1771 жылы Абылайды қазақтың бас ханы етіп сайлау рәсімі. Бір орталыққа бағынған қазақтың қуатты мемлекетінің орталығы Түркістан қаласы рухани орын ретінде де үлкен беделге ие болды.
Алғашқы Түркістан саналатын Шауғардың қираған орны қазіргі қаладан 8 шақырым жердегі Шойтөбе қалашығы, Иассы қаласының орны Түркістанның қақ ортасындағы Күлтөбе қалашығы, ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы Түркістанның орны қазіргі Әзірет Сұлтан (Ахмет Иассауи) кесенесінің айналасындағы құланды төбелер екендігі ғылымда мойындалған. Айтылған орындарда жүргізілген қазбалардан шыққан заттай деректер қаланың жасы 1500 жыл емес 2000 жылдан асатынын толық растайды.
Д.Талеев
ҰЛЫТАУ
Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі 240 шақырымға созылып жатқан ұсақ шоқылы, аласа таулы алқап. Биіктігі 400 метрден 1134 метрге дейін жетеді. Едіге тауы, Кішітау дегендей тауларға бөлінеді. Ұлытау төңірегінде түркі қағандығы заманының белгілері – тас мүсіндер көп сақталған.
Ұлытаудан Қараторғай, Сарыторғай, Ұлы жыланшық, Терісаққан, Қаракеңгір, Жезді өзендері бастау алады.
Ұлытауда ертеде хан ордасы болған. Орда тігілген үй орындары әлі күнге дейін сақталған. Алаша хан, Жошы, Домбауыл кесенелері, басқа да тарихи орындар, көрікті жерлер бар. Дегенмен, далалық өңірдің көбі шөлейт. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана салуға жер таңдағанда, қазақ жерінің қақ ортасы болып саналатын Ұлытаудың басты сәйкессіздігі осы шөлейттігі, яғни су тапшылығы болыпты.
Мұнда Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданы орналасқан. Аудан орталығы – Ұлытау кенті Жезқазған қаласынан солтүстікке қарай 150 шақырымдай жерде. Арқалық қаласынан да сондай қашықтықта. Кент іргесі 1846 жылы қаланған.
С.Шүкірұлы
ҮСТІРТ
Үстірт – маңайындағы жазықтардан жарқабақпен ерекше оқшауланып тұратын қыратты жазық. Биіктігі 200-500 м-ге дейін барады. Үстірт пайда болу жолдарына қарай құрылымдық, жанартаулық және денудациялық болып бөлінеді. Құрылымдық Үстірт өткен геологиялық дәуірлердегі теңіз орындарында кездеседі. Жанартаулық Үстірт жер астынан шыққан лавалардың жер бедерінің бұрынғы кедір-бұдырларын тегістеулеріне байланысты қалыптасады. Денудациялық Үстірт таулардың үгіліп аласаруынан қалыптасады. Үстірт Қазақстанда кең тараған. Ірілері – Үстірт, Торғай, Маңғыстау үстірттері. Үстірт – батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы, шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырабы аралығын алып жатқан дөңесті аймақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 550-600 км-ге созылған, ені 300-400 км. Ауданы – 200 мың км2. Үстірттің орташа биіктігі – 150-200 м, оңтүстік-батысындағы ең биік жері – Мұзбел жоны (341 м). Тұран ойпатында орналасқан, геологиялық құрылымы ұқсас. Үстірттің солтүстік бөлігі мен шығыс бойлықтың 56°-қа дейінгі батыс бөлігі Қазақстан аумағына кіреді (Маңғыстау обл.), қалғаны Өзбекстан жерінде.
Үстірт төңірегіндегі жазықтан тік жарлы кемер бойынша көтерілген және үсті жалпақ, жазық дөң күйінде. Үстірт жазығында аласа жондар және оларды бір-бірінен бөліп жатқан ойыс, ойпаттар кездеседі. Үстірттің ортаңғы бөлігінде Қарабауыр жоны бар. Ең ойыс жерлерін сор басқан, мыс, солтүстігіндегі Қаратүлей, Жауынқұдық, Асмантай-Матай, Қосбұлақ ойыстарында, оңтүстіктегі Асеке-Аудан ойысында сор басқан ойпаттар көп. Орталық, шығыс, оңтүстіктерінде әктас, гипстің суда еруінен пайда болған ұзындығы 5-25, тереңдігі 1-2 м үңгірлер (Балаұйық үңгірі), қазаншұңқырлар кездеседі. Үстірт шөл аймағында жатқандықтан жазы ыстық, қысы салқын, ауасы құрғақ (30-60%), жауын-шашыны аз (150 мм), желі күшті әрі ұзақ уақыт соғады, қардың қалыңдығы 10 см-ге жуық. Қыста кенет күн жылынып, қар еріп, қатып көктайғақ болады, боран соғады. Үстіртте өзен, тұщы көл тіпті жоқ, бірақ ауыз суға, жер суландыруға жарамды жер асты суының мол қоры анықталды. Сұр, бозғылт қоңыр топырағында жусан, бұйырғын, сораң, т.б. шөптер сирек өседі, ойыс-ойпаттарында сарсазан, баялыш, қара сексеуіл тоғайлары кездеседі. Құмды өңірінде теріскен, жүзгін, еркекшөп т.б. өседі. Жануарлар дүниесінен бауырымен жорғалаушылар, тышқан, қоян, бөкен, қарақұйрық т.б. мекендейді. Үстірт көктемде, жазда, күзде мал жайылымы, қойнауында мұнай мен газдың мол қоры анықталған.
Ж.Әскербекқызы
